Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу (6)
Бүгінгі бағдарламада тәкфирлік ағымдардың ақылға сүйенуді теріске шығаруын сынап, олардың ойларының исламның басқа мазхабтарын ұстанушылардың көбімен қайшылығына тоқталамыз.
Өткен бағдарламада ДАИШ тәкфирлік-лаңкестік тобының қалай құрылғанын баяндап, осы топ пен басқа да соған ұқсас тәкфирлік-лаңкестік топтардың кейбір идеологиялық негіздерін сынадық. Тәкфиршіл салафиттердің идеологиялық негіздерінің бірі – аяттар мен рауаяттарды дәлелдеуде ақылға жүгінуді теріске шығару. Салафиттер үшін ақыл маңызды емес. Олардың сенімінше, кітап пен сүннет діннің барлық принциптерін қамтиды, сондықтан ақылға қажеттілік туындамайды. Ақылдың ең маңызды мағыналарының бірі – адам баласының рационалды ғылымы мен білімі. Тәкфирлік топтардың көзқарасы бойынша, ақыл «бүлік және арандатушылық» болып табылады және адамды Құдайға деген қажеттіліктен арылтады. ДАИШ сияқты тәкфирлік топтар да осындай идеологиялық негізге сүйеніп, ақылды шариғат үкімдерін дәлелдеу құралы және танымның бастауы ретінде қабылдамайды.
Құран адамды білуге, білім жинауға, ойлану мен ақылды болуға шақырады. Пайғамбарға аян берілген алғашқы аятта оқуға, қалам мен ғылымға ишарат етілген. Бұл – исламның мақтаныштарының бірі, әрі ислам дінінің білім, мәдениет, хабардарлық пен ойлануға ерекше назар аударатынын көрсетеді. Таным тәсілі тұрғысынан тәкфиршіл салафиттердің жолы мен тәсілі салаф-бабалардың түсінігінің артықшылығын баса айтуға негізделген. Олар барлық адамдар «салаф» түсінігін ұстануы керек деп санайды. Өйткені, олардың ойынша тек салаф түсінігінде тазалық бар. Басқа түсініктердің исламға еш қатысы жоқ. Олар тек адамды одан ары адастыра түседі. Тарихи тұрғыдан «салаф» сөзі Ибн Таймияға дейін хадисшілер тарапынан жалпы мағынада «өткен буын, ата-баба» деген мағынада қолданылған. Содан кейін Ибн Таймия осы сөзге жасанды түрде терминдік мағына берді. Мұхаммед ибн Әбд әл-Ваххаб бұл сөзді әсірелеп тәпсірлеп, басқа мұсылман топтарды дінбұзар деп жариялау үшін пайдаланды.
Жалпы «салаф» сөзі ислам үмбетінің алғашқы үш ғасырына жататын «тақуа алдыңғы буын» деген мағынаны береді деп айтуға болады. Бұл термин пайғамбардан (с.ғ.с.) қалған рауаяттан бастау алады. Сахих Бұхари мен Сахих Мүсілім мұны Ибн Масудтен келтірген.
«Менің ғасырымдағы адамдар ең жақсы. Сосын олардан кейін келетін адамдар жақсы. Солардан кейін бірінің куәлігі екіншісінің антын, кез келгенінің анты басқасының куәлігін бұзатын адамдар келеді». Ибн Таймия мен оның ізбасарлары осы хадиспен ислам дәуірінің алғашқы үш ғасырын ақиқат пен жалғанның критерийі деп алып, осы заманда істелген немесе «салаф-баба» іс жүзінде растаған істерді толығымен қабылдайды.
Сондықтан, салафизм дегеніміз х.қ.ж.с.б. екінші және үшінші ғасырларда өмір сүрген сахабалар, олардың ізбасарлары мен хадисшілерінің түсініктері мен тәсілдерін ұстану деген мағынаны білдіреді. Олар мәтіндер мен рауаяттардың сыртқы формасын ұстанып, салаф-ата-бабаның тәсілі мен сүннеті туралы кез келген философиялық және теологиялық түсініктемелерге және нақыл айтуға қарсы шыққан. Бұл іс әлеуметтік тұрғыдан сектанттық догматизм мен тәкфирліктің туындауы және мұсылмандардың басқа ағымдарының жалған саналуына жағдай жасады. Өйткені, салафизмнің ең маңызды салдары ислам халифатын қайта жаңғыртып, басқа үкіметтерді жалған үкімет деп санауы болды. Оларды дұрыс салафиттік тәсілге қайтып оралу арқылы өзгерту керек. Осы тұрғыдан қазіргі замандағы барлық ұлттық және халықаралық ұйымдар мен қауымдастықтар наным-сенімдер, ақлақ пен заң салаларында исламнан тыс негіздерді қабылдағандықтан, ислам емес саналып, теріске шығарылуға лайықты. Бұл сыртқы салафизм ДАИШ-тың да салафтың ізбасары ретінде пайғамбардың жолы, аяттар мен рауаяттарға сүйенген-сымақтанып өз қылмыстарын жасауына себеп болды. Салафизмді жан-жақты сынға алуға болады. Тәкфиршіл салафиттердің пайғамбардың «Ең жақсы ғасыр – менің ғасырым» деген хадисіне сүйенуінде көңіл аударуға тұрарлық көптеген жайттар бар. «Хайр әл-қурун» сөзін үш жүз жыл деп тәпсірлеуге еш негіз жоқ, бұл хадисті қате түсінгеннен туындаған. Өйткені «қарн» араб тілінде қазіргі мағынасына керісінше «жүз жыл» деген мағынаны бермейді. Бір заманда бірге өмір сүретін халық мағынасында болған. Қазір оның орнына «жамағат» сөзі қолданылып жүр. Құранда да «қарн» сөзі осындай мағынада қолданылған. «Қурун» сөзі Құран Кәрімде жеті рет қолданылған. Онда «қарн» «жүз жыл» деген мағынаны білдірмейді.
Ибн Хаджар Асқалани сүнниттер арасында бүкіл әлемдегі абсолюттікті сақтаушы және шейх ул-ислам саналады. Ол тарих, хадис пен саясат ғылымдары бойынша эксперт әрі ғалымдар жүгінетін үлгі болып табылады. Хафиз Джалаледдин Сивати Ибн Хаджар Асқаланиді былай деп сипаттайды: «Ол имам мен хафиз болатын және өз заманында «қазылардың қазысы» деген атаққа ие болған. Ғылым мен хадиске құмарлар әлемнің түкпір-түкпірінен хадис үйрену үшін оған баратын. Хадистануды басқару сол кісіге тапсырылған». Ибн Хаджар Асқалани «Хайр әл-қурун» хадисін тәпсірлеуде «қарн» сөзін «бір заманда өмір сүрген халық» деген мағынада түсіндірген. Тіпті х.қ.ж.с.б. алғашқы үш ғасырды дұрыс деп санағанның өзінде қазір мынадай сауал туындайды: әлгі үш ғасырды қалайша ең қадірлі ғасырлар деп санауға болады? Өйткені, хадисшілер бедғат атымен өз ойын тарату деп аталған нәрселердің барлығы алғашқы жүз жылдықта немесе одан сәл бұрын орын алған. Хаваредж, марджее, қадрие, мутазеле мен басқа да ағымдар тура сол заманда пайда болған. Мұнымен бір мезгілде салафиттік түсініктің артықшылығы мен оған ақиқаттың жалғыз жолы ретінде сүйенудің өзі бедғат-дін атымен өз ойын тарату мен қоспадан ада емес. Мұнымен қоса, олардың өздері көптеген иджтихадтарды салафиттік түсінікке енгізіп, оларды әлемге салафиттік наным-сенім деп ұсынады. Олардың Аллаға серік қосу, таухид – Алланың бірлігі, ғибадат, сыйыну мен салаф-бабалар сияқты ұғымдарды түсіндіруі бұрынғылардың түсінігіне мүлдем сәйкес келмейді. Бұлар салафиттердің өздерінің түсініктері мен иджтихадтарынан алынған. Сондықтан олар қарсыластардың сынына ұшырайды. Осы жайында сүннит ғалымдардың бірі Рамазан әл-Бутидің «Салафизм бедғат па, әлде мазхаб па?» атты кітабына тоқталуға болады. Ол салафизмді ислам қоғамы үшін зиянды жаңашылдық деп санайды, өйткені олар наным-сенім мен ой-пікір мәселелерінде жаңа түсініктер мен иджтихадтың жасалуына кедергі келтіріп, исламды қабылдау мен таратуда сылбырлық пен тоқыраудың туындауына себеп болды.
Салафиттер өз ағымдарына бедел беру үшін барлық салаларда оған жүгінуге болады деп көрсетуге талпынуда. Салафиттер салафизмге заңдылық беру арқылы өздерінің әрекеттері, сөздері мен жолдарын қазіргі заманға үлгі ретінде көрсетіп, болашақтың адамдарына ойланып, ой қорытуға мүмкіндік бермеуге тырысуда. Салаф ұғымының жолындағы барлық қиындықтарға қарамастан, салафиттік көзқарасты ұстану дегеніміз не? Ол наным-сенім, саяси-экономикалық және әлеуметтік салаларда сахабалар мен олардың ізбасарларының сөздері мен істерін нақты ұстану деген сөз. Әсірешіл салафиттер салаф-бабаның мінез-құлқы мен тәсілінен қандай да бір ауытқуды бедғат, шариғат бойынша харам деп санайды. Осы көзқараста салаф тәсілінің болашақ адамдары үшін саясат, қоғам, мәдениет, сенім мен ұғым салаларында жүгінетін үлгіге айналатындығы маңызды. Енді сүнниттердің танымал ойшылы Абу Хамед Ғазалидің салаф ізбасарлары туралы айтқан сөзіне құлақ салыңыздар: «Пайғамбардан (с.ғ.с.) бізге жеткен нәрсені толық қабылдадық. Сахабалардан жеткен нәрсенің кейбірін алып, кейбіреуін тастадық. Ал ізбасарлардан жеткен нәрседе олардың адам болғанын, өзіміздің де адам болғанымызды ұмытпайық»,-деген. Сүнниттер мен салафиттердің жаңашыл идеологиясы арасындағы алғашқы айырмашылық – «салаф» сөзінің мәні мен «ұстану» сөзінің шегі мен шеті. Салафиттер сүнниттердің барлық шекараларын жүріп өтіп, жаңа көзқарас ұсынды. Салафтың шиіттік көзқарас бойынша да беделі бар. Алайда «салех» - дұрыс, тақуа сын есімі үнемі «салаф» сөзімен қатар жүреді. Барлық сахабалардың әділдігіне сенетін сүнниттерге керісінше шиіттердің көзқарасынша, кейбір сахабалар әділдіктен ада әрекеттер жасаған. Сондықтан барлық сахабаларды әділ деп айтуға және көзді жұмып, дәлелсіз олардың жолын ұстануға болмайды. Шиіт мазһабы Құранның куәлігіне сүйеніп, сахабалар арасындағы қарама-қайшылықтар мен соғыстарды ескере отырып, сахабалар арасында мұнафықтардың болғанын айтады. Сонымен қатар, кейбір сахабаларды теріс істеріне байланысты жазғырған көптеген аяттар бар. Сол себепті барлық сахабалардың әділеттігіне сенуге болмайды. Олардың ізбасарларын айтпаса да болады. Өйткені олардың әділетсіздігі жайлы көптеген дәлелдер келтірілген. Осы тұрғыдан шиіттердің көзқарасынша, Ахл-е бейтпен шектелетін сахабалар тобы, қасиетті кітап пен бұйырылған сүннет қана ұстануға лайықты.