Аптаның экономикалық журналы (105)
Иранның экономикалық мүмкіндіктері шетелдер үшін Иранмен әріптестік жасап, осы елге инвестиция салуды тартымды етіп отыр.
Иран тек мұнай және газ саласында ғана емес, сонымен қатар, басқа да сауда-экономикалық салаларда дамуға бет алып, экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейтіп жатыр.
Осы аяда Иранның экономикалық мүмкіндіктерін арттыру мақсатындағы барыс-келістерменкелісімдердіңжасалып, осы мәселе туралы есептердің жарияланып жатқанына куә болып отырмыз. Осындай жаңалықтардың қатарында Харк терминалында мұнай танкерлерін қабылдайтын 9 айлақтың әзір екені белгілі болды. Бұл терминал күніне шамамен 8 миллион баррель мұнай экспорттау мүмкіндігіне ие.
Осы уақытқа дейін көптеген шетелдік компаниялар соның ішінде, Италияның ENI компаниясы, Ресейдің Lukoil компаниясы мен грекиялық және норвегиялық компаниялар мұнай танкерлерін жіберіп, Харк терминалынан Иранның шикі мұнайын тиеді.
Қазіргі кезде әлемнің ең ірі мұнай танкерлері (VLCC танкерлері) Харк терминалының «Азарпад» айлағына келіп тоқтай алады. Харк аралының мұнай терминалы Иранның мұнай экспортының ең көп мөлшерін жүзеге асыратын елдің ең ірі мұнай экспортына арналған терминал саналады.
Болат өндірушілердің әлемдік ассоциациясы осы аптада Иранның 2017 жылдың алғашқы бес айында өзінің шикі болат өндірісін 8 миллион 159 мың тоннаға арттырғанын, мұның өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда шамамен бір миллион тоннаға артық болғанын мәлім етті. Болат өндірушілердің әлемдік ассоциациясы Иранды әлемдік болат өндіруші елдердің арасындағы төртінші ел деп атады.
Өткен аптада Иранның бас консулдығы, Татарстанның Өнеркәсіп және сауда министрлігі мен Сауда палатасы, Иранның қазіргі заманғы зерттеу орталығы мен Parallax компаниясы өкілдерінің қатысуымен бір күндік семинар өтті.
Иранның Қазан қаласындағы бас консулы Әли Баман Ақбали Зарчтың айтуынша, Иранның сыртқы сауда алаңындағы жетістіктері, соның ішінде, сауда теңгерімінің оң сальдосы, басқа елдермен қарым-қатынастар, алмасулар мен ынтымақтастықтарды арттыру, халықаралық ұйымдармен байланыстарды нығайту Иранның экономикасын күн сайын нығайтып келеді.
Татарстан республикасының Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Денис Валеев осы отырыста Иранмен байланыстарды кеңейту мәселесіне тоқталып: «Екі тарап экономикалық бөлімдегі түрлі салалар бойынша байланыстарды арттыру үшін қажет шара қолдануы керек. Ресейдің нарығы ирандық өндірушілер үшін лайықты мүмкіндік болып табылады. Бұл мүмкіндікті қолдан жіберіп алмау керек» деді.
Иранның Татарстан республикасының астанасы Қазан қаласындағы бас консулы Әли Баман Ақбали Зарч бұл жайында: «Қазан мен Теһран арасында ауыр өнеркәсіп пен энергетиканың түрлі салаларында жақсы экономикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр» деді.
Иранның Қазан қаласындағы бас консулы Иранның мұнай қорлары мен «Татнефть» компаниясының мүмкіндіктеріне байланысты бұл ынтымақтастықтардың мұнай салаларының дамуына қатысты жақсы көкжиек ұсынатындығына сенімді.
Жасалған жоспарларға сәйкес, Иранда 250 ресейлік компанияның жұмыс істеуі үшін жағдай жасалады. Қазіргі кезде Иранның Каспий теңізіндегі порттары мен Ресейдің Астрахань портының сауда-кәсіптік ынтымақтастықтарын кеңейту үшін мүмкіндіктер арта түскен.
Иранның Қазан қаласындағы бас консулының айтуынша, Иранның түрлі облыстары мен Татарстан республикасы арасында басталған жақсы ынтымақтастықтар кеңейе түсуі қажет.Себебі бұл Теһран-Мәскеу қарым-қатынастарының кеңеюіне септігін тигізеді.
Ресми экономикалық көздердің мәлімдеуінше, «Татнефть» мұнай компаниясы 2016 жылы бірнеше шетелдік компанияның қатарында Теһранмен маңызды келісімшарттарға қол қойды. Осы жетістікке байланысты қалыптасқан ынтымақтастықтар макроэкономикалық деңгейге жоғарылайтын болады.
Иран мен Ресейдің энергетика комитетінің жуырдағы отырысында Ресей мен Иранның мұнай және газ компаниялары арасындағы ынтымақтастықтарының екі тарап осы уақытқа дейін жеткен деңгейден әлдеқайда ауқымдырақбола алатыны айтылды. Шын мәнінде, Иран мен Ресейдің мұнай және газ саласындағы экономикалық ынтымақтастықтарыжәне қарым-қатынастарының деңгейі мен түрі екі елдің саяси және стратегиялық қарым-қатынастарының деңгейі және түрімен байланысты емес екенін айта кету қажет.
Иранның Мұнай министрінің орынбасары Хосейн Заманинианың айтуынша, мұнай және газ саласы инвестицияға қатысты қиындықтары жоқ жалғыз сала болып табылады. Иранның ұлттық мұнай компаниясының шектеулі капиталына байланысты инвестицияөзге елдер және шетелдік компаниялармен келіссөздерде қарастырылатын басты мәселе болып табылады. Иран мен Ресейдің арасындағы капитал мөлшері жоғары.
Иран мен Ресей – энергия өндіруші басты екі ел. Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Армениядан құралған Еурзаиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдермен келіссөздер алдағы алты айда бір нәтижеге жететін болады.
Ресейдің Астрахань облысындағы Иранның бас консулы Әли Мұхаммади өткен жылы аталмыш облыста өткен 3-ші Иран-Ресей экономикалық көрмесі аясында: «Энергетика және азықтың бай қорына ие әлемнің ең үлкен теңізіКаспий сауда-экономикалық жұмыстар тұрғысынан да Иран, Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан Республикасы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтар үшін көптеген мүмкіндік тудырды» деді.
Астрахань порты – 2016 жылдың алғашқы сегіз айында Иранмен 117 миллион доллар көлемінде тауар алмасқан Каспий теңізінің басты порттарының бірі.
2011 жылдан бері қағаз бетінде қалған Иранның газын Иракқа экспорттау туралы келісім өткен аптада қорытындыланғаннан кейінИранның газы Иракқа экспериментті түрде тасымалдана бастады.
Иранның газын Иракқа экспорттау туралы меморандумға 2011 жылы қол қойылып, екі жылдан кейін келісім жасалды. Осы келісімге сәйкес, Иран күніне 20-25 миллион текше метр газды Иракқа экспорттауға міндеттелді. Бағдадтағы «әл-Мансуре» және «әл-Садр» электр стансаларын қамтамасыз ету мақсатында жасалған осы келісімнің көлемі 25 миллион текше метрді құрайды. Жылдың жылы мезгілінде бұл мөлшер 35 миллион текше метрге жетеді. 2015 жылдың қараша айында Иранның газын Басра қаласына экспорттау жөніндегі екінші келісім жасалды.
Иранның табиғи газын Бағдадқа экспорттау маусым айының жиырма бірі күні экспериментті түрде күніне 7 миллион текше метр көлемінде жүзеге асырыла басталып, бірте-бірте бұл көлем 35 миллион текше метрге дейін жеткізіледі. Ирак Ираннан импортталған газды пайдаланып, өз электр стансаларының жанармайын қамтамасыз етіп, мұнай және дизельді отынды газбен алмастырмақ. Алдағы бір ай ішінде бұл істің екі елдің жоғарғы дәрежелі қайраткерлерінің қатысуымен ресми түрде ашылу салтанаты өтеді.
Ортақ мұнай және газ алаңдарын кеңейту, Ираннан Иракқа техникалық-инженерлік қызметтер мен тауар экспорты, мұнай және газбен алмасу, сонымен қатар, Ирактың мұнай өңдеу зауыттарының инфрақұрлымдарына көмектесу – біраз бұрын Иран мен Ирактың мұнай министрлері тарапынан қол қойылған меморандумның басты тарауларының тақырыптары. Иранның Ирактағы елшісінің айтуынша, Ирак премьер-министрінің өткен аптада Теһранға жасаған сапарынан кейін ИИР мен Ирактың байланыстары, әсіресе, экономикалық бөлімдегі қарым-қатынастары жаңа кезеңге аяқ басты.
Ирактың премьер-министрі өткен аптада сейсенбі күні Теһранға сапармен келіп, Ислам революциясының жетекшісімен кездесті. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Ирактың премьер-министрі Хайдер әл-Абади және бірге келген делегациясын қабылдауында Ирактың барлық саяси және діни ағымдарының ДАИШ-ке қарсы соғыстағы бірлігін дәріптеумен қатар, Ирак үкіметінің барлық қиыншылықтарды жеңетіндігіне үміт білдіріп, Ирак халқы үшін жарқын болашақ тілегеннен кейін: «Ирак үкіметі барлық тараптан мықты болып, даму жолындағы кейбір әкімшілік қиыншылықтардан өтуі тиіс. Ынтымақтастықтар деңгейін мүмкіндігінше арттыру қажет» деді.
Осы кездесуде Ирактың премьер-министрі ИИР-ның түрлі алаңдардағы қолдаулары үшін алғыс білдірумен қатар: «Біз ДАИШ-пен күрес кезінде де және одан кейінгі тыныштық, тұрақтылық пен бірлік кезеңінде де ИИР-ның көмектері мен қолдауын қажет етеміз» деді.
ИИР саясат және қауіпсіздік алаңдарында Ирактың қасынан табылғаны сияқты, экономикалық тұрғыдан да Ирак халқы мен үкіметін қолдайтыны шәксіз.
Дегенмен, Ирак үкіметі ирандық компаниялардың осы елдегі құзыры үшін жағдай жасап, кедергілерді бейтараптандыру үшін талпыныс жасауы керек.
Өткен аптада мұнайдың әлемдік нарықтардағы бағасы арзандады. Иранның Мұнай министрі Зангане мұнай бағасының төмендеуі және ОПЕК-тің осы мәселеге қатысты шешімдері туралы баяндады.
Соңғы айларда мұнай бағасы төмендеп кетті. Жуырда мұнай бағасының 40 долларлық межеге түсуі мұнай өндіруші елдердің қайтадан алаңдаушылығын тудырды.
Мұнай әлемнің макроэкономикасының маңызды элементтерінің бірі саналады. Бұл тауардың маңыздылығы мен қолданыс бағыттарына байланысты бүгінгі әлемде экономикалық жағдайды анықтайтын фактор ғана емес, сонымен қатар, қауіпсіздік және саяси фактор да саналады. Шын мәнінде, мұнай экономикалық, өнеркәсіптік, саяси және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мақсаттарға жетудің факторы. Қаржыландыру тұрғысынан мына шындықты айтып өту қажет: шикі мұнай саудасы валюталық құндылық тұрғысынан әлемдік сауданың 10 пайызын құрайды.
Мамандардың бір тобының мұнай бағасының төмендеуіне қатысты көзқарастары бойынша, экономикалық мәселелер – мұнай бағасының төмендеуіне себеп болған ең басты мәселе. Осы тауардың әлемдік сұранысы пен ұсынысы мұнай бағасының арзандауына себеп болды. Ал сарапшылардың келесі бір тобы саяси дағдарыстар мен келіспеушіліктерді мұнай бағасының төмендеуінің басты себебі ретінде атап отыр.
Осы аяда белгілі бір мақсаттармен мұнай бағасының төмендеуін көздеп жүрген Арабстанның саяси іс-әрекеттерін атап өту қажет. Осындай жағдайда әлемдік сұраныстың қысқа мерзім ішінде артатыны күтілмейді. Мұнымен қатар, АҚШ-тың қатпарлы мұнай өндірісі мұнай нарығына шынайы қауіп төндіріп, сұраныстың азаюына себеп болды. Алдағы жылдары мұнайдың осы түріәлемдік ұсынысқа қосылады деп күтілуде. Осы мәселе жүзеге асатын болса, жақын арада мұнай бағасының қымбаттауы екіталай.
Бижан Намдар Зангане үкімет отырысының аясында тілшілерге берген сұхбатында: «Мұнай бағасының төмендеуінің себебі – АҚШ-тың мұнай өндірісінің болжанған деңгейден асып кетуі. Бірнеше ай ішінде АҚШ-тың мұнай өндірісі 900 мың баррельге артты. Бұл көрсеткіш ОПЕК белгілеген деңгейден артық. Біз қазір ОПЕК мүшелелерімен бір шешімге келу үшін кеңесіп жатырмыз. Дегенмен, шешім қабылдау қиын. Себебі ОПЕК өз өндірісін азайтуы керек. ОПЕК-тің кейбір мүшелері осы ұйымның өндіріс деңгейін азайтқаннан бері көп уақыт өтпегенін және біраз уақыт бұл әрекеттің қандай нәтижелері болатынын көру үшін күте тұру керек екенін айтып отыр» деді.