Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 32
АҚШ-ның президенттік сайлауында республикашыл үміткер Дональд Трамптың жеңіске жетуі бұл ел халқының көшелерге шығып, наразылық білдіруі дауыс берудің мұндай нәтижесімен келіспейтіндігін көрсетті. Дауыс берушілердің ызасы мен наразылықтарының себептері неде?
АҚШ-ның сайлау жүйесінің дұрыс болмауы бұл елдің сайлауының демократиялық болуына күмән тудыратын себептердің бірі. АҚШ президенті халықтың дауысымен сайланбайды. АҚШ азаматтары бұл елдің 50 штаты мен Колумбия аймағында сайлаушыларға дауыс береді. Содан кейін сайланған 51 сайлаушы президентті анықтайды.
Нью-Йорк пен Калифорния сынды үлкен штаттардағы сайлаушылар дауысының көберік болуы сайлау нәтижесіне әсерін тигізеді. Мәселен, АҚШ халқының 12 пайызы өмір сүретін Калифорния штатында сайлаушылардың 10 пайызы сайланады. Ал АҚШ халқының тек төрттен бір пайызынан азы өмір сүретін Солтүстік Дакотада сайлаушылар 3 пайыз дауысқа ие. Дәл осы мәселе халықтың тікелей дауыс беруімен санаспауына себеп болып, көптеген наразылық тудырды.
АҚШ халқының ызасы мен наразылықтары бұл елдің әртүрлі штаттарындағы бейберекеттіктерге соқтырды. Хабарларға сәйкес, мыңдаған халық осы кезге дейін Сиэтл, Чикаго, Нью-Йорк, Вашингтон, Бостон, Филадельфия, Остин, Портленд және басқа қалаларда Трампқа қарсы көшелерге шыққан. АҚШ-тың Денвер, Миннеаполис, Милуоки, Окленд, тіпті Канаданың Ванкувер қаласында да Трампқа қарсы наразылық шаралары өтті. Қалалардың көбінде халық бейбіт шерулер өткізсе, кейбір қалаларда наразылықтар қатыгездікпен ұласып, полиция мен халықтың арасындағы қақтығыстарға себеп болды.
Ең үлкен шеру Орегон штатындағы Портленд қаласында өтіп, шамамен 40 мың адам қаланың орталығынан өтті. Полиция кемінде 29 адамды полиция офицерлеріне қарсы әртүрлі заттар лақтырды, көліктердің әйнектерін сындырды және көлік сататын дүкендердің бірінде бір көлікке шығын келтірді деген айыптармен қамауға алды. Портленд полициясы бұл шеруді бүлік санап, наразыларды тарқату үшін пластикалық оқтарды пайдаланды.
Трамптың жеңісі тек көше наразылықтарымен шектелмеді. Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланғаннан кейін бұл елде діни, әсіресе мұсылмандарға қарсы жиіркеніштер көбейіп, 11-ші қыркүйектегі лаңкестік шабуылынан кейінгі жағдайға жетті. Жалпы алғанда, АҚШ мемлекеті Трамптың жеңісінен кейін 700-ден астам жиіркенішті қылмыстың куәсі болды.
«Индепендент» газеті өз хабарында ҒВА-ның мәліметтеріне сүйеніп, 2015-ші жылғы исламға қарсы 257 қылмысты 2001-ші жылы орын алған 296 қылмыспен салыстырып, «Оңтүстік кедейшілік құқық орталығының» әлемдік экстремизм мен лаңкестікке қарсы маманы Марк Потактің сөзіне тоқталып: «Біз Дональд Трамп сынды қоғамдық адамдардың сөздерінің қатыгездікке айналуының куәсіміз»,- деп жазды.
«Оңтүстік кедейшілік құқық орталығы» жиіркеніштен туындаған қылмыстарға қатысты мәліметтер жинап, жиіркеніштен туындаған 701 қылмыстың 65 пайызының Трамптың жеңісінен үш күн өткеннен кейін және олардың шамамен 40 пайызының мектеп сынды оқу орталықтарында орын алғанын хабарлады. Мәліметтер мигранттарға қарсы 206 қылмыстың 151-нің қара нәсілділерге, 51-нің мұсылмандарға, 36-сының әйелдерге қарсы іске асырылғанын көрсетеді. Трамп өткен күндері YouTube-тен видео арқылы мұсылмандарды АҚШ-тан шығаратыны туралы ұстанымын қайталады. Мұндай ұстаным АҚШ мұсылмандарына қарсы нәсілшіл шабуылдар мен олардың құқықтарының бұзылуының артуына себеп болды. Мұсылман әйелдер де кемсітушілік пен алаңдаушылықтармен бетпе-бе келді. Дональд Трамптың АҚШ Президенті болып сайлануынан бір күннен кейін Луизинада мұсылман студентке қарсы шабуыл жасалып, оның басындағы хиджабы шешілді. АҚШ-та бүгінде мұсылман әйелдерге қоғамдық арналарда, тіпті жанұя мүшелерімен үйлерінен шыққанда қауіпсіздіктерін сақтау үшін бастарына орамал тақпай шығу сынды кеңестер айтылуда.
Твиттердегі парақшалардың бірінде желі қолданушы: «Анам дәл қазір маған басыма орамал байламау туралы жолдау жіберді. Ол біздің отбасымыздағы ең діндар адам»,- деп жазды. АҚШ-ның мұсылман азаматтарының бірі де сол әлеуметтік желідегі парақшасында: «Анам мен қарындасым қауіпсіздік үшін орамал тағу немесе тақпау туралы пікірталас жүргізуде»,- деп жазды.
Келесі бір адам: «Үш мұсылман досым еш уақытта мектепке орамалсыз келмеген еді, бірақ бүгін қорқып, мектепке орамалсыз келді»,- деп жазды. АҚШ-тың Чикаго, Сан-Диего және тағы басқа қалаларында мұсылман әйелдерге көбірек шабуылдар жасалды.
Дональд Трамптың Ақ үйде президенттік міндетін орындауына қарсылардың бірі бұл елдегі қара нәсілділер болып отыр. АҚШ-тағы қара нәсілділерге қарсы көптеген қатыгездіктер жасалып, АҚШ-тың ақ нәсілді полициясының қара нәсілділерге қарсы қатыгездігі бұл елдің қара нәсілділерінің жаңа президентке наразылық білдіруінің себептерінің бірі болып табылады. АҚШ қара нәсілділерінің көбі кедейшілікте өмір сүріп, перзенттері сапалы білім алудан мақұрым қалуда. Қара нәсілділердің көбі айыптары сотта дәлелденбей, түрмелерге қамалады. Бұл дискриминацияның барлық түрі бұл елдің қара нәсілді президенті Барак Обаманың кезінде орын алды. Негізінде Барак Обаманың уәделерінің бірі қара нәсілділердің құқықтарын қорғау және олардың тұрмысын жақсарту болған. Бүгінде АҚШ-тың қара нәсілділері ақ нәсілді әрі нәсілшіл президенттен көбірек қауіпті сезінеді.
Хиллари Клинтонның жақтастарының президенттік сайлауда Дональд Трамптың жеңісіне байланысты ашу-ызалары күннен күнге артуда. Трампқа қарсы әртүрлі топтар алдағы жылдың басында өтетін жаңа президенттің ұлықтау рәсімін қиындықтарға тірейтіндей әртүрлі жобаларды қарастыруда.
Трамптың ахлақи бұзақылықтарының әшкереленуі әйелдердің құқықтарын қорғаушылардың ашуына себеп болды. The Guardian басылымы инагурация күніне дайындалаған жобалар туралы: «Оның қарсыластары АҚШ-ның астанасында «Бір миллион әйел» деп аталған шеру өткізуге шешім қабылдады»,- деп мәлімдеді. Бейбітшілікті қолдаушы және соғысқа қарсы белсенділер Трампқа қарсы келесі топ саналады.
"The Wall Street Journal» газетінің жазуы бойынша, «Соғысты тоқтату және нәсілшілдікті доғаруға дәл осы кезде әрекет жаса» деген мақсатты көздеуші ANSWER тобы Трамптың президенттік ұлықтау рәсімі күні Вашингтонның Freedom Plaza мекенінде жиналып, соғыс, нәсілшілдік және теңсіздікке қарсы наразылық өткізбек. Фейсбук парақшасында бұл шақыруға осыған дейін 21000 адам қатысуға дайындықтарын білдірді.
Даррел Бен Ли – сол рәсімге қатысуға дайындық білдірген адамдардың бірі. Ол бұл шақырудың астына: «Халықтың көпшілігінің дауысына ие бола алмаған адам көпшіліктің ол туралы не ойлайтынын білгені жөн. Халық саны аз штаттардың сайлаушы дауыстары Трампты сайлады. АҚШ халқының демократиялық көпшілігі өзінің наразылық дауысын көтереді»,- деп жазды.