Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 19
Кез-келген қозғалыс пен кез-келген революция өз мақсаттарына жету және қиындықтар мен қоқан-лоққылардан өту үшін сабыр сақтап, қарсыласуды қажет етеді.
Сабыр мен тұрақтылықтың деңгейі революцияның ұлылығымен тікелей байланысты. Қозғалыстың тереңдігі мен маңыздылығына қарай қарсыласуы да артады. Егер Исламның ұлық пайғамбарының қозғалыстарына мұндай көзқараспен шолу жасайтын болсақ, илаһи пайғамбарлар уәһи жолдауды жеткізуге міндеттеліп, өз уақыттарындағы жүйелерді өзгертуді мақсат етіп, сол үшін сабыр сақтап, әртүрлі қиындықтармен бетпе-бет келген шындықты көреміз. Құран Кәрім пайғамбарлар мен адал пенделерінің ерекшеліктері ретінде осы мәселеге тоқталып: «Қаншалаған пайғамбар онымен бірге көптеген құдайшылдар соғысқан болатын; сонда бастарына келгенге олар босамады да осалдамады. Сондай-ақ именбеді. Алла қажырлыларды жақсы көреді»,- деген. («Әл Имран» сүресі, 146-шы аят). Егер шындық пен тауһидтің жақтастары тау сынды тұрақтылық танытып, қиындықтар мен қаржы және адами шығындардан қорықпай, осалдықтарын көрсетпей бүкіл күш-қуатымен соғысып, шайқас майданында қорлықты қабылдамайтындықтарын көрсетсе дұшпан олармен күресті жалғастырудың оңай болмайтынын түсінеді. Олардың қарсыласу күштері илаһи мақсаттарды алға ілгерілету саласында сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Ұлы Алла Исламның ұлық пайғамбарына: «(Мұхаммад с.ғ.с.) пайғамбарлардан майталмандар сабыр еткендей сабыр ет»,- деді. («Ахкаф» сүресі, 35-шы аят).
Ислам тарихының шарықтаулары мен құлдырауы және пайғамбар мен хазіреттің адал сахабаларының Мекке мен Мединенің адам төзгісіз қиын жағдайларына қарсы сабыры мен қарсыласуы илаһи өсиеттердің нәтижесі болып табылады. Мұсылмандар ең ауыр қиындықтарға төзімділік білдіріп, Алла елшісі қозғалысының көшетін мықты ағашқа айналдырып, дұшпанның сенімсіздігінің алдында бұтақтарын әлемнің Шығысы мен Батысына қарай жайып, Ислам дінін таратып, азаттық, ғиззат, құдырет пен адамгершіліктің дәмін татырды. Айта кететін жайт, Исламның ұлық пайғамбарының қасында адалдықпен хазіреттің соңғы күндеріне дейін бірге қалғандар еш уақытта өздерін осал жақтан көрсетпеді, еш уақытта дұшпанға бағынбады. Олар жалаңаяқ, қоғамның мақұрым таптарынан болды. Олар шын жүректерімен Исламды қабылдап, өз адалдықтарын ғамалдарымен көрсетті. Осыған орай билік пен байлыққа иелердің тобы пайғамбардың қасына келіп, кедей-кепшіктің қатысуынсыз отырыс өткізуді қалаған кезде,Ұлы Алла пайғамбарға: «(Мұхаммад с.ғ.с.) таңертең, кешке Раббыларына Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін қалап, көзіңді басқаға аударма. Сондай-ақ Бізді еске алудан кәперсізденген, әуесіне ерген және ісі шектен асқан біреулерге бағынба»,- деді. («Кәһф» сүресі, 28-ші аят). Исламның ұлық пайғамбары мен басқа илаһи пайғамбарлардың өмірбаяны Алланы ұмыттырған мүлік пен байлықты ғана ойлап, өздерінің шайтандық қалауларына жеткісі келгендер дінді құрал ретіне пайдаланып, қоғамдық пікірді алдап, өзінің экономикалық және саяси мүдделерін қамтамасыз ете алмаған соң бар күштерімен пайғамбарға қарсы шығып, хазіреттің пайғамбарлық міндетін теріске шығарып, оған азап-қорлық көрсетті. Ұлы Алла Исламның ұлық пайғамбарын жұбатып, Меккенің ақ сүйектерінің қарсылықтары мен кектерінен құтқару үшін: «Расында сенен бұрынғы пайғамбарлар да жасынға шығарылған еді. Сонда олар жалғаншы саналғандықтарына және көрген жапаларына жәрдеміміз келгенге дейін сабыр еткен болатын»,- деген. («Анғам» сүресі, 34-ші аят). Расында, сабыр мен табандылық – Исламның ұлық пайғамбарының жеке және қоғамдық ахлағының анық ерекшеліктерінің бірі. Егер Алла елшісі Исламның дұшпандарының қоқан-лоққыларына қарсы сабар сақтамағанда және мүшіріктердің негізсіз айптауларымен қарсыласпағанда еш уақытта өзінің жоғары адами және илаһи мақсаттарына жете алмаған болар еді. Алла елшісі өзінің табандылығымен надан, пұтқа табынушы, наным-сенімдері артта қалған және мәдениетсіз халықтан үлкен исламдық өркениеттің негіздерін қалыптастыра алатын ояу және хабардар халық тәрбиелей алды. Сонымен бірге Құран өз аяттарында сабыр мен табандылықсыз жеңіске жетуді мүмкін емес деп көрсетеді. Жаратушының көмегі теріске шығарылмайтын сүннет болғанымен илаһи уәделер тауһидтің жақтастары барлық қиындықтарға қарсы табандылық көрсетіп, күдік-күмандарға салынбай, барлық қиындықтар мен қуаныштарда сабыр сақтап, шындықтың жалғандықты жеңетіндігіне сенген жағдайда ғана орындалады. «Расында: “Раббымыз Алла” деп, сосын мықты тұрғандарға періштелер түседі де: “Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер” дейді» («Фуссилят» сүресі, 30-шы аят). Сенімнің шекаралары мен исламның негіздерін қорғау кезіндегі табандылық тек пайғамбардың ғана міндеті емес, керісінше бүкіл ислам үмбеті Алла елшісінің өмірбаянынан үлгі алып, Ислам дінінің дұшпандарына қарсы тұрып, бүкіл күш-қуатымен діни болмысы мен өз мектебінің беделін қорғауы керек. Осыған орай Ұлы Алла пайғамбардың қарсыласуының табандылығын қуаттап, хазіреттің адал жақтастарынан онымен бірге болып, күпірлік пен шерк майданының алдында табандылық танытуды сұрады. Уәһи сөзі осы илаһи міндетті баяндап, Исламның ұлық пайғамбарына: «(Мұхаммад с.ғ.с.) бұйырылғанындай тура бол! Сенімен бірге тәубе еткен кісілер де. Және артық кетпеңдер! Өйткені Алла не істегендеріңді толық көруші»,- деді. («Һуд» сүресі, 112-ші аят). Сабыр мен табандылық белгілі уақыт пен мекенге тиесілі емес, өйткені соғыс наным-сенім мен шекара танымайды. Басқа жақтан Исламның қас дұшпандары ислам дүниесінің қасында отырып, бүкіл мүмкіндіктері мен айлаларын пайдаланып, адамдарды исламнан бас тартып, күпірлікке жақындатқысы келеді. Құран бұл туралы: «...Егер олардың шамалары келсе, сендерді діңдеріңнен қайтарғанға дейін өздеріңмен соғысуды үзбейді...»,- деген болатын. («Бақаре» сүресі 2017-ші аят). Сондықтан күпір басшылардың негізгі мақсаты Исламның негіздерімен күресу. Бұл саясат олардың стратегиясы болып табылады. Құран келесі бір аятында айқын түрде шындықты баяндап: «Кітап иелерінің көбі оларға шындық айқын болғаннан кейін өз күншілдіктерінен сендерді иманнан кейін қарсылыққа қайтаруды қалайды. Алла бір әмірін келтіргенге дейін оларды кешіріңдер, елемеңдер. Күдіксіз Алланың әр нәрсеге күші толық жетеді»- деді. («Бақаре сүресі, 109-шы аят).
Тарих тек исламның басында ғана емес, әрқашан және әртүрлі салаларда исламға қарсы күрестің тоқтамағанын көрсетеді. 200 жылдық крест соғыстары, Осман империясы мен ислам әлемінің жіктелуі, кейбіреулердің Құран мен пайғамбарға тіл тигізуі, исламға қарсы фильмдердің түсірілуі, келемеж плакаттардың басылып шығуы, Құранды өртеу, Палестина, Сирия, Ливан, Ирак, Йемен, Бахрейн, Ауғанстан мен Пәкістан және басқа да исламдық елдердің мұсылмандарына қарсы әлемдік сионизм мен үстемшілердің соғысын өршіту сынды әрекеттер ащы шындықты көрсетеді. Сондықтан Исламды қорғайтын жалғыз жол – мұсылмандардың пайғамбар мен хазіреттің адал сахабалары сынды табандылық танытып, Исламның болмысын жиһад және шаһадат арқылы қорғау мен Алланың көмегімен жеңіске жетуге деген сенімділік болып табылады.