Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 15
Ислам басқаларды өз дініне шақыру үшін қисынды негіздерді пайдаланады. Ислам еш уақытта өзінің сенімдерін қабылдауға мәжбүрлемейді. Ұлы Алла Өз елшісіне ағартушылық пен қырағылықты пайдалану тәсілін үйретті. Бұл тәсілдердің бірі жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру болып табылады.
Илаһи пайғамбарлардың маңызды міндеттерінің бірі илаһи жолдауларды тарату болды. Ұлы Алла бұл мақсатқа жету үшін: «Адамдарды Раббыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес. Күдіксіз, Раббың тура жол тапқандарды да жақсы біледі»,- деген («Наһл» сүресі125-ші аят). Бұл аят исламның қисынды негіздерге ие екенін және басқаларды шақыру үшін ең жақсы тәсілдерді пайдаланатынын жақсы көрсетеді. Ислам еш уақытта басқаларды өз сенімдерін қабылдауға мәжбүрлемейді. Ұлы Алла өз елшісіне ағартушылық пен қырағылықты пайдалану тәсілін үйретіп: «Менің жолым осы. Алла жаққа шақырамын. Мен және маған ергендер ашық дәлел үстінде. Алланы пәктеймін. Сондай-ақ серік қатушылардан емеспін» де» («Юсеф» 108-ші аят) деп айтқан аяттың терең ойына назар аударыңыздар. Алланың елшісі осы көзқарасқа сүйеніп, қоғамдық пікірдің арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізіп, өз жолдауын жеткізу үшін әртүрлі әдістерді пайдаланып, әрқашан исламдық үмбеттің ішінде күрделі өзгерістер енгізуге талпыныс жасап, олардың болмысында өздерін тану және өздеріне сенім арту сезімдерін оятты. Өйткені хикмет пен қырағылық және қисынға сүйеніп, Аллаға иман келтірген адам өз жаратылысын танып, өзінің жоғары адами құндылықтарын байлық пен билікке құрбан етпей, қорлыққа себеп болатын барлық тәуелділіктерінен құтқарады. Алла елшісінің ең маңызды жетістіктерінің бірі исламдық үлкен өркениеттің аясында ислам үмбетінің идеологиялық және ғылыми дамуы мен ғылымның барлық салаларында көптеген ғалымдар тәрбиелеп, Шығысты адамзат өркениетінің бесігіне айналдыруы болды. Ислам өркениетінің өркендеуі кезеңінде Еуропа шіркеудің билігіне түсіп, наным-сенімдер мен қоғамдық пікір тергелді. Алла елшісі ғылым мен білім және ойлануды маңызды санаған кезде инквизиция шіркеу басшыларының көзқарастарына қарсыларды айыптап, оларды өлім жазасына қиды. Марсель Кашен «Ғылым және дін» атты еңбегінде: «Бұл кезеңде 5 миллион адам ойланғандары және поптың бұйрығына бағынбағандары үшін дарға асылды. Тек 18 жылдың ішінде наным-сенімдерді тергеу соттарының бірінің шешімімен 10220 адам тірідей өртеліп, 5 686 адамның денесі бөлшектеліп, 97 023 адам өлгенше азапталды» деп жазды.
Ұлы әрі дана Алла ислам үмбеті өркендеуін жалғастыруы үшін Құранда көптеген жолдарды көрсетті: біріншіден, надандық кезеңде Исламның ұлық пайғамбарының арқасында наным-сенім, ахлақтық және қоғамдық салаларда өзгерістермен кезігіп, ислам үмбеті күпірлік наным-сенімдерінің орнына тауһидтік наным-сенімді қабылдаған исламдық қоғамға қайтадан құлдырау жолына түспеуді насихаттайды. Бұл салада уаһи тағылымдар баршадан бұзақылықпен күресіп, бұзақыларға немқұрайдылық танытпай, бұзақылықтың қоғамның анық және жасырын қабаттарында, әсіресе үкіметтік жүйелерде бұзақылықтың таралуының алдын алуды талап етеді. Бұл мақсатқа жеткізетін ең жақсы тәсілдердің бірі жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру болып, бұл тәсіл әр адамды халық пен үкіметті ахлақи және адами құндылықтарға шақыруды міндеттеп, олардан уәделер мен ұрандардан алыстап, іс-әрекеттерінде илаһи шек пен шекараға табанды болуды сұрайды. Сондай-ақ оларды құндылықтармен санаспай, әділетсіздікке қарсы шығудан абай болып, адамгершілікке жат әрекет жасамауға шақырады. Сонымен бірге ислам үмбетінің негіздері мен мәдени болмыстарына табанды болып, бөгделердің мәдени араласушылықтарына реакция білдіруді талап етеді. Құран Кәрім Алла елшісінің өмірбаяны туралы: «Олар сондай, жандарындағы Тәуратта және Інжілде жазулы жіберілген, сауатсыз Пайғамбарға ергендер. Ол оларды жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыяды. Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылады»,- деген. («Ағраф» сүресі 157-ші аят). Өздерін исламның ұлық пайғамбарының адал жақтастары санайтындар хазірет сынды жақсылықтарды таратып, дін мен адамгершілікке қарсы кез келген әрекеттің алдын алуы керек. Ұлы Алла: «Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, қарсылықтан тыятын, сондай-ақ Аллаға сенетін қайырлы бір үммет болып шығарылдыңдар. Ал егер кітап иелері иман келтірсе еді, әлбетте олар үшін жақсы болар еді. Олардан иман келтіргендер де бар»,- деді. («Әли-Ғымран», сүресі 110-шы аят). Құран Кәрім ислам үмбетінің ортақ негізге ие және оның жақтастарының көзқарастары мен ұстанымдарының үзілмейтін байланысы бар деп көрсету үшін: «Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер бір-біріне көмекші. Олар дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосады»,- деп анықтайды. («Тәубе» сүресі 71-ші аят). Әрине, егер қоғамды ахлақ пен адамгершілік билейтін болса құндылықтарға қарсы шығатын себеп қалмайды. Бірақ кейбір уақытта жеңіл ойлау мен немқұрайдылықтар және құндылықтардың маңыздылығының төмендеуінен, сондай-ақ жамандықтарға қарсы шара қолданылмағандықтан құндылықтарға қарсы ағымдар пайда болуы мүмкін. Исламның ұлық пайғамбары мұндай құбылыстардың алдын алу үшін немқұрайдылық танытатын адамдарға қарсы реакция білдіріп: «Алла Тағала дінсіз әлсіз мүмінге жиіркеніш білдіреді»,- деді. Адамдар таңғалып: «Діні жоқ әлсіз мүмін қандай адам?»- деп сұрағанда хазірет: «Жамандықтан жирендірмейтін адам»,- деп жауап берді. Ондай болса, қазіргі кезде АҚШ пен сионистердің қылмыстарының алдын алмайтындар, Йеменнің жәбір көрген халқының қырылуын сырттан бақылап отырғандар, Сирия мен Палестина, Бахрейн мен Ирак, Ауғанстан мен Ливандағы және басқа да ислам елдеріндегі ондаған, жүздеген жазықсыз адамдардың өлімін көріп, үнсіздік танытып, бұл қылмыстарды растап отырғандар әлсіз және дінсіз адамдардың анық үлгісі емес пе? Олар Жаратушының ызасына себеп болмайды ма? Араб қоғамы, нақты айтқанда Сауд Арабиясының тәуелді әрі өзін сатқан үкіметі пайғамбардың сөзі бойынша «ислам мен адамгершіліктің не екенін біледі ме?» Шын мәнінде, жақсылыққа жігерлендіру мен жамандықтан жирендіру міндетінің терең ойы бойынша пәк және ахлақ пен адамгершілік негіздеріне сүйеніп, жақсылықтарды қорғайтын адамдарға жақындап, лас, жаман және шайтандық құдыреттердің мүдделеріне талпыныс жасап, дұшпанға көмектесетіндерден алыс болуымыз жөн. Бұл Алла елшісі мен хазіреттің адал сахабаларының айқын ерекшеліктері. Құран Кәрім «Фатх» сүресінің 28-ші аятында: «Мұхаммед (с.ғ.с.) – Алланың елшісі. Онымен бірге болғандар кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді. Оларды рүкұғда, сәждеде көресің. Олар Алладан мәрхамет әрі ризалық тілейді»,- деп айтқан. Алла елшісінің мәдени-қоғамдық өміріне шолу жасау арқылы исламдық жүйедеге халықтың тағдырдағы ерекше орны мен рөлін көреміз. Исламның ұлық пайғамбары өмірінің әртүрлі кезеңдерінде илаһи көмекпен бірге исламның алғашқы кезінде өмір сүрген халықтың қолдауы және көмегіне ие болып, тарихтың қиындықтарынан өтіп, Мединеде мықты исламдық билік орнатып, діни халықтық демократиясын әлемдіктерге нәтижелі үлгі ретінде ұсынды. Алла елшісі жүйедегі халықтың дауысы мен пікірінің маңыздылығын көрсету үшін Алла тарапынан халықпен ақылдасу туралы бұйрық алды. Құран бұл туралы: «Олармен жұмыстарында ақылдас»,- деп бұйырған. Исламдық үмбет те пайғамбардың басшылығынан үлгі алып, бағдарлама жоспарлап, шешім қабылдау үшін ақылдасады. Құран бұл туралы: «Ал және сондай Раббыларына мақұл дегендер, намазды толық орындағандар, сондай-ақ өзара істерін кеңеспен жүргізгендер және өздеріне берген несібемізді тиісті орындарға жұмсағандар»,- деген. («Шура» сүресі 38-ші аят). Исламдық ояну қозғалыс пен көтерілістің Исламның ұлық пайғамбарының мәдени-қоғамдық өмірінен үлгі алып, илаһи көмекпен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк Исламын таратуға, сонымен бірге адамгершіліктен жат қатыгездік және надандыққа сүйенген «америкалық исламды» жоюға жағдай жасайды деген үміт тудырады.