Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 33
Исламдағы жиһадтың мақсаттары мен іс-әрекеттері басқа соғыстардың мақсаттары мен іс-әрекеттерінен өзгеше.
Тарих бойында отаршыл мемлекеттердің билеп-төстеу және жерлерін кеңейту мақсаттарында басталған соғыстарына қайшы Алланың жолындағы соғыс пен жиһад басқа мақсаттарға ие. Олардың мақсаты адамдарды надандық пен ырымшылдықтан шығару, зұлымдық пен зорлық-зомбылықты жойып, әділетке сүйенетін әлемдік жүйе орнату болып табылады. Жиһадтың мақсаты зорлық-зомбылық жасайтын құдыреттерді биліктен түсіріп, зұлымдық көрген Алланың адал пенделерін жердегі биліктің мұрагері етіп, адамзат қоғамның істерін солардың қолына тапсыру саналады. Егер, Алла елшісінің билік жүргізу тәсіліне шолу жасасақ, хазіреттің іс-әрекеттерінен әлем басшыларының көбінде кездесетін билікқұмарлық пен лауазым талап етушіліктің еш белгісін көрмейміз. Хазірет дүниенің барлық байлығы мен жылтырақтары және сән-салтанатты өмірінен алыстап, өзінің үкіметі мен төрелік етеуінің және бағдарлама жоспарлауының орталығы ретінде мешітті таңдады.
Исламның ұлық пайғамбары басшылығының ерекшелігі тарихтың басқа кезеңдеріне қарағанда Меккені жеңіп алған кезде ең жақсы байқалды. Тарихтың бұл кезеңіне жасаған шолу дұшпанның соңғы қамалын жеңіп алған кездегі пайғамбардың дана әрі бейбіт саясатын дәлелдеді. Бұл қасиетті адам өзінің терең ойы және сындарлы басшылығымен қантөгіс пен соғыссыз мұсылмандарды ең үлкен жеңіске жеткізді. Меккені жеңіп алу оқиғасы кезіндегі пайғамбардың рухы мен ахлағын түсіну үшін құрайыштардың билік талап етуші басшыларының дұшпандығы мен қастықтарына шолу жасау қажет. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пайғамбарлық міндетке сайланып, бірқатар адам Ислам дініне бет бұрғаннан бастап мүшіріктердің мұсылмандарға қарсы қастандықтары басталды. Олар Алла елшісінің жақтастарын қатты қорлады. Олар пайғамбардың жақтастарын Абиталеп шатқалында қоршауға алып, күннен күнге оларға қарсы экономикалық және саяси қысымдарды күшейтті. Мұсылмандардың жағдайы қатты нашарлап, олардың кейбіреуі пайғамбардың бұйрығымен Эфиопия жеріне қоныс аударуға мәжбүр болды. Бірақ, мүшіріктердің азап-қорлықтары жалғасып, Меккенің жағдайы күннен күнге мұсылмандар үшін ауырлап, Алланың қалауымен мұсылмандар Меккеден Мединеге көшті. Бірақ, өз мүдделері қатерге тірелді деп ойлаған құрайыштың билікқұмар басшылары дұшпандықтарын тоқтатпай, пайғамбар мен мұсылмандарға қарсы көптеген соғыстың өртін лаулатты. Исламның ұлық пайғамбары хижридің алтыншы жылы құрайыш басшыларымен Ходайбие бейбітшілік келісіміне қол қойды. Бұл келісім дұшпандықты біраз уақытқа тоқтатты. Бірақ құрайыштар тайпалардың бірімен бірігіп, пайғамбармен одақтас болған хазаи тайпасына шабуыл жасап, келісімхатты бұзды. Мүшіріктер бейбтішілік келісімін бұзғаннан кейін Алла елшісі үшін келісім бұзушы әрі қаскүнем мүшіріктерге қарсы шығатын мұрсат пайда болды. Сондықтан Медине халқы мен айналасындағы тайпаларға сапарға шығуға дайындалуды бұйырды. Сөйтіп, дұшпанға білдіртпей, пайғамбар 10 000 адамнан құрылған әскерімен Меккеге қарай бет алды. Пайғамбар құрайыштарды олардың іс-әрекеттерінен хабарсыз қалдыруға талпынып, қантөгіссіз Меккені жеңіп алуды мақсат етті. Осыған орай әскеріне жылдамдықпен Меккеге бет алуды бұйырды. Кешке Меккеге жақындаған кезде әскерін тоқтатты. Құрайыштың пайғамбарды күтпеген тыңшылары пайғамбардың дұшпаны Абу Суфиянға хабарды жеткізді. Ол хабарды естіп қорқып, пайғамбардың көкесі Аббаспен кездесіп, сол арқылы Алла елшісі мен исламның әскерінің Меккеге кіруінің алдын алмақ болды. Бірақ уақыт өтіп, берілуден басқа жолдың қалмағанын түсінді. Сол кезде 20 жыл бойы ислам мен мұсылмандарға ең көп зиян келтірген Абу Софиян басқалардан көбірек өзінің келешегі туралы алаңдаушылық білдірді. Ол пайғамбардың көкесі Аббасты арағайындыққа салып, пайғамбарға барып, сөйлесіп, соңында хазіреттің сөзіне көнді. Содан соң Алла елшісі айбынмен: «Абу Софиян халыққа әл-Харам мешітін пана тұтқандар мен қаруларын жерге қойғандарға, бейтарап екендіктерін жариялағандар мен үйлерінің есіктерін жапқандарға, сондай-ақ, Абу Софиянның үйін паналағандарға ислам әскерінің шабуылынан қорғалатындықтары туралы айта алады»,- деп жариялады. («Ибн Хишам тарихы», 2-ші том, 404-ші бет).
Исламның әскерилері төрт жақтан Меккеге кірді. Халық үйлеріне кетіп, біраз адам әл-Харам мешітіне кірді. Мұсылмандардың көшбасшыларының бірі кек алатын уақыт келді деп санап, ислам әскері жеңімпаз ретінде Меккеге кірген кезде әскерлердің бір бөлігіне: «Бүгін кек алатын күн. Бүгін сендердің мүліктерің мен жандарың біз үшін адал»,- деп айқалады. Бұл ұранды естіген мүшіріктер қатты қорықты. Бірақ пайғамбар бұл ұранды естіген кезде: «Бүгін рақымдылық пен мейірімділік күні деп айтыңдар»,- деді. Содан соң пайғамбар сахабаларымен бірге әл-Харам мешітіндегі Қағбаға жақындады. Мүшіріктер алаңдап, пайғамбар мен мұсылмандарға қарсы өткен қастықтарын естеріне алды. Олар пайғамбар олармен қандай қарым-қатынас орнатады деп ойлады. Бір мезгілде әлемдіктер үшін рақымдылықтың үлгісі болған Алла елшісі келіп, олардың қорқыныштары мен алаңдаушылықтарын шешіп: «Мен туралы не айтып, не ойлайсыңдар?»- деді. Меккенің алаңдаған халқы бірауыздан кешірім сұрап: «Біз сенің жақсылығың, кешірімділігің мен мейірімділігіңнен басқа еш нәрсе айтпаймыз. Сен үлкен әрі мейірімді бауырымызсың»,- деді. Сол маңызды сәтте пайғамбар олардың алаңдаушылықтарын жойып, баршаны кешіру туралы үкім шығарды. Хазірет: «Мен Жүсіп бауырымның залым бауырларына айтқан сөзін сіздерге айтамын: «Бүгін сендерді айыптайтын күн емес. Алла сендердің күнәларыңды кешіреді. Ол – мейірімділердің мейірімдісі». Содан соң пайғамбар Меккенің мүшіріктерінің арасына барып, илаһи рақымдылық танытып: «Сендер менің ресалатымды теріске шығардыңдар. Мені отанымнан кетіріп, хиджрат жасаған жерімде маған қарсы соғысқа шықтыңдар. Бірақ, соның барлығына қарамастан сендерді кешіру туралы үкім шығарып, сендер азатсындар деймін»,- деді. Көбінде соғыстың жеңімпаздары жеңіске жеткен соң тәкаппарлыққа салынып, басқалармен санаспай қалады. Бірақ тек Жаратушыға құлшылық етуді тарату мақсат еткен Алла елшісі Қағбаның алдында тұрып, содан соң пұттарды қиратып: «Алладан басқа Құдай жоқ. Ол – Жалғыз (Оның серігі жоқ). Уәделері – шындық әрі пендесіне көмектесіп, барлық топтарды жалғыз өзі ыдыратты»,- деді. Меккенің азат халқы пайғамбар мен мұсылмандардың бірлігін көріп, топ-тобымен өз еріктерімен Ислам дінін қабылдады. Сондықтан Меккені жеңу ағымында Исламның махаббат, рақым мен азаттық діні әрі оның мақсатының сенімді семсер арқылы қабылдату емес екенін анық көрсетті.
Алайда азаттық пен адам құқығын қорғау туралы уәж айтатын мемлекеттердің іс-әрекеттеріне шолу жасау олардың көптеген соғыстарда көптеген адамдарды өздерінің соғысқұмарлығының құрбаны еткенін көрсетеді. Олар І-ші және ІІ-ші Дүниежүзілік соғыстарда миллиондаған адамды өлтірді. ІІ-ші Дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ көптеген соғыстары арқылы әлемнің әртүрлі мемлекеттерінде миллиондаған адамды қырды. Қазіргі кезеңде АҚШ пен Батыс үкіметтері кейбір араб үкіметтердің ынтымақтастығымен Батыс Азия аймағында соғыс пен лаңкестік өртін лаулатып, күн сайын Сирия, Ирак, Йемен және басқа елдерде жазықсыз адамдарды қырып жатыр.
Өткен ғасырда орын алған соғыстар мен пайғамбар кезіндегі соғыстарда қаза болған адамдардың санын салыстырсақ, өткен ғасырда бірнеше миллион халықтың қаза болғанын, ал пайғамбар кезіндегі соғыстарда бірнеше мың адамның қаза болғанын көреміз. Адал адам бұл салыстыру арқылы Батыс өркениеті туралы уәж айтатындардың қырып-жоюшылығына қайшы Исламның соғыс пен қантөгіс діні емес екенін түсінеді.