Там 12, 2017 14:34 Asia/Almaty
  • Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу (8)

Бүгінгі бағдарламада тәкфиршілер тұрғысынан таухид ұғымына қысқаша тоқталып, олардың иман мен амал және олардың бір-біріне бағыныштылығын талдаймыз.

Өткен бағдарламада таухид пен шерк ұғымдарын тәкфиршіл салафиттер тұрғысынан баяндадық. Тәкфиршіл салафиттер таухид пен Аллаға серік қосуға қатысты бөлек сенімге ие. Олардың сенімі исламның тағылымдарына қайшы. Таухид – исламның ең маңызды негізі мен тірегі; Алла Тағаланың бір екендігіне сену дегенді білдіреді. Ислам тағылымдары бойынша, таухид исламның кіреберіс шекарасы саналады. Ислам монотеистік және таухидтік дін деп сипатталады. Оған қарама-қарсы шерк – Аллаға серік қосу тұр. Ол кешірілмейтін күнә. Аллаға серік қосып, басқаға сыйына бастаған адам исламның аясынан шығып кетеді. Ваххаббилік мәтіндерде ешбір сөз «таухид пен шерк» сөздеріндей тәкфирлік ағымдардың бастауы ретінде қолданылмаған. Сол себепті ваххабизм идеологиясының ең маңызды тірегін осы екі сөздің астарынан қарастыру керек. Таухид сатыларының бірі – ғибадат бірлігі. Бұл ғибадат пен сыйыну бір Аллаға ғана арналуы тиіс, одан басқа адам табынуға лайық емес дегенді білдіреді. Мұсылмандар күнделікті намазда он рет «Иака набуду» (Жалғыз саған табынамын) деп қайталау арқылы мұны мойындайды. Құдайға сыйынатын адам  барлық заңды әрі жасампаз істердің Алланың рұқсатымен жасалатындығына, бұл істердің ешқайсысының адамдарға жүктелмейтіндігіне сенімді. Адам Аллаға сыйынудың дәлелі осында деп біледі.  Керісінше, күпір адам құдайларға сыйынып, соларды ақиқат деп санап, барлық немесе кейбір жаратылыс істерінің соларға тапсырылғанына сенеді. Осы негізде жұлдыздар мен пұттардан жаңбыр, шипа, көмек, соғыста жеңіс сұрайды. Өйткені, бұл істерді соларға тапсырылған деп санайды. Осы сипаттаманы назарға ала отырып, ғибадаттағы таухид пен шерк ұғымдарының негізгі критериі айқындалады.  Егер тіршілік иесі бір Аллаға әлемді жаратушы және барлық істі басқарушы ретінде сыйынатын болса, сол – ғибадат.

Сенімдегі таухид

Кез келген құлшылық шынайы ғибадат деп саналмайды. Ғибадаттың күші ондағы ниет пен мақсатта.  Ғибадат тек Құдайдың алдында оған жақындау мақсатында жасалуы керек. Сондықтан, ғибадат пен құлшылықтағы екіжүзділік – шерк. Ислам пайғамбары (с.ғ.с.): «Ақырет күні Алла Тағала «Мен ең жақсы серікпін. Маған серік етіп қосқан істерді бүгін босатып, барлығын серігіме беремін. Бүгін шынайы ғамалдан басқаны қабылдамаймын» дейді. Мұнымен қоса, ғибадатта монотеист болуымыз керек. Мойынұсынуда да монотеист болуымыз керек, яғни тек Алланы назарға алуымыз қажет, тек Оны тәуелсіз билеуші санау керек. Басқа біреуге мойынұсынуды Құдайдың дәрежесіне көтермеу керек. Алланың өзі таңдаған кейбір адамдарға мойынұсыну Аллаға ғибадат ету аясына жатады. Сондықтан таухидті бұзу саналмайды. Оларға ғибадат ету Құдай тарапынан бұйырылған соң, Алланың өзіне ғибадат еткендей болады»,-деген. Ваххабизм мен Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) таратқан шынайы ислам тағылымдарының негізгі айырмашылығы ғибадат бірлігінде.

Таухид

Ваххабистердің кітаптарында осы мектептің негізін салушының көзқарастары негізінде екі түрлі таухид жайлы айтылған: рабуби бірлігі мен илаһи бірлік. Біріншісін жаратылыстағы таухид, ал екіншісін ғибадаттағы таухид деп тәпсірлеп, былай деп еске салады: исламның барлық ағымдары жаратылыстағы таухидті қабылдап, Алладан басқаны Жаратушы санамайды. Бірақ, олар ғибадатта күпірлікке душар болған. Өйткені, олардың пайғамбарлар мен имамдарға жүгінуі немесе оларды шақыруы, пайғамбарлардан шапағат тілеуі сияқты істерінің барлығы пайғамбарларға табыну болып табылады. Осы тұрғыдан пайғамбарлық миссия заманындағы мүшріктердің барлығы бірдей. Егер рабуби таухиді азаптан құтылу үшін жеткілікті болса, миссия кезіндегі мүшріктердің барлығы құтқарылғандардың қатарына жататын еді.  Тәкфиршіл ваххабистер Құран мен ислам пайғамбарынан жеткен рауаяттардан таухид жайлы бөлек түсінікке ие болса, күпірлікті де басқаша түсінген.

Ваххабизм

Тәкфиршілер тарапынан күпірліктің дәлелдерін тарату жайлы былай деуге болады: Құранда күпірлік екі негізгі түрге бөлінген: біріншісі – ислам үмбетінен шығу. «Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды» деген «Бақара» сүресінің 34-аяты Ібілістің кәпір болғаны туралы. «Мәида» сүресінің 17 және 73 аяттарында христиандар мен үштік күшке сенетіндердің кәпірлігі жайында. Күпірліктің екінші түрі – ислам үмбетінен шықпау. Сүннит тәпсіршілердің көбінің түсіндіруінше «Нәмл» сүресінің 40-аяты сияқты аяттарда «кәпір, күпір» сөзі «шүкіршілік етпеу» мағынасында қолданылған.

Осылайша кәпір сөзі Құранда басқа аяттарды назарға ала отырып түсіндіріледі. Тәкфиршілдердің кәпір сөзінің қолданылғанына байланысты Құран аяттарына сүйенуі Алла сөзінің ақиқатына қайшы. Сенімді рауаяттар мен аяттарға назар салсақ, «тәкфирлік» тыйым салынған жаман іс саналады. Құдай «Ниса» сүресінің 94-аятында: «Сәлем бергенді дүние-мүлікке қызығып: “Мүмін емессің” демеңдер»,-деген. Екінші халифтің ұлы Абдулла бен Омар: «Пайғамбардан (с.ғ.с.) естідім: ислам бес нәрсеге сүйенген: Алланың бірлігі мен Мұхаммад пайғамбардың Ол тарапынан жіберілгеніне куәлік етуге, намаз оқып, зекет беріп, қажылыққа баруға, Рамазан айында ораза ұстау»,-деген. Тәкфиршілердің Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар таратқан шынайы ислам тағылымдарынан қате қабылдаған келесі тақырып – иман мен амалдың бір-біріне бағыныштылығы.

Иман

Иман «әмн» сөзінен шыққан «растау» деген мағынаны білдіреді. Оны екі мағынада қолдануға болады: біріншісі – күпірлікке қарсы, екіншісі – теріске шығаруға қарсы. Терминдік мағынада иман үш бөліктен тұрады: біріншісі – тілмен растау, екіншісі – жүрекпен растау, үшіншісі – амалмен растау. Басқаша айтқанда, иманның терминдік  мағынасы осы үшеудің біреуі немесе олардың қосындысы бола алады. Осы тұрғыдан иманның терминдік мағынасына қатысты әртүрлі көзқарастардың туындауына жағдай жасалды. Хареджиттік идеологияның қалыптасуына әсер еткен ең маңызды фактор – олардың «иман» ұғымын әсірелеп түсіндіруі. Олардың көзқарасынша,  кез келген адам тілмен және жүрекпен қаншалықты Аллаға иман келтіргенімен, күнә жасаса, иманынан айырылып, кәпір саналады. Осы тұрғыдан олар басқа мұсылмандарды кәпір санап, оларға тәкфир айтқан. Шын мәнінде,  тәкфирлік ағымдар үстірт көзқарасқа ие болғандықтан, ислам мен иманды бір дәрежеге қояды. Оған қол жеткізген адам үлкен табысқа кенеледі. Одан сәл ауытқыған адам кәпірлердің қатарында саналады. Ауызша исламды мойындап, Құдай мен оның елшісіне иман келтіріп, намаз оқып, ораза ұстаса да, кәпір саналады. Осы негізде қоғам екіге бөлінді: иманды топ және имансыз кәпір топ.  ДАИШ-тың басшысы Абу-Бакр Бағдади бір дыбыстық таспада осы жайлы: «Қоғам екі лагерьге бөлінеді: біріншісі – иман, онда ешбір екіжүзділік жоқ; екіншісі – күпірлік. Онда иманға орын жоқ. Үшінші топ жоқ. Ұйымның мүшелері – адалдығын жариялағандар мен ұйымның жанында оны растаушылармен бірге соғыс алаңына шыққандар бірінші лагерьге кіреді. Тек тұрған жері мен басқа да себептерге байланысты ұйымға мүше бола алмайтындар ғана бұл лагерьден тысқары қалады. Екінші лагерьге кез келген мазхабтағы дінбұзарлар, христиандар, сондай-ақ,  сүнниттік ағымдағы барлық мұсылман мазхабтарын ұстаушылар жатады. Олар демократиялық билік, басшылар мен билеуші режимдерді растайды»,-дейді. ДАИШ, сонымен қатар, Мысыр, Тунис, Алжир, Марокко мен басқа елдердегі армиялар мен полицияларға тәкфир айтқан. Өйткені, даиштіктердің сенімі бойынша олар күпірлік жасады деп айыпталған билеушілерді қолдайтын құралдар болып табылады.

ДАИШ