Қасиетті рамазан айының дұғалары 16
Рамазан айының он алтыншы күнінің дұғасы:
Уа, Алла!
Бұл күні мені ізгілер мен тақуалардың қатарына қосып, күнәһарлармен дос болудан сақта. Өзіңнің мейіріміңмен маған мәңгілік жәннәттан орын бер, уа, әлемнің Пәруәрдігері!
Қасиетті рамазан айының бұл күні Алладан бізге қайырымды адамдардың қатарына қосылуға көмектесе гөр деп сұраймыз. Қайырымды адамдар Алла үшін жақсылық жасайтын адамдар. Олар өз мүдделерін көздемейді. Олар тек Алланың ризалығына ие болуды мақсат етушілер. Қайырымдылар өз тілектерінен гөрі Алланың қалауын маңыздырақ санап, илаһи ризалыққа ие болғылары келеді. Бүгінгі дұғада қайырымдылардың ерекшеліктері біздің болмысымызға әсер етсін деп, Алладан бізді солардың қатарына қосуды сұрадық. Олардың қатарына қосылу деген оларға наразылық білдірмей, олардың жасаған істерін жасау болып табылады. Қасиетті рамазан айының он алтыншы күнінің дұғасының жалғасында Алладан күнәһарлар мен жамандармен дос болудан сақтауды өтінеміз. Өйткені достары мен қасында жүргендері адамға әсер етеді. Күнәһарлармен дос болу адамды ақылдан айырып, жақсылық пен жамандықты ажырату қабілетін төмендетеді. Имам Джавад (ғ.с.): «Жамандармен дос болудан абай болыңдар. Өйткені олар сырты жылтырап тұрған, бірақ тиіп кетсе қатты жарақаттайтын қылыш сынды. Сондықтан күнәһарлар мен қайырымдылардың бірге жинаулы мүмкін емес. Қайырымдылар және жақсылармен бірге болғысы келетіндер күнәһарлармен дос бола алмайды. Сол себепті Алладан ізгілер мен тақуалардың қатарына қосуымен қатар күнәһарлармен дос болудан сақтауды сұраймыз. Адам илаһи ризалыққа ие болу үшін қайырымдылар, тақуалар сынды жақсы қылықтар мен ғамалдарға бейім болып, күнәһарлардың әрекеттерінен алыстағандары жөн. Біз бұл күні жәннәтқа жетіп, тыныштыққа бөлену үшін Алладан Өзінің Рақымдылығымен бізге тақуалардың қасиеттерін сыйлап, солардың қатарына қосуды және күнәһарлар мен мүшіріктерден алыстатуды өтінеміз.