Там 23, 2017 16:38 Asia/Almaty
  • Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 9

Алайда ваххабизм мен тәкфиршіл ағымдар, соның басында ДАИШ ислам мен иманды бір деңгейге қойып, мұны түсінген әр адамды мұсылман, ал өз ойларынша бұзған адамды, тіпті ол тілімен исламды қабылдап, Алла мен Алла елшісіне иман келтіріп, намаз оқып, ораза ұстағанымен кәпірлердің қатарына қосады.

Исламдық тағылымдар бойынша иманның үш кезеңі бар: бірінші кезеңде тілмен қабылдау, екінші кезеңде жүрекпен, үшінші кезеңде іс жүзінде растау. Исламның көзқарасы бойынша, Алланың жалғыз болуы мен Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның ресалатын мақұлдаған адам мұсылман саналады. Шын мәнінде, исламдық тағылымдар бойынша адам Ислам дініне деген иманын тілімен растаса, мұсылман саналады. Жүрек және іспен растау – иманның келесі кезеңдері. 

Иман

Алайда ваххабизм мен тәкфиршіл ағымдар, соның басында ДАИШ ислам мен иманды бір деңгейге қойып, мұны түсінген әр адамды мұсылман, ал өз ойларынша бұзған адамды, тіпті ол тілімен исламды қабылдап, Алла мен Алла елшісіне иман келтіріп, намаз оқып, ораза ұстағанымен кәпірлердің қатарына қосады. Олар тәкфиршіл үкімді ақтау үшін ДАИШ-тен басқа барлық мұсылмандарды кәпір санап, «Мәиде» сүресінің «...Кім Алланың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар қарсы болушылар»,- деген 44-ші аятына сілтеме жасайды. Тәкфиршіл ваххабизм иманның пайғамбарлар ресалаты, Алла, ғайып, қиямет сынды ұғымдарға көңіл бөлмей, жүгіну, шапағат талап ету мен зиярат сынды заңды мәселелерге иман келтірген адамды кәпір және олардың қанын төгуді рұқсат санайды. ДАИШ мұндай ой-пікірлерімен барлық сүнниттерді өзіне қарсы қойып, шиіттер мен мұсылман еместерді кәпір, ал олардың қаны мен мүлкін төгуді халал дейді.  ДАИШ-тың пікірі бойынша олардың тәубалары қабыл болмайды. 

ДАИШ

Тәкфиршілердің мұсылмандарды кәпір санауына себеп болатын иман мен амалдың бірге болуы туралы мәселеге қатысты былай деп айту керек: «Иман адамның тілімен растауы арқылы оның болмысында пайда болады. Алайда иман ғамалмен расталмаса, ілгерілемейді. Сондықтан, ғамал иманды қажет етеді. Ғамал мен иманның бірге болуын қажет ететін тәкфиршіл пікірге қайшы ғамал иманның бір бөлігі емес. «Бақаре» сүресінің 277-ші аятында: «Негізінен иман келтіріп және iзгi ic iстегендер...» деп айтылуы иман мен амалдың бір емес екенін көрсетеді. Сондай-ақ, «Таһа» сүресінің 112-ші аятында: «Ал кім иман келтірген түрде түзу іс істесе...»,- деп айтылуы иман мен амалды жеке көрсетеді. Сүнниттердің сенімді хадистер кітабы «Сахих Бухариде»: «Пайғамбар (с.ғ.с.) Хейбарда хазірет Әли (ғ.с.)-ға «Шаһадатаинды мойындаған дұшпанмен соғыста олардың мүлкі мен жанын құрметте» деген»,- деп айтылған. Егер адам сырт көзге иман келтіргенін жариялағанымен адал амал жасамаса, ақыретте жазаланады. Тәкфиршілер өздері сынды ойлап, олар сияқты ғамал етпейтін сүнниттер мен шиіттерді кәпір санайды. Тәкфиршілердің ақылы мен сөздерінің шектеулі болуына назар аударып, өкінішке орай, олардың исламдық тағылымдарды бұрыс түсінуінің ешбір қисынға сыймайтынын көреміз. Сондықтан, олар исламдық мазхабтардың ғалымдарымен пікірталасқа шықпайды. Ваххабизмнің «тәкфиршіл ағымдардың рухани әкесі» деп көп қуаттайтын негіздерінің бірі «жиһад» болып табылады. Олардың пікірінше жиһадтың негізі әшкере немесе жасырын, қарулы немесе қарусыз түрде исламдық үкімет құруға көмектесе алатын тәкфиршіл ой-пікір негіздерінің ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Тәкфиршілердің, әсіресе әл-Қаида ұйымының пікірі бойынша ислам дінінің басты негіздеріне жатады.

Тәкфиршілер

Тәкфиршілердің көзқарасы бойынша, жиһад – Алланың дұшпандарына қарсы террор жасап, оларға қарсы соғысу, исламдық үкіметті бейбіт жолмен құруға шақыруды толықтыратын іс. Олар экстремистік салафиттер мен уаһабшылардың фикхтерінің илаһи аяттарға жасаған өздерінің арнайы тәпсірлеріне сүйеніп, бастапқы жиһадты қуаттайды. Ислам үлем мен данышпаннан гөрі  моджаһедті қажет етеді. Жиһад түсінігі мен «исламдық қоғам», «надандық қоғам» жобасын дәстүрлі «дар ал-ислам» және «дар ал-харб» түсініктеріне сай идологияға айналдыруда маңызды рөл атқарған Сейед Қотб маңызды адамдардың бірі саналады. Тәкфиршіл ағымдардың басшыларының бірі Абдолла Изам: «Келіссөздер мен жиын емес, тек жиһад пен қару»,- дейді. ДАИШ-тың наным-сенімдері бойынша барлық исламдық үкіметтер мен оларды растайтын адамдар кәпір саналады. Мүміндер – кәпір үкіметтерді құлатып, исламдық үкімет құру үшін әшкере және құпия түрде белсенділік танытатындар. Сондықтан, жиһад ер адам мен әрбір мұсылман үшін үкіметтерді өзгертіп, исламдық үкіметтер қалыптастыру саласындағы уәжіп болып табылады. Тәкфиршіл топтардың басшыларының бірі Абдолсалам Фарадждың пікірі бойынша илаһи ахкамды орындау мұсылман үшін уәжіп болғандықтан, исламдық үкіметтің орнатылуы да уәжіп болады. Егер исламдық үкімету орнату үшін қырып-жоюдан басқа жол болмаса, жиһад мұсылмандар үшін уәжіп болады. 

Абдолла Изам

Әл-Қаида мен ДАИШ сынды тәкфиршіл ағымдар осы ой-пікірлері брйынша жиһадты шабуыл жасау және қатыгездік, кісі өлтірумен теңестіріп, өз әрекеттерін заңды етіп көрсетпек. Абубакр Бағдади мұндай жиһадтың маңыздылығы туралы: «Алланың жолындағы жиһад Андалусия құлағаннан кейін  мұсылмандар өмір сүретін қалаларды босату үшін барлық адамдарға уәжіп етілді» дейді. Тәкфиршіл ағымы сарапшыларының бірі Коул Бунзел ДАИШ тобының жиһадтық ұстанымын ваххабизм тағылымдарынан шыққан деп атап: «ДАИШ тобы ваххабизм негіздері бойынша шерк пен пұтқа табынушылықтың тамырын жою үшін орындалатын шапқыншы жиһадты қуаттайды»,- деді. ДАИШ ағымы «Мұхаммад» сүресінің «Соғыста кәпірлермен кездессеңдер, мойындарынан шабыңдар оларды жаныштағанға дейін. Сонда берік байлаңдар (тұтқынға алыңдар)...»,- деген 4-ші аятына сүйеніп, ваххабизмді қабылдамайтын шиіттер мен сүнниттерді қырып-жою мен оларға қарсы соғысты ақтайды. Тәкфиршіл, әсіресе ДАИШ тобының жиһадтық ұстанымында сионистік режим мен Батыс елдері сияқты ислам дүниесінің дұшпандарына қарсы емес, керісінше қарсы мұсылмандарға жиһад қуатталады. Абдусалам Фарадж жиһад тұрғысынан Ибн Таймиенің идеясына назар аударып, жақын дұшпанмен соғысуды алыс дұшпанмен соғысудан басымды санап, сионистік режимге қарсы  пікірді ақтайды. Олар «Тәубе» сүресінің «Әй, мүміндер! Маңайларыңдағы кәпірлермен соғысыңдар» деп айтылған 123-ші аятына сүйенеді. Тәкфиршілер дінінен алыстаған және мұнафық мұсылмандарды, соның ішінде шиіттерді де солардың қатарына жатқызып, жақын дұшпандары санап, соларға қарсы жиһадты басты мәселе деп санайды. Тәкфиршілердің әсіресе Ирак пен Сириядағы ДАИШ идеясындағы жиһад түсінігі негізінде сүнниттер мен шиіттердің діни ой-пікірлерінен өзгеше.