Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 23
Батыстың өзі тудырған еуропалық мемлекеттердегі миграция дағдарысы ұзаққа созылуда. Лаңкестік топтардың жан түршіктірерлік қылмыстары дағдарысты одан сайын күшейтіп, мигранттар толқыны еуропалық мемлекеттерге қарай ағылды.
Батыстың өзі тудырған еуропалық мемлекеттердегі миграция дағдарысы ұзаққа созылуда. Ирак пен Ауғанстанға жасалаған шабуыл дағдарысты күшейтіп, 2011-ші жылы лаңкестік топтардың Сирияда, содан соң бірнеше африкалық мемлекет пен Иракта пайда болуына себеп болды. Лаңкестік топтардың жан түршіктірерлік қылмыстары дағдарысты одан сайын күшейтіп, мигранттар толқыны еуропалық мемлекеттерге қарай ағылды. Жазықсыз миллиондаған адамның босқынға айналуына себеп болған Батыс мемлекеттері сол мигранттарды қабылдағылары келмей, оларға қарсы шара қолданып немесе немқұрайдылық танытып, олардың өмірлік жағдайларын одан сайын нашарлатып, күннен күнге мигранттарға қарсы шектеулерді арттыруда. Мигранттар дағдарысының Еуропа үшін жақсылығы да болды. Бұл дағдарысқа оң көзқараспен қараған басшылардың бірі Германия Канцлері Ангела Меркель еді. Еуропалық шекарашылар босқындарды кейін қайтарған кезде германиялықтар оларды қабылдауға уәде берді. Германияның Экономика министрі мемлекетінің бір жылда 800 000 мигрантты қабылдау мүмкіндігіне ие екендігін айтты. Германиялықтар венгерлерді мигранттарды жаман қабылдағаны үшін айыптады.
Австрия Канцлері де Германия Канцлеріне көмекке келіп, мигранттармен адамгершілікке жатпайтын қатынас жасаушыларға айыппұл салу керектігін мәлімдеді. Бірақ көп ұзамай Германия да басқа еуропалық елдердің мигранттардың толқынына тосқауыл қою ұстанымына қосылып, қазір мигранттарды елдерінен шығаруда. Германиядағы Батыстың исламдануына қарсы еруопалықтардың ПЕГИДА ұйымы күннен күнге күшеюде. Шығыс Германияда күшті базаларға ие бұл қозғалыс сан рет Германиядағы мигранттардың базаларына шабуыл жасады. Германиядағы зерттеу орталықтарының бірі жуырда жасалған сауалнама нәтижесіне сүйеніп: «Ислам діні бұл елдің қоғамдық өміріне әсер етті деп санайтын германиялықтардың 30 пайызы тіпті ПЕГИДА-ның Дрезден қаласындағы әрекеттерін ақтап отыр»,- деп растады. «Bertelsmann» ұйымы зерттеулерінің нәтижесі Германияның мұсылман емес азаматтарының 57 пайызының Исламды «өте қатерлі» немесе «қатерлі» деп бағалайтынын көрсетті. Германияның ең үлкен ұйымдарының бірі болып табылатын TNS Emnid ұйымы 2014-ші жылдың қараша айының соңында зерттеу жүргізді. 2012-ші жылы мұндай пікірді мұсылман емес германиялықтардың шамамен 53 пайызы білдірген. «Ислам Батыс әлемімен үйлесе ме?» деген сұраққа халықтың 61 пайызы «еш үйлеспейді» немесе «тіпті үйлеспейді» деп жауап берген. Осыдан екі жыл бұрынғы кезеңмен салытырғанда мұндай пікірге ие адамдардың саны 9 пайызға артты. Немістердің 40 пайызы мұсылмандардың болуы салдарынан өз елдерінде өздерін бөтен сезінетіндіктері туралы айтты. Әрбір төрт адамның біреуі мұсылмандардың Германияға қоныс аударуын тоқтатуды талап етті.
«Osnabrücker Zeitung» газеті Германия Парламентіндегі солшыл партияның талабына берілген жауапқа сүйеніп: «2016-шы жылдың алғашқы алты айында 13324 мигрантқа Германияның шекаралары мен әуе-жайларында рұқсат берілмегендіктен, олар елге кіре алмады. Қабылданбаған адамдардың саны өткен жылмен салыстырғанда өсті» деп жазды.
2015-ші жылдың қыркүйегінде Германия үкіметі мигранттардың саны артқан кезде шекараларын бақылауға алатын болды. Әсіресе Германия мен Австрия елдерінің шекараларында бақылау күшейтілді. Бұл шекараларда 2016-шы жылдың алты айында 10629 мигранттың осы елдерге кіруіне тыйым салынды. Қабылданбаған әрбір төрт мигранттың біреуі ауғандық болды, сондай-ақ қабылданбағандардың көбі ирактық және сириялық босқындар еді.
«Süddeutsche Zeitung» газетінің мәліметтері мен Германия Ішкі істер министрлігінің құжаттары бойынша маусым айында Германияға шамамен 16 мың мигрант келді. Ал өткен жылдың қараша айында олардың саны 200 мыңнан артық болған.
Осы мәлімет бойынша 2016-шы жылдың бірінші алты айында Германиядан шығарылған мигранттардың саны да артты. Германия Парламентінің солшыл партиясына берілген жауап бойынша 2016-шы жылдың алғашқы алты айында Германиядан 13743 мигрант шығарылған. Өткен 2015-ші жылы олардың саны 20888, 2014-ші жылы 10884 адам еді. Германия Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша бұл елден шығарылған мигранттардың 75 пайызы Балканның батысына бет алған.
Германияның солшыл партиясы Германияның мигранттарға қарсы қатаң саясатын сынап, аталмыш партияның ішкі саясат хатшысы бұл туралы: «Германия мигранттарды өз елдеріне қайтарып, жауапкершілік танытпайды»,- деді.
Германияның «Hannoversche Allgemeine Zeitung» газетінің мәліметі бойынша, мигранттардың көбі паналату туралы өтініштерінің баяу қарастырылатындығына байланысты наразы. Сондықтан олардың көбі соттарға шағымдануда. Биылғы жылдың мамыр айының соңында Германияның жер жерінде бұл елдің мигранттарға қатысты федералдық қызметінің немқұрайдылығы туралы сотқа шамамен 5800 шағым түсті. 2015-ші жылдың соңында мұндай шағымдардың саны шамамен 2300 болды. Германияның мигранттар істері жөніндегі федералдық қызметі сындардан қорғанып, шағымдардың артуын мигранттар санының күннен күнге көбеюімен түсіндіріп: «Биылғы жылдың бірінші жартысындағы пана сұраушылардың саны өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда екі есе артты»,- деп қуаттады. Мигранттарды босқын болғандықтары үшін қамауға алу халықаралық заңдарға қайшы келеді. Еуропалық мемлекеттерге ағылған мигранттардың саны артып, олар босқындарды қабылдау жағдайларының нашар болуына байланысты мигранттарды қамауға кірісті. Әлімжеттік, қатыгездік пен мигранттарды ұрып-соғу қауіпсіздік күштері мен полиция және нәсілшілдердің мигранттарды ұарсы алудағы құралдары болып отыр. 2015-ші жылдың басынан еуропалық мемлекеттерде босқындарды ұрып-соғу мен азаптау туралы хабарлар естілмейтін күн болмайды.
Еуропалық елдердегі мигранттардың жағдайы туралы жарияланған хабарлар мен басқа мәліметтер олардың медициналық және санитарлық гигиена қызметі мен азық-түлік тапшылығымен кезігіп отырғанын көрсетеді. Еуропалық мемлекеттердің немқұрайдылығымен бірге аштық пен жұқпалы аурылар мигранттардың өмірлерін одан сайын қиындатып отыр.
Мигранттардың лагерлеріне жасалып жатқан шабуылдар – олардың бетпе-бет келіп отырған келесі мәселесі. Германияда мигранттар орналасқан мекендерге жүзден астам шабуыл жасалып, мигранттардың психикалық жағдайына ауыр соққы берілуде. Мұнымен қатар әйелдердің құқықтарын қорғайтын топтың бірінің уәждері бойынша Германияның кейбір жерлеріндегі лагерлерде кейбір мигрант әйелдерді 10 еуроға сатқан жайттар байқалған. Сондай-ақ, мигранттардың арасындағы қақтығыстар кейбір мекендерде тіпті полицияның араласатын күші жетпейтіндей жағдайға жеткен.
Еуроодақ басшылары көптеген отырыстар өтізіп, шешімдер қабылдағанынан қарамастан бұл дағдарысты шеше алмады. Өйткені еуропалық мемлекеттер қабылдаған міндеттемелерін орындамады. Еуропалық мемлекеттердің бұл сәтсіз тәжірибесі олардың адам құқығы және адамзаттың мақсаттары туралы ұран айту саясаттарына сай келмей, Еуропа құрлығын маңызды дағдарыстарға тіреді.