Ақп 24, 2016 13:37 Asia/Almaty

Исламдық өмір сүру тәсілінде адам табиғат тіршілігінің жалғасуына және оның нығметтерін пайдалануға жауапты.



Өздеріңіз білетіндей адамдар мен барлық тірі жаратылыстың өмір сүретін ортасы, соның ішінде көшелер мен алаңдар, саябақтар мен ормандар, өзендердің жағалауы мен оқу-зерттеу, мәдени орталықтар, діни мекендер мен кеңсе адамның қоршаған ортасы болып саналады. Қоршаған ортаның саулығы қоғамның саулығымен тығыз байланысты. Аурудың алдын алу оны емдеуден жақсырақ саналғандай қоршаған ортаның ластануы немесе жойылуының нәтижесінде орны толмас шығындардан гөрі қоршаған ортаның саулығын қамтамасыз ету артық болып табылады. Қоршаған ортаның саулығын камтамасыз ету, яғни жер, ауа-райы, су, теңіз, дала, тау, өсімдіктер, аңдар мен басқа да жаратылыстардың құқықтарын, сондай-ақ жеке адам мен оның қоғам өмірімен байланысты құқықтарын сақтау болып табылады. Діни тағылымдарда қоршаған ортаны ластауға тыйым салынған. Исламның ұлық пайғамбары: «Алла – пәк. Ол тазалықты жақсы көреді. Сондықтан адам өз өмірін таза ұстауға міндетті»,- деген болатын. («Джаме әл-Сағир» 1-ші том). Бұл қасиетті хадистен Жаратушының тазалықты жақсы көретіндігі, сол себепті Алланың жердегі халифасы ретіндегі адамнан илаһи сүннеттерге сүйеніп денесін, өмір сүретін үйі мен еңбек ететін мекендерін, ғылыми, мәдени және діни орталықтарды таза ұстау талап етілген. Яғни,  барлық адамдар – әйел мен ер, жарлы мен бай өмірінің барлық кезеңінде денесін, үйі мен жұмыс орынын таза ұстап, ластанудан қорғап, ластанған жағдайда тазалауға міндетті. Мұсылмандар қоршаған ортаны илаһи аманат санап, оны ластамауды маңызды деп біледі. Бұл жерден өтетін самал жел тек сол жердің тұрғындарымен ғана таныстырмайды, ол достық пен тыныштықтың хабарын жеткізеді. Өйткені мұндай пәк және хош иісті кеңістік – сұлулық пен хош иісті жақсы көретін сұлу Жаратушының махаббаты. Имам Садық (ғ.с.): «Ауасы таза, суы мол және құнарлы,  егінге жарамды жерде өмір сүру жүрекке қонымды»,- деп айтқан. («Тохф ул-Ақул», 320-ші бет). Имам Садық (ғ.с.)-ның пікірінше, өмір сүретін мекен тек тірі қалатын мекен деген мағынаны білдірмейді. Өйткені кедей елдер құрғақшылық кезде де кедейшілікпен кезігіп, аман қалғанымен өмірдің нығметтерінен пайдаланбайды. Алайда қоршаған ортасы мен медицинасы және экономикасы орынды  қоғамның халқы өмірдің нығметтерін мейлінше пайдаланады. Діни тұлғалардың өмір сүру тәсілінде қоршаған ортаның маңызды болғаны сондай, имам Садық (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбарының рауаяттарының бірінде: «Алла елшісі жаунгерлерін соғысқа жіберген кезде оларға мәжбүр болмаса талдарды кеспеуге кеңес берген»,- деген. («Усуль Кафи», 5-ші том). Пайғамбардың талды кеспеу туралы насихаттары ағаш-талдардың қоршаған ортаның саулығына әсер ететіндігіне байланысты. Мұсылмандар көшет егіп, оны өсіруге ерекше көңіл бөледі. Өйткені ағаштар ауаның тазалығына ерекше әсер етеді. Ислам көшет отырғызуды ең жақсы жұмыстардың қатарына қояды.  Исламның ұлық пайғамбарының хадистерінің бірінде көшет отырғызуды білім алу, мешіт салу, кітапты мұраға қалдыру сынды ғамалдармен бір қатарға қойған. Тал  өсірудің маңыздылығы сондай пайғамбар: «Құрғап тұрған талды суарған әр адам шөлдеген мүмінің шөлін қандырған  адаммен бірдей»,- деп айтқан болатын. Сондай-ақ, хазірет Ухуд тауы туралы: «Ухуд – біз оны, ол бізді жақсы көретін тау»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 21-ші том). Бұл сөздер бізді табиғатты жақсы көруге міндеттейді. Табиғат бізге илаһи нығметтерді ұсынады. Осындай жағдайда қоршаған  ортаны қорғаудың маңыздылығы түсінікті болады. Сол себепті мұсылман әрі Алланы жақсы көретін адам не теңізді, не даланы, не тауды ластамайды. Исламның ұлық пайғамбарының сөзі бізді таулардағы тас, кен және басқа байлықтарды дұрыс пайдалануға шақырады.  Егер адам өзін Алланың жердегі халифасы деп білсе, еш уақытта қоршаған ортаны ластамайды. Діни тағылымдар бойынша қоршаған ортаның тазалығы адамның денсаулығына әсер етуімен бірге оның ырзығының көбеюіне де әсер етеді. Имам Хасан Мұджтаба (ғ.с.) бұл туралы: «Ластықтан алыстау мен тазалықтың, сондай-ақ қоршаған ортаны таза ұстау мен ыдысты жуудың нәтижесі адамның мұқтажсыздығы болып табылады»,- деп айтқан болатын. («Бихар әл-Анвар», 73-ші том). Имам Хасан Мұджтаба (ғ.с.)-ның бұл хадисінде тазалықтың екі түрінің, яғни рух пен қоршаған ортаның тазалығына сілтеме жасалып, адамдардың істерінің олардың дүниелік өмірлеріне әсер ететінін еске салады. Діни тағылымдарда «егер қоғам немесе халық қоршаған жасыл орта туралы ойланып, оны ластаудан тартынбаса Алланың каһарына ілінеді. Алла елшісі: «Үш топ өзінің жағымсыз істеріне байланысты Алланың рақымынан кенде қалады. Бұл үш топқа көшелер мен саябақтар сынды қоғамдық мекендерді ластайтындар, суды белгіленген мөлшерден артық ысырап ететіндер, басқалардың кезегін сақтамай, адамдардың жолын жабатындар кіреді»,- деген. («Усуль Кафи», 2-ші том). Әлемде орын алып жатқан оқиғалардың бірқатары адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты. Яғни, егер адамдар Аллаға құлшылық етсе, олардың алдынан рақымдылық есіктері мен илаһи берекелер ашылады. Құлшылық ету жолынан ауытқып, адасқан жолда қадам басып, жалған  және пасық ойларға ие болса, адамзат қоғамы бұзақылыққа шырмалып, халықтар зорлық-зомбылық пен соғыс, бейберекеттіктердің салдарынан құлдырайды. Мұны Алла Тағала «Әш-Шура» сүресінің 30-шы аятында айтады: «Бастарыңа келген бір ауыршылық қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Алла көбін кешіп жібереді». Құран хазірет Нұх кезіндегі су тасқынды, хазірет Самуд кезіндегі найзағай мен Ад тайпасының басына түскен апатты дәл осы оқиғалардың қатарында атайды. Әсіресе қоршаған ортада орын алатын тұтқиыл оқиғалардың салдарлары туралы Құран аяттарымен бірге пәк тұлғалардың рауаяттарында да баяндалған. Имам Бақер (ғ.с.): «Қоғам күнәға батқан кезде Жаратушы оларға арналған жаңбырды олардың үстінен жаудырмай, дала  мен теңіздердің, таулардың үстіне жаудырады»,- деп айтқан болатын. Осыған орай имам Бақер (ғ.с.): «Әй, қырағылық иелері, сабақ алыңдар»,- дейді.