Маусым 29, 2017 11:30 Asia/Almaty
  • Имам Реза (ғ.с)-ның өмір салты (11)

Разавилік өмір салты жайлы топтамамыздың кезекті бағдарламасында ойын-сауық, әзіл және шаттық ұғымдарын имам Реза (ғ.с)-ның көзқарасы тұрғысынан қарастырамыз.

  

Разавилік өмір салты

Құран өмір жолының шырағы ретінде әрдайым ақиқаттың жолын ұстанушылар үшін жақсыны жаманнан айырып, қуанарлық жаңалықтары мен ескертулерін ойланатын адамдарға жеткізіп отырады. Демалыс, сауық-сайран құрып, шаттану адамның дүние есігін ашқан сәттен көз жұмғанға дейінгі өміріндегі басқа аспектілер секілді ақыл мен илаһи принцип бағытымен исламның бағдарларына мақсатталуы тиіс. Мұның дамның негізгі қажеттіліктерінің қатарына жататыны даусыз мәселе.

Адам үшін шаттық пен қуаныш оны жан, тіпті тән әлсіздіктерінен азат ететін, рухқа арналған сау тағам іспеттес. Құран аяттары, әулие имамдардың рауаяттары мен хадистері және діни дәстүрлерге көңіл бөліп, зерттеу арқылы келесі нәтижеге жетуге болады: исламның бай мәдениеті ұлық Пайғамбар (с.ғ.с)-дың екі бағалы мұрасы – Алланың кітабы, оның туыстары мен Аһле бейт (ғ.с) – пайғамбар әулеті адамның жан дүниесін ұлы адамгершілік және ізгі қасиеттерге бөлеген. Бұл тек сау рух пен сау тәннің бірігуінсіз мүмкін емес.

Ұнамды түрде әрі салауатты түрде көңіл көтерудің түрлеріне қарама-қарсы Құдайдың нұсқауларына мойынсұнбау, сауық-сайран, нәпсіқұмарлық пен қатер тудыратын өткінші және уақытша шаттықтарды жатқызуға болады. Жалған шаттықтар ұнамсыз болуымен қоса, ақылға сыймайды әрі қысқа мерзімді шаттықтан кейін өмірдің соңына дейін өкініштен басқа ешнәрсе әкелмейді.

Пайғамбар (с.ғ.с)-дың ұрпағы имам Реза (ғ.с) өзінің өнегелі ғұмырында осы мәселелерге қатты көңіл бөлген. Имам Реза (ғ.с): "Күнделікті өмірдегі ләззаттардың ішінен өз бақытыңызды нәсіп етіп, жүрек қалауыңызды дұрыс әрі заңды жолдар арқылы жүзеге асырыңыз. Ләззатқа бөлейтін демалыс пен көңіл көтеру сізге өміріңізді басқаруға көмектеседі. Оның көмегімен тұрмыстық тіршілігіңізге жақсырақ кірісесіз. Уақытыңызды төрт бөлікке бөлуге тырысыңыз: Құдайға мінажат ету сағаттары, күнделікті жұмыстар, сіздің кемшіліктеріңізді ашық айтатын жүрегі таза, адал бауырлар және сенімді жолдастарыңызбен әңгімелесуге арналған уақыт және халал ләззаттарға арналған сағаттар.

Әзіл мен қалжың қоғамдық қатынастардағы маңызды мәселелердің бірі саналады. Осыған байланысты ұлы Пайғамбар (с.ғ.с) мен имамдар (ғ.с)-дың рауаяттар жиынтығына сәйкес, әзіл мен қалжың басқаны қорлау немесе кемсіту мақсатында болмаса, қабылданады әрі мақтауға тұрарлық іс саналады. Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с) осы мәселе тұрғысында: "إنی لأمزح ولا اقول ألا حقاً"

"Мен әзілдеген кезде шындықтан басқа ешнәрсе айтпаймын",- деп айтқан.

Әулие имамдар (ғ.с) дұрыс көңіл көтеру мен демалыстың түрлері, және оларға ұмтылып, күнделікті уақыттың бір бөлігін адамға басқа істерін жүзеге асыруда көмектесетін халал ләззаттарға арнау керектігіне тоқталып, осы мәселелерге байланысты дұға мен мүнажат ету және Құдаймен сырласу секілді рухани ләззаттарға ерекше ықылас білдірген. Себебі, осылардан пайда болатын мадақ пен тыныштықтың санаға әсерін теріске шығару мүмкін емес. Бүгінде психологтар емдік дұға, емдік намаз, жалпы алғанда осы мәселелердің жүйке мәселелері мен қиындықтарын шешудегі әсері жайлы тақырыптарды қозғайды. Осы салада, имам Реза (ғ.с) рухани шаттық пен тыныштыққа қол жеткізу үшін: "Міндетті уәжіптерді орындағаннан кейін, мүмінді шаттыққа бөлейтін Құдайдың жанында болғаннан артық жақсы іс жоқ",- деп айтқан.

Игі мінез-құлық пен жақсы ахлақ адамды Құдайдың жанында сүйікті етеді. Ал егер, бұл игі іс басқа адамдардың шаттығына себеп болып, Пайғамбар мен Құдайдың қуанышын арттырады. Әзілді түсіне білу діндарлардың қасиеттеріне жататын шаттықтың жағымды түрлерінің бірі саналады. Әзілдің шегін біліп, оны бұзбау өте құнды қасиет. Әзіл өтірік, әдепсіздік, балағаттау және ерсі әрі ұят нәрселерден аулақ болуы тиіс. Сонымен қатар, қалжың кезінде шектен шығып кетпеуге, жеке әдептің сақталуына мұқият болған жөн.

Имам Реза (ғ.с): "Кімде кім мүміннің қайғысы мен қиындығын шешетін болса, қиямет күні Құдай оның жүрегіндегі қайғысын жояды",- деп айтқан. Басқа бір рауаятта имам Реза (ғ.с): "Жағымды иіс, әсел, атқа міну, жайқалған жасыл табиғат көрінісіне қарап, тамсану адамды шаттық пен қуанышқа бөлейді",- деген. Көзтартарлық жасыл желек табиғат көрінісіне қарау  кейбір жүйке ауруларын емдеп, күйзеліс пен қам-қайғыны азайтады. Кейде адамды таң қалдырып, кейде басқа ләззаттар мен қуанышпен бәсекелескендей болады.