Қыр 13, 2017 16:17 Asia/Almaty
  • Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 11

Салафиттік тәкфиршіл ағымдардың сарапшыларының арасында таралған маңызды көзқарас бойынша пайғамбардың жолы мен тәсіліне сай халифат құрылуы керек.

ДАИШ өзін ақыр замандағы адамзатты құтқаратын қорғаушының қолдаушысы санайды. Олар өздерін хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның серіктері деп атап, соған адамдардың сенгенін қалайды. ДАИШ-тың ресми органы «Дабиқ» басылымы ақыр заманның белгілерін өз белгілеріне ұқсас етіп көрсетеді. ДАИШ «Дабиқ» басылымының екінші нөмірінің соңғы бетінде «Сахих Мүсілімдегі» пайғамбар (с.ғ.с.)-ның хадистерінің бірін нақыл етеді: «Сендер әл-Араб аралының тұрғындарымен соғысасындар. Содан соң Алла ол жерді жеңіп алады. Содан кейін парсылармен соғысасындар. Алла ол жерді де жеңіп алады. Риммен соғысып, Алла ол жерді де жеңіп алады. Соңында шайтанмен соғысып, Алла оны жеңеді..». ДАИШ тобының насихатшылары осал және жалған осы хадистерге сүйеніп, кейде тіпті бұл хадистердің сыртқы мағынасына да назар аудармастан, өддерін құтқарушы келетін кезеңдегі өзгерістермен байланыстырады. ДАИШ өзін хазірет Мәһди (ғ.с.) үкіметінің келуімен өтірік байланыстырып, өздерін заңды етіп көрсетіп, аңқау адамдарды алдайды. Олар ақыр заманда хазірет Мәһди (ғ.с.)-ға бият ететін қара байрақтар туралы хадистерге сүйеніп, өздерін солардың қатарында таныстырып: «Хорасан жақтан келе жатқан қара байрақтарды көрген кезде, тіпті олар мұздың үстінде келе жатса да, соларға еріңдер. Өйткені, Алланың халифасы Мәһди солардың арасында»,- дейді.

ДАИШ

ДАИШ ақыр заман туралы қиялдарында Абу Бакр әл-Бағдадиды мұсылмандардың халифасы-мыс, сондықтан имам Мәһди (ғ.с.) келген кезде басшылықты соған жүктейді деп санайды. ДАИШ лаңкестерінің пікірінше, моджаһедтер басқаша айтқанда, ДАИШ –  хазіреттің қасында күпіршілікпен соғысатын хазіреттің серіктері-мыс. Шиіттер мен сүнниттердің рауаяттарында да ақыр заман кезіндегі қара байрақтар туралы айтылған. Бірақ, бұл байрақтардың иелері кім және олардың қай кезде қозғалатыны туралы мамандардың пікірлерінде айырмашылық бар.  Ақыр заманға қатысты рауаяттарда қара байрақ желбірейтін бірнеше көтеріліс орын алады. Олардың кейбіреуі шындық, басқалары жалғандық жолында болады. Әрине, шындық жолындағы байрақтар мадақталып, халықтан оларды қолдау талап етіледі. «Ахқақ әл-Хақ» кітабында имам Әли (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде жалған жолда желбірейтін қара байрақтар туралы айтылған. Бұл рауаят олардың кейбір ерекшеліктерін еске салып, оларды айыптайды. Олар қатыгез, тасжүрек, ешбір уәделеріне табанды болмай, сырт көзге шындыққа шақырады. Бірақ, негізінде шындық жолындағылар емес. Олардың есімдері күниелерімен аталып, тектері қалаларының атаулары болады. Мәселен, әл-Бағдади, Шишани, әл-Беритони, әл-Анбари. Бұл рауаят «Оларды көрген кезде жерге жабысып, қозғалмаңдар, яғни олардың шақыруы жалған.  Сондықтан оларға қосылмаңдар, оларды қолдамаңдар» дейді. Бұл жерде тәкфиршіл топтар, әсіресе ДАИШ қара байрақтар туралы қай рауаятқа сүйеніп, өздерін шындық байрақтарының иелері деп таныстырады деген сұрақ туады. Олар сондай-ақ бұл хадистерді өз мүдделеріне сай сараптайды. Кейбір рауаяттарда жалған байрақтар туралы да айтылған. Шын мәнінде, жалғандықтың қара байрақтарының кейбір белгілері осы топтардың, әсіресе ДАИШ тобының белгілеріне ұқсас. Ақыр заманға қатысты хадистерді кәсіби  және сенімді дереккөздері арқылы сараптаған жөн. Бұл хадистерді әр адам өзі қалағандай және өздерінің мүдделеріне сай сараптауға болмайды. Тарих бойында мұндай  мұндай тәжірибе исламға көптеген зиян келтірді. Оның заманауи үлгілері аяттар мен рауаяттарды қате түсініп, адасқан ДАИШ пен басқа да тәкфиршіл топтар болып табылады.

ДАИШ байрақтары

 Салафиттік тәкфиршіл ағымдардың сарапшыларының арасында таралған маңызды көзқарас бойынша пайғамбардың жолы мен тәсіліне сай халифат құрылуы керек. Ахмад бен Ханбал нақыл еткен Исламның ұлық пайғамбарының рауаяты бойынша, үстем патшаның билігінен кейін, ақыр заман кезінде қайтадан пайғамбардың жолына сүйенген халифат құрылады: «Алла қалағанша сіздердің араларыңда набават болады. Алла қалаған кезде оны алып қояды. Содан кейін Алла қалаған кезде набават тәсіліне сүйенген халифат орнатылады. Кейін Алланың қалауымен оның да уақыты аяқталады. Содан кейін Алла қалаған уақытқа дейін патша келіп, ол да алынады. Содан соң Алланың қалауымен үстем патша келеді.  Үстем патшаны да Алла қалаған кезде биліктен кетіреді. Үстем патшадан кейін пайғамбардың жолы мен тәсіліне сүйенген халифат орнатылады». Тәкфиршілердің пікіріне сәйкес, қазіргі қоғам толық надан қоғам. Сондықтан әділ халифтар мен адал салафтар  кезіне оралу керек. Олардың көзқарасы бойынша, ислам халифатын құру – аталмыш мақсатқа жету жолындағы ең маңызды қадам. Тәкфиршілердің басшыларының бірі мысырлық Әбдәлсалам Фарадж еңбектерінің бірінде семсерге сүйеніп, ислам үкіметін орнату қажеттігі туралы: «Жер бетінде шариғат орнату – барлық мұсылмандар үшін уәжіп. Осыған орай ислам үкіметінің құрылуы да мұсылмандар үшін уәжіп саналады. Өйткені, ислам үкіметі орнатылмай шариғат орнатылмайды»,- деп жазды. Әбдәлсалам Фарадждің сөздері бойынша тәкфиршілердің халифат құру жолы соңында соғыс пен кісі өлтіруге тіреледі. Деректер бойынша, олар  басқалармен емес, мұсылмандармен соғысады. Олардың ойындағы үкіметтің үлгісі бұрынғы тарих пен әділ халифтар кезеңіне негізделген. Тіпті, саяси билікке жету қазіргі ғасырдың үкімет үлгілеріне қайшы. Олардың  әдістері жиһадтық.

Абубакр әл-Бағдади - ДАИШ халифасы

 Тәкфиршіл ағым әділ халифалардың үкіметін өздерінің мақсаты ретінде жариялап, одан өзге ешбір саяси жүйені қабылдамайды. Сол себепті, тәкфиршілердің пікірі бойынша ислам елдеріндегі үкіметтер заңсыз саналады. Олар адамның рөлін білдіретін демократиялық жүйе мен сайлауға, билік күштерінің бөлінуіне, басқа сенімдер мен ерікті дауыстарға қарсылық білдіріп, оларды шерктің белгілері деп санайды. Сондықтан, тәкфиршіл топтардың бірінің басшысы Абумусааб Сури демократиялық жүйеде жұмыс жасап отырған барлық мұсылмандарды кәпір санап: «Жиһадшылар қоғамының көзқарасы бойынша, заң шығаратын парламентке немесе министрлік пен үкіметке кіріп, жұмыс істейтін демократ мұсылман күпіршілік жасауда»,- деді. ДАИШ мұндай пікірімен Сирияның азат армиясының қатарына қосылған 1500 сүннитті өлтіріп: «Олар азат армияға көмектесушілер болды. Бұл күпірілік саналады, өйткені секуляризмге сүйенеді»,- деп өздерін ақтауға талпыныс жасады.