Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 10
Басқа адамдардан гөрі Исламның ұлық пайғамбарын көбірек жақсы көретін Ұлы Алла: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Түнгі ұйқыдан оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі»,- деп айтқан.(«Исра» сүресі 79-шы аят)
Күн батып, күннің көзі өзінің алтын нұрын жинап, айдың жарығы байқалған кезде адамдар күн бойы еңбектеніп, жанұяның ыстық ортасына оралады. Құстар өз ұяларына оралып, ормандар тыныштыққа бөленіп, бірте-бірте барлық жаратылыстар ұйқыға кетеді. Бұл кезде Аллаға иман келтірген адамдар Жаратушысына махаббатын білдіру үшін тәтті ұйқыларынан тұрып, түнгі намаздарын оқып, Онымен сырласып, олардың болмыстары ғашық сезіміне толады. Басқа адамдардан гөрі Исламның ұлық пайғамбарын көбірек жақсы көретін Ұлы Алла: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Түнгі ұйқыдан оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі»,- деп айтқан.(«Исра» сүресі 79-шы аят). Исламның ұлық пайғамбары өзінің беғсатын бастаған сәттен қарсылықтар, қастықтар және айлалармен кезікті. Кейде қысымдар сондай күшті болып, қарапайым адамның оларға төзу күші жетпейді. Пайғамбар да уаһи хабар алу ерекшелігін санамағанда басқа адамдар сынды шаршап-шалдығып, у-шудан алыс бір бұрышқа отырып, демалатын. Осындай күндердің бірінде Алла елшісінің құлағына аспаннан дауыс естілді: «Әй бүркеніп жатушы (Мұхаммад с.ғ.с)! Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта; Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт. Не оған біраз қос. (Түннің жартысында не одан аз, я көп тұруда еріктісің.) Сондай-ақ Құранды өте анықтап оқы». («Мүззаммил» сүресі 1-4-ші аяттар). Сарапшылардың пікірінше басында түнгі намаз уәжіп болған, бірақ баршаның оны орындау мүмкіндігі болмағандықтан ол тек исламның пайғамбарына ғана уәжіп етілді. Мүміндердің көбі хазіреттің рәсімдері мен сүннетінен үлгі алып, түнгі мезгілде барлық жаратылыстар ұйқыға батқан кезде жылы орындарынан тұрып, Алламен сырласуға кіріседі. Алла елшісі олар туралы: «Түнгі уақытта пендесі Жаратушысымен жалғыз қалып, Онымен сырласып, қажеттіліктерін айтқан кезде Алла олардың жүректеріне нұрын жіберелі. Содан соң періштелерге «түнгі ұйқыларын бұзып, Менімен сырласып отырған пендемді көріңдер, куә болыңдар, мен оны кешірдім» дейді»,- деген болатын. Түнді ояу ұйықтамай өткізген жарқыраған пайғамбар метебінде тәрбие көрген тұлға хазірет Әли (ғ.с.) болды. Оның түнгі намаздары мен мистикалық мүнәжәттары үмітсіз қалғандар үшін илаһи хабар болды. Алла елшісі түнгі намаздың жоғары орның көрсету үшін хазірет Әли (ғ.с.)-ға айтқан ақыл-кеңестерінің бірінде: «Түнгі намаз қандай жақсы»,- деп, бұл сөзін үш рет қайталады. («Васаель әл-шие» 5-ші том). Түнгі намаздың маңыздылығы Жебрейльдің пайғамбарға айтқан: «Адамның беделі иманы және түнгі намазымен анықталады»,- деген сөзінде айқын байқалады. Түнгі намаз пайғамбардың маңызды сүннеттерінің бірі. Алла елшісінің жолын жалғастырушы адамдар күнделікті уәжіп намаздарымен бірге пайғамбардың сүннетінен үлгі алып, түнгі намазды да орныдайды. Исламның ұлық пайғамбары: «Пайғамбарларыңның сүннеті болған түнгі намаз қандай жақсы. Түнгі намаз сендерге дейін болған адал әрі пәк адамдардың рәсімі. Түнгі намаз қиындықтар мен дерттеріңді кетіреді»,- деген. («Сафи» тәпсірі 265-ші бет). Бұл рауаят түнгі намаздың мағналы ләззаттар, Алламен сырласып, қажеттіліктерді айтуымен бірге адамдардың болмысын нұрландырып, денсаулықтарына әсерін тигізетінің көрсетеді. Бұл мәселе психология ғылымында дәледеніп, тәні саудың жаны сау деген нәтижеге жетті. Яғни егер адамның рухы мен психикасы сау болса, денінің саулығына да әсер етеді. Исламдық мәдениеттегі түнгі намаздың жоғары құндылықары мен барлық ұпайларына қарамастан түнгі намаз оқитын әр адам ерекше орынға ие болмайды. Әрине мадаққа ие адамдар хабардар түрде және терең ойларымен түнгі намаздардың илаһи кеңістігіне түсіп, жаратылған әлем туралы ойланып, әлемнің жаратылуының мақсаты бар екеніне иман келтіріп, өздерінің мистикалық дұғаларына ләззат алады. Алайда мұұндай ерекшеліктері жоқ адамдар түнді ояу өткізіп, өздерін шаршатып, иманды ададмардың ләззаттарын еш уақытта түсінбейді. Исламның ұлық пайғамбары бұл топ туралы: «Түнді ояу өткізуден шаршатқан түнгі намаздың пайдасы не. Аштық пен шөлден басқа пайдасы жоқ оразаның пайдасы не»,- деген. Түннің тыныштығы күнәләрді кешіру туралы сұрайтын ең жақсы уақыт. Аллаға иман келтірген адамдар ғибадаттарын орындап, Алланың алдында құлшылық етуге талпынғандарына қарамастан өздерін қате немесе күнә жасамайтындар деп санамайды. Сондықтан түнгі намазға тұрып, илаһи мейірімділік пен рақымдылыққа ие болу үміттерімен Алладан кешірім сұрайды. Құран Кәрім иман келтіргендер туралы: «Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді. Олар таң сәрілерде жарылқану тілеуші еді»,- деп айтады. («Зариат» сүресі 17-18-ші аяттар). Кешірімді Алла өз пенделерін үмітсіздіктен қорғау үшін Исламның ұлық пайғамбарына: «(Мұхаммад с.ғ.с.) құлдарыма хабар бер. Күдіксіз Мен аса жарылқаушы, ерекше мейірімдімін»,- деп айтады. Тәубе етіп, күнәләрді кешіруді сұрау Алла елшісінің өмірінде ерекше орынға ие. Ұлы Алла мұсылмандардан ғана емес мүміндерден де тіпті жоғары орынға ие және қате мен күнәдән сақталған ләі әр ластан пәк Исламның ұлық пайғамбарынан да Ұлы Алладан кешірім сұрауды талап етеді. Осыған орай Өзі сайлаған елшісіне: «Раббым! Жарылқа, мәрхамет ет! Сен мәрхамет етушілердің ең жақсырағысың» де»,- деп бұйырды. Исламның ұлық пайғамбары Құранның жолдауларын қолдап: «Жүрегіме шан-тозан отырған сайын күніне 70 рет Алладан кешірім сұраймын»,- деген болатын. Осы салада күнәләрінің көптеге немесе тәубесі қабылданбайды деп ойлайтындар әрқашан олар кешірілмейді және оларды қалағандары орындалмайды деп алаңдап, Аллаға жақын әрі Жаратушының алдында абыройлы және Ұлы Алланы Өзі оларды құрметтейді деген адамдарды арағайындыққа сайлайды. Пенделерінің қажеттіліктері туралы басқалардан артық білетін Рақымды Алла өз пайғамбарына: «Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бой ұсынылуы үшін ғана жібердік. Егер олар өздеріне бір кесір істеген заман, саған келіп, Алладан жарылқану тілесе, әрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, әрине олар Алланы; тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді түрде табар еді»,- дейді. («Ниса» сүресі, 64-ші аят). Алла елшісін дәнекерші қылып алу және хазіреттің арқасында күнәләрді кешіруді сұрау туралы тақырып, «Нұр» сүресінің 62-ші аятында баяндалып, Ұла Алла пайғамбарына күнәһәрлар үшін кешірім сұрауға рұқсат етеді. Вахабизмнің іргетасын қалаушылар Аллаға жақын адамдарды тіпті Алла елшісін дәнекер қылып алуды шірк деп санайды. Шын мәнінде Жаратушының Өзі мұсылмандарға және Исламның ұлық пайғамбарына әдейі жасамаған күнәләрін кешіруді сұрауға рұқсат берген. «Инфал» сүресінің 33-ші аятында: «Негізінде Алла Тағала Сен олардың ішінде болғанда, оларға азап етпес әрі олар жарылқау тілегенде де Алла, оларды азап қылмайды»,- деп айтылған. Әрине кешірім сұрау адам шынайы өкініп, күнәні қайталаму шешім қабелдаған кезде қабылданады. Егер адамның мойнында Алланың немесе халықтың құқысы болса, оны орындауға талпынып, мүмкіндігіне қарай күнә жасамауы және Жаратушы мен Оның әулиелеріне бағынуы керек. Мұндай жағдайда тәубесі мен кешірім сұрауы Алланың алдында қабыл болады.