Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 8
Өмірде әртүрлі қиындықтар кездеседі. Кейбіреулердің айтуынша, өмір жаздың ыстығы және жарқыраған нұры мен қыстың суығынан тұратын табиғат сынды.
Адамзат ғылым мен технологияның барлық салаларындағы таңырқататын жетістіктерге қарамастан көптеген рухани және психикалық дағдарыстар, әртүрлі аурулар, соғыс пен қантөгістер және лаңкестікпен бетпе-бет келуде. Тұрмыстың көптеген мүмкіндіктері мен жеңілдіктеріне қарамастан адам баласы тыныштыққа ие емес. Сондықтан қауіп-қатерден құтылу үшін қауіпсіз панажай іздеп, адасқан адам сынды жан-жаққа ұмтылып, психологтарға қаралады, бірақ тыныштық таппайды. Бір сәт болса да тыныштық табу үшін тыныштандыратын дәрілерді пайдаланады, бірақ есірткіге салынып, күткен нәтижеге жетпейді. Қиындықтарын азайтамын деп, билік пен байлық иелерінің қолдауына ие болу үшін соларға қарай барғандарымен өрмекшінің торына түсіп, жүгінген паналарының ішінің бос екенін сезеді. Сол кезде болмысының тереңдігінен шынайы панасына, яғни Жаратушыға қарай шақыратын дауысты сезеді. Ол адамнан қолын жайып, тыныш кеңістікте адам үшін ең жақын Алламен сырласып, қалауы, армандары мен қажеттіліктері және қиындықтарын айтуға шақырады. «Зумәр» сүресінің 8-ші аятында: «Қашан адам баласына бір таршылық келсе, Раббына жалбарып, Оған бейім ынта байқатады...» деп жазылған. Ұлы Алла пенделеріне жақындығын білдіріп, оларды үміттендіріп, үмітсіздік пен күмәндердің торынан шығару үшін Исламның ұлық пайғамбарына: «(Мұхаммад с.ғ.с.) егер құлдарым Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін...»,- деген. («Бақаре» сүресі 186-шы аят). Иә, дұға бізге аспандармен қарым-қатынас орнатуға көмектесіп, бізді шынайы тыныштықтың жағалауына жеткізеді. Бұл тыныштық ықыласпен бірге болса, тұрақты болып, адамға тілмен айтып жеткізуге болмайтын ләззат сыйлайды. Жаны Аллаға дұға етіп, онымен сырласудың нәтижесінде мистикалық қажеттіліктерге бөленген Исламның ұлық пайғамбары: «Дұға – мүміннің қаруы, діннің тірегі, аспандар мен жердің нұры»,- деген. («Кафи» 2-ші том). Дұғаны қаруға теңеу адамның дұға арқылы қиындықтармен соғыста оларды жеңе алады деген шындықты көрсетеді. Алайда мұндай қаруы жоқ адамдар қиындықтардың алдында абыржып, оларға бағынып, бірте-бірте үмітсіздікке батады. Дұға наным-сенімдердің негіздерін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Сондықтан Исламның ұлық пайғамбары оны діннің тірегі деп атайды. Бұл тірек әлемнің Жаратушысына деген наным-сенімнің іргетасын сақтап қалады. Тірегі жоқ немесе тірегі шайқалып тұрған ғимараттар көпке шыдамайды. Алайда біздің наным-сенімдеріміздің негіздері мықты болса, тыныштыққа бөленеміз. Алла елшісінің сөзінде дұға аспандар мен жердегі нұр деп сипатталған. Адам қараңғы кеңістікке түсіп, қиындықтарға шырмалған кезде уақытын алаңдауымен өткізеді. Алға ілгерелеу күші мен үміттен айрылып, кері кетіп, дамудан айырылады. Бірақ нұр мен жарыққа түскен адам тыныштықты сезінеді. Ол үмітпен алға ілгерілеуге талпынады. Дұға адамның өмірінің әртүрлі жағдайларында осындай рөл атқара алады. Исламның ұлық пайғамбары дұға туралы: «Дұға – ғибадаттың рухы мен жаны",- деген. Алла елшісінің айтуынша дұға ғибадат кезінде адамның денесіндегі ми сынды рөл атқарады. Дұғасыз ғибадат рухани тұрғыдан онша құнды емес. Өйткені ғибадаттың рухына зардап келтіріп, оны рухани өлімге итермелейді. Қажеттілікті сезіну – адамды дұға жасап, Жаратушымен сырласуға қарай жігерлендіретін сезім. Қажеттілікті сезіну, яғни адам илаһи мейірімділікті қажет ететінін сезіп, Жаратушысыз ешбір нәтижеге жетпейтіндігіне иман келтіреді. Құран Кәрім адамның болмысындағы сезімді жандандыру үшін: «Әй, адам баласы! Аллаға мұқтажсыңдар. Ол әр нәрседен мұңсыз, өте мақтаулы»,- деген болатын. («Фатыр» 16-шы аят). Алланың елшісі Алланың алдында өзін мұқтаж сезінудің үлгісі болды. Хазірет бүкіл жаратылысымен өзін илаһи мейірімділікті қажет етуші сезінді. Өзін қажет сезініп, қолын Аллаға қарай созған адам оның сұрағанының орындалатындығына сенімді болуы керек. Өйткені Ұлы Алла пенделерінің дұғаларына жауап қайтаратындығына кепілдік беріп: «Раббыларың: “Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын»,- деген. («Му’мин (Ғафир) сүресі 60-шы аят). Өмірінің әртүрлі сәттерінде Жаратушысының уәделеріне иман келтірген Исламның ұлық пайғамбары уаһи сөздерге сүйеніп: «Алланың алдында дұға жасап, көмек сұраңдар және сұрағандарыңа жауап беретіндігіңе сеніңдер»,- деп айтқан болатын. («Бихар» 93-ші том). Біз Алладан басқаны пана тұтып, талап-тілектеріміздің орындалатындығына сенімді бола алмаймыз. Илаһи кеңістіктен басқа жерде еш уақытта тыныштықты сезе алмаймыз. Егер қолымызды билік пен байлық орталықтарына қарай жайсақ немесе үмітсіз қалсақ, тіпті қажеттіліктерімізге жауап қайтарылса да көптеген міндетсінумен кезігеміз. Бірақ Ұлы Алла еш уақытта өз пенделеріне міндетсінбейді. Керісінше, пенделеріне мейірімділікпен қарап, олардың сұрағандарын орындайды. Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы: «Жаратушыларың кешірімді. Ол пендесінің өзіне қарай қол жайғанына ұялады»,- деді. Исламдық негіздер мен тағылымдар бойынша адам дұға жасаған кезде тек өзінің қалауына ғана назар аудармайды, адам басқалардың қажеттіліктеріне де көңіл бөледі. Сол кезде дұға тілеп, қолын жайып, басқаларға да аяушылық білдіреді. Сол кезде мұндай дұғалар мақсатына жақындайды. Исламның ұлық пайғамбары исламды жаңғыртып, адамдарды бірлікке шақырды. Ол өз сөзінің бірінде: «Сендердің біреулерің дұға жасаған кезде басқаларды ұмытпаңдар. Сонда ол орындалуға жақындайды»,- деген болатын. Дұға тек Ислам дінінде ғана емес, барлық илаһи діндерде бар. Құранда хазірет Адам, хазірет Нұх, хазірет Ибрахим, хазірет Сүлеймен, хазірет Жүніс, хазірет Жүсіп, хазірет Мұса, хазірет Зікірия және хазірет Иса сынды илаһи пайғамбарлардың дұғаларын баяндайтын көптеген аяттар бар. Бұл мәселе адамзаттың жаратылуынан бастап, барлық адамдардың әр уақытта, әсіресе қиындықтармен бетпе-бет келіп, өмірлерінде тығырыққа тірелген кезде дұғаны және Жаратушысымен сырласуды қажет етіп, қолдарын Ұлы Аллаға қарай жайып, тыныштық жағалауына жеткендерін көрсетеді.