Қаң 12, 2017 15:48 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (92)

Бұл күндері Иран Ислам кеңесінің ашық отырысында алтыншы даму бағдарламасының қарастырылуымен бір мезгілде Иран валютасының құндылығын өзгерту туралы үкіметтің жуырдағы нұсқауы да талқыланып жатыр.

Үкіметтік топ Орталық банктің жуырда ұлттық валютаны риалдан тұманға өзгерту туралы ұсынған заң жобасына дауыс берді. Мынадай сауал туындайды: Руханидің президенттік кезеңі аяқталуына дейін қалған алты ай ұлттық валютадан нөлді алып тастау үшін лайық уақыт па? Бұл өзгеріс қаншалықты қажет және Иранның экономикалық және қаржылық бағдарламаларына қаншалықты көмектеседі?

Орталық банктің директоры Валиолла Сейф  біраз бұрын Иранның валютасын өзгерту туралы сөздерінде қазір ұлттық валютадан нөлді алып тастау үшін лайықты уақыт емес екенін мәлімдеген болатын. Оның пікірінше, биыл өткен жылмен салыстырғанда Иран экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізгендіктен бір-екі жыл осы жағдайды жалғастыру керек. Сондай-ақ, экономикалық талаптарды да назардан тыс қалдырмау керек.

Осындай түсіндірулерден кейін Иранның ұлттық валютасынан нөлді алып тастау үшін қандай уақыт қолайлы болады деген сауал туындайды. Осы аяда қаржы және банк ісі маманы Казем Дустхосейнидің пайымдауынша, ұлттық валютадан нөлді алып тастау қазіргі жағдайда экономикаға оң әсерін тигізбейді. Нөлді алып тастау тек экономикалық тұрақтылық жағдайында ғана ықпалды болады.

Ұлттық валютадан нөлді алып тастау үшін ғылыми және экономикалық дәлелдер болу керек. Тек пікір-назарларға ғана сүйеніп,ұлттық валютадан бір немесе бірнеше нөлді алып тастауға болмайды. Валиолла Сейфтің нөлді алып тастаудың уақыты туралы сөздері нөлді алып тастау үшін экономикалық алғышарттар мен қоғамның психикалық жағдайы дайын болуы керек екендігін қуаттап отыр.

Ұлттық валютадан нөлді алып тастауға қатысты Түркия мен Германия сияқты кейбір елдердің тәжірибелері бар. Оның ішінде экономикалық тұрғыдан мықты саналатын Германияда нөлді алып тастау ұлттық валютаның құндылығын арттыру мақсатында орын алды. Ал жылына 10 пайыздық инфляциякөріп отырған елде ұлттық валютадан нөлді алып тастау валютаның құндылығының күрт төмендеуіне соқтыратын болады.

Ұлттық валютаны қолдау тәсілдерінің бірі басқа елдермен ортақ валюта тудыру үшін интеграция шеңберінде ұлттық валютаны  бір әлемдік валюта немесе алтынға байланыстыру болып табылады. Осы аяда Еуропа өзінің ортақ валютасын еуро деп жариялап, еуро банкнотасын басып шығаруға қатысты пікірлерді Еуропаның Орталық банкінің ықтиярына берді. Алайда тұрақтылық орнату және экономикалық өсуді тұрақтандырудың сенімдірек жолы ұлттық валютаның күшін сақтап қалу болып табылады.

Қаржылық мәмілелер тұрғысынан ұлттық валютаны өзгертудің инфляцияның психикалық салдарларына ешқандай шынайы әсерін тигізбейтіні белгілі. Оған қоса ұлттық валютадан үш немесе төрт нөлді алып тастау арқылы шетелдік валютаның, соның ішінде, АҚШ долларына қатынасы бойынша  ұлттық валютаны нығайту тек бір сөз жүзіндегі өзгеріс болып, ұлттық валютаның күшіне ешқандай шынайы әсерін тигізбейді. Шындық – ұлттық валютадан үш немесе төрт нөлді алып тастаудыңөтімділік пен инфляцияны да, инфляцияның психикалық салдарларын да айзатуға көмектеспейтіндігінде.

Экономика саласы мамандарының айтуынша, инфляциялық кезеңді бастан өткеріп жатқанымен Иранның риалының әлі айтарлықтай құндылығы бар. Мысалы, алты нөлі өшірілген Түркияның лирасы және он нөлі өшірілген Зимбабвенің долларымен салыстырғанда құндылығы көп жоғары. Егер Түркия лирасының алты нөліп алып тастау экономикалық тұрғыдан тиімді болса, Иран риалының үш-төрт нөлін алып тастаудың экономикалық тұрғыдан тиімді болатындығына ешқандай кепіл жоқ.

Экономика саласының мамандары қуаттап отырған келесі бір мәселе,тіпті ұлттық валютадан бірнеше нөлді алып тастаған күннің өзінде оның ең басты шарты төмендегідей болмақ: алдымен елдегі тұрақты инфляцияны ауыздықтау керек. Себебі кері жағдайда нөлдер уақыт өте келе қайтып келеді.

Соңғы күндері Иранның валюталық нарығында доллардың құнының жоғарылауына қатысты кеңесулер мен отырыстар өткізіліп жатыр. Осы өзгерістерге реакция ретінде Ислам кеңесі мәжілісі Орталық банктің директорымен валюта нарығының толқулары туралы келіссөздер өткізіп, осы отырыстардың жалғасында алтыншы даму бағдарламасының жобасын талқылауды назарға алып, валюта нарығындағы толқуларды тұрақтандыру үшін Экономика министрі және Орталық банктің директорымен жиналыстар өткізіледі.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, дүйсенбі күні Иранның еркін нарығындағы риалдың долларға шаққандағы құны 41 мың 500-ге жетті.   Ал бұл көрсеткіш жексенбі күні 41 мың 250 риалды құраса, қыркүйек айының орта шенінде 35 мың 570 риал болған. Экономистердің мәлімдеуінше, риалдың құнының төмендеуіне бірнеше дәлел бар. Соның ішінде, өткен бірнеше апта ішінде доллардың көптеген валюталарға шаққандағы құнының нығаюын атауға болады.

Кейбір мамандардың пайымдауынша, АҚШ-тың жаңа президентінің осы елдегі пайыздық мөлшерлемеге қатысты өзгерістеріне байланысты саясаттарын назарға алсақ, доллардың басқа валюталарға қатысты құны артады деп болжанып отыр. Бұл фактордың өзі Иран нарығына әсерін тигізіп отыр.

ИРНА Иранның Орталық банкінің экспорттар бөлімінің басшысы Самад Каримидің сөздеріне сілтеме жасап, риал құнының төмендеуінің себебін жыл соңында шетелдік сапарлар мен сауда-саттықтың артуына байланысты сұраныстың көбеюі деп атады. Иран үкіметінің ақпарат хатшысы Мұхаммад Бақер Ноубахт дүйсенбі күні риал құнының арзандауының себебін психикалық мәселелер деп атап: "Үкімет алдағы күндері риал құнының нығаятындығына үміттенеді" деді.

Иран президенті өткен аптада Армения, Қазақстан мен Қырғызстанға үш күндік сапары барысында осы елдердің басшыларымен кездесіп, Иран мен Арменияның бизнес форумына қатысып, 15 ынтымақтастық құжатына қол қойып, Армения мен Қырғызстанда тілшілермен ақпарат отырыстарын өткізгеннен кейін Теһранға қайтып оралды.

ИИР президенті Хасан Рухани өзінің аймақтық сапарын Арменияның астанасы Ереван қаласынан бастады.

Иран мен Армения қайраткерлерінің 5 ынтымақтастық құжатына қол қоюы және екі ел кәсіпкерлерінің форумының өтуі Иран президентінің Армения сапарының бағдарламарының қатарын құрады. Иранның Еуразиялық экономикалық одағымен ынтымақтастықтарында Арменияның Иранды Еуразия аймағының елдерімен қосатын көпір ретіндегі рөлі маңызды болып табылады.

Осы мүмкіндіктерді пайдалану Иран президентінің осы үш елге сапары кезінде қуатталды.

Бұл ынтымақтастықтар Иран, Қазақстан мен Қырғызстанның Экономикалық ынтымақтастық ұйымындағы мүшелігі және Теһран мен Еуразияның байланыстарды кеңейтуге қызығушылығын назарға алсақ, бұл мәселе аймақтың ішіндегі сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтарды кеңейту үшін ауқымды мүмкіндіктер тудыра алады.

Иран президенті Хасан Руханидің Қазақстанға сапары аясында Иранның кеме жүргізу компаниясы мен Қазақстан Темір жолы арасында ортақ компания құру туралы келісімге екі компанияның басшылары Мұхаммад Саиди мен Диас Искаков қол қойды.

Бұл келісімгеКаспий теңізіндегі тасымалды жеңілдету, терминал істері жөніндегі ортақ әріптестіктер, Иранның оңтүстіктегі порттары мен ТМД елдері арасындағы аралас тасымал, сонымен қатар порттық терминал құрылысы мен Иран мен Қазақстандағы құрал-жабдықтар жасау саласына инвестиция салу мақсатында қол қойылды.

ИИР президенті Хасан Рухани мен оның делегациясының сапары барысында Иранның Орталық банкінің директоры Валиолла Сейф пен оның қырғызстандық әріптесі Толкунбек Абдыгуловтың кездесуінде сауда айналымын арттыру щеңберінде банктік қатынастарды дамыту және екіжақты мәмілелерде ұлттық валюталар "риал" мен "сомды" пайдалануды арттыру сияқты мәселелер бойынша пікір алмасулар өтті.

Толкунбек Абдыгулов осы кездесуде Қырғызстанның ИИР-ның Орталық банкімен банк ісі саласында әріптестік жасауға және оны кеңейтуге әзірлігін мәлімдеумен қатар, алдағы айда қырғызстандық банктердің басшыларынан құралған делегациямен бірге екі елдің банктік ынтымақтастықтарын неғұрлым тезірек бастау үшін Иранның банк желісінің өкілдерімен кездесу мақсатында Теһранға сапармен баратынын хабарлады.

Иран мен Қырғызстанның ынтымақтастықтары жол картасына сәйкес екі елдің саяси, сауда-экономикалық, энергетика және өнеркәсіп, тасымал мен байланыс, ауылшаруашылық пен өңдеуші өнеркәсіп, облыстық ынтымақтастықтар, мәдени және гуманитарлық, ғылыми-техникалық, туристік және денсаулық сақтау саласы, табиғи апаттардың алдын алу және қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау бөлімдері бойынша ынтымақтастықтарды тез дамыту жорлдары мақсат етіп қойылған.

ИИР президенті Хасан Рухани жұма күні кешке Армения, Қазақстан мен Қырғызстанға ресми сапарынан қайтып оралғаннан кейін Иран мен Еуразиялық одаққа мүше осы елдермен қарым-қатынастарды дамыту қажеттілігіне тоқталып: "Осы сапарда Иран мен Еуразия одағының байланыстарын дамыту үшін тарифтер, пұрсатты сауда және Иранның осы одаққа мүшелігі туралы кеңесулер өткізілді" деді.

Иран осы уақытқа дейін Ауғанстанға экономика мен құрылыс бөлімдерінде көптеген көмектер көрсетті."Миль-78" транзиттік күре жолының құрылысы осы көмектердің қатарына жатады.

Фарат облысының әкімі Мұхаммад Асиф Нанг осы аптада  Иранның шығысындағы Оңтүстік Хорасан облысының өкілі Ибрахим Аббасзадемен өткізген ақпарат отырысында ирандық "Фаразаб Бирдженд" компаниясының "Миль-78" күре жолының құрылысын бастағанын мәлімдеп: «"Миль-78" күре жолының ұзындығы 120 шақырымды құрайды. Оның 60 шақырымын Иран салған болатын. Келесі 30 шақырым жолдың құрылысы басталды" деді.

Фарат облысының транзиттік күре жолы Ауғанстанды Оңтүстік Хорасанға қосады. Ауғанстан үкіметі осы жолдың қалған 30 шақырымын салу жұмыстарын өз мойнына алды.  "Миль-78" күре жолы ауғандық кәсіпкерлердің өз тауарларын тасымалдауы үшін көп көмек болады.