Аптаның экономикалық журналы (102)
ИИР президенті шетелдік қысымдар алдындағы табандылықты қарсыласу экономикасының мақсаттарының бірі деп атады.
ИИР президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні жүйе басшылары мен органдардың төрағаларын қабылдауда өндірісті жұмыспен қамту және экономиканың өсуінің кіріспесі деп атап: «Жұмыспен қамтушы қарқынды өндірістің арқасында Иран елі ислам революциясының жетекшісінің шамси жыл санағы бойынша 1396 жыл үшін айқындаған өндіріс және жұмыспен қамту саласындағы екі мақсатқа да жете алады» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи наурыздық жолдауында шамси жыл санағы бойынша 1396 жылды ел үшін серпінді экономиканың қажеттілігі тұрғысынан маңызды жыл деп атап, дұшпанның мақсатының Иран халқын исламдық жүйеден көңілін қайтару бағытында оған қысым жасау екенін қуаттап: «Дұшпан өзінің ауқымды үгіт-насихаттарында экономикалық және әл-ауқаттылық бөліміндеріндегі жетіспеушілікті исламдық республика жүйесімен байланыстырып, исламдық жүйені қиыншылықтарды шешуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға шамасы жетпейтіндей етіп көрсетуге талпынуда» деді.
Ислам революциясының жетекшісі қасиетті Мешһед қаласында имам Реза (ғ.с.) кесенесінің зияратшылары алдында жасаған баяндамасында Иран үкіметінің осы мәселе бойынша маңызды шешімдер ұсынып, жұмыс және өндіріс алаңдарында айтарлықтай мүмкіндіктерге ие екенін айтты. Хазірет сонымен қатар Иранның көптеген өндіріс көздері, соның ішінде, мұнай мен газ қорларының мөлшері тұрғысынан әлемде бірінші орында тұрғанын еске салды. Иран өндіріс пен жұмыспен қамту саласында академиялық білімі бар көптеген жас күштерге ие. Иранның осындай жастарының саны қазіргі кезде артып, 10 миллион адамнан асты. Тағы 5 миллион адам жоғарғы оқу орындарында білім алуда.
Санкцияларды экономикалық мүмкіндіктерге айналдырып, жұмыс орындарын ашудың бірден бір жолы ішкі өндірушілерді қолдау екені анық. Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрлігінің осы аптада ұсынған статистикалық мәліметтеріне сай, Иранның 1395 жылғы мұнайдан тыс экспорты 44 миллиард долларлық межеден асқан. Бұл көрсеткіш өткен жылғы осындай уақытпен салыстырғанда 3,5 пайызға артық. Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрінің сауда-саттық жөніндегі орынбасары Моджтаба Хосроутадж сенбі күні ИРНА-ға берген сұхбатында: «Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрлігінің шамси жыл санағы бойынша 1396 жылға арналған бағдарламасы аймақтық және әлемдік нарықтардың қажеттіліктеріне сәйкес, мұнайдан тыс өнімдердің экспортының көмегімен сауда-саттық теңгерімін өзгерту, сондай-ақ, осы нарықтарға шығу үшін өнімдердің бәсекелестік бағасы мен сапасын жақсарту болып табылады. Иран қазіргі кезде санкциялар кезіне қарағанда жақсырақ жағдайды бастан өткеруде. Бұл мүмкіндікті ирандық өнімдер мен тауарлардың экспортын кеңейту үшін қолайлы жағдай тудыру мақсатында пайдалану қажет» деді.
АҚШ пен Еуропа одағы өткен отыз жылда Иранға қарсы түрлі санкция салды. Бұл санкциялар Иранның экономикасына теріс әсерін тигізді. Алайда, Иран президенті айтып өткендей, Иранның «Ортақ қадам» келісіміндегі мақсаты – әділетсіз таңылған санкциялардың тізбегін бұзу. Бұл мақсат көптеген бөлімдерде жүзеге асырылды. Дегенмен, санкциялар әлі аяқталған жоқ. АҚШ осы аяда жаңа жолдарды іздестіруде. Д'Амато заңын ұзарту, қаржылық санкцияларды күшейту, ақша аударымдары саласында қиындық тудыру, жекежәне заңдық тұлғалар мен компаниялардың есімдерін санкциялар тізіміне енгізу – осылардың барлығы осындай іс-әрекеттердің үлгісі болып табылады. АҚШ «Ортақ қадам» келісімінің басынан бастап осы уақытқа дейін Иранға қарсы 30 халықаралық келісім жасады. Иранынң жеке және заңды тұлғаларына санкция салу – «Ортақ қадам» келісімін бұзудың айқын үлгісі. АҚШ-тың осы әрекеттерінің жалғасуына қатысты алаңдаушылық Еуропа одағының Иранмен экономикалық байланыстарында сақтықпен әрекет етуіне себеп болды. Ұлыбританияның Халықаралық сауда министрлігі осы аптада жаңа қаулы қабылдап, ұлыбританиялық экспорттаушыларға ирандық компаниялардың атауларын осы министрліктің арнайы бақылау тізімінен шығарылғанын мәлімдеді.
Ұлыбритания үкіметінің ресми сайтында жарияланған осы қаулыда: «Ұлыбританияның Халықаралық сауда министрлігінің арнайы бақылауында болған ирандық ұйымдар, компаниялар мен органдарға қатысты хабарландыруларды қамтитын «Иран тізімі» өшірілді» деп жазды.
Ұлыбританияның Халықаралық сауда министрлігінің қаулысында «Ортақ қадам» келісімінен кейін Иранға қарсы санкциялардың жойылуына тоқталып: «Бүгін Иран халықаралық қауымдастықпен еркін түрде сауда-саттық жасай алады. Ұлыбританиялық компаниялар да соңғы онжылда әлемдік ең ірі экономикалық нарық болған Иран нарығының мүмкіндіктерін пайдалана алады» делінген.
Cato ұйымы өткен аптада бір мәлімдемеде Иранға қарсы«Ортақ қадам» келісіміне қатысы жоқ және жоспарланған нәтижелерге жеткізе алмайтын жаңа санкциялардың салынуын орынсыз әрі дұшпандық әрекет деп атады. Бұл ұйым өзінің интернет сайтында былай деп жазды: ««Ортақ қадам» келісімін жүзеге асыру міндетіне беріктік Ақ үйде талқыланатын басқа да мәселелердің біреуі болып қалмауы керек. Санкцияларды азайту – «Ортақ қадам» келісімінің бір бөлігі. Трамп үкіметі Иранның санкциялардың азаюының нәтижесінде пайда болатын басымдылықтарды пайдалана алуы үшін бар күшін салуы тиіс. Ал Өкілдер палатасы мен Сенат та Иранға қарсы жаңа санкциялар салуға талпынып жатыр. Иранмен экономикалық және сауда-саттық қатынастарын жасаған компаниялардың 16 миллиард доллар көлемінде айыппұл төлеуі – осындай санкциялардың салдарларының бірі».
Біраз бұрын Халықаралық стратегиялық зерттеулер ұйымы Cato тарапынан жарияланған экономика профессоры Стив Ханкенің мақаласында ирандықтардың Батыстың санкцияларымен күресу жолдарын жақсы білетіндігін қуаттап: «Батыс санкция салу арқылы Иранды бір нәрсе жасауға мәжбүрлей алмайды. Иранға қарсы санкциялардың осы елде экономикалық қиындықтар туғызғаны мәлім. Алайда Иран халқы мен үкіметі санкциялармен қатар тіршілік ету және дамуды жалғастыру жолын жақсы біледі. Тарих көрсеткендей, Иранға қарсы күштеу саясатын пайдалану міндетті түрде сәтсіздікке ұшырайды» деп жазды.
CNN арнасының интернет торабы бір мәліметінде Иран мен АҚШ арасындағы текетірестің шиеленісуіне тоқталып, бұл текетірестің Boeing ұшақ жасау компаниясының Иранмен келісіміне теріс әсерін тигізуі ықтимал деген болжам айтты. Бұл арна аталмыш мәліметте Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жасалған халықаралық келісімнің көмегімен осы елге салынған көптеген санкциялар жойылғаннан кейін Boeing ұшақ жасау компаниясының Iran Air әуе компаниясына 80 дана ұшақ сату туралы құны 8 миллиард долларды құраған келісімге қол қойғанын жазды. Осы ақпараттық тораптың пікірінше, Boeing компаниясының алдында күтіп тұрған келесі үлкен сынақ маусым айында басталмақ. Бұл кезде Обама кезінде қол қойылған санкциялардан босату мерзімін ұзарту туралы құжатқа қол қойылуы тиіс. Трамп алғаш рет осы жеңілдік құжатына қол қойғалы тұр. Егер Трамп үкіметі оларды ұзартпаса, АҚШ ядролық келісімді тікелей түрде бұзған болып есептеледі. Мұндай жағдайда, келісімді бұзу жайттары көбейіп, АҚШ осы келісімнің бұзылуына жауапты тарап ретінде есептелінетін болады. Boeing-тің алғашқы ұшағы 2018 жылы Иранға беріледі деп болжануда.
Осындай жағдайда Ресейдің Энергетика министрі Иранмен ресейлік жолаушылар тасымалына арналған Сухой Суперджет 100 ұшағының 100 данасын сату туралы келіссөздер жүріп жатқанын хабарлап: «Осы уақытқа дейін осы ұшақ түрінен 12 ұшақ сату туралы келісім жасалды» деп мәлімдеді.
Спутник агенттігінің мәлімдеуінше, Александр Новак сенбі күні Мәскеу мен Иранның Сухой Суперджет 100 ұшағын сату туралы келіссөздерінің жалғасып жатқанын хабарлады.
Ресей президенті Владимир Путин де өткен аптада Иранға Сухой ұшақтарын сату туралы келіссөздердің өтіп жатқанын мәлімдеген болатын. SSJ100 – Ресейдің Сухой зауытының екі моторлы өнімі. Бұл ұшақ 27000 миль қашықтыққа 98 жолаушыны тасымалдау мүмкіндігіне ие. Оның нақты құны 36 миллион долларды құрайды. Бұл ұшақ алғаш рет 2008 жылдың мамыр айынан ұша бастады.
Руханидің жуырдағы Ресей сапарында екі ел басшылары саяси, экномикалық, сот және құқықтық, ғылыми және мәдени салаларда 14 ынтымақтастық құжатына қол қойды. Бұл құжаттар түрлі мәселелерді, соның ішінде, сауда-саттық, тасымал, темір жол, атом қуаты, мұнай және газ, өнеркәсіп пен тау-кен өндірісін қамтыды. Осы құжаттарға қол қойылу Иран мен Ресейдің арасындағы ынтымақтастықтардың жаңа кезеңінің бастамасы болып табылады.