Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 7
Исламның негізгі мәдениетіндегі тауһидтік әлемтанудың маңызды тіректерінің бірі ғибадат пен құлшылық ету болып табылады. Басқаша айтқанда, тек Бір Аллаға құлшылық ететін адам Алла елшісінің халықты дұрыс жолға нұсқайтын бағдарламалары бойынша Жаратушыға құлшылық етіп, Алла олардың құлшылық етуін растаған адамдарға ғана бағынулары керек.
Ғибадаттың құлшылық ету мәселесінде маңыздылығы сондай, бұл мәселеге қатысты исламдық барлық мазхабтарының пікірлері ұқсас және ешбір мұсылман оны теріске шығармайды. Мұндай жағдайда «ғибадаттың мағынасы неде?» деген сұрақ қою қажет. Ғибадат – Алланың алдындағы істеріміз бен сөздеріміздегі қарапайымдылық. Мұндай көзқарастан туындаған әр әрекет ғибадат болып саналады. Кейбір басқа ойшылдар: «Ғибадат пен құлшылық ету құлшылық ету сезімінен нәр алады. Құлшылық жеке мәселе емес. Адам Алланы жаратылған әлемнің, өлім мен өмірдің ғиззат пен қорлықтың иесі деп санауы»,- дейді. Мұндай көзқарасқа ие илаһи адал ғибадат кеңістігінде өмір сүретін адамдар жаратылған дүниемен сұлулық пен жақсылық арқылы танысып, тіпті ойға кіріп-шықпайтын махаббатқа жетеді. Ғибадат әлемі өтпелі материалдық дүниедегі ләззатпен салыстыруға келмейтін ләззәтқа толы. Ғибадат әлемі рухани толқыныстарға толы. Ғибадат дүниесінің түні мен күні жоқ, өйткені ол әрқашан жарық. Бұл дүниеде қараңғылық, уайым-қайғы мен кекке орын табылмайды. Бұл дүние жарық әрі ақ ниетке толы. Илаһи ғибадаттың үнсіздік пен айқайдың, соғыс пен бейбітшіліктің көрінісі және өмірінің барлық сәттері Алланы еске алу болған Исламның ұлық пайғамбары адамдарды бағалаған кезде ұпайды Аллаға көбірек құлшылық еткендерге берді. Хазірет адамдардың рухани жүзі мен ғамалдары туралы: «Ең жақсы адамдар ғибадат етуді жақсы көріп, ғашықтар сынды ғибадатты құшағына алып, Алланы бүкіл болмысымен сезетіндер. Мұндай рухани кеңістікте адам өмірдің қиындықтарымен кезгетіні немесе оңай өтетіні туралы алаңдаушылықтан ада болады. («Әл-Кафи», 2-ші том).
Алла елшісінің тәрбиесін көрген және уаһи басталып, пайғамбардың өмірінің соңғы сәтіне дейін хазіреттің Жаратушыға деген махаббатының куәсі болған хазірет Әли (ғ.с.) иман келтіргендердің жағдайы мен дәрежелерін сипаттап: «Періштелер оларды ортаға алып, оларға тыныштық сыйлайды. Олардың алдарынан илаһи есіктер ашылып, шексіз илаһи мейірімділікке бөленеді. Ұлы Алла оларды құлшылықтарының арқасында ие болған дәрежелерімен құттықтайды. Олар Алламен сырласуды сұрап, илаһи әтірді сезіп, қараңғылықтың пердесін ашып, күнәні байқайды» дейді. Ғибадаттың рухани пайдасымен бірге ғибадат кеңістігіне кірген адам оның материалдық артықшылықтарын да пайдаланады. Басқаларға мұқтаж болмайтын әрі рухани байлық, рухани және психикалық қауіпсіздік, нәпсінің ғиззаты, болмысын сақтау, ырзық пен өмірдің артуы және басқа да ұқсас мәселелер Аллаға құлшылық ететін адамның өмірінде оған нәсіп болатын әсерлерге жатады. Алланың елшісі Жаратушының сөзіне сүйеніп, бұл туралы: «Жаратушыларың былай деді: «Уа, Адамның перзенттері, өздеріңді маған ғибадат жасауға дайындаңдар. Сонда жүректеріңді мұқтажсыз етіп, қолдарыңды ырзыққа толтырамын»,-деп айтқан болатын. Осы маңызды тағылымдарға байланысты Алла елшісі ғибадат дүниесіне үлкен өзгерістер енгізіп, ой-пікірлерді алға ілгерілеттің. Ислам пұтқа, адамға немесе өртке құлшылық еткен және ақылсыздықтарымен өз қолдарымен жасаған мүсіндерді өз «құдайлары» санаған, сонымен бірге кейбіреулері Құдайды «адамның әкесі» деп есептеген немесе әкесі мен ұлын бір деп санаған жағдайда терең ойланатын адамдарды тәрбиелей алды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк Исламның тағылымдарының ғибадат дүниесіне енгізген келесі өзгерісі Аллаға құлшылық етуді қарапайым деңгейден өткізіп, оған деген ой-пікірді тереңдетуі болды. Саудагерлер сынды топтар Алланың сауабына жету үміттерімен ғана құлшылық ететін. Ал басқа топ илаһи жазадан қорқып ғибадат жасайтын. Ислам әртүрлі шектеулі мақсаттардан алыстап, адамдарға Аллаға ғашық түрде құлшылық етудің, нәтижесінде ләззат алудың жолын көрсетті. Сол себепті де ғибадат – адамды Жаратушыға жақындататын баспалдақ. Рухтың жаратылған әлеммен танысуы қабілет-дарындар мен адамгершіліктің дамуына себеп болады. Ғибадаттарымен адамдар жаратылған әлемге алғыстарын білдіреді. Алайда мұндай кеңістікке аяқ басу білімсіз мүмкін емес. Алла елшісінің «Аллаға Оны көріп, (жүрегіңмен сезіп) тұрғандай ғибадат жасаңдар. Өйткені сен оны көрмегенінмен, ол сені көреді»,- деген сөздері осы мәселені дәлелдейді. Әрине мұндай сезімдер мен Алланы өзінің ғибадаттарының бақылаушысы деген сенімге ие адам еш уақытта ғибадаттың тек сыртқы көрінісі туралы ойлайтын адаммен ұқсас болмайды. Ғибадат саласындағы келесі маңызды мәселеге исламдық мәдениет мәселесі жатады. Исламдық мәдениет ғибадатды намаз бен ораза сынды діни уәжіптермен шектеледі деп санамайды. Аталмыш мәдениет илаһи ниет және илаһи мақсатпен орындалған әр ғамалды ғибадат деп таниды. Мұндай пікірге сәйкес, ғибадат адамның жеке және қоғамдық өмірінің барлық салаларынан байқалуы мүмкін. Исламның ұлық пайғамбары рауаяттарының бірінде: «Перзенттің ата-анасына мейіріммен қарауының өзі ғибадат»,- деп айтқан болатын. Ғибадаттың негізгі мақсаттарына өмірдің барлық салаларында Алланы еске алу жатады. Бұл біздің ахлақ, қоғам, мәдениет, саясат, экономика және басқа да салалардағы жауапкершілігімізді еске салып, барлық илаһи шектеулерге көңіл бөліп, белгіленген шекаралардан аспауымызға себеп болады. Ғибадат белгілі ғана бір уақытқа байланысты емес. Ғибадат барлық уақытта Алланы еске салып, ғамалдарымызға әсер етеді. Адамдардың көбі ауызбен қасиетті зікірлерді айтып, сауапқа ие болуға үміттенеді. Бірақ олардың жүректерінен Алланы еске алғандарының белгісі байқалмайды. Осыған орай ғамал жасаған кезде олар илаһи шектеулерге көңіл бөлмей, ғибадаттың басқа мақсаты саналатын Жаратушының ризалығына ие болу жолында қадам басады. Алланы еске алу маңызды. Оның тәттілігін сезіп, тыныштық жағалауына жетіп, ешбір ләззатпен салыстыруға келмейтін ләззат алайық. Исламның ұлық пайғамбары Алланы еске алудың маңыздылығы туралы «Жаратушының алдында дүние мен ақыретте пендесін құтқаратын Алланы еске алудан артық құрал табылмайды» деген. Рауаяттардың бірі бойынша, тіпті Алланың жолында соғысу деген сұрақ қойылған кезде Алланы еске алу болмағанда соғысты бастау бұйрығы берілмейтін еді деген жауап берілді. Алланы еске алудың маңыздылығы соншама, ол қиямет кезінде біздің есептерімізге жазылады. Алланың елшісінен: «Адам перзентінің Алланы еске алмаған сәттері болса, қиямет күні ол осы сәттері үшін өкінеді»,- деп айтқан сөзі қалған. Алланың елшісі мен хазіреттің адал жақтастарының ғибадатқа қатысты соңғы мәселесі барлық салалардағы біздің бүкіл ғибадаттарымыз адал ниетпен және біздің барлық ғамалдарымыз Алла үшін жасалуы керек деген мәселе болып табылады. Исламның ұлық пайғамбары өмірінің барлық сәтінде Алланы ұмытпай: «Орындаған әр жұмысың мен әр ғамалыңды тек Алла үшін орында, өйткені тек Жаратушы ғана пендесінің ақ ниетпен жасаған ғамалдарын қабылдайды»,- деген.