Маусым 29, 2016 14:06 Asia/Almaty
  • Қасиетті рамазан айының дұғалары 23

Рамазан айының жиырма үшінші күнінің дұғасы:

 

Уа, Алла!

Осы айда менің күнәларымды жуып, кемшіліктерімді жоя гөр.Жүрегімді тақуалықпен сына, уа, күнәһарлардың қателіктеріне көзжұмбайлық танытушы!

Қасиетті рамазан айының жиырма үшінші күні де Алладан «күнәларымды жуып, кемшіліктерімді жоя гөр» деп сұраймыз. Өйткені барлығымыз жуынып-шайынып, денеміз бен рухымыздағы күнәларымыздың ластығынан тазарғымыз келеді. Ешбір дене мүшемізде ешбір күнә қалмасын десек басымыздан бастап, аяғымыздың бармақтарына дейін тазарумыз керек.  Жақсы әрі адал ғамалдарддың күнәміздің жойылуына себеп болатындығы сынды  күнә жасау жақсы жұмыстарымыздың жойылуына да себеп болады. Алла елшісі: «Күнәләрдан алыстаңдар, өйткені олар жақсылықтарды жояды»,- деп ескерткен болатын. Бұл күннің дұғасының жалғасында Алладан бізді барлық ластықтан тазартып, жүректермізді тазалауды сұраймыз. Құран Кәрім «Хадж» сүресінің 32-ші аятында: «Міне осы. Кім Алланың белгілерін ұлықтаса, күдіксіз ол жүректің тақуалығынан»,- деп айтқан болатын. Шын мәнінде тақуа болу және Алланың ызасынан алыстау адамның жүрегі мен ішкі ниетіне байланысты. Өйткені құлшылық ету мен күнәға қатысты үнсіздік таныту ортақ саналады. Мәселен, намаз оқудың сыртқы көрінісі Алла үшін болсын, рия үшін болсын бірдей. Алайда біріншісі халал, екіншісі харам. Сол себепті басынан бастап жүректі тақуа етіп, тәнімізді де тақуа етуге талпынуымыз керек. Дұғаның соңында күнә мен қателіктерімізге қарамастан тәубені қабыл ететін Мейірімді Жаратушыдан оларды кешіріп, Өзінің алдында абыройға ие тақуалардың қатарына қосуды сұраймыз.