Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 10
Тәкфиршілердің әсіресе Ирак пен Сириядағы ДАИШ идеясындағы жиһад түсінігі сүнниттер мен шиіттердің діни ой-пікірлерінен өзгеше.
Исламдық тағылымдар бойынша адам Ислам дініне деген иманын тілімен растаса, мұсылман саналады. Алайда ваххабизм мен тәкфиршіл ағымдар, соның басында ДАИШ ислам мен иманды бір деңгейге қойып, мұны түсінген әр адамды мұсылман, ал өз ойларынша бұзған адамды, тіпті ол тілімен исламды қабылдап, Алла мен Алла елшісіне иман келтіріп, намаз оқып, ораза ұстағанымен кәпірлердің қатарына қосып, оларды өлтіруді рұқсат санайды. Олар экстремистік салафиттер мен уаһабшылардың фикхтерінің илаһи аяттарға жасаған арнайы тәпсірлеріне сүйеніп, бастапқы жиһадты қуаттайды. Ислам үлем мен данышпаннан гөрі моджаһедті қажет етеді. Ваххабизмнің «тәкфиршіл ағымдардың рухани әкесі» деп көп қуаттайтын негіздерінің бірі «жиһад» болып табылады. Тәкфиршілер дінінен алыстаған және мұнафық мұсылмандарды, сонымен қатар шиіттерді де солардың қатарына жатқызып, жақын дұшпандары санап, соларға қарсы жиһадты басты мәселе санайды. Тәкфиршілердің әсіресе Ирак пен Сириядағы ДАИШ идеясындағы жиһад түсінігі сүнниттер мен шиіттердің діни ой-пікірлерінен өзгеше. Олар жиһадқа сүйеніп, өздері кәпір және Алланың дұшпаны деп санайтындарға қарсы соғыс пен террор және адам өлтіруді исламның ең маңызды негізі деп есептейді.
Құран аяттары бойынша, Аллаға қарай шақыратын жиһад қарулы жиһад емес. «Нахыл» сүресінің 125-ші аятында: «Адамдарды Раббыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр»,- деп айтылған. Сонымен бірге Аллаға қарай шақырудан кейін «Бақара» сүресінің 256-шы аятында: «Дінде зорлау жоқ...»,- деген. ДАИШ тобының «жақын кәпірлерге» қарсы жиһадқа шығу тәпсірі сүнниттердің Құранға сүйеніп жасаған тәпсірінен өзгеше. Өйткені, мұсылмандар, тіпті мұнафықтар да оларды «жақын кәпір» деп атап, олармен соғысуды басты мәселе санайтындай, мұсылмандар мен мұнафықтар «кәпірлерге» жатпайды. Исламдық рауаяттарда «жақын дұшпан» деп, Мединенің айналасында өмір сүретін Бани Қаризе, Бани Назир және Хайбер еврейлері аталады. Құран Кәрімде тіпті мұнафықтар да «жақын дұшпан» деп аталмаған. Қазіргі кезде ислам үмбетіне ең жақын кәпір тобы исламдық мемлекеттердің, соның ішінде Палестина, Иордания, Мысыр, Сирия және Ливан жерлерін басып алған сионистер саналады. ДАИШ тобы олардың қылмыстары мен дұшпандық ұстанымдарына реакция білдірген емес. Олар тек мұсылмандарды ғана нысанаға алады. ДАИШ тобының мұсылмандарды өлтіруі мен оларға қарсы жиһадты ақтау үшін «Бақара» сүресінің 191-ші аяты мен «Мұхаммад» сүреснің 4-ші аятына сүйенуі Құран тәпсіршілерінің тәпсірлері мен деректерге қайшы. Өйткені, тәпсіршілердің көбі бұл аяттарды Мекке кәпірлерінің мұсылмандармен соғысына, яғни, мұсылмандармен соғысатын кәпірлерге қатысты жіберген санайды. Тәкфиршіл топтар басшылары жиһадты уәжіп, оны жаңғыртуды қажет санайды. Олар аяттар мен рауаяттарды тәпсірлеп, өз әрекеттері ме қылмыстарын ақтап, заңды деп көрсетуге әрекет жасауда. Негізінде ДАИШ басшыларының көбінің исламдық тағылымдар туралы білімдер өте төмен. Сондықтан, олардың рауаяттар мен аяттарды тәпсірлеп, пәтуа беретін құқығы жоқ. Осыған орай олар өз пәтуаларын ақтап, Ислам дінінде, тіпті сүннитердің фикхінде кездеспейтін жауаптар береді. Мысал ретінде олардың мұсылмандардың негізгі дұшпандары сионистермен соғыспау туралы жауаптарын атауға болады.
ДАИШ басшылары сионистермен соғыспауының дәлелін ақырет және құтқарушының келуімен байланыстырып, өз халифаттарын растау үшін ақырғы заман туралы кейбір рауаяттарды өзгертіп: ««Көтеріліс Құдсқа жетеді» деген сөздің мағынасы Бейт әл-Мұқаддастың көтеріліс пен халифаттың астанасы болатынын білдірмейді. Алайда, хазірет Исаның сол жерде көрініп, еврейлердің үкіметінің құлайтыны сан рет айтылды. Сондықтан халифат өз-өзінен Палестинаға дейін таралады» дейді. ДАИШ-тың ақпарат құралдары біраз уақыттан бері қара байрақты ерлердің көтерілісі мен Хорасанның оңтүстігі (Ауғанстан) мен араб аралынан Ирак пен Шам моджаһедтерінің бірлігі мен Мосулды жеңетінін қуаттап, рауаяттар негізінде өзінің құтқарушы екендігін растауға талпыныс жасауда.
«Ақыр заман» деп әлем өмірінің соңынан бұрынғы адамдардың өмірінің соңғы кезеңіне айтылады. Басқаша айтқанда, бұл кезең Исламның ұлық пайғамбарының бұл дүниеге келуімен басталып, қияметтің басталуымен аяқталады. Дәл осы кезеңде әлемнің құтқарушысы келіп, дүниежүзі үлкен өзгерістердің куәсі болады. Яғни, әлемде шындық пен әділеттің туы көтеріліп, зұлымдық, бұзақылық пен әділетсіздіктің тамыры оталады. ДАИШ-тың ресми басылымы «Дабиқ» деп аталады. Дабиқ – Сириядағы өте кішкентай қала. Бұл қала әскери тұрғыдан аса маңызды емес. ДАИШ лаңкестері бұл қаланы басып алу үшін көп шығын көрді. Басып алған соң қатты тойлады. Дабиқты басып алудағы қасарушылық ДАИШ лаңкестерінің уәждерінше, Абу Хурайренің Исламның ұлық пайғамбарынан нақыл еткен хадисіне байланысты. «Сахих Мүсілім» кітабында: «Римдықтар Дабиққа шабуыл жасамағанша қиямет келмейді. Сол күннен кейін жер құрлығының жақсылары болып табылатын ләшкер Мединеден оларға қарай жолға шығады. Олардың үштен бірі өледі. Олар Алланың алдындағы артық шәһидтер саналады, келесі үштен бірі жеңіледі. Содан соң Константипольді жеңеді... кейін хазірет Иса келеді... Алланың дұшпаны оны көрген кезде тұз сияқты суда еріп кетеді....»,- деп жазылды.
Бұл хадис бойынша қиямет келген соң мұсылмандықтар римдықтармен бірге Дабиқте соғысып, ауыр шығын көріп, қаланы басып алады. Қаза болған мұсылмандар – Исламның ең жақсы шәһидтері. Бұл хадис – рауаяттары расталмаған Абу Хурайре рауаяттарының бірі. Рауаятқа нақтырақ көңіл бөлсек, ДАИШ сарапшыларының қайшылықтары анықталады. Рауаяттың мәтінінде римдықтардың Дабиққа келетіні туралы айтылған. Бірақ римдықтар Дабиққа кірмеген. Ал ДАИШ әскери шабуылымен Дабиққа кіреді. Рауаят бойынша Мединеден әскерилер келіп, римдықтармен соғысады. ДАИШ күштері Мединеден емес, олар әлемнің әртүрлі мемлекеттері мен аймақтарынан Сирияда жиналған.