Аптаның экономикалық журналы (96)
Осы аптада Чабаһар портында Макран жағалауындағы аймақтардың тұрақты даму және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға арналған халықаралық конференция өтті. Бұл конференция ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангиридің қатысуымен жергілікті және шетелдік инвесторлардың аймақтағы инвестициялық мүмкіндіктермен танысуы және ИИР-ның Макран жағалауындағы аймақтарды дамытудағы мақсаттары мен саясаттарын қадағалау мақсатында Чабаһар портында өткізілді.
Макран жағалаулары Иранның оңтүстіктегі жағалаулық аймақтарын дамытудың басты орталықтарының бірі саналады. Соңғы жылдары Чабаһарда түрлі инфрақұрылымдық жұмыстар жасалып, Макран жағалауларын дамыту үшін жан-жақты бағдарламалар дайындалды. Мұнай-химия, ауыр өнеркәсіп, мұнай және газ, халықты орналастыру және жаңа қалалар салу бөлімдеріне түрлі жаңа инвестициялар салынды. Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан әрі мұхитта жүзетін кемелерді қабылдау мүмкінігіне ие Чабаһар порты құрлықпен қоршалған Орталық Азия елдері мен Ауғанстанды мұхитпен қосатын ең қысқа жол болғандықтан стратегиялық жағдайға ие болып табылады.
Макран жағалауларын кеңейту ұзақ мерзімді жоба. Макран жағалауларын кеңейтудің ең басты өзектері теңізге байланысты экономика, экологиялық ережелерді сақтай отырып өнеркәсіпті дамыту, тасымал, туризм мен ауыр өнеркәсіп болып табылады.
Иран еркін сулар мен кейбір теңіздерге қолжетімдігі және де бұл елдің әлемнің сауда және кәсіптік жолдарының тоғысқан жерінде орналасуы тұрғысынан маңызды болғандықтан Макран жағалаулары да инвестиция саласында көптеген мүмкіндіктерге ие.
Табиғи ресурстар мен пайдалы қазбалардың мол қоры, су және құрлық шекаралары, әлемнің еркін суларына қолжетімділік, суыққа төзімді және жылу сүйгіш өсімдіктердің түрлерін өсіру үшін қолайлы климат Чабаһар портына шетелдік инвестицияларды тартуға негіз дайындайтын артықшылықтар болып табылады.
Қазіргі таңда аталмыш портта шетелдік инвесторларды тарту үшін лайықты мүмкіндіктер бар. Үндістан, Пәкістан және Орталық Азия елдері осы портқа инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр. Өткен жылы Теһранда Үндістанның премьер-министріНарендра Дамодардас Моди және Ауғанстанның президенті Ашраф Ғанидің қатысуымен қол қойылған үшжақты транзиттік Чабаһар сауда келісімі аймақтық бірнеше жақты ынтымақтастықтарды кеңейту үшін маңызды қадам болды. Осы конференциямен бір мезгілде Чабаһар аймағына шетелдік инвесторларды тартуға қатысты жеті меморандумға қол қойылды. Үндістан, Оман, Қытай мен Оңтүстік Корея инвесторлары және ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангиридің қатысуымен Чабаһар портында өткен Макран жағалауындағы аймақтардың тұрақты даму және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға арналған бірінші конференцияда қол қойылған жеті меморандумның құны 3 миллиард долларды құрайды.
Осы аптада Ислам кеңесі мәжілісінің үйлестіру комиссиясында Иранның алдағы жылға арналған бюджет жобасын қарастыру жұмыстары басталды. Алтыншы даму бағдарламасы екі апта бұрын Мәжілісте бекітілгеннен кейін бұл жобаны талқылау жұмысы басталды. Алтыншы даму бағдарламасында сегіз пайыздық экономикалық өсуге жету мақсат етіп қойылған. Алайда бұл өсу деңгейіне қол жеткізу түрлі факторларға, соның ішінде, алдағы жылға арналған бюджеттегі кіріске қатысты мақсаттардың жүзеге асырылуына, экономикалық тұрақтылыққа, қаржы жүйесі мен үкіметтік шығындарды басқаруға байланысты болып табылады. Сол себепті алтыншы даму бағдарламасының табыстылығы алдағы жылға арналған бюджеттегі стратегияларды анықтауға байланысты.
Мәжіліс сонымен қатар даму жобаларын неғұрлым тезірек жүзеге асыруды қуаттап отыр. Осы аяда үкімет ұсынған жобада бюджеттің бестен бір бөлігі даму жобаларына бөлінген.
Иранның алдағы жылға арналған бюджетінің ерекшеліктерінің бірі қарсыласу экономикасының инфрақұрылымдарын нығайту болып табылады. Сондықтан үкіметтің Мәжіліске ұсынған бюджет жобасында қарсыласу экономикасына аса назар аударылған. Осы шеңберде Мәжілістің алтыншы даму бағдарламасына қатысты нұсқауларының бірі үкіметті мұнай сату мекендерінен алыстату жолдарына байланысты. Бағдарлама жобасының 7-ші бабына сәйкес, мұнай саудасынан түскен табыстың 30 пайызы Ұлттық даму қорына беріліп, бағдарлама барысында жыл сайын бұл көрсеткішке 2 пайыз қосылып отыратын болады, яғни, алтыншы Даму бағдарламасының соңына дейін Ұлттық даму қорының мұнай сату мекеніндегі үлесі 40 пайызды құрайтын болады. Сонымен қатар мұнай саудасынан түскен табыстың 14,5 пайызы Мұнай министрлігінің ықтиярына беріледі. Бұл қаржы мұнай саласындағы жаңа инвестициялар үшін пайдаланылып, 8 пайыздық экономикалық өсімге қол жеткізуге көмектеседі.
Мәжіліске бекітілуі үшін берілген алдағы жылға арналған жалпы бюджет 320 мың миллиард тұманды құрады.
Үкімет ағымдағы жылдың бюджетін реттеуде мұнайдан түсетін табыстың үлесін 25 пайыз деп белгіледі. 11-ші үкіметтің экономикалық тобы алдағы жылға арналған бюджет жобасын экономикалық жағдайға лайықтап, соның ішінде мұнайдың шынайы бағасымен сәйкестендіріп реттеуге талпыныс жасады. Мұнайға тәуелділік алтыншы Даму бағдарламасының жалпы саясаттары шеңберінде төмендеуі мүмкін. Алайда мұнайды Иранның экономикасынан алып тастау көп уақыт алатын әрі орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспар құруды қажет ететін күрделі іс болып табылады.
Мұнай өндіруші елдер ұйымы ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің Министрлерінің ортақ бақылау комитетінің алғашқы отырысы жексенбі күні Венада өтіп, мәлімдеме жариялап және елдердің өндіріс деңгейін азайтудағы өз міндеттерін жүзеге асыруына ризашылық білдірумен аяқталды.
ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдер өткен жылдың желтоқсан айында Венада өткен ОПЕК-тің 171-ші отырысында 2017 жылдың алғашқы алты айында өз өндірісін күніне 1 миллион 200 мың баррельге азайтып, жалпы мөлшерін 32 миллион 500 мың баррельге жеткізуге келісті. ОПЕК-ке мүше емес мұнай өндіруші 11 ел де өз өндірісін күніне 558 мың баррельге азайтып отыруға міндеттелді. Ресейдің Мұнай министрі Александр Новак келісімге қол қойған барлық тараптардың өз міндеттеріне берік болғанын мәлімдеп, қаңтар айында жалпы өндіріс мөлшерінің тіпті 1 миллион 700 мың баррельге азаюы мүмкін екенін айтты. Иранның ОПЕК отырыстарындағы дипломатиялық талыныстары мен елдердің өндірісті 1 миллион 200 мың баррельге азайту келісіміне қол жеткізуі өткен кезеңдерде қарсыластық танытып отырған Арабстанның да өз ішіндегі бюджет жестіпеушілігіне байланысты басқа мүшелердің қатарына қосылып,өндіріс деңгейін азайтуына себеп болды. Осы отырыста ОПЕК-ке мүше елдер өзішінде мұнай өндірісін азайтумен қатар, Иранның мұнай экспортын күніне 3,9 миллион баррельге арттыруға келіскен болатын. Иранға қарсы барлық қастықтарға қарамастан, осы елдің күніне 1 миллион баррель мұнай және 300 мың баррель газ конденсаттарының экспорты қазір 2 миллион баррель мұнай мен 500 мың баррель газ конденсаттары деңгейіне жетті.
Иран мен Армения экономикалық ынтымақтастықтарды арттыру үшін еркін сауда аймағын құрады.
Арменияның Экономикалық даму және инвестиция министрінің орынбасары осы аптада тілшілер жиынында: «Иран мен Арменияның дамуға бет алған сауда байланыстары мен оның Ереван үшін маңыздылығынегізінде бұл еркін сауда аймағы екі елдің шекарасына жақын орналасқан Сюник облысында құрылатын болады» деді. Ованнес Азизян бұл қадамның Иран мен Арменияның сауда-экономикалық ынтымақтастықтары, аймақтық сауда мен екі елдің шекаралық облыстарының көркеюінің қарқынын жылдамдату үшін жаңа мүмкіндік болатынын айтты. Осы аймақты құру ісі 32 миллион доллар қаржыны қажет етеді. Бұл аймақта 120 компания жұмыс істейді деп болжанып отыр. Қазіргі кезде пұрсатты сауда келісіміне қол қою және Армения оның бір мүшесі болып табылатын Еуразиялық одаққа Иранның мүше болып күруі үшін қажетті шаралар жасалып жатыр. Арменияның Сюник облысында еркін сауда аймағын құру осы аядағы алғашқы қадам саналады.
Осы келісімге сәйкес, Иран мен Еуразиялық одақ арасындағы кедендік алымдар азаяды немесе тоқтатылады. Бұл әрекет ынтымақтастықтардың кеңеюіне септігін тигізеді. Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрінің жуырда Теһранда Арменияның Энергетикалық инфрақұрылымдар мен табиғи ресурстар министрімен кездесуінде Армения Иранды Сюник облысында еркін сауда аймағын құруда серіктестік жасауға шақырды. Иран мен Армения Бандар-Аббастан бастап Грузияның Поти портына дейінгі құрама транзитті де жұмыс тәртібіне енгізген. Арменияның Байланыс және тасымал министрі Ваан Мартиросян мен ИИР-ның Армениядағы елшісі сейіт Казем Саджади осы аптада өткен бір отырыста Бандар-Аббастан бастап Грузияның Поти портына дейінгі құрама жүк тасымалы мен бұл жолды солтүстік-оңтүстік дәлізі шеңберінде жалғастыру мәселелерін талқылады. Арменияның Тасымал министрі осы отырыста Оңтүстік Кавказдағы Арменияның темір жол инфрақұрылымдарының дайын екендігіне жәнеЕрасх аймағындағы қоймалардың ирандық кәсіпкерлерге қолданысқа берілетіндігіне тоқталып, армениялық тараптың осы аяда әріптестік жасауға әзірлігін мәлімдеді. Арменияның Тасымал, байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Ваан Мартиросян Иранның Нанотехнологияларды дамыту ұйымының төрағасы Саид Саркармен жуырдағы кездесуіндеАрмения үшін Иранмен тасымал және байланыс салаларындағы ынтымақтастықтарды кеңейтудің маңызды екенін айтып, ирандық компанияларды Армениядағы қала салу жобаларына қатысуға шақырды.