Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері 7
Иран мен әлемнің 2016-шы жылдың желтоқсан айындағы ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері
Ирандық зерттеушілер жүйріктердің ептілігін адамның қатысуынсыз өлшейтін хронометр жасап, ұсынды. Бұл зерттеудің мақсаты жүйріктердің рекордтарын электронды түрде тіркейтін және тіркеген кезде адам өлшеген кездегі қателіктерді жібермейтін қондырғы жасап шығару болды. Аталмыш жобаның зерттеушілерінің бірі Лейла Хамзе: «Зерттеу жұмыстары кезінде жүйріктердің ептілігі мен жылдамдығын тіркейтін сандық құрылғы ұсынылды. Зерттеулер нәтижелі болып, спорт алаңдарындағы кәсіби сынақтарда пайдаланылатын қондырғыны жобалап жасадық. «Смарт хронометр» атты бұл аппарат жүйіріктердің уақыты мен жылдамдығын өлшеп, орта есеппен алынған жылдамдықты анықтап, жүгірушінің нәтижелерін көрсетеді.
Керманшаһ Техникалық университетінің электротехника факультетінің аспиранты Фарход Фуладиниа тұрғын үйлерде қолданылатын домофондардағы GSM технологиясын пайдаланып, жаңа схема ойлап шығарды. Фарход Фуладинианың айтуы бойынша, бұл схема тұтынушыға үйдегі домофондарын пайдалануға мүмкіндік береді. Ұқсас жүйелерде белгілі SIM картаға SMS жіберіп, есікті ашуға болады. Алайда аталмыш жүйе үйдің есігінің қоңырауы соғылған кезде үй иесінің дауысы арқылы адамды танып, қаласа SMS жіберіп, есігін ашып бере алады. Сонымен бірге аталмыш жүйе жоғары қауіпсіздікке ие. Өйткені, есік SMS тек жүйеге тіркелген нөмірден жіберілген жағдайда ғана ашылады.
«Һома» деп аталған Иран құстарының бірінші дала анықтамалығын Мешхедтің Фирдауси атындағы Университетінің қоршаған орта факультетінің студенттері жасады. Аталмыш жобаның басшысы Мұхаммад Әли Резвани: «Құстарға қатысты бірінші анықтамалықты Иранда Фирдауси атындағы Университеттің қоршаған орта факультетінің студенттері жобалап, құстардың таралу картасы, дауыстары, ұяларының түрлері, олардың жұмыртқалап, балапан шығаруына байланысты жасалған. Анықтамалықтың екінші бөлімі екіге, яғни қарапайым адамдар мен мамандар үшін бөлінген. Соның негізінде әртүрлі мәліметтер бойынша адамға құсты анықтап береді. Мәселен, адам құстың мекені бойынша іздейтін болса, бағдарлама құсты анықтап, соған ұқсас басқа құстарды да тауып, солармен салыстырып бере алады.
Уорик университетінің зерттеушілері мидың дірілі арқылы оларды бақылауға алуға болатын электрондық құрылғылар жасады. Құлаққаптағы сенсорлар мидың электр дірілін қадағалайды. Содан соң компьютер сигналдарды өңдеп, ойыншықтардағы электр тізбектерге жібереді. Сөйтіп адам ойыншықтарды бақылай алады. Бұл зерттеу профессор Кристофер Джеймстің басқаруымен жүргізіліп, балалар жақсы көретін алыстан басқарылатын машина, тікұшақ және робот сынды ойыншықтарды құлаққап және ой арқылы басқаруға болатынын көрсетті.
«Continental» компаниясы бірнеше биометриялық құрал ұсынып, автокөлікті заманауи етуімен бірге оның қауіпсіздігін де арттыруды мақсат етуде. Бұл компания саусақтың ізімен жанатын Start батырмасын жобалады. Адам көлігінің ішіне кілтсіз кіріп, тек өз саусағымен қосу батырмасын басып, көлігін іске қоса алады. Нәтижесінде ұрылардың мүмкіндіктері жойылып, отбасындағы жасөспірімдер мен кішкентай балалар көлікті рұқсатсыз пайдалана алмайтын болады. Сондай-ақ, кабинаның ішіне камера орнатылады. Ол арқылы терезелерді ашып-жауып, ішкі температураны қадағалауға болады.
Екі америкалық инженер әуежай жолаушылары үшін жүргізушісіз жүретін Ван көлігін жобалады. Бұл көлік жолаушылардың жүктерінің салмағын өлшеп, олардың паспорттарын сканерден өткізеді. «Никсон» атты жүргізушісіз миниван жолаушылардың жүктерін өлшеп, тексере алады. Әуежайға жетпестен бұрын жүктерді рентген арқылы тексеріп, химиялық талдау жасай алады. «Никсон» көлігіне төрт адам отыра алады. Жолаушылар оған мінерден бұрын металл іздегіштен өтеді. Әрбірр орындықтың қасында олардың паспорттарын сканерден өткізетін аппарат бар.
Ван көлігінде әр жолаушыны суретке түсіріп, бүкіл денесін тексереді. Содан соң оларды алдын ала белгіленген «қауіпсіз аймаққа» апарып түсіреді. Сөйтіп жолаушылар уақыт өткізбей, әуежайдың ұшуды қадағалайтын бөліміне өтеді.