Қасиетті рамазан айының дұғалары 22
Рамазан айының жиырма екінші күнінің дұғасы:
Уа, Алла!
Осы күні маған Өз даналықтарыңның есіктерін ашып, берекеңді бере гөр! Мені Өзіңнің ризашылыққа бөленуіңнің себебі етіп, жәннаттың ортасынан орын бер, уа, құлдарының талап-тілектері мен дұғаларын орындаушы!
Рамазанның сыйларына Алланың адамға сыйдайтын нығметтері мен жақсылықтары жатады. Құлшылық ету және барлық илаһи бұйрықтарға бағыну Алланың барлық есіктерінің адамның алдынан ашылуына себеп болады. Илаһи есіктердің ашылуы пенделерге илаһи рақымдылық пен берекелер сыйлайды. Бұлар материалдық және рухани берекелер. Материалдық деп адам оларды өздерінің күнделікті тұрмысында пайдаланатын берекелер аталады. Алайда рухани берекелер адамның кемелдікке жетіп, Аллаға жақындау үшін құрал ретінде пайдаланатын берекелер саналады. Сол себепті бұл күні Алладан даналықтарыңның есіктерін ашып, берекеңді бере гөр деп сұраймыз. Дұғаның жалғасында Өзіңнің ризашылығыңа бөленуіңнің себебі ет деп өтінеміз. Көптеген жұмыстарға, соның ішінде Алланың жаратылыстарына, әсіресе мұқтаждарға көмектесу, жетімдерге қамқорлық көрсетіп, ата-анаға жақсылық жасау, науқас адамдардың халін біліп, оларға жәрдемдесу Алланың ризалығына себеп болады. Қасиетті рамазан айының жиырма екінші күнінің дұғасында Алладан бізді жәннәттің бағына енгізуді сұраймыз. Яғни, Жаратушыдан жәннәтта, жәннәттің кез келген жерінен емес ең жақсы жерінен орын беруді сұраймыз. Осылайша Алладан «Өз даналықтарыңның есіктерін ашып, берекеңді бере гөр! Мені Өзіңнің ризашылығыңа бөленудің себебі етіп, жәннаттың ортасынан орын бер» деп сұраймыз. Дұғаның орындалуының сырларының бірі алаңдаушылықтарға қатысты. Сол себепті бұл қасиетті рамазан айында Алланы көмекке шақырып: «Уа, Алла, дұғамды қабыл етіп, тілектерімді орындай гөр!» деп өтінеміз.