Сандар жаңылыспайды (18)
Алланың атымен бастаймыз! АҚШ-та 2016 жылы қарашада өткен президенттік сайлауда америкалық дауыс берушілердің назарын аудару үшін жүргізілген үгіт-насихатқа соңғы бір жылда 1млрд 632 млн доллар қаражат жұмсалған. Бұл сома Африкадағы 550 млн адамның бір күнде табатын табысына тең.
Адамдар, әлеуметтік топтар мен тіпті елдердің экономикалық деңгейі арасындағы үлкен алшақтық – әлемдік экономиканың ерекшеліктерінің бірі. Осылайша әлем кедейшілік пен байлықтың шектен тыс деңгейіне куә болып отыр. Африкада 550 млн адам абсолютті кедейшілікте өмір сүріп жатыр, яғни бұл құрлықтың жарты миллиардтан астам адамы күніне 1 доллар 25 центтен төмен сомаға өмір сүріп жатыр.
http://icafrica.com/how-much-will-it-cost-to-wipe-out-poverty-in-africa/
Бұл адамдар өздерінің күнделікті минималды қажеттіліктерін өтеуге қауқарсыз болып отыр. Денсаулық сақтау мен емдеу олардың шектеулі бюджетіне кірмеген. Әлемнің басқа бір жерінде АҚШ-та 2016 жылы қарашада өткен президенттік сайлауда америкалық дауыс берушілердің назарын аудару үшін жүргізілген үгіт-насихатқа соңғы бір жылда 1млрд 632 млн доллар қаражат жұмсалған.
http://www.opensecrets.org/pres16/
Бұл сома Африкадағы 550 млн адамның бір күнде табатын табысына тең. БҰҰ әлемде кедейшілікті жою үшін алдағы 20 жылға кемінде 175 млрд доллар жұмсалуы тиіс деп жариялады, яғни, әр жылға 8 млрд 750 млн доллар бөлінетін болады. Осылайша америкалық саясаткерлердің тек АҚШ-тың президенттік сайлауына қатысқан екі негізгі үміткердің біреуіне дауыс беруді кепілдендіру үшін жинаған қаражаты жыл сайын әлемде кедейшілікті жоюға қажетті бюджеттің 16,7 пайызын құрайды.