Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 25
Дүниежүзінің барлық діни және саяси мектептері өз жақтастарының үмітін нығайту үшін айқын келешек ұсынып, әртүрлі жоба, саясат және тактикаларымен өз мақсаттары мен армандарына жетуге талпынады.
Илаһи діндер бұл қағидадан тысқары болмауымен қатар, керісінше басқа мектептерден көбірек талпыныс жасады. Басқаша айтқанда, илаһи пайғамбарлар өз қозғалыстарын бастағаннан бері шындық пен жалғандық майданының арасында табанды күресті бастады. Бұл күрестің бір жағында пайғамбарлар мен оның адал жақтастары тауһидтік әділ жүйені орнатуға талпынса, басқа жағында дінсіз залым басшылар қарсылық білдірді. Тағдырды шешетін мұндай қақтығыста, егер жарқын келешек болмағанда күресу жігері әлсіреп, адамдар үміттерінен айрылып, шындық майданы сәтсіздікке ұшырайтын еді. Ұлы Алла шындық жақтастарының алдындағы қатерлі дағдарыстар мен қауіп-қатерлердің алдын алу үшін үміттендіретін аяттар жіберіп, олар жарқын келешек пен ойларындағы қоғамды құруларына күмәнданбай, күрестерін жалғастыруы үшін олардың жеңіске жететіндіктері туралы уәде беріп, «Ғафир» («Мүмин») сүресінің 51-ші аятында: «Расында елшілерімізге иман келтіргендерге дүние тіршілігінде де, куәлікке тұратын (қиямет) күні де, әлбетте жәрдем етеміз»,- деді. Илаһи жеңіс пен илаһи көмек шындық іздеушілер ауыртпалықтармен бетпе-бет келіп, надандық майданының алдында өздерін осал көрсетпей, өз армандары мен ұстанымдарына табандылық танытқан жағдайда орын алады: «Расында: “Раббымыз Алла” деп, сосын мықты тұрғандар, оларға періштелер түседі де: “Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер” дейді. («Фуссилят» сүресі, 30-шы аят). Бұл илаһи сүннет бойынша Исламның ұлық пайғамбары пайғамбарлық міндетіне кірісіп, әлемдік көтерілісін бастаған соң исламның бас кезіндегі барлық шарықтаулар мен құлдырауларда Ұлы Алла хазірет пен мұсылмандарға көмектесті. Барлық кезеңдерде, әсіресе Меккені өз бақылауына алуды мақсат еткен кезде жеңісті шындық майданына нәсіп етті. Мұндай жағдайда өздерін сырт көзге исламның жақтастары көрсеткен жүректері ауру мұнафықтар мүшіріктер мен еврейлердің ынтымақтастығымен қоғамда үмітсіздікті таратып, илаһи уәделерге қарамастан негізсіз уәж айтып: «Алла мен оның пайғамбарының уәделері өтірік пен алдау-арбаудан басқа еш нәрсе емес»,- деген болатын. Мұнафықтар бір жақтан өз мүдделері мен қоғамдық-саяси орындарын сақтауға талпынып, басқа жақтан дұшпанның мүмкіндіктерінен қорықты. Қазіргі ғасырда да біз кейбір басшылардың исламдық үкіметтің мүдделері туралы ойламауының куәсі болудамыз. Илаһи уәделердің орындалатындығы мен шындықтың надандықты жеңетіндігіне сенбейтіндер үстемшіл күштер мен сионизмнің алдында бастарын иіп, мұнафықтар сынды исламның басындағы мұсылмандар мен жазықсыз адамдарға қиянат жасады. Илаһи уәделерге иман келтірген, терең наным-сенімдерге ие адамдар ешбір күдік-күмәнсіз, надандық майданына қадам басып, әлемдік отаршылыққа қарсы күресуде. Олар исламның қас дұшпандарына қарсы тұрып, жүректерінде қорқынышқа орын бермейді. Құран Кәрімнің «Ахзаб» сүресінің 22-ші аятында: «Сондай-ақ олардың сенімдерін, бой ұсынуларын одан ары арттыра түсті»,- деп айтылған. Тарих бойында шындық пен надандық қақтығысының жалғасуымен Ұлы Алла шындық жолының жақтастарына надандықтың жойылып, шындықтың жеңіске жететіндігіне тоқталып, «Әнбия» сүресінің 18-ші аятында: «Егер өтірікті, шындықпен ұрсақ, миын бырқ еткізер еді де, сонда ол жойылып, кетер еді. Жасанды сөздеріңнің салдарынан сендерге нендей өкініш»,- дейді. Шындықтың жеңіске жетіп, надандықтың жойылатындығы анық. Осыған орай пайғамбар: «Ақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады” де»,- деп бұйырған. («Исра» сүресі 81-ші аят). Бұл сөздер күпір басшылардың қастандықтар мен соғысқұмарлық және талан-тараждан бас тартатындығын көрсетпейді. Бірақ оның мақсаты адал мұсылмандардың жалғандықпен қақтығысу кезінде күдік-күмандар мен үмітсіздікке түсіп, дұшпанның күшін көрсетуіне себеп болмауы болып табылады. Соңында жалғандық жойылады. Шындық пен оның жақтастары жеңіске жетеді. Ұлы Алла: «Ол сондай Алла. Дінін бүкіл діндерден үстем қылу үшін Пайғамбарын туралық әрі хақ дінмен жіберді. Куәлік тұрғысынан Алла жетіп асады»,- деген. («Фатх» сүресі, 28-ші сүре). Әрине, күндердің бірінде Ислам бүкіл әлемге таралады. Құран келесі аяттарының бірінде ислам дұшпандарының өзінің күш-қуаты мен саяси, мәдени, экономикалық және әскери мүмкіндіктерін пайдаланып, Ислам дінінің өмірлік нұрын сөндіруге және бұл нұрдың күннен күнге артуының алдын алуға талпыныс жасайтындықтарын еске салады. Құран Кәрім бұл туралы: «Олар Алланың нұрын өшіруді қалайды. Кәпірлер жек көрсе де Алла нұрын тамамдайды»,- деді. («Сафф» сүресі, 8-ші аят). Қазіргі кезде илаһи қалау пайғамбарды көрмеген, уаһидің куәсі болмаған және Алланың елшісі өмір сүрген кездегі таңғалдырарлық илаһи ғажайыптардың ешбіреуін көрмеген, бірақ хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның Ислам діні мен Құран Кәрімнің тағылымдарынан хабар алған, жігерлі, адал мүміндер арқылы іске асырылып, олар исламның негіздерін қорғауда. Исламның ұлық пайғамбары жақын серіктеріне: «Мен өз бауырларымды көргенімде ғой»,- деді. Пайғамбардың серіктері: «Біз сіздің бауырларыңыз емеспіз бе?»- деп сұрады. Хазірет: «Сендер менің сахабаларымсыңдар, бірақ, менің бауырларым – сендерден кейін жылдар өткен соң келіп, маған иман келтіріп, мені жақсы көретіндер. Бауырларымды көрсем ғой»,- деп жауап берді. («Бихар әл-Анвар», 13-ші том). Бұл адамдардың анық үлгілері Палестина, Ирак, Ливан, Бахрейн және басқа да исламдық жерлерде хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның Исламын қорғау үшін АҚШ, Израиль және Сауд режимі мен олардың одақтастарына қарсы батыл соғысып, бітімге келуді қабылдамайтын жауынгерлер болып табылады. Маңызды әрі тағдырды шешетін қазіргі жағдайда қоғамдық пікірдің алдында «Бұл соғыс, шындық пен надандықтың күресі қайда барып аяқталады?» деген сұрақ туады. Шығыс пен Батыстың теоретиктері жаһандану мен өз ұстанымдары негізінде бұл соғысты өз мүдделеріне сай болжайды. Алайда бұл соғыстың соңы жігер мен илаһи қалауға қатысты. «Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге өздерінен бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Сондай-ақ олар үшін өзі разы болған дінін нығайтып, қауіп-қатерден кейін бейбітшілікке айналдырады. Олар Маған құлшылық қылады. Маған еш нәрсені серік қоспайды. Кім бұдан кейін қарсы келсе, міне солар, бұзақылар». («Нұр» сүресі, 55-ші аят). Исламның ұлық пайғамбары илаһи қалаумен тарихи Ғадир күні барлық пайғамбарлар мен адамзат қоғамының барлық мақсаттары іске асырылатын заманның негізгі өзгерістеріне тоқталып: «Хабардар болыңдар, соңғы имам – біздің әулетімізден. Оның есімі – хазірет Маһди (ғ.с.). Оған Алланың нұры жаусын. Біліңдер, ол залымдардан кек алады. Ол әлемнің барық діндерін жеңеді. Ол барлық шыңдарды алып, оларды қиратады»,- деді.