Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры
Исламның ұлық пайғамбары да барлық пайғамбарлар сынды осы жолда қадам басып, өзінің негізгі бағдарламасын мәдени және қоғамдық революция түрінде таңдады.
Илаһи пайғамбарлардың негізгі мақсаттарының бірі мәдени және қоғамдық өзгерістер немесе осы екі салада революция жасау болды. Олар анық және мақсатты жобалары және барлық мүмкіндіктерімен өз кезеңдеріндегі қоғамдағы құндылықтарды теріске шығарып, ахлақи және адамгершілік мақсаттарға сүйенген және тауһидтік наным-сенімдерден шыққан құндылықтарды орнатуға талпыныс жасады. Исламның ұлық пайғамбары да барлық пайғамбарлар сынды осы жолда қадам басып, өзінің негізгі бағдарламасын мәдени және қоғамдық революция түрінде таңдады. Тарихқа әсер еткен бұл қозғалыстың маңыздылығын анықтау үшін надандық кезеңдегі мәдениетпен танысамыз. Аталмыш мәдениетпен танысқан кезде исламның бастапқы кезіндегі Исламның ұлық пайғамбарының жаңа әрі кемел жобалары айқындала түседі. Құран Кәрім надандық кезеңдегі адасушылықтар туралы: «...Олар бұрын ашық адасуда еді»,- деді. («Әли Имран» сүресі 164-ші аят). Келесі аятта надандық кезеңдегі халықтың қатерлі жағдайы туралы: «Оттан бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды»,- деді. («Әли-Имран» сүресі 103-ші аяты). Құран жағдайды анықтау үшін сол кездегі наным-сенім, ахлақи, қоғамдық және басқа тұрғылардағы бұрмаланушылықтардың үлгілеріне тоқталады. Наным-сенім тұрғысынан болмыстың тауһидтік негіздерінен алыстаған негізсіз күмәндеріне күдікпен қарап: «Және бір топтың жандары қайғы болып, олар Аллаға орынсыз надандық ой ойлады»,- деді. («Әли-Имран» сүресі 154-ші аят). Мекке мүшіріктері қоғамдық ой-пікірді бұрмалап, өздерінің билігі мен мүдделерін қорғау үшін жаны жоқ пұттарды жасап, халықты алдап, олардың байлықтарын талан-таражға салды. Ол бұрмалаушылықтарын ақтау үшін: «Біз бұларға Аллаға жақындастырсын деп қана табынамыз»,- деген. («Зүмәр» сүресі 3-ші аят). Өкінішке орай, тауһидтік негіздерге қайшы бұрмаланған көзқарас қатты кеңейіп, ойға келмейтін жағдайда Қағбаның абыройын түсіріп, еркектер мен әйелдер киімсіз Алланың үйін айналып, тәуәп етуге кірісіп, қолдарын шапалақтап, ысқырып, ең танымалдылары Лот, Ази және Менат пұттары болған 360 пұтты айналып, ғибадаттарын орындады. («Инфал» сүресі 35-ші аят, «Немуне тәпсірі 7-ші том, 157-ші бет). Соғыс пен қантөгіссіз орын алған Меккенің тарихи жеңісінен кейін Исламның ұлық пайғамбары Қағбаға кіріп, пұттарды қиратып, надандық кезеңінің пұтқа табыну рәсімін бұзып, Біләл Хабашиге Меккенің кеңістігінде азан шақыруды бұйырды. Сол сәтте Алла елшісі: «Ақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады»,- деген аятты айтып тұрды. («Исра» сүресі 81-ші аят). Барлық жерде тыныштық пен үнсіздік қалыптасты. Исламның ұлық пайғамбары жалпы кешіру бұйрығын беріп, надандық кезеңінің салттарымен күресуге қатысты сөз сөйлеп, қоғамға терең өзгерістер енгізді. Жанұясы мен тайпасын құрметтеу араб қоғамындағы тамыр жайған дағдарыстардың бірі саналды. Әсіресе Құрайыш сынды танымал тайпаның басшысы немесе оған қатысты болу ең үлкен құрметке ие болды. Хазірет бұл негізсіз рәсімнің тамырын жою үшін: «Уа, халайық! Алла Тағала исламның аясында надандық кезіндегі негізсіз құрметтерді сендердің араларыңнан алып тастады. Барша Адамнан таралып, ол топырақтан жаратылды. Ең жақсы адамдар күнәдән алыстап, өздерін тақуа мен пәктікке бөлейді»,- деді. Надандық кезеңінің келесі мәселесі – нәсілшіл, зұлым кемсітушіліктер. Ақсүйектерге көптеген жеке және қоғамдық ұпайлар беріліп, байлар мен құлдардың жүйесі қалыптасты, кедейлер билік пен байлық иелеріне бағынды. Алла елшісі осындай бұрмаланған көзқарасты айыптап: «Өткен заман мен қазіргі кездегі барлық халық бірдей, арабтың араб еместен, қызыл нәсілдінің қара нәсілділерден артықшылығы жоқ. Адамның артықшылығының көрсеткіші – оның тақуалығында»,- деді. Соғыс пен қантөгіс және талан-тараж –надандық кезеңнің келесі маңызды дағдарыстарының бірі. Олар болмашы сылтаумен соғыс өртін лаулатып, жазықсыз жүздеген адамды өлтірді. Исламның ұлық пайғамбары бұл кеңістіктен шығып, қоғамға тыныштық пен қауіпсіздікті қайтару үшін надандық кезінде төгілген қанды кешіріп, барлық істерді жабық деп жариялап, мақсатты қысас заңдары аясында талан-тараждың алдын алуды талап етіп: «Мен жан мен мүлікке қатысты барлық дау-дамайды негізсіз деп жариялаймын»,- деп баса айтты.
Исламның ұлық пайғамбарының негізгі стратегияларының бірі барлық мәдени-қоғамдық дағдарыстарды аяқтап, түбегейлі революцияны іске асырып, қоғамда адамгершілік пен ахлаққа сүйенген исламдық бауырмалдық орнату болды. Бұл бауырмалдық қарым-қатынастың арқасында адамдардың өмірлеріндегі барлық шарықтаулар мен құлдырауларда бірге болып, бір-бірінің уайымы мен қуанышына ортақ болады. Алланың елшісі адамдар арасындағы қарым-қатынастарды нығайту үшін: «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Барлық мұсылмандар бір-біріне бауыр. Олар бөгделердің алдында бірігеді. Олардың әрбіреуінің қаны басқаның қанымен тең» деді. Мәдени-қоғамдық революция аясында надандық кезеңінің халқы Рим мен Иран сынды құдыретті үкіметтерге қарсы тұрып, географиялық шекаралардан өтіп, Еуропаның жүрегіне дейін алға ілгерілейтіндей күш-қуатқа ие болды. Ұлы Алла мұсылмандардың өткендерін ұмытпай, әрқашан илаһи мейірімділіктің аясында биік шыңдарға жетуі үшін: «Сол бір заманды ойлаңдар. Сендер аз едіңдер де жер жүзінде езілген едіңдер. Сонда сендер адамдардың бас салып кетуінен қорқар едіңдер. Және Алла сендерді (Мединеге) орналастырып, өз көмегімен қуаттады. Сондай-ақ сендерді жақсы нәрселермен көректендіреді, әрине шүкір етерсіңдер деп»,- деп айтылған. («Инфал» сүресі 26-шы аят). Бірақ, өкінішке орай, бір кезеңде мұсылмандар өздерінің өткендері мен илаһи мейірімділікті ұмытып, соңында өздерінің ежелден келе жатқан айбындылығынан айрылып, іріткілердің торына түсіп, исламның дұшпандарының жобаларымен Шығыстан Батысқа дейін таралған исламдық мемлекет бөлінді. Қазір мұсылмандар өздерінің өркениеті және ислам әлемінің айрылған айбындылығын қайтару үшін Исламның ұлық пайғамбарының жолына оралып, илаһи құдыреттен үміт етудің қажет екендігін түсінді. Сондай-ақ әлемдік үстемдіктен құтқарылып, мұсылмандардың бірлігі мен біртұтастығын, «америкалық исламды», яғни надандық, қырып-жоюшылықты, талан-тараж бен қатыгездікті қатаң теріске шығару қажет. Алланың мейірімділігімен ислам әлемінің оянуы – мұсылмандардың жарқын келешегінің факторы. Ұлы Алла пайғамбар беғсатын бастаған кезде исламның жеңіске жетуі туралы уәде беріп: «Ол сондай Алла, дінін бүкіл діндерден үстем қылу үшін Пайғамбарын туралық әрі хақ дінмен жіберді. Куәлік тұрғысынан Алла жетіп асады»,- деді. («Фатх» сүресі 28-ші аят).