Ақп 19, 2017 22:28 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 26

Исламның ұлық пайғамбары өзінің пайғамбарлық міндетін бастаған кезде барлық істерінде ортаны ұстады. Бір жақтан қоғамды өнім шығару, сауда, ауылшаруашылығы және материалдық мүмкіндіктер мен заңды ләззаттарды пайдалану саласында еңбек етіп, талпынуға шақырып, дүниеқорлық және байлыққа деген құмарлықпен күресті. Басқа жақтан, жоғары ахлақи және адамгершілік құндылықтарды жандандырып, рухани өмір мен қияметті ұмытпауға жігерлендірді.

Алла елшісінің экономикалық жолы

 

1.Кейбір адамдардың қате түсініктеріне керісінше, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк Исламының серпінді және қоғамды тәрбиелейтін мәдениетінде Ислам тек ахлақи және рухани қажеттіліктерді қамтамасыз ететін ғана дін емес. Ислам діні адамдардың өмір сүретін мекені, киімі, азық-түлігі, өмірдің барлық заңды ләззаттарын пайдалануы туралы жобаларға ие. Бірақ әрқашан бірқалыптылық пен тепе-теңдікке көңіл бөліп, кез келген шектен тыс артықшылық немесе кемдіктің алдын алу қажет. Хазірет Мұсаның кезінде Бани Исраил халқы барлық талпыныстарын материалдық өмірге шоғырландырып, әрбір мүмкіндікті байлық жинап, билікті нығайту үшін пайдаланды. Хазірет Иса өзінің пайғамбарлық міндетін бастаған кезде Бани Исраил қауымын батпаққа батудан құтқарып, оларды ахлақи және рухани құндылыққа шақырып, өмірге деген қызығушылықтарын жандандырды.

Бірқалыптылық пен тепе-теңдік

 Исламның ұлық пайғамбары өзінің пайғамбарлық міндетін бастаған кезде барлық істерінде ортаны ұстады. Бір жақтан қоғамды өнім шығару, сауда, ауылшаруашылығы және материалдық мүмкіндіктер мен заңды ләззаттарды пайдалану саласында еңбек етіп,  талпынуға шақырып, дүниеқорлық және байлыққа деген құмарлықпен күресті. Басқа жақтан, жоғары ахлақи және адамгершілік құндылықтарды жандандырып, рухани өмір мен қияметті ұмытпауға  жігерлендірді. Өзін Исламның ұлық пайғамбары жолының жақтасы деп санайтындар хазіреттің іс-әрекеттерін үлгі етіп алып, Алла елшісінің тәсілдерін ұстануы керек. Хазірет: «Халықтың арасында әрбір ғибадат үшін шарықтайтын немесе құлдырайтын кезең бар. Менің сүннетімді қолдайтын адам – дұрыс жолға нұсқалған,  менің сүннетіме қарсылық білдірген адам – адасқан. Мен намаз оқимын, демаламын, ұйықтап, ораза тұтамын, аузымды ашып, тамақтанамын, ретімен күлемін немесе жылаймын. Менің әдісімді қолдамаған адамның маған қатысы жоқ»,- деген.

2. Алла елшісінің экономикалық жолындағы қызықтыратын келесі маңызды негіз – барлық экономикалық жұмыстарда Аллаға иман келтірудің қажеттігі. Бұл негіз бойынша, иман келтірген адам Алланы әлемінің иесі санайды. Бұл көзқарастығ сындарлы салдарлары иман келтірген адамның өзін аманатқа берік санап, нәтижесінде байлыққа мас болмай, басқалардың құқықтарын бұзбауына себеп болады. Олар қоғамдағы мұқтаждарға немқұрайдылық танытпай, істеген әрбір ісі үшін басқалардан ешбір сый күтпей, оны Алланың ризалығы үшін орындауға талпынады. Алла елшісінің бұл ерекшелігі өмірлік серігі хазірет Хадиджаның байлығын Жаратушының ризалығы үшін қоғамның мұқтаждарының арасында бөліп берген кезде айқын байқалды.  Алла елшісі өз қолымен құрма бақтарын өсіріп, жемістерін мұқтаждарға тарататын.

Исламның ұлық пайғамбарының экономикалық жолының қызықтыратын келесі негізі қияметке иман келтіру саналады. Бұл негізге сай Ислам жеке адам мен қоғамға қажет барлық заңды экономикалық жұмыстарды қуаттап, жеке адамның меншігін және оның жетістіктерін бедел әрі ғиззат өмірді жалғастыру саласында пайдалануды ресми қабылдап, сауда мен экономикалық айырбастар адамның Алланы және қияметті ұмытуына себеп болмауы үшін өлімнен кейінгі әлем туралы еске салады. Адамның ақыреті үшін қор жинауы қажет. Құран Аллаға және қияметке иман келтірген адамдар туралы: «Өздерін сауда-саттық; Алланың зікірінен, намазды орындаудан, зекет беруден тоспайтын адамдар бар. Олар, жүректер мен көздердің қозғалатын күнінен қорқады»,- деп айтқан. («Нур» сүресі, 37-ші аят).

 Илаһи пайғамбарлардың қозғалыстарының негіздерінің бірі халықтың арасында әділет негіздерін қалыптастыру болды. Исламның ұлық пайғамбары да  басқа илаһи пайғамбарларының қоғамда әділет орнату міндетін жалғастырып: «Жаратушым маған әділет орнатуды бұйырды. Экономикалық әділет бұл әділеттің бір тұрғысы. Нақтылау айтқанда исламдық қоғамда экономикалық жағдай біреулер нығметке бөленіп, басқалар болса кедейлікте өмір сүретіндей болмауы керек. Исламдық жүйе таптардың арасындағы қашықтық залым кемсітушіліктің белгісі және мақрұм таптардың зорлық-зомбылық көруіне себеп болуына рұқсат етпейді. Исламның экономикалық жүйесінде өсімқорлық, парақорлық, жал ойындары және басқа заңсыз әрекеттермен күрес жүргізіліп, шабуыл жасаушыларға қоғамдық байлықтарды талан-таражға салуға рұқсат  бермейді. 

 Егер шынайы түсінігіне сай  экономикалық әділет орнатылса, көптеген ахлақи және қоғамдық бұрмаланулардың көбіне себеп болатын кедейшілік қоғамнан жойылып, байлардың биеп-төстеуіне де орын қалмайды. Исламның ұлық пайғамбары мұндай көзқарасымен экономикалық әділет орнатуды көздеді. Әрине араб аралының түкке тұрмайтын ақсүйектері мен байлары мұндай мақсатты қабылдамай, өз мүдделері мен жағдайларын қорғау үшін пайғамбар мен сахабаларына қарсы қатаң күрестерін бастады. Олар үш жыл бойы Шааб Абитолеб деп аталатын алқапта пайғамбар мен мұсылмандарды экономикалық қоршауға алып, ұлттық мүліктері мен Алланың берген ресурстарын талан-таражға салып, Мединеге көшіп келген мұсылмандардың мүліктері мен экономикалық мүмкіндіктерін тартып  алып, адамгершілікке қарсы әрекеттерін жалғастырды. Бірақ алла елшісі әшбір әлсіздігін көрсетпей байлықтың әділ бөліп, таптар арасындағы қашықтықты қарсы күресіп, мұсылман  арасындағы бауырластық келісімді орнатып, тілеутестік рухын қалыптастыра алды. Сөйтіп мұсылмандар барлық мүмкіндіктерін бір-біріне ұсынып, өз қажеттіліктерін қамту үшін ортақ мұмкіндіктерді пайдаланады. Тіпті жиһад заманында бауыры жоқ кезде жанұяның қамқорлығын өз міндетіне алып, оның барлық қажеттіліктерін қамтуға талпынады.

 Исламның ұлық пайғамбары Құранға сүйеніп, қомақты қадам басып, жанкештілік яғни өзінен гөрі басқаларды басты санау мәдениетін қалыптастырып, оның аясында әділе пен адамгершілік негіздеріне сүйенген экономикалық кеңістікте исламдық қоғам шарықтады. Құран Кәрім «Хашр» сүресінің 9-шы аятының бір бөлімінде: «...Сондай-ақ өздерінде таршылық бола тұра оларды өздерінен артық көреді..»,- деді. Сөйтіп исламдық және адамгершілік негіздерін қалыптастырып, қасиетті Медине мен исламдық үмбеттің келешегінде экономикалық әделет орнатты.