Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 4
Исламның ұлық пайғамбары тауһидтік наным-сенім тұрғысынан Құранға сүйеніп, әрқашан адамдардан әлемнің таңғалдыратын жүйесі мен жаратылған әлемнің құпиялары туралы ойланып, жер мен аспандағы үлкенді-кішілі құбылыстардың Жаратушы тарапынан басқарылатындығын мойындауды талап етті.
Исламның Ұлық пайғамбарының адамзатқа ұсынған ең маңызды құндылығы өмірде Аллаға иман келтіру мен тауһид мәселесі болды. Тауһид – Аллаға сенім арту Исламның идеологиялық негізі болып табылады. Бірақ бұл наным-сенім жеке адам мен қоғамның іс-әрекеттеріне маңызды өзгеріс енгізген кезде өзінің болмысын көрсетеді. Аллаға иман келтірудің бірінші әсері адамға біртұтас болмыс сыйлап, күдік-күмәндардан алыстатады. Басқаша айтқанда, Аллаға иман келтіріп, хабардар түрде Оның талаптарына бағынған адам көптеген «құдайлардың» әсерінен алыстайды. Хазірет Жүсіп өзінің қисынды да айқын сөзінде: «...Бөлек-бөлек раббылар жақсы ма? Немесе әр нәрсеге өктем жалғыз Алла жақсы ма?»- деген. («Жүсіп» сүресі, 39-шы аят). Жаратылған бүкіл құбылыстарды бақылайтын Жаратушыға иман келтірудің келесі әсері мақсатсыз өмірден құтылу болып табылады. Адам Дана Алла әлемді мақсатсыз жаратпады деп сенсе, еш уақытта мақсатсыз өмірге түспейді. Ол әрқашан: «Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың»,- деп айтады. («Әл-Имран», сүресі 191-ші аят). Аллаға иман келтірудің келесі маңызды әсері адамның рухани және психикалық тыныштыққа жетуіне көмектесуі саналады. Барлық адамдардың өмірі көптеген қатерлер, психикалық және идеологиялық дағдарыстармен бетпе-бет келеді. Адам тыныштық табу үшін сенімді пана іздейді. Құран Кәрім Алладан басқаны пана етіп таңдауды ең осал өрмекшінің торына теңеп: «Алладан өзгені ие етіп алғандар; ұя жасап алған өрмекшінің мысалы сияқты: Шын мәнінде үйлердің ең осалы – өрмекшінің ұясы. Егер олар білетін болса». («Анкабут» сүресі, 41-ші аят). Аллаға иман келтіргендер тыныштыққа жету үшін мықты, еш нәрседен зардап шекпейтін илаһи қамалға кіреді. Алла Тағала: «...Біліңдер! Расында Алланың достарына қауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды»,- деп ескертеді.
Үміт, шаттық пен өміршеңдік – тауһидтің әсерлері. Аллаға иман келтірудің аясында адам мен әлем туралы ойланатын адам билік пен байлық және шаһуаттың билігіне түспейді, өзінің болмысын өтпелі дүниеге құрбан етпейді. Ол шексіз илаһи мейірімділіктен үміттеніп, жетістіктерге толы жарқын келешекке қарай ілгерілейді. Құран Кәрім бұл туралы: «Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз»,-деген. («Наһл», 97-ші аят). Алланың жалғыз болуына сенім арту адамның жеке өміріне әсер етуімен бірге қоғамның әртүрлі салаларына да маңызды әсерін тигізеді. Аллаға иман келтірудің ең маңызды қоғамдық жетістігі тауһидтік қоғам құру саналады. Мұндай қоғамның барлық негіздері мен ұстанымдары Аллаға құлшылық етуге сүйенеді. Ұлы Алла Исламның ұлық пайғамбарының ғамалдарын үлгі ретінде ұсынып: ««Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Алла үшін» де»,- деп бұйырған. («Анғам», 162-ші аят). Тауһидтік қоғамда билік пен заң шығару Алла тарапынан. Оған жету үшін билік илаһи бұйрықтарды іске асырудан басқа мақсаттары жоқ адал адамдарға тапсырылады. Мұндай жүйеде таптық айырмашылық пен әділетсіз кемсітушіліктер мен отаршыл әрекеттер байқалмайды. Өйткені қоғамдық әділет адамның жеке және қоғамдық ұстанымдарының негізіне айналады. Исламның ұлық пайғамбары бұл негіздерге ерекше мән бергені соншама, сахабаларының ортасында отырған кезде тіпті олардың әрқайсына бірдей қарауға тырысатын. («Бихар әл-Анвар», 16-шы том). Қоғамдық-саяси жүйелердің көбінде әртүрлі қоғамдық салаларда белсенділік танытатын адамдардың көбінің мақсаттары өздерінің мүдделерін қамтамасыз етіп, өзі мен жақындарының жағдайын нығайту болып табылады. Олардың көбі сайлау науқаны кезінде өзінің бақталасынан алға шығып, көбірек дауыс жинау үшін өздерін халықтың мүдделерін қорғаушы етіп көрсетіп, алдамшы ұрандарымен халықтың құқықтарын қорғауға уәде береді. Бірақ билікке жеткен соң барлық уәделерін ұмытып, тек байлық туралы ғана ойлайды. Алайда илаһи мақсаттармен басталып, пайғамбарлардың басшылығымен қалыптасқан тауһидтік жүйеге дүниенің жарқыраған алдамшы заттары мен құбылыстары әсерін тигізбейді. Өйткені тауһидтік билік құрылған кезде олар материалдық байлыққа ие болуды көздемеген. Құран өзінің көптеген аяттарында барлық пайғамбарлар туралы шындықты баяндап, Исламның ұлық пайғамбарына тікелей: «Сендерден ақы сұрамаймын. Өйткені Құран әлемге үгіт қана» де»,- деп тікелей бұйырды». (Анғам», 90-шы аят). Исламның ұлық пайғамбары басқа бір аятта өз мақсатын Жаратушыға жақындап, илаһи тура жолда қадам басқысы келетін адамдарды дұрыс жолға нұсқау деп таныстырады. Негізінде илаһи пайғамбарлар тауһидтік жүйеге қарай қадам басқан адамдардың наным-сенімдерін күшейтіп, оларды күдік-күмәндардан алыстатып, олардың сенімдері мен ғамалдарын дұрыс бағытқа нұсқайды. Осыған орай, Исламның ұлық пайғамбары Аллаға иман келтіру сенімдерін нығайту үшін тауһид негіздерін іс жүзінде іске асыруға ерекше көңіл бөлді. Исламның ұлық пайғамбары тауһидтік наным-сенім тұрғысынан Құранға сүйеніп, әрқашан адамдардан әлемнің таңғалдыратын жүйесі мен жаратылған әлемнің құпиялары туралы ойланып, жер мен аспандағы үлкенді-кішілі құбылыстардың Жаратушы тарапынан басқарылатындығын мойындауды талап етті. Жаратылған әлемді Алланың басқаратындығы және әлемнің барлық табыстары мен жеңіліс, сәтсіздіктерінің оның дана билігімен байланыстылығы теріске шығарылмайтын шындық. Хабардар болып, терең ойлары арқылы және тауһидтік пікірлердің көмегімен Аллаға құлшылық етушілер іс жүзінде де өздерінің имандарын көрсетуі қажет. Құран бұл мақсатқа жету үшін Ислам пайғамбарына: «(Мұхаммадс.ғ.с) Алла, Пайғамбар және мүміндер көреді. Сондай-ақ көмес, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар да сендерге не істегендерің білдіріледі» де»,- деген. («Тәубе», 105-ші аят). Бүгін әлемнің ең дамыған жүйелері мен қауіпсіздік тактикалары адамдардың ұстанымдары мен сыртқа көрінетін іс-әрекеттерін зерттеп анықтай алады. Бірақ адамның ішкі құпиясына бойлай алмайды, еш уақытта адамдардың ішкі ойларынан хабардар бола алмайды. Адамның іс-қимылдарының көбі болжауға келмейді. Бірақ болмысымызды билейтін Жаратушы үшін біздің еш нәрсеміз жасарын емес. Ол біздің барлық ойларымыз бен ішкі жағдайымыздан хабардар. Дәл осы мәселе бір Аллаға құлшылық етушілердің міндетін ауырлатады. Олар барлық илаһи бұйрықтарды орындауға міндетті. Құран бұл туралы: «...Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неменеден тыйса, содан тыйылыңдар...»,- деген. («Хашр» сүресі, 7-ші аятынан). Айта кететін жайт, наным-сенім, ғибадат, экономика, мәдениет және басқа да салалардағы адамның жеке және қоғамдық іс-әрекеттері Алланың бақылауында. Сондықтан Аллаға құлшылық ететін адамдар өздерінің барлық іс-әрекеттерін Алланың ризалығы үшін орындаулары керек. Адамдардың тауһидтік наным-сенімдері басшылармен бетпе-бет келген кезде байқалады. Өйткені адамдардың көбі шынайы құдыретке көңіл бөлмей, олардың алдында осалдық көрсетуі мүмкін. Аллаға иман келтіретін адамдар өздерінің жан-дүниелері мен психикаларына өзгерістер енген кезде әлсіздік білдірмей, керісінше соларға қарсы тұрып, тауһидтің негіздерін естен шығармайды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) иманы, түзу ғамалдарымен мұсылмандарды тауһидтік негіздерге нұсқап, оларға ғиззат пен айбындылық сыйлады.