Рамазан керуенімен 16
Бірнеше жылдан бері қасиетті рамазан айы жаздың ыстығымен тұспа-тұс келіп отыр.
Ораза тұту бұл кезеңде бірнеше мәселеге, соның ішінде күннің ұзақтығы, ауаның ыстығы және соған қатысты шөлге төзімділік білдіру қиындығына байланысты ауырпалықтармен кезігуде. Алайда адамның төзімділік білдіретін қиындықтары маңызды нәтижелерге жетеді. Мәселен, ыстық кезеңде ораза тұту ораза тұтушыға тек жақсылық әкеледі. Өйткені Исламның ұлық пайғамбары «Ең жақсы ғамалдар ең қиын ғамалдар» деп айтқан болатын. Ғамал қиынырақ болған сайын оның сыйы да көбірек болады. («Бихар әл-Анвар», 7-ші том). Ыстық кезеңде ораза тұту жақсы ғамалдардың бірі әрі көптеген рауаяттарда мадақталған. Шейх Садуқ имам Садық (ғ.с.)-ның ыстық кездегі оразаның сауабы туралы: «Алла Тағала ыстық күні ораза тұтып, шөлдеген адамның жүзін сипап, оған хабар жеткізуге мың періштені міндеттейді. Жаратушы «Қандай хош иістісің. Періштелерім, менің оны кешіретінімдігімнің куәсі болыңдар»,- деді. Алланың пендесіне деген мұндай махаббаты шүкір айтып, мадақтауға лайық емес пе?» Өмірін ғибадатпен өткізіп, рухани жоғары сатыға жеткен хазірет Мәриям өлген соң перзентінің «дүниеге оралғың келеді ме?» деген сұрағына: «Иә, оралғым келеді. Көптеген суық түндерді намаз оқып, ыстық күндердің көбін ораза тұтып өткізетін едім»,- деп жауап береді. Мұндай сөздердің хазірет Мәриям сынды тұлғаның айтуы мүміндер үшін ескерту әрі бұл дүниеде ақыретке қажетті қорды қалай жинаудың жолын көрсетіп, бұл дүниедегі илаһи мұрсаттарды кемел пайдалануды еске салады. Алланың елшісі: «Алла үшін аштық пен шөлге шыдаған адам қандай бақытты. Олар қиямет күні тойып, аштық пен шөлді сезбейді» деген. («Васаел әл-Шие», 7-ші том). Ораза тұтушылар дұрыс тамақтанудың бағдарламасымен күні бойы шөлдеу сезімін төмендете алады. Ауызашардан сәресіне дейін 8-12 стакан су үшіп, ораза тұтушы адам күндіз шөлді сезуін азайта алады. Қасиетті рамазан айында шөлге қарсы тұру үшін жемістер мен көкініс жеу керек. Сәресін ішкен соң мисуақ қолданған кезде шөл мен ауыздың құрғақтығын азайту үшін пастаны азырақ пайдаланған жөн. Сонымен бірге ауызды лимон қосылған су немесе шәймен ашуға болады. Осыдан 14 ғасыр бұрын Хиджазды надандық шырмаған кезде Исламның ұлық пайғамбары: «Дендерің сау болсын десеңдер ораза тұтыңдар» - деген болатын. Әртүрлі діндерде әрқашан ораза тұту адамның рухы мен психикасы үшін пайдалы деп қуатталған. Алайда 1900-шы жылға дейін оразаның денеге тигізетін пайдасы туралы белгісіз болды. Оразаның әртүрлі пайдасы туралы жасалған зерттеулердің нәтижесінде оразаның семіздік және қант ауруы сынды ауруларға оң әсер ететіндігі айқындалды. Айта кететін жәйт, ораза тұту туралы зерттеулер тек мұсылман елдерде ғана емес, сонымен қатар еуропалық және америкалық елдерде де жүргізіліп, олар да оның дәрмен жолдарының бірі екендігін көрсетті. Швейцария, Германия, Ұлыбритания мен АҚШ мемлекеттерінде «Ораза тұту – емнің бірі жолы» деген мәселеге қатысты зерттеулер орын алды. Ресейлік дәрігер доктор Алексей Софорин оразаның ауруларды емдейтіндігі туралы зерттеулер жүргізіп, халықты ораза тұтуға шақырып: «Ораза тұтқан кезде адамның денесі тамақтың орнына ішкі ресурсты пайдаланатындықтан денедегі кір мен ластықтардың, сондай-ақ аурулардың тамыры жойылады. Сөйтіп ораза аурудан құтылып, жақсаруға себеп болады. Сондықтан ораза арқылы дендеріңді тазартындар»,- дейді. Қасиетті рамазан айы жеке адам мен қоғамдық ахлақты өзгерту үшін жақсы мұрсат болып табылады. Егер мүмін адам бұл айда өз іс-әрекетін бақылауға алып, өзінің болмысында жақсы ахлақты қалыптастырса бұл айдан кейін де өзінің жолын жалғастырады. Ахлақтық мәселелердің бірі басқа адамның құқығын сақтау. Бұл туралы көп айтылған. Халықтың жаны мен мүлкін құрметтеу басқалардың құқығын сақтау мәселесіне жатады. Яғни, халықтың жаны мен мүлкіне нұқсан келтіруден абай болу керек. Халықтың абыройын сақтау да аталмыш мәселеге кіреді. Яғни, адам басқалардың абыройына кір келтірмейтіндей әрекет етуге міндетті. Сол себепті басқалардың құрметі мен абыройына тіл тигізетін әр істен аулақ болу керек. Басқаларды өсектеуден, басқалар туралы өтірік айтудан, яғни адамға күнә жасады деп жала жабудан алыстаған дұрыс. Басқаларға тіл тигізу, басқалардың құпия-сырын әшкерелеу олардың абыройына зиян келтіруі мүмкін. Басқалардың құқықтарын сақтамау адамға әсер етеді. Хадистердің бірінде адамның басқалардың құқығын бұзуынан басқа барлық күнәларының тәубе ету арқылы кешірілетіндігі туралы айтылған. Яғни, басқаның құқығын бұзған адам сол адамнан кешірім сұрап, оны риза етсе ғана күнәлары кешіріледі. Тіпті ораза тұтушы адам көптеген күндерді ораза ұстап, намаз оқып өткізгенімен басқаларға зұлымдық жасаған күнәсіне әсер етпейді. Ол басқалардың құқығын бұзу сынды зұлымдықтың әсерін әртүрлі қиындықтар мен аурулар арқылы бұл дүниеде көреді. Шын мәнінде басқалардың құқықтарын бұзу бұл дүние мен ақыретте адамды қиындықтарға шырмайды. Хадисте шәһидтің қанының бір тамшысымен оның адам құқығын бұзуынан басқа барлық күнәларының кешірілетіндігі туралы айтылған. Бұл басқалардың құқықтарының маңыздылығын көрсетеді. Қасиетті рамазан айы халықтың құқықтарын құрметтеп, оларды бұзудан алыстайтын ай. Исламның ұлық пайғамбары сөздерінің бірінде рамазан айын сипаттап: «Бұл айда басқалардың құқығына араласпаған әр адамнан Алла Тағала ашу-ызасын алыстатады»,- деген болатын. Ораза тұтатын адамдардың көбі бірнеше күн ораза тұтқаннан кейін, тіпті жаздың күндерінде де бұл ғамал қиын болғанымен, оның әсерін рухы мен денелерінен байқайтындарын мойындайды. Енді йемендік 20 жастағы бойжеткен Аиманың оқиғасын тыңдауды ұсынамыз. Ол қазір Чикагоның колледжінде оқиды. Ол: «Таңның атысынан күннің батысына дейін 30 күн бойы ораза тұту, яғни тамақ пен судан тартыну тамақтанудың бағдарламасы деген ой туады. Бұл жүйелі бағдарлама адамдардың денсаулығына әсер етеді. Қазіргі таңда ғалымдардың көбі оның әсерлерін мойындағанымен ораза тұтудың мақсаты бұл сөздерден жоғары. Бұл рәсім қасиетті айда адамның ішкі болмысын тазарту болып табылады. Ораза тұту адамның өмірлік бағдарламасын да тәртіпке келтіреді. Белгілі бір уақытта тамақтан тартыну және арнайы сағатта ауыз ашу өмірдегі тәртіптің маңыздылығын еске салады. Бірінші рет ораза ұстаған кезімде мұсылман емес достарым тамақтануға ресторанға баруды ұсынды. Сол күні жасым кіші болса да олардың ұсыныстарынан бас тарттым. Содан соң мұндай қарсыласуды өмірімнің басқа сәттерінде де пайдалана алатынымды түсіндім. Бұл мен үшін оразаның бірінші пайдасы болды»,- деді. Аима оразаға көңіл бөлуінің ең маңызды себептерінің бірін оның жанұя мүшелерімен бірге болуы деп атап: «Ауызашар мен сәресі кезінде барлығымыз дастархан басында бірге жиналып отырған кезде жанұя ортасында ерекше махаббат пен достық кеңістік орнап, бұл біздің бір-бірімізді жақсырақ тануымызға себеп болады»,- дейді.