Сәу 29, 2017 18:06 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 13

Жұма намазы көбінесе орталық мешітте өтетін мұсылмандардың ғибадатының бірі саналады. Исламның ұлық пайғамбары бұл ғибадаттың маңыздылығы туралы: «Миғраж түні мені аспанға көтеріп әкеткен кезде Алланың ғаршысының астында әрбіреуі сендердің дүниелерің сынды 70 мың қаланы, қанаттарың жайып, Алланы мадақтап: «Уа, Алла! Жұма намазына жиналған адамдарды кешір. Жұма күні ғұсыл алған адамдарды рақым ет» деп айтып отырған періштелерді көрдім»,- деген болатын.

 Жұма намазы – жұма күні зоһр намазының уақыты келген кезде жамағатпен бірге орындалатын намаз. Бұл намаздың маңыздылығы Құрандағы сүрелердің бірінің соның атымен аталуынан көрнеді. «Жұма» сүресінің 9-шы аятында: «Әй, мүміндер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар, сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар сендер үшін жақсы»,- деп айтылған. Рауаяттардың бірінде қажылыққа бара алмайтын адам үшін жұма намазына қатысудың сауабы қажылық сауабына тең екені туралы айтылған.

Қасиетті Құдс қаласындағы жұма намаз

 Жұма намазы жұма күні орталық мешіттерде орындалатын басқа намаздар сынды ғибадат саналады. Жұма намазында екі құтпа екі рекет намаздың орнына оқылады. Сондықтан 4 рекет зуһр намаздың орнына екі құтпа және екі рекет намаз оқылады. Намазда тыйым салынған істерді екі құтпаның кезінде де жасауға болмайды. Намаз оқуға келгендер жұма намазының имамын тыңдауға міндетті. Баршаны тақуа болуға шақыратын сөздер қоғамның адамдарын бір-бірінен хабардар етіп, олардың күштері мен мүмкіндіктерін исламдық қоғамның мәселелері мен қиындықтарын шешуге шақырады. Имам Хомейни «Тахрир әл-Васаел» кітабында жұма намазы туралы: «Жұма намазы имамының  өз құтпаларында мұсылмандардың діни мәселелері мен діндарлығы, мұсылмандар қоғамының жақсы және жаман оқиғалары, мұсылмандардың тәуелсіздігіне әсер ететін саяси, қоғамдық және экономикалық мәселелер және мұсылмандардың күнделікті тұрмысы мен ақыретіне қажет нәрсе туралы айтқаны дұрыс»,- деп жазған. Имам Реза (ғ.с.) Алла елшісінің сөзіне нақыл етіп: «Жұма күні халық жиналған кезде айтылатын құтпалар қалыптасқан. Қоғамның басшысы  оларға ақыл-кеңес айтып, Аллаға құлшылық етіп, күнәдән қорқуға шақырып, дін мен дүниенің мүдделерінен хабардар етіп, әлемнің оқиғаларының олардың пайдасы мен зияны туралы хабар береді»,- деген. Жұма намазы – жүрек пен рухты ластықтардан  және күнәләрдән тазартатын мұстахаб ғибадат. Исламда жұма намазы маңызды болғандықтан, Алла елшісі: «Расында, Алла жұма намазды уәжіп етті. Менің өмірімде және мен өлгеннен кейін оған мән бермеген немесе оны орындамаған адамды алаңдатып, ісі мен өміріне береке бермейді. Қырағы болыңдар, тәубеге келмейінше намазымыз біздің атымызға тіркелмейді, тіпті төлесек те зекетіміз бен қажылығымыз, ораза мен жақсылықтарымыз біз үшін емес»,- деген.

Ирандағы жұма намаз

 Жұма намазы ұжымдық ғибадат. Оны жеке орындауға болмайды. Сондықтан,  жұма намазы апталық үлкен қоғамдық әрі саяси жиын деп аталады. Бұл апталық басқосуда жұма намазының имамы  ислам әлемінде орын алған оқиғалармен намазға жиналған адамдарды таныстыру міндетіне ие. Сол себепті жұма намазының имамы мұсылмандардың жағдайы мен исламдық қоғамның мүдделерінен хабардар, батыл, шындықты айтатын, тақуа әрі әділ адам болуы қажет. Жұма намзының имамы намазды оқу үшін үстіне ең таза киімін киіп, хош иіс сеуіп,  байсалды қадам басуы керек. Мінберге шыққан кезде азан аяқталғанша сабыр сақтап, содан кейін жұма намазынан бұрын айтылатын құтпаға кіріседі. Рауаяттар бойынша жұма намазының имамы алдымен Алланы мадақтап, содан соң Исламның ұлық пайғамбарына сәлем жолдап,  халықты илаһи тақуалықты сақтауға шақырып, Құранның кішкентай сүрелерінің бірін оқуы керек. Екінші құтпасында Пайғамбарға (с.ғ.с.) сәлем берген соң дұға тілеп, мүміндерді кешіруді сұрайды. Жұма намазының имамы мұсылмандардың діні мен дүниесіне қатысты маңызды мәселелерін баяндауымен бірге исламдық мемлекеттер мен аймақтың іші және сыртындағы мұсылмандарға қажет нәрселер туралы айтып, саяси, қоғамдық, экономикалық және діни мәселелермен халықты хабардар етеді.

                               ****************************************************************************

Медине мен Меккенің арасында орналасқан танымал мешіттердің бірі Шаджаре мешітімен таныстырамыз.

Шаджаре мешіті Мединенің сыртынағы мешіттердің бірі. Меккеге кіріп, Алланың үйіне зиярат еткісі келген адамның бұл жердің тұрғыны немесе жолаушы болса да, ихрам кимей бұл қалаға кіру рұқсаты жоқ. Қажылар махрам болған мекен «миқат» деп аталады. Шаджаре мешіті Алла елшісі Меккеге барған кезде самарат ағашының астында намаз оқыған. Сондықтан бұл мешітті «Шаджаре» мешіті деп атады. Шын мәнінде, Исламның ұлық пайғамбары бұл мекенде үш рет болды: бірінші рет хиджраттың алтыншы жылы Ходайбие келісіміне қол қойған кезде; екінші рет сегізінші жылы Меккені жеңген кезе; соңғы рет хиджридың оныншы жылы соңғы қажылық кезінде. Осыған орай бұл мешіт мұсылмандар мен Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтастары үшін жоғары орынға ие.

Шаджаре мешіті

 Шаджаре мешіті Ихрам мешіті, Золхалифе мешіті және «Абиор-е  Әли (ғ.с.)» деп де аталады. Бұл мешіттің «Абиор-е  Әли» деп аталуы хазірет Әли (ғ.с.)-ның құрма бақтарын суару үшін осы аймақта көптеген құдық қазуына байланысты. «Абиор» «бенар» (құдық) деген сөздің көпше түрі. Иранның танымал тарихшысы әрі лексикологы Фируз Абади бұл мешіт туралы: «Бұл мешіт «Абиор-е Әли» деген атпен танымал болған жоқ»,- деп жазды. Шаджаре мешіті сегізінші ғасырда қиратылғанымен осы уақытқа дейін пайдаланылады. Бұл мешіттің бірінші ғимаратында зал мен аула болған. Бірақ сегізінші-тоғызыншы ғасырларда оның тек айналасындағы қабырғасы ғана қалды. Осман империясы кезінде қамаридың 1058 жылы оны үнді мұсылмандарының бірі жөндеп, мұнарасы  қайтадан салынды.

Шаджаре мешіті

Соңғы рет бұл мешіт Фахад кезінде жөнделіп, үлкен аймақ мешітке беріліп, көлік қоятын паркинг сынды мүмкіндіктер пайда болып,  мешіттің жалпы көлемі 90 000 текше метрге жетті. Мешіттің өзі шамамен 26000 текше метр болып, 5000 адамды сыйдыратын болды. Шаджарат мешіті саудиялықтардың кезінде қайтадан жөнделген көп мешіт сияқты өзінің қарапайым түрінен алыстап, Мединенің қайта жөнделген мешіттерінің арасында ең әдемі сәулетке айналды.

Шаджаре мешіті Мединенің сыртында орналасты

Миқат мекені саналатын әйгілі Шаджарат мешітінен басқа Меккеде дәл қаланың ең көне мешіттерінің бірі саналатын осы аттас мешіт бар. Үшінші ғасырдың тарихшысы Мұхаммад бен Исхақ Факеһи: «Намаз оқу мұстахаб саналатын және Алла елшісінің әсері бар мешіт «Шаджарат» мешіті деп аталады. Бұл мешіт Меккенің жоғары бөлімінде, қырдың етегінде, әл-Джен мешітіне қарсы орналасқан. Сол жерде Алла елшісі шақырған кезде орнынан қозғалып, хазіреттің қасына келген  ағаш болған»,- деп жазды. Содан соң ол аталмыш мешіт орналасқан мекендегі пайғамбардың мұғжизасы туралы бес рауаятты баяндады. Бұл рауаяттардың бірінде Исламның ұлық пайғамбары Ракане бен Абд Язид бен Хашимді исламға шақырған кезде ол: «Ағашты шақырып, ол қасына келмесе иман келтірмеймін»,- деді. Хазірет ағашқа бұрылып: «Алланың қалауымен менің қасыма кел»,- деген кезде ағаш хазіреттің қасына келген.