Аптаның экономикалық журналы (101)
Теһран осы аптада Әзірбайжан президенті Ильхам Алиевты қабылдады. Әзірбайжан Республикасы президентінің Теһранға сапары барысында Иранның «солтүстік-оңтүстік» халықаралық тасымал дәлізінің маңызды бөліктерінің бірі саналатын «Астара-Астара» темір жол желісі іске қосылды.
Әзірбайжан Республикасы мен Иранның темір жолдарын қосу туралы келісімнің құжатына 2015 жылдың қазан айында Иран мен Әзірбайжан Республикасының экономикалық ынтымақтастықтары комиссиясының отырысында қол қойылған болатын.
«Солтүстік-оңтүстік» дәлізі Бандар-Аббастан басталып, Әзірбайжан Республикасындағы Астара қаласында аяқталатын жәнесол жерден Ресей мен Солтүстік Еуропа елдеріне қосылатын темір жол желісін қамтиды. Осы темір жолды алдын ала жасалған жоспарларған сәйкес толығымен іске қосу Иран мен Әзірбайжан Республикасықарым-қатынастарының мөлшерін төрт есе арттыратын болады. Екі елдің сауда айналымының мөлшері 2 миллиард долларға артады деп болжануда. Астара порты осы дәлізде Иран мен Әзірбайжан Республикасының темір жолдарының тоғысатын жері ретінде Иранның Еуразиямен сауда байланысы үшін көпір бола алады. Иран мен Әзірбайжан Республикасы басшыларының келісіміне сәйкес, екі елдің темір жол желілерін қосатын «Астара-Астара» жобасы Иранның жерінде 2 шақырымды, Әзірбайжан Республикасы жерінде 8 шақырымды қамтып, жүзеге асырылып жатыр. Иран жеріндегі 6000 метр темір жолды салу жұмыстары да аяқталуға жақын қалды. Жасалған жоспарларға сәйкес темір жолды салу жұмыстары жылдам орындалатын болады.
Шамамен екі жыл бұрын Түркіменстаннан Инче-Борун шекарасы арқылы алғашқы пойыз кіргеннен кейін келесі бір байланыс жолы іске қосылды. Бұдан бұрын «Серахс-Теджен» аймағында Иранның темір жолы Түркіменстан арқылы Орталық Азияға қосылған болатын. Келесі бір қадамда 2014 жылы «Иран-Түркіменстан-Қазақстан» ортақ темір жол желісі үш ел басшыларының қатысуымен іске қосылған болатын. Осытемір жол желілері пайдалануға берілгеннен кейін әлемнің шығысы (Қытайдан бастап Орталық Азияға дейін) мен батысы (әсіресе, батыс Еуропа) арасындағы құрлық үстіндегі әлемдік сауда жолы шамамен 10 000 километрге азайды. «Рашт-Астара» темір жолы жобасы аяқталып, бұл жол Әзірбайжан Республикасының темір жолдарына қосылғаннан кейін Иран Орталық Азия мен Кавказға жаңа жол арқылы қосылып отыр. «Қазвин-Рашт-Астара» темір жолы жобасы «солтүстік-оңтүстік» транизттік дәліздің келесі бір бөлігі болып табылады.
Соңғы жылдардағы Илхам Алиевтың үшінші ресми сапары саналатын Әзірбайжан Республикасы президентінің Теһранға сапары барысында екі ынтымақтастық құжатына қол қойылды. Әзірбайжан Республикасының Экономика министрі әрі Иран мен Әзірбайжан Республикасының ортақ экономикалық комиссиясының төрағасы Шахин Мустафаевтың пікірінше, қазіргі кезде барлық салаларда жақсы әріптестіктер жасалып жатыр. Экономикалық бөлімде екі елдің сауда айналымын арттыру үшін қолайлы мүмкіндіктер бар. Иран мен Әзірбайжан Республикасының байланыстарында әріптестік жасау үшін салалардың көп болуымен қатар, олар әртүрлі әрі жан-жақты болып табылады. Аймақтағы барлық елдерге оң әсерлерін тигізетін бұл әріптестіктер Иран мен Еуразия ынтымақтастықтары қалыбындағы жан-жақты байланыстарды кеңейту үшін мүмкіндік болып табылады. Екі елді бір-бірімен байланыстырып отырған келесіарқау – теңіз саласындағы әріптестіктер мен байланыстар. Каспий теңізі ортақ теңіз әрі барлық көршілес елдер үшін құнды ресурс болып табылады. Алайда Каспий теңізі Орталық Азия елдері тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген экономикалық мәселелермен бетпе-бет келді.
Иран президенті Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда Иран мен Әзірбайжан Республикасының жоғарғы дәрежелі делегацияларының отырысынан кейін өткен ақпарат отырысында екі елдің Каспий теңізінен мұнай өндіру туралы келіссөздеріне тоқталып: «Екі елдің мұнай министрлері Каспий теңізінің ресурстарын пайдалану жөніндегі келіссөздерін бір нәтижеге жеткенге дейін жалғастырады» деді.
Иран президенті Теһран мен Бакудың Каспий теңізінің құқықтық режимін анықтауда бірлесіп, жақсы талпыныстар жасай алатынын қуаттады.
Иран Мәжілісінің өкілдері осы аптада Иранның 1396 жылға арналған жалпы бюджетінің жобасын бекітті.
ИИР президенті Хасан Рухани 2016 жылдың желтоқсан айының төрті күні Ислам кеңесі мәжілісінің ашық отырысына қатысып, оған Иранның жалпы бюджетінің жобасын ұсынған болатын.
Иранның жалпы бюджеті шамамен 300 миллиард долларды құрайды. Бұл хижри жыл санағы бойынша ағымдағы жылға арналған болжамдармен салыстырғанда 80-80,4 пайыздық өсімді көрсетеді. Иранның жалпы бюджетінің жобасында мұнайдың бағасы әр баррель үшін 50 доллар деп есептелді. Алдағы жылдың бюджетінде мұнай саудасынан түскен табыстарға тәуелділікбиылғы жылдағы 35 пайыздық деңгейден 30 пайызға дейін төмендеген. Мұнайға тәуелділікті азайту және салықтан түсетін табыстарды арттыру Иранның алдағы жылға арналған бюджетін реттеудегі екі басты өзек болды. Иран "Ортақ қадам" бағдарламасы жүзеге асырылғаннан кейінгі кезеңде пайдалы қазбалардың экспортын жақсарту және бұл бөлімнің кірісін 1 миллиард 500 миллион доллардан 6 миллиард долларға арттыру үшін он жылға стратегиялық жоба қабылдамақ. Оған қоса, 2025 жылдың соңына дейін барлық кедергілер жойылатын жағдайда мұнай-химиялық өнімдерден басқа өнеркәсіптік өнімдер экспортының мөлшері 15 миллиард доллардан 60 миллиард долларға артады деп күтілуде.
Өткен екі жылда мұнай бағасының күрт төмендеуі үкіметті мүдделерді қамтамасыз ету үшін ерекше жағдайда әрекет етуге мәжбүрледі. Тіпті өткен жылдың бюджетінде мұнай саудасынан түскен нақсы кірістердің мөлшерін соңғы он жылдағы бюджеттегі ең төменгі мөлшер деп атауға болады.
Мұнайға тәуелділікті алтыншы даму бағдарламасының жалпы саясаттары шеңберінде азайтуға болады. Алайда мұнайды Иранның экономикасынан алып тастаудың ұзаққа созылатын, күрделі әрі орта және ұзақ мерзімді бағдарламаларды қажет ететін іс екені мәлім. Үкіметтің қолданған шараларынан кейін қазір бюджетте салықтан түсетін табыстардың үлесі мұнай саудасынан түсетін табыстан асып түсті.Келер жылдың бюджетінде елдің салықтан түсетін табысының 20 пайызға артатыны болжанып отыр.
Бұл мақсатты жүзеге асыру 1396 жылға арналған бюджет үшін екі қажеттілік тудырып отыр: біріншісі, атқарушы органдар қарсыласу экономикасының жалпы саясаттарын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік шығындарды барынша үнемдеуге және өнімділікті арттыруға бар күшін салуы қажет. Мұнайдың әлемдік бағаларына қатысты орта мерзімді болжамдар алдағы жылы елдің мұнай саудасынан түсетін табыстарының айтарлықтай артатындығына қатысты болжамдарды жоятындықтан, үкіметтің кірісі мен шығысына түбегейлі өзгеріс енгізу 1396 жылы басталуы тиіс қажеттілік болып табылады.
Бюджет көздерінің жетіспеушілігі мен оны ИИР-ның Орталық банкі арқылы қамтамасыз ету соңғы жылдар бойы Иранның экономикасында толассыз түрде қос таңбалы инфляция тудырып келген басты факторлар болып табылады. 1395 жылы қол жеткізілген бір таңбалы инфляцияны сақтап қалу ағымдағы жылы қаржылық тәртіпті жүзеге асырып, оны 1396 жылы да жалғастыруды қажет етеді.
Алдағы жылдары экономикалық өсу мақсаттарын жүзеге асыру елге салынатын инвестициялар көлеміне байланысты болады. Бюджет көздерінің шектеулі болуы мәселесі мен 1396 жылдағы табыстар деңгейіне қатысты болжамдарға байланысты негізгі капиталды толықтыру жобаларын қаржыландыру үшін қажетті көздер де шектеулі болмақ. Осындай жағдайда абадтандыруға арналған қаржыны пайдаланудың дәстүрлі тәсілі елдің инвестициялық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайтын болады. Сондықтан «Ортақ қадам» бағдарламасы жүзеге асырылып, халықаралық мүмкіндіктерді көбірек пайданалану мүмкіндігіне қол жеткізілгеннен кейін Иран экономикасы жаңа кезеңге аяқ басады. Жаңа кеңістікте әлемдік экономиканың нарық, технология мен капитал салаларындағы барлық мүмкіндіктерін барынша пайдалану үшін жағдай туындайды. Мұнайдан тыс экспортпен экспортқа бағытталған өндірістің жылдам қарқынмен дамуы, абадтандыру жобаларына ортақ инвестициялар салу, экологиялық мәселелерді шешу үшін халықаралық мүмкіндіктерді пайдалану, экономикалық тиімді жобаларды шетелдік көздердің көмегімен қаржыландыру – осылардың барлығы 1396 жылға арналған бюджеттің басты өзектері болып табылады. Бюджеттік резолюцияда үкіметтің алты жылға арналған бағдарламасында қарастырылған кейбір мәселелер мен басымдылықтар да кездеседі. 1396 жылға арналған бюджеттің міндеті елдің экономикалық тұрақтылығын сақтау және дезинфляцияның жетістіктерін нығайту, ұлттық өндірістің дамуға бет алған үдерісін қарқындатуға көмектесу, қарсыласу экономикасы мен алтыншы даму бағдарламасының мақсаттарын жүзеге асыру үшін экономикалық өсу нарығын арттыру болып табылады.
Осы аптада Иранның Сыртқы істер министрі Зариф Үнді мұхиты жағалауындағы елдер одағының отырысына қатысу мақсатында Индонезияның астанасы Джакартаға барды.
Үнді мұхиты жағалауындағы елдер одағы 1997 жылдан бастап бір халықаралық ұйым ретінде жұмыс істей бастады. Мүше елдер арасындағы ғылымжәне сауда байланыстарын кеңейту жолындағы кедергілерді бейтараптандыру, тұрақты даму мен экономикалық ынтымақтастықтар бұл ұйымның басты мақсаттары болып табылады.
Иран, Аустралия, Бангладеш, Үндістан, Индонезия, Кения, Мадагаскар, Малайзия, Маврикий, Мозамбик, Оман, Сейшел аралдары, Сингапур, Оңтүстік Африка Республикасы, Шри-Ланка, Танзания, Комор аралдары, Сомали, Тайланд, БАӘ мен Йемен Үнді мұхиты жағалауындағы елдер одағына мүше 21 елдің қатарын құрайды.
Қытай, Германия, АҚШ, Жапония, Мысыр, Ұлыбритания мен Франция да бақылаушы мүше және келісуші тарап ретінде Үнді мұхиты жағалауындағы елдер одағының жұмыстарына қатысып отыр. Иранның осы одақтағы құзыры аймақтағы ынтымақтастықтарды Иранның теңіз, порттық және транзиттік мүмкіндіктерін пайдалана отырып кеңейту үшін жағдай тудырды.
Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Индонезияның астанасы Джакартада өткен Үнді мұхиты жағалауындағы елдер одағы басшыларының саммитінде осы одақ шеңберіндегі байланыстарды даму мен ынтымақтастықтар үшін лайықты мүмкіндік деп атап: «Иран теңіз байланыстарын нығайту және Үнді мұхиты жағалауындағы елдер одағы аймағындағы мемлекеттерді басқа аймақтық және әлемдік нарықтармен байланыстыру үшін көптеген мүмкіндіктерге ие. «Ортақ қадам» бағдарламасы жүзеге асырылып, санкциялар жойылғаннан кейін осы одаққа мүше елдер, әсіресе, Үнді мұхитына қосатын Парсы шығанағы аймағындағы елдер арасында экономикалық ынтымақтастықтарды арттыру үшін лайықты жағдай туындады. Шығыс пен батыстың және солтүстік пен оңтүстіктің түйіскен жері – Чабаһар портыжоғары экономикалық мүмкіндіктерінің экономикалық тұрғыдан тиімді болуына байланысты Үнді мұхиты жағалауындағы елдер үшін ерекше маңыздылыққа ие» деді. Зариф осы отырыста Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһар портының Үнді мұхиты мен Парсы шығанағы, Азияның орталығы мен батысы, Кавказ бен Еуропаны байланыстыратын маңызды әрі стратегиялық жағдайына тоқталып, бұл портты шығысты батысқа және солтүстікті оңтүстікке қосатын ең қысқа жол деп атады.