Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 24
Рим, Иран, Мысыр, Эфиопия, Бахрейн мен Оман басшыларына көптеген хат жолдап, елшілерін аттандыру Исламның ұлық пайғамбарының исламды таратуда қолданған негізгі тактикаларының бірі болды.
Құрандағы пайғамбарлардың қозғалысына назар аударғанда илаһи пайғамбарлардың көбінің ресалатының Ад пен Самуд сынды бір елмен және Бейт әл-Мұқаддас сынды географиялық шекарамен шектелгенін көреміз. Бірақ Исламның ұлық пайғамбарының ресалаты басында араб аралымен шектелгенімен, Мекке мен Мәдинеде халық пен үкімет қалыптасқан соң араб тайпаларының басшылары мен адамдары топ-тобымен Исламға бет бұра бастады. Бұл кезде исламның ұлық пайғамбары мұрсатты пайдаланып, өзінің жаһандық ресалатына кірісті. Хазірет көптеген хат жолдап, елшілерін аттандыру арқылы Рим, Иран, Мысыр, Эфиопия, Бахрейн мен Оман және тағы да басқа елдердің басшыларын Исламды қабылдауға шақырды. Бұл құрайыш басшылары аарсындағы жылдарға созылған қайшылықтардан кейінгі пайғамбардың маңызды ісі болды. Егер Меккенің билікқұмар, надан басшыларының дұшпандықтары мен соғысқұмарлығы болмағанда хазірет әлем халқының басшыларын бұдан бұрын Исламға шақыратын еді. Бірақ, өкінішке орай, құрайыштың ақсүйектері мен надан әрі алданған халықтың қастандықтары пайғамбардың басшылық кезеңінің маңызды бөлімінің Исламды қорғауға арнауына себеп болды. Исламның ұлық пайғамбарының хаттары дін мен саясатты бөлуге болмайтынын, әрі хазіреттің қырағы дипломатиясын көрсетеді. Хадис пен жылнамашылар жалпы алғанда 185 хат тіркеген. Бірақ, өкінішке орай, хазіреттің хаттарының тек кейбіреуінің ғана түпнұсқасы сақталған. Алла елшісінің хаттары мен келісімдеріне жасалған зерттеу пайғамбардың Исламға шақыруының ғылым мен қисынға сай болғанын көрсетті. Барлық хаттар жақсылық тілейтін ақыл-кеңестер және алаңдаушылықтар мен үміттерге толы екенін көрсетеді.
Исламның ұлық пайғамбары ресалатының жаһандық болуы туралы Құран Кәрімнің кейбір аяттарында айтылған: «(Мұхаммад с.ғ.с.): Әй, адам баласы! Мен барлығыңа Алланың елшісімін («Ағраф» сүресінің 158-ші аят). Басқа аятта Ұлы Алла: «Сені біртұтас адам баласына қуандырушы, қорқытушы етіп қана жібердік..»,- деді. («Сәбә» сүресі, 28-ші аят). Құран пайғамбардың ресалатының жаһандық болуын теріске шығаруға болмайтындығына куәлік етіп: «(Мұхаммад с.ғ.с.) сені адамдарға елші етіп жібердік. Куәлікте Алла жетіп асады»,- деді. («Ниса» сүресі, 79-шы аят). Сенімді құжаттардың бірінде: «Күндердің бірінде пайғамбар жақын сахабаларын жинап, оларға «Таңда жиналыңдар, маңызды хабар айтамын» дейді. Келесі күні таң намаздан кейін пайғамбар серіктеріне «Алланың пенделеріне насихат етіңдер, өйткені халықтың істерімен айналысатын, бірақ халықты дұрыс жолға нұсқамайтын адам үшін Алла жаннатты харам етті. Орындарыңнан тұрып, алыс жерлерге елші болып, тауһид үнін әлемдіктерге жеткізіңдер» деп бұйырды. Содан соң пайғамбар ақылды алты адамды әлемнің әртүрлі елдеріне аттандырды. Алла елшісінің сол кездегі мемлекет басшыларына жазған хаттарының мәтіндерін зерттеу олардың қазіргі заманның Ислам дінін таратуды мақсат ететін діни және саяси басшыларына орынды үлгі бола алатынын көрсетеді.
Исламның ұлық пайғамбарының хаттарының ең маңызды ерекшелігіне хазіреттің өз сөзін Алланың атымен бастауы және адамдарды Аллаға қарай шақыруы жатады. Пайғамбардың мақсаты тауһидтік наным-сенімдерді тарату болды. Ол еш уақытта өзі немесе жақындарының жағдайын жақсарту туралы ойламады. Алланың елшісі басқаларды дұрыс жолға нұсқаудан оларды дүние мен ақыреттегі бақытпен қамтамасыз ету және олардың ахлақи және рухани кемелдікке жетуінен басқа сый күтпеді. Исламның ұлық пайғамбарының хаттарының келесі ерекшеліктеріне хазіреттің ешбір алдаусыз өзін Алланың елшісі деп таныстыруы жатады. Хазірет: «Мен Алланың елшісімін»,- деп, Исламға иман келтіруге шақырып, иман келтіргендерге сәлемін жолдап, оларды қауіпсіздікпен қамтамасыз етуді міндетіне алды. Пайғамбардың хаттарының келесі айқын ерекшелігіне адамды қызықтыратын қарапайым сөздер мен сөйлемдерді қолдану саналады. Пайғамбардың хаттарының түсінікті болуы – келесі бір ерекшелігі. Ол оқырманның түсіну қабілеті мен хабардарлық деңгейіне назар аударып, ешбір күмән қалдырмайтындай жазды. «...Сондай-ақ Пайғамбарға ашық түрде жалғастыру ғана міндет». («Нұр» сүресі, 54-ші аят).
Исламның ұлық пайғамбарының дипломатиясы және хазіреттің хат жазу тәсілімен көбірек танысу үшін Алла елшісі хаттарының екі нұсқасына тоқталамыз. Рим императорына жолдаған бірінші хатында: «Алланың пендесі әрі елшісі Мұхаммадтан Рим патшасы Ираклийге. Илаһи жетекшілікті қабылдаған адамға сәлем! Мен сені Исламға бет бұрып, осы дінді қабылдауға шақырамын. Ислам дінінің аясында адамзат қауіпсіздік пен саулықта өмір сүреді. Шындықтың алдында тізеңді бүк. Сонда Алланың сыйына ие боласың. Егер бұл шақыруды қабылдамасаң, мемлекетіңнің халқының күнәсіне өзің жауап бересің. Кітап иелері біз бен сендердің арамыздағы бірдей сөз бен сенімдерге бет бұрыңыз. Алладан басқаға құлшылық етпейік және Оған ешкімді серік етпейік, Алладан басқа ешкімді Жаратушымыз санамайық. Егер Кітап иелері тауһидті қабылдаудан бас тартса, уа, мұсылмандар оларға «Тек біз жүрегіміз және тілімізбен Алладан басқа Құдайдың жоқтығына иман келтірдік» деп куәлік етіңдер»,- деп жазды. («Табари», 1565-ші бет). Исламның ұлық пайғамбары хатында қоғам басшыларының ең маңызды міндеттерінің бірін баяндап: «Егер менің шақыруымды қабылдамай, Исламға иман келтірмесең, еліңнің күнәсіне жауапты өзің бересің. Өйткені, әрбір қоғамның басшылары әрбір жеке адам мен адамдардың тобының барлық салалардағы ой-пікірлері мен ұстанымдарына әсер етеді»,- деген. Алла елшісінің келесі рауятында: «Халықтың өмірі өз басшысының діні бойынша қалыптасады»,- деп айтылған. Сондықтан адамзат қоғамының басшылары жаупкершілікке ие. Олар өздер билік ететін халықтың ой-пікіріне жауапты. Қоғам басшыларының рөлі мен әсерінің маңыздылығы сондай, Алла елшісі келесі бір насихатында: «Халық өз басшыларына әкелерінен көбірек ұқсас болады»,- деп айтқан болатын.
Алланың елшісі Иран патшасы Хосроу Парвизге жолдаған хатында дәл осы мәселені еске салды: «Алланың елшісі Мұхаммадтан Парсы жерінің патшасы Хосроу Парвизге сәлем! Илаһи жетекшілікті қабылдап, Алла мен Оның елшісіне иман келтірген адамға сәлем! Алладан басқа серіксіз жаратылыстың жоқ екендігі мен Мұхаммадтың оның педесі әрі елшісі екендігіне куәлік етемін. Мен сені бір Аллаға құлшылық етуге шақырамын. Күмәнсіз мен әлемнің барлық халықтары үшін Алланың елшісімін. Мен шындықты іздеушілерге ескерту жасап, кәпірлерге илаһи азап туралы айтып, қорқытамын. Осыған орай, қауіпсіздікте қалу үшін Исламға бет бұр. Егер Исламды қабылдамасаң, қол астындағы халықтың күнәсі сенің мойнына артылады». («Табари», 1571-ші бет).
Исламның ұлық пайғамбарының сол кездегі ел басшыларына хат жолдауы хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк Ислам дінінің саясаттан бөлек емес екендігін, сонымен бірге барлық қасиетті діндерге қайшы Исламның әлемдік дін екенін көрсетеді. Ислам діні өзінің маңызды және құтқаратын хабарын жеткізу үшін ешбір шекараны қабылдамайды. Ислам діні – адамзат қоғамының қауіпсіздігі, бейбітішілігі және тыныштығына кепілдік бере алатын жалғыз дін.