Қаз 16, 2016 17:40 Asia/Almaty
  • Сандар жаңылыспайды (1)

26 бөлімнен тұратын «Бір қарапайым салыстыру» атты бағдарламада 150-200 сөзбен АҚШ-тағы президенттік сайлаудың қаражатын АҚШ үкіметінің осы ел халқының қоғамдық әл-ауқатын жақсарту үшін қызмет көрсетуге бөлген бюджеті және әлемдік қиыншылықтарды (аштықты төмендету, балалардың өлім-жітімін азайту, сауатсыздықты азайту, парниктік газдарды азайту және т.б.) шешу үшін қажет бюджетпен салыстыратын боламыз.

Төрт жылда бір рет әлемдік ақпарат көздері бірнеше ай бойы АҚШ-тағы президенттік сайлауалды науқанға шырмалады. Осындай ауқымды ақпараттық таралымда АҚШ-тағы президенттік сайлаудың ішкі тақырыптары халықаралық тақырыпқа ұласып, олардың бәсекелестігі туралы хабарлар АҚШ үшін әлемдік жарнамалық карнавалға айналады. «АҚШ-ты сынау» атты жалпы саясат шеңберінде осындай ақпараттық жарнамамен күресу қажет іс саналады. АҚШ-тағы президенттік сайлаудың ұзақ кампанияларының теріс әрі сынауға тұрарлық қырларының бірі – оған жұмсалатын орасан зор қаражат. Осы қаражатты АҚШ халқының қиыншылықтары немесе әлемдік мәселелерді шешу үшін қажет бюджетпен салыстырғанда АҚШ-тағы президенттік сайлаудың сахналанған көрінісі әшкерелене түсіп, бұл елдің президенттік сайлау үдерісіндегі ақшаның үстемдігі жайлы сауалдар туындайды.

Бір қарапайым салыстыру

Бір қарапайым салыстыру

Адамдардың күнделікті әрі қарапайым өмірді кепілдендіру үшін қажет азық-түлікке қолжетімдігінің шектеулілігі және аштыққа ұшырауы әлемдік қиындықтардың бірі саналады. БҰҰ-ның Азық-түлік істері жөніндегі бағдарламасы әлем тұрғындарының тоғыздан бірінің, яғни 795 млн адамның жеткілікті тамағы жоқ деп хабарлап отыр. (http://www.wfp.org/hunger/stats)

Даму үстіндегі елдер тұрғындарының 12,9 пайызы (шамамен 13 пайыз) халықаралық стандарттар бойынша аш саналады. Әлемнің аш адамдарының үштен екісі Азияда өмір сүреді. Бірақ Африка құрлығының оңтүстігіндегі, яғни Африка сахарасының оңтүстігіндегі аймақтарда аштық деңгейі өте мүшкіл жағдайда. Бұл аймақта халықтың төрттен бірі азық-түлік дағдарысына ұшырап отыр (www.fao.org/hunger/en/).

Әлемдік қауымдастықтың азық-түлік тапшылығы мәселесін шешу үшін құрған органы – БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы (FAO). Бұл ұйым адамзат қоғамын азық-түлік тапшылығынан арылту үшін жасалатын әлемдік талпыныстарды үйлестіріп, басқарады.  (http://www.fao.org/about/en)

FAO-ның бюджеті БҰҰ-на мүше елдер тарапынан қамтамасыз етіледі. 2016-2017 жылдар үшін 2 млрд 600 млн-нан астам доллар бөлінген.  (http://www.fao.org/about/strategic-planning/en/)

2016 жылы АҚШ-тағы президенттік сайлау үміткерлерінің (Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп) америкалық дауыс берушілердің назарын аудару үшін жұмсаған қаражаты әлемдік қауымдастықтың FAO-ға дүние жүзіндегі аштықпен күрес үшін бөлген бюджетінің жартысынан артық болып табылады.