Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері 2
Иранның Амир Кабир Технологиялық университетінің зерттеушілері Паркинсон ауруын емдеу үшін миды ынталандыратын құрылғы жасап шығарды.
Бұл құрылғы ешбір жанама реакцияларсыз Паркинсон, Альцгеймер аурулары мен депрессияны емдеуге пайдаланалып, жадыны нығайтуға әсер ете алады. Бұл зерттеушілер Иран Президентінің ғылыми-технологиялық департаментінің танымдық ғылым штабымен ынтымақтастық жасап, миды электр импульстарымен ынталандыратын құрылғыны жобалап, жасап шығарды. Иранда шығарылған құрылғыда зерттеушілердің қажеттіліктері де назарға алынып, аппаратты компьютерге қосатын мүмкіндік пайда болды.
Доктор Джеймс Паркинсон 1817-ші жылы бірінші рет «діріл параличі» туралы баяндады. Қазіргі кезде бұл ауру Паркинсон ауруы деп танымал болды. Паркинсон ауруы көбінесе ересек адамдардың арасында байқалатын орталық жүйке жүйесі ауруларының бірі. Бұл ауру орын алған кезде мидың жасушалары нейромедиатор болып әрекет ететін домапин шығару қабілетінен айрылады.
Паркинсон ауруы басталуының орташа жасы – 55 жас. Сондай-ақ пациенттердің 10 пайызында ауру жас кезде пайда болады. Осы кезде әлемде Паркинсон ауруына шамамен 4,3 милион адам шалдығып, болжамдар бойынша 2050-ші жылға дейін олардың саны 9 миллионға жетеді.
Қол мен аяқтың дірілдеуі, қол мен аяқ қозғалысының бәсеңдеуі, қол мен аяқтың құрғауы, тепе-теңдіктен айрылу, бет-әлпетінің өзгеруі, сілекейдің еріксіз ағуы, дисфагия (жұтудың өрескел бұзылуы), дауыстың әлсіреуі және соның салдарынан депрессия мен ашуға бой алдыру Паркинсон ауруының симптомдарына жатады. Бұл аурудың себептері нақты анықталмаған. Бірақ зерттеушілердің пікірінше, Паркинсон ауруы генетикалық және экологиялық факторлардың салдарынан пайда болуы мүмкін. Осыған орай Паркинсон сырқаты генге байланысты. Бірақ осы уақытқа дейін бұл аурудың тұқым қуалаушылық сипаты нақты расталған жоқ.
2007-ші жылғы ғылыми зерттеулер мен медициналық семинарлардағы зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, фолий қышқылының тапшылығы, инсектицидтердің қатерімен кезігу және диабеттің екінші түрі Паркинсон ауруының ықтималды қатерінің артуына себеп болады. Қанықпаған майларды тұтыну бұл ауруға шалдығу мүмкіндіктерін төмендететін фактор. Физиотерапия, еңбектерапиясы және сөзбен емдеу бұл ауруға шалдыққан науқастарды емдеу тәсілдерінің қатарына жатады.
2016-шы жылдың қазан айының соңында Амир Кабир атындағы Технологиялық университеттің биомедициналық инженерия факультетінің ұстазы доктор Фарзод Тауһидзаде университет зерттеушілерінің Паркинсон ауруын емдеу үшін миды ынталандыратын аппарат жасап шығарғаны туралы хабарлады. Ұстаздың айтуынша, бұл құрылғының екі үлгісі халықаралық стандарттарға сәйкес әрі зерттеу жұмыстары үшін қажет тұрақты және айнымалы тоқ ағымдарын өндіру мүмкіндіктеріне ие. Бұл аппарат арқылы енгізілген тоқтың мөлшері шамамен 2 миллиампер. Бұл аппараттардың келесі буына миға артығырақ шоғырлануды көздеп жасалуда. Мұндай аппарат бұдан бұрын Испания мен Германия және АҚШ-та жасалды. Иранда жасалған аппараттың бағасы шетелдік үлгілерінің үштен бір бағасын құрап, шамамен 20 миллион тұманға, яғни шамамен 5 мың 300 долларға теңеледі. Бүгінде бұл аппараттың өнеркәсіптік үлгісі жасалып, оларды нарыққа шығару бағытында жұмыс жасалуда.
Қазан айының соңғы екі аптасы мен қараша айының бірінші аптасында Иран мен әлемде аталмыш ғылыми жетістіктен басқа да ғылыми, техникалық және медицина саласында жетістіктер орын алды.
Ирандағы үкіметтік жоғары оқу орындарының бірі Зенджан университетінің зерттеушілері жылу төзімділігі жоғары мыстан жасалған нано фталоцианин көк пигменттің (Phthalocyanine) жартылай өнеркәсіптік үлгісіне қол жеткізді. Бұл нанопигмент нано деңгейінде барлық түстерді шығара алады. Бұдан бұрын бояғыштар Қытай, Үндістан, Германия мен басқа елдерден енгізілді. Олар микро деңгейінде болды. Бүгінде Иранда олар нано деңгейінде шығарылады. Жартылай өнеркәсіптік үлгісі жасалып шығарылған көк нано пигмент көлік шығару, тоқыма өндірісі, резеңке және химиялық өнеркәсіп, сия мен бояуларға қолданылады. Ирандық үлгінің бояуы ұқсас үлгілермен салыстырғанда 3 есе артық, ал нано пигментінің деңгейі 2 есе жоғары. Шетелдік үлгілер 200-ден астам қызуда бұзылса, ирандық көк нано пигмент 250 градус қызуда тұрақты қалады.
Сондай-ақ ирандық зерттеушілер лабораториялық деңгейде сүт безінің обырына қарсы қарапайым жағдайда және қолайлы бағаға ие дәрі шығаруға көмектесетін нанокатализдің бір түрін жасауда табысқа жетті. Жүрек ауруы бар адамдардың, әсіресе өнеркәсіптік қалалардағы өлімінің ең маңызды себептерінің бірі обыр ауруы мен оның ең көп таралған түрі сүт безі обырына шалдығу саналады. Әр 10 әйелдің біреуі өмірінде бұл аурумен ауырады. Сондықтан бұл ауруды емдейтін жаңа химиялық құрам шығару өте маңызды саналады.
Сонымен бірге Иранда бірінші рет қуық обырын емдейтін биодәріні өндіру мүмкіндігі пайда болды. Бұған дейін қуық обырын емдеуге қолданылатын дәрі төмен тиімділігі, тасымалдау қиындығы және нөлден төмен 20 градуста сақтау сынды мәселелермен кезіккен болатын. Алайда Иранда бұл дәрінің жетілдірілген түрі шығарылып, тіпті оны экспорттау мүмкіндігі пайда болды.
Корея зерттеушілері де өткен бірнеше күнде көміртекті нанотүтікшелер, графен және адам ағзасынан алынған ақуызды пайдаланып, табиғи тілмен салыстырғанда сезімдік қабілеті 10 000 есе артық жасанды тіл жасап шығарды. Бұл электрондық тіл тәтті мен ащыны ажырата алады. Құралдың бұл ерекшелігі нақты аппараттар шығарып, оны азық-түліктердің құрамдарын бақылауға қолдануға себеп болды.
Басқа талпыныстарында ғалымдар зерттеу лабораторияларында өсірілген миллиондаған масаны пайдаланып, әртүрлі ауруларды тасымалдайтын жәндіктерді өлтіру саласында маңызды қадам жасады. Бразилияда тек маса өсірумен айналысатын үлкен әрі заманауи қондырғылар іске қосылды. Бұл масалар Зика вирусы сынды ауруларды жою үшін қолданылады. Қатерлі ауруларды тасымалдайтын масаларды жою саласындағы ғылыми тарихи іс-әрекетті іске асыру үшін шамамен 60 миллион маса өсіріледі. Бұл арнайы өсірілген масалар Зика вирусы, сары қызба және тағы да басқа ауруларды тасымалдайтын масаларды жойып, аталмыш аурулардың таралуының алдын алады. Бұл қондырғыларда өсірілген масалар ауру тасымалдайтын масалармен қосылып, нәтижесінде генетикасына нұқсан келтірілген масалар пайда болып, соңында ауруды тасымалдауға әсер етпей жойылады.