Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 9
Намаз - Ислам дінінің негіздерінің бірі әрі адамдардың Жаратушысымен қарым-қатынас орнататын құралы. Алла елшісінің тағылымдары мен міндеттерінің бірі намазды халық арасына тарату болды.
Ең маыңзды әрі ең тұрақты қарым-қатынастардың бірі Алламен, яғни адам мен уаһи орталығы арасындағы қарым-қатынас саналады. Ислам бұл руһани қарым-қатынасты тереңдету үшін құлышылық ету, ғибадат, мистикалық дұғалар арқылы Жаратушымен сырласып, қажеттіліктерді айту сынды жолдарды пайдаланады және нақты, қисынды және мақсатты бағдарлама жоспарлау арқылы бұл мәселені мәдениеттендіруді көздейді. Бұл мақсатқа жеткізетін айықн жолдарының бірі намаз саналады. Күнделікті намазын Алла уәжіп еткен міндет деп санаған адам тәулік бойында бес рет яғни таңертең, күннің ортасы және кешкі уақытта бес рет намазың орындап, Алланың құдыретінің алдында басын иіп, өзінің мұқтаж болуын көрсету үшін сәжде жасап, басын жерге қояды. Мұндай адам күнделікті Алламен қарым-қатынас орнатып, бірте-бірте руһани кеңістікке бөленіп, дамып, кемелдікке жетіп, Жаратушыдан басқаның алдында бас имейтін болады. Ол нәпсісі, ақша немесе шаһуатының құрбаны болмайды. Ол Алла оған сый еткен ғиззат пен адамгершілік шындарына жетеді. Адамды ең жақсы және ең әдемі түрде жаратып, адам мен Өз арасындағы қарым-қатынасты сақтау үшін ол үшін намазды міндет қылған Алла Тағала: «Рас Мен Алламын. Менен басқа тәңір жоқ. Сондықтан маған құлшылық қыл. Сондай-ақ Мені еске алу үшін намазды толық орында»,-деген. («Таһа» сүресі 14-ші аят). Илаһи пайғамбарлардың олардың ішінде Исламның ұлық пайғамбарының маңызды әрі сындарлы хабарларының бірі адам мен Жаратушысының арасында қарым-қатынас орнату болды. Осыған орай оларға намаз арқылы адамдардың жүректеріндегі Алланы еске алу сезімді жаңдандыру және осы жол арқылы адамдардың Алла арасындағы қарым-қатынастарын мықтау болды. Осы салада Ұлы Алла Исламның ұлық пайғамбарына былай деген: «Мұхаммад (с.ғ.с.), Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында. Күдіксіз намаз; арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Әрине Алланы еске алу, аса ірі нәрсе. Сондай-ақ Алла Тағала не жасағандарыңды біледі». («Анкабут» сүресі 45-ші аят). Бұл аятта намаздың маңызды мақсаттарының бірі яғни Алланы еске алу қуатталды. Расында егер намаз шын ниет және Алланың алдында қарапайымдылық білдірумен орындалса, адам өмірінің барлық сәттерінде Алланы ұмытпайды. Мұндай жағдайда Алламен қарым-қатынас орнату көпір саналатын намаз бізді Алланы еске алуға қайшы келетін жамағат әрекеттерден алыстатып, бізді илаһи болмысқа жақындатады. Бірақ егер намаз тек сырт көзге орындалып, жансыз мәйет сынды рухы болмаса, бізге оң әсер етпейді және Алланы ұмытпауға көмектеспейді. Керісінше нама оқушы адамды күнәға ластап, дұрыс жолдан бұрмалап, Алладан алыстатады. Исламның ұлық пайғамбары: «Намазы күнә мен жаман іс-қимылдардан алыстатпаған адам, аллаға жақындама түгілі Оның илаһи болмысынан алыстайды»,- деп ескерткен болатын. Алла Тағала намазды пенделеріне уәжіп етті, бірақ маңыздысы рухымызды тазартып, адамгершілігімізді арттыратын намаз саналады. Намаз оқитын адамдар өмірлерінің барлық сәттерінде Аллам арасындағы қарым-қатынастарын нығайтып арттырады. Олар қоғамдағы қарым-қатынастары мен материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету талпыныстарын Алланың ризалығына ие болады деп біліп, Жаратушы, Ол жаратқан халық арасындағы қарым-қатынасы үзбеуге талпынады. Құранның адамды тәрбиелейтін мәдениетінде, Исламның ұлық пайғамбары мен барлық илаһи тұлғалардың өмірбаяндары мен тәсілдерінде бұл екі ерекшелік айқын байқалады. Яғни олар өздерінің барлық күшін салып, намаз арқылы Алламен қарым-қатынасын нығайтуға талпынады және басқа жақтан халықтың дерттері мен қияндықтарынан бейқам болмаған. Олар гуманитарлық көмектері арқылы қоғамдық қарым-қатынастарды сақтап, Алланың берген ырзығынан басқалармен бөліседі. Иманды адамдар осы жолда қадам басып, илаһи басшылардың жолын жалғастыруда. Құран мұндай адамдардың әдемі жүздері туралы Исламның ұлық пайғамбарына: «Сондай иман келтірген құлдарыма айт: “Намазды толық орындасын. Сондай-ақ бір нәрсені айырбастауға және достық болмайтын бір күннің келуінен бұрын өздеріне берген несібемізден тиісті орынға көрнеу, көмес жұмсасын”- деп айт деп бұйырған. («Ибрахим» сүресі 31-ші аят). Әрине намазды тарату мәдениеттендіруді қажет етеді. Ең маңызды қадам жанұядан басталады. Егер ата-ана жауапкершілігін сезіп, намаз мәдениетіінң іргетасы қаласа, бұл мәдениеттің қоғамның кеңістігінде ортақ мәдениетке айналатынына күмән тумайды. Маңыздылығына орай дәл осы мәселе Ұлы Алланың тарапынан исламның ұлық пайғамбарына: «Үй-ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл. Біз сенен ризық тілемейміз. Сені біз ризықтандырамыз. Соңғы табыс тақуаға тән»,- деп бұйырды. Жанұя ортасында намазды мәдениеттендіру ұқыптылық, табандылық және сабырлықты қажет етеді. Өйткені бұл мәселеге көңіл бөлмей жанұяда намаз мәдениетін жаңғырту мүмкіндік өте аз. Исламның ұлық пайғамбары Құранға ұқсас әдебиетімен: «Перзенттеріңді жеті жасында намаз оқуға мәжбүрлеңдер. Бұл салада адамдардың болмысында намазға деген сүйіспенділік пен махаббат қалыптасатындай іс-әрекет жасау керек. Егер адамның рухы мен жанында мұндай өзгеріс орын алса, ол басқа тәсілдерді қажет етпейді. Адамдар намаз оқушылардың қатарына қосылу үшін олардың болмысында әлем Жаратушысына деген сезімді ояту қажет. Исламның ұлық пайғамбары өзінің сахабалырының бірі Абозарға: «Әй, Абозар, Алла Тағала көзімнің нұрын намазда қалыптастырды. Ол аштардың тәтті асы және шөлдегендердің мөлдір су сынды намазды мен үшін сүйікті етті. Бірақ аш адам тамаққа тойып, шөлдеген адам шөлін сумен қандырар, мен болсам намазға тоймаймын»,- деді. («Сакарем әл-Ахлақ», 2-ші том). Намазды қарапайым түрде шын жүректен орындау адамды көптеген жетістіктерге жеткізеді. Исламның ұлық пайғамбары: «Намаз діннің ахкамы, намаз оқыған адам Алланың ризалығына ие болады. Намаз пайғамбарлардың Аллаға жақындау жолы. Намаз оны орындайтын адам үшін періштелерідің достығын, Жаратушыны танып, Оған иман келтіру, шындықты жалғандықтан ажырату, береке, ырзық, деннің саулығы мен адамгершілік болып, шайтанның абыржуына себеп болады. Намаз арқылы адам жоғары деңгейіне жетіп, дарбазаларды ашады. Алла елшісінің шынайы назар аударған маңызды мәселелерінің бірі надандықтан алыс болу және ойлану мәселесі болды. Басқаша айтқанда егер ғибадат ғамалдарында ақыл, қырағылық және терең ой болмай, жұмыстарда надандық байқалса, орны толмас шығын келтіреді. Тарихта түнгі намаздарын орындау, Құран оқу және басқа да ғибадаттарымен баршаға танымал болды. Бірақ егер бұл ғамал қырағы және хабардар түрде орындалмаса, олардың өзгерістеріне әсер етпейді. Мұндай адамдар ақыл шырағынан пайда көрмей, шындықты жалғандықтан ажырата алмай, шынайы қиындықтармен кезігіп, қате ой-пікірлерімен менменшіл басшыларының билігін қабылдайды. Имам Әли (ғ.с.) өз билігі кезінде хаваредждер арасындағы Нахрван соғысында бұл топпен бетпе-бет келді. Қазіргі кезде бұл адамдардың айқын үлгісі такфіршілер мен ДАИШ тобының мүшелері. Олар өздерін Құран мен пайғамбардың сүннетіне табанды көрсетеді, бірақ АҚШ, Батыс, сионизм және араб үкіметтерінің қолдауымен басқалардың такфіршіл болулары туралы үкім шығарады. «Аллаһу акбар» деген ұранымен адамдарды өлтіріп, мүліктерін талан-таражға салады және ешбір қылмыстан бас тартпайды. Осыған орай пайғамбар ғибадаттарды хабардар түрде орындауды насихаттап: «Ғибадатты надандықпен орындайтындардан және күнәһарлардан алыстаңдар, өйткені бұл екі топ сендердің бұл дүниелерің мен ақыреттеріңе зиян әкеледі»,- деп ескерткен. Басқа бір рауаятта Алла елшісі: «Екі топ маған зиян келтірді: надандар мен өздерінің қате және бұрмаланған көзқарастарымен дін мен адамгершіліктің шегі мен шекарасынан шыққан ғалымдар»,- деген болатын.