Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 22
Исламның ұлық пайғамбарының саяси өмірінің бір бөлімі әділет негіздеріне сүйенетін үкімет құруға байланысты.
Илаһи пайғамбарлардың саяси жолдарын жалғастырып, Исламның ұлық пайғамбары да әділет негіздеріне сүйенген исламдық жүйе құруға талпынды. Хазірет илаһи бұйрықпен адамгершілік, ахлақ және қоғамдық қарым-қатынастардың шегі мен шекарасына назар аудармайтын тағұт биліктерге қарсы көтеріліп, әрбір мүмкіндігін олармен күресуге пайдалануға міндеттелді. Құран Кәрім пайғамбарлардың ортақ саясаттары туралы: «Расында әр үмметке; “Аллаға құлшылық қылыңдар, бұзықтардан аулақ болыңдар” дейтін елші жібердік»,- деп айтқан болатын. («Нахл» сүресі, 36-шы аят).
Тарихи тәжірибе әрқашан бір топтың пайғамбарлардың шақыруымен қарсыласып, басқа топтың өз билігі мен мүдделерін сақтап қалу үшін тағұт басшылардың қатарына қосылып, олардың адамгершілікке қарсы үкіметтерін растау үшін еш нәрседен бас тартпағандарын көрсетеді. Құран Кәрім илаһи билікті қабылдаған бір Аллаға құлшылық етушілерге «Қорықпай, тағұт жүйесімен соғысыңдар. Бұл күресті бір сәтке де тоқтатпаңдар» деп: «Сондай иман келтіргендер Алла жолында соғысады да кәпірлер шайтан жолында соғысады. Ендеше сендер шайтанның достарымен соғысыңдар. Негізінен шайтанның әдісі нашар»,- деп айтқан. («Ниса» сүресі, 76-шы аят).
Исламның ұлық пайғамбарының саяси тарихында шайтандық тәртіптермен күресу Аллаға құлшылық ететін әр мұсылман адамның міндеті саналады. Сондықтан мұсылман адам жауапкершілігін түсініп, дінге қарсы кез келген қылмысты іске асыратын үкіметке қарсы шығып, үнсіздік және немқұрайдылық танытпауы керек. Кері жағдайда илаһи ызаның өртіне түседі. Құран бұл туралы: «Сондай зұлымдық істегендерге бейім сыңай байқатпаңдар. Онда сендерге тозақ кездеседі. Сендерге Алладан басқа дос болмайды, сонсоң көмек те көрмейсіңдер!»,- деп баяндаған. («Һуд» сүресі, 113-ші аят). Алла елшісі мен илаһи сөздердің қазіргі замандағы анық үлгілерінің бірі жәбір көрген халықтарды қорғаудың орнына ислам дінін жоюды мақсат етіп, өз мақсаттарына жету үшін ешбір қылмыстан тартынбайтын әлемдік үстемдік және халықаралық сионизммен ынтымақтастық етіп отырған Сауд әулеті мен Араб лигасы емес пе?! Алайда әлемдік күпіршіліктің басшылары мен сырт көзге исламдық болып көрінетін үкметтер илаһи ыза мен зорлық-зомбылық көріп, көтерілген халықтардың ашуына түсіп, соңында сәтсіздікке ұшырап, әрекеттерінің әшкереленуінен басқа нәтижеге жетпейді.
Егер олар өз мүдделерін қорғап, өз жағдайларын тұрақтандыру үшін ислам дүниесінен теріс айналып, әлемдік күпіршілік пен залым басшыларға бет бұрса, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның қасиетті ислам дінінің жолынан ауытқығандар. Өйткені исламның ұлық пайғамбарының саяси тарихы хазіреттің бір сәтке болса да күпір басшыларға қарсы күресін тоқтатпағанын, шынайы исламды тарату үшін қоқан-лоққыларды қабылдамағанын және илаһи мақсаттары мен адамгершілік негіздерінен бас тартпағанын көрсетеді. Ұлы Алла Құран Кәрімде: «Әй, мүміндер! Менің дұшпандарымды да өз дұшпандарыңды да дос тұтпаңдар...»,- деген. («Мүмтәхинә» сүресі, 1-ші аяттың үзіндісі). Бірақ кейбіреулер илаһи бұйрық пен ескертуге құлақ салмай, дұшпандарға қарсы достық қолын созады. Осыған орай аталмыш аяттың келесі бөлімінде: «Сендер менің жолымда ризалығымды іздеп, соғысқа шыққанда, оларға жасырын достық істейсіңдер. Мен көрнеу, көмес істегендеріңді де жақсы білемін. Сендерден кім бұны істесе, расында ол тура жолдан адасты»,- дейді. Құран илаһи ескертудің себебі мен философиясын анықтау үшін: «Егер олар сендерге үстем келсе, өздеріңе жау болып, сендерге жаман ниетпен қолдарын созып, тілдерін тигізеді. Қарсы болуларыңды қалайды»,- дейді. («Мүмтәхинә» сүресі, 2-ші аят). Батыс әлемі мен сионизмнің Ислам мен мұсылмандарға қарсы ежелден келе жатқан дұшпандықтарынан басқа қазіргі кездегі Еуропа мен АҚШ-тың Ирак, Ауғанстан, Пәкістан, Йемен, Сирия және басқа да ислам елдеріндегі әскери орналасуы мен әрекеттерінен артық Құранның сөздерін растайтын басқа қандай дерек табуға болады ма? Олар Құранның «күн сайын жаңа шабуылдар жасайды және тіл тигізеді» деген болжамдарына сай өздерінің лаңкестерді қолдауы мен мыңдаған жазықсыз адамды өлтіргендеріне қарамастан мұсылмандарды негізсіз айыптап, лаңкес әрі адам құқығын бұзушылар деп таныстыруда. Құранның сөзі бойынша олардың түпкі мақсаты исламды жою және мұсылмандарды күпірлікке қарай бұру болып табылады.
Құран Алла елшісінің дінсіз басшылармен күресудегі саяси тарихы мен сенімін тауһид мектебінің туын көтеруші хазірет Ыбырайым қалыптастырған жол деп көрсетіп: «Расында адамдардың Ыбырайымға ең жақындары оған ергендер мен осы Пайғамбар (Мұхаммад с.ғ.с.) және де мүміндер. Алла мүміндердің иесі»,- дейді. («Әл Имран» сүресі, 68-ші сүре). Құран Кәрім хазірет Ыбырайымның күпірлік көшбасшыларына қарсы тұруы туралы: «Расында сендерге Ыбырайым және онымен бірге болғандар бір көркем өнеге болды. Сол уақытта олар елдеріне: “Сендерден де Алладан өзге табынғандарыңнан да бездік. Сендермен арамызға мәңгі дұшпандық, өштік бастады. Сендерге Алланың бірлігіне иман келтіргенге дейін қарсымыз” деген. Бірақ Ыбырайым (Ғ.С.) ның әкесіне: “Әрине сен үшін жарылқау тілеймін. Дегенмен Алладан келетін нәрсеге шамам келмейді” деген болатын. “Раббымыз, Саған тәуекел еттік, Саған қайттық әрі барар жеріміз Сен жақ»,- деген. («Мүмтәхинә» сүресі, 4-ші аят).
Сондықтан хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның Исламы әлемдік күпіршілікпен бітімге келе алмайды, олардың қылмыстарына неқұрайдылық таныта алмайды. Өйткені тауһидтік негіздерге сүйенген сенім оларға немқұрайдылық танытуға рұқсат етпейді. Құран Алланың еш уақытта күпір басшылар үшін мүміндерге билік жүргізуге мүмкіндік тудырмайтыны туралы айтады. Залым үкіметтердің зорлық-зомбылықтарын қабылдайтын аңқау топ олардың биліке жетуін илаһи талаппен байланыстырады. Бұл топ қылмыскер басшыларға қарсы шығуды Алламен қарсыласу санап, халықты сайлау және наразылық білдіру құқығынан айырады. Мұндай көзқарас Құранның, илаһи пайғамбарлардың, соның ішінде исламның ұлық пайғамбарының зұлымдыққа қарсы тағылымдарына жүз пайыз қайшы. Исламның көзқарасы бойынша, пайғамбарлардың әділетін орнату мақсатын көздеген қоғамның басшыларына бағыну қажет. Исламның ұлық пайғамбары: «Әділет орнатуды көздейтін сұлтан – жердегі Алланың көлеңкесі. Әлсіз және зұлымдық көрген адам оны пана тұтып, оның қолдауына ие болады»,- деген.