Қасиетті рамазан айының дұғалары 24
Рамазан айының жиырма төртінші күнінің дұғасы:
Уа, Алла!
Бүгін Сенен Өзіңді риза ететін нәрсені сұрап, сені наразы ететін нәрседен өзіңді паналаймын. Өзіңе бағынуда табысты етіп, саған бағынбаушылық танытпаудан құтқар. Уа, мұқтаждардың Жебеушісі!
Қасиетті рамазан айының жиырма төртінші күнінің дұғасында Алладан Өзін риза ететін нәрсені сұраймыз. Ешбір адам Алланың ризалығына ие болудан пайда болған рухани ләззат пен сезімдерді сипаттай алмайды. Өйткені бұл ләззаттардың бір кішкене мөлшері жәннәт пен шексіз нығметтерден артық әрі жоғары. Дұғаның жалғасында Аллаға «Сені наразы ететін нәрседен өзіңді паналаймын» деп айтамыз. Әрине Жаратушыны еш нәрсе азаптай алмайды. Азаптау, яғни наразы ету. Құран Кәрім «Ахзаб» сүресінің 57-ші аятында: «Расында Аллаға, Елшісіне реніш бергендер, соларға дүние, ақыретте Алла қарғыс беріп, оларға қорлаушы азап дайындады»,- деп айтқан болатын. Сол себепті Алланың елшісін ренжітіп, азаптау Алланың азабына себеп болады. Қасиетті рамазан айының жиырма төртінші күнінің дұғасында Алладан «Өзіңе бағынуда табысты етіп, саған бағынбаушылық танытпаудан құтқар» деп сұраймыз. Өйткені Құдайға құлшылық ету адамның ықтиярында болғанымен Алланың қолдауы мен көмегінсіз бұл іс мүмкін емес. Дұғаның соңғы бөлімінде: «Уа, Алла! Сен әр адамның сұрағанына жауап бересің. Біздің дұғаларымызды қабыл ет» дейміз.