Аптаның экономикалық журналы (116)
Иран мен Түркияның қарым-қатынастарына шолу, Теһран мен Маскаттың экономикалық қатынастарды кеңейтуді қуаттауы, Иранның алдағы жылға арналған бюджетінің басты бағыттары және «Ортақ қадам» бағдарламасы мен АҚШ туралы мәселелерге тоқталамыз.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф осы аптада Маскат пен Дохаға сапар шекті. Зариф осы аймақтық сапар аясында аталмыш елдердің қайраткерлерімен кездесу барысында аймақтағы өзгерістер, аймақтың дағдарысты жағдайы мен түрлі экономикалық мәселелер жөнінде сұхбаттасты. Зариф тілшілерге берген сұхбатта ИИР мен Оманның қарым-қатынастарын ерекше деп бағалап, екі елдің саясат, транзит, энергетика салаларындағы және аймақтық келіссөздер мен аймақтық қауіпсіздік бөлімдеріндегі қарым-қатынастарын ауқымды деп сипаттады.
Иранның Омандағы елшісі Мұхаммад Реза Шахруди омандықтардың Соуқ портын Иранның ықтиярына арнайы беретінін айтып: «Жуырда екі ел арасындағы рейстер артатын болады. Өткен аптадаБандар-Аббастан Маскатқа қарай ұшақ рейстері ашылғаннан кейін, енді Иран мен Оман арасындағы рейстерге Исфахан-Маскат ұшу рейсі де қосылатын болады» деді.
Иран Оман және Катар елдерімен сауда-экономикалық, мұнай және газ, сондай-ақ, туризм мен денсаулық сақтау салаларында сындарлы келіссөздер өткізді.
Иран мен Түркия саяси саламен қатар, экономикалық байланыстарды да кеңейтуге мүдделі. Осы аяда Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның Теһран сапары қарсаңында жан-жақты келіссөздер өткізілді.
Иранның Сауданы дамыту ұйымының бас директоры Моджтаба Хосроутадж бен Түркияның Теһрандағы елшісі Реза Хакан Текин өткен аптада екі елдің сауда байланыстарын кеңейту және жеңілдету, жақында Иранның Түркияда өтетін көрмесін жоспарлау жөнінде пікір алмасты.
Хосроутадж бен Хакан Текин сондай-ақ банк ісі, кедендік істер, жеңілдікті тариф және екі ел арасындағы тасымал жөнінде сұхбаттасты.
Иран мен Түркия арасындағы 2017 жылдың алғашқы бес айындағы тауар айналымының құны 4 миллиард 500 миллион доллардан асты.
Осындай жағдайда Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммад Реза Нематзаде жуырда Анкарада Түркияның Экономика министрі Нихат Зейбекчимен жүздесуінде: «Екі елдің экономикалық ынтымақтастықтары үшін қойылған мақсаттар, яғни, тауар айналымының құнын 30 миллиард долларға жеткізу жолындағы инфрақұрылымдық мәселелер шешілетін болады. Лайықты темір және күре жолдар инфрақұрылымдарының болмауы мен тасымал бөліміндегі қиындықтар Иран мен Түркияның сауда айланымын арттыру жолындағы ең басты кедергілер саналады» деді.
Түркияның Экономика министрі де пұрсатты сауда туралы келісімге қол қоюды Иран мен Түркия арасындағы сауда қатынастарын кеңейту жолындағы әсерлі қадам деп атап: «Бұл жол екі ел арасындағы еркін сауда туралы келісімнің жасалуына жеткізеді» деді.
Теһран мен Анкара бір-бірін толықтыра отырып, әріптестік жасай алады. Екі жақты және аймақтық экономикалық даму мен өркендеу аясында бір-бірін жетілдіру арқылы маңызды рөл атқару керек.
Екі елдің сауда айналымын жылына 50 миллиард долларға жеткізу мақсат етіп қойылды. Иран мен Түркия қайраткерлері сауда-кәсіптік алмасулар деңгейін арттыруға бар күштерін салып жатыр.
Жол картасына сәйкес, екі елдің банктік қатынастарын кеңейту және тасымал үшін лайықты жеңілдік жасаудың тетіктерін табу қажет.
Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Махмұд Ваези Теһранда Түркияның Экономика министрі Нихат Зейбекчимен кездесуінде Иран мен Түркияның сауда айналымының 30 миллиард долларға жететінін айтып: «Осы кездесу барысында қазан айында Теһранда екі елдің экономикалық комиссиясының жиырма алтыншы отырысы өткізілетін болып келісілді» деді.
2015 жылы екі ел арасында жасалған пұрсатты сауда келісіміне сәйкес, екі елдің экономикалық қарым-қатынастары кеңейтілетін болады.
Тасымал және кеден бөлімдеріндегі кедергілерді жою, сауда айналымының деңгейін 50 миллиард долларға жеткізу және екі елдің сауда байланыстарын кеңейту мақсатында Түркияның Иранда сауда орталығының ашылуы екі тараптың келіссөздерінің басты тақырыптары болды.
Түркия Иранның сыртқы саудасындағы маңызды елдердің бірі саналып, әрдайым Иранмен экспорт және импорт жасайтын бес елдің қатарынан көрініп келеді.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі екі ел арасындағы сауда ынтымақтастықтары да маңызды. Иран, Түркия, Пәкістан, Ауғанстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан мен Әзірбайжан Республикасы Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше он елдің қатарын құрайды.
Иранның алдағы жылға арналған бюджетінің басты бағыттары мен мақсаттары осы аптада шамси жыл санағы бойынша 1397 жылға арналған бюджет жоспарын талқылау барысында жарияланды. Бұл жоспар көптеген қырлары бойынша 1396 жылдың жоспарына ұқсас болып келеді. Тек кейбір бөлімдерге ғана өзгерістер енгізілген.
Үкімет осы бюджет жоспарында бюджеттің 1397 жылдағы басты бағыттарын елдің экономикалық тұрақтылығын сақтау, кедейшілік деңгейін төмендету, дамуға бет алған ішкі өндіріске көмектесу, жеке және кооперативтік сектордың мүмкіндіктерін пайдалана отырып тұрақты жұмыс орындарын ашу, ел экономикасының пайдаланылмаған мүмкіндіктерін іске қосу, тауар және энергия транзиті, тау-кен өндірісі, мұнай-химия мен мұнайға тәуелді өнеркәсіптер бөлімдеріне ерекше назар аудару, халықаралық кеңістікте экономикалық дипломатияны пайдалану деп мәлімдеді.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи өз баяндамасында осы мәселелерге қатысты бірнеше рет ескерту жасап, үкіметтің макроэкономикалық жоспарларында ішкі өндірісті нығайту, шетелдермен арадағы мәмілелерде технологияны жөнелту, экономиканы ғылымға негіздеуге, соның ішінде тауар контрабандасы және жемқорлықпен шынайы түрде күресуге баса назар аудару қажеттігін айтып, қоғамдық мәселелерді, әсіресе, жастарддың жұмыссыздық мәселесін шешуді үкімет жұмысының басты бағдары ретінде қоюды қуаттады.
Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангиридің айтуынша, Иранның шамси жыл санағы бойынша алдағы жылға арналған бюджетінің бағыттары экономикалық өсу, жұмыс орындарын ашу және қоғамдағы кедейшілік деңгейін төмендету болып табылады. Осы аяда жүйе басшылары қарсыласу экономикасына негізделген көптеген стратегияларды қарастырып жатыр. Қазір сауда-экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту үшін көптеген мүмкіндіктер бар.
Бұл алаңдарда табысқа жетудің басты шарты – Иранның ішкі мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және шекарадан тыс жерлердегі экономикалық байланыстарды кеңейту.
Иранның Орталық банкінің бас директоры: «Қазір Иран экономикасын қаржымен қамтамасыз ету үшін көптеген сұраныс бар. Көптеген елдер Иранның экономикасына кіруге мүдделі» деді. Осы аяда Аустриядағы Oberbank банкінің әлемдік нарықтар бөлімінің директоры Хельмут Эдлбауер өткен аптада осы ел компанияларының Иранға инвестиция салу және осы елде жұмыс істеуге деген қызығушылығын жеткізді.
Өткен бейсенбі күні Аустриядағы Oberbank-тің бас ғимаратында осы банк басшылары мен ирандық 14 банктің өкілдері «Ортақ қадам» келісімінен кейін Ирандағы банктік несиелеуді қаржыландыру мақсатында құны 1 миллиард еуроны құрайтын келісімге қол қойды. Ирандағы банктік несиелеуді қаржыландыру келісімі Аустрия үшін Теһранмен әріптестіктерге жол ашу тұрғысынан маңызды болып табылады әрі болашақта сауда байланыстарын жақсартуға септігін тигізеді.
Өткен апталарда шетелдік банктердің Иранмен қаржыландыру мақсатында бірнеше миллиард долларлық келісімдерінің қорытындыланғанына куә болдық. Алдағы уақытта да мұндай келісімдер арта түсетін тәрізді.Себебі,Иранның Орталық банкінің директорының айтуынша, көптеген елдер Иранмен қаржыландыру келісімдерін жасауға мүдделі. Сондықтан алдағы уақытта ауқымды инвестициялар салынбақ.
Үкіметтің пікірінше, бұл келісімдерішкі инвестицияларды қаржыландыру жұмыстарын жеңілдетумен қатар, шетелдік қаржылық ұйымдардың үкіметтің жұмысына деген сенімділігі мен үкіметтің жарқын болашағын білдіреді. Сонымен қатар, шетелдік банктермен қарым-қатынастарды жақсартатын болады.
Осындай жағдайда ел экономикасын қолдаушылар елге келе жатқан ауқымды инвестицияларды пайдалануда мұқият болып, шетелдік жеңілдіктерді қолдануда шектен шығудың ықтималды жағымсыз салдарынан сақ болуы керек. Себебі, қаржыландыру немесе кредиттік желі – қайта қайтарылатын несиенің бір түрі. Бұл алынған қаражат тиімді салаларға инвестициялауды қажет етеді. Осылайша,инвестициялардан түскен кірістер негізгі және субординацияланған берешекті тиісті валютамен қайтаруға мүмкіндік тудыруы қажет. Алынған қаражатты жөнсіз пайдалану көп мөлшерде өтемақы төлеуге алып келеді. Қазіргі кезде көптеген елдер осындай қиындықтарға душар болып отыр.
Мамандардың пайымдауынша, АҚШ-пен арадағы текетірестер және Трамп үкіметі мен одақтастарының Иранды оқшауландыру талпыныстарына қарамастан, Иран үкіметінің елге инвестиция тартудағы табысы үлкен әрі мақтауға тұрарлық жетістік болып табылады. Алайда, бұл қаржыны пайдалануда елдің шетелдік ұйымдарға қарыздардың тұзағына түсіп қалмауы үшін мұқият әрекет ету керек.
Өткен айда америкалық қайраткерлер әлемдік қауымдастыққа Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының рухы мен мәтініне берік емес етіп көрсетуге талпыныс жасады. Осы аяда Мұхаммад Джавад Зариф екі ұлыбританиялық газетке берген сұхбатында: «Менің ойымша, АҚШ президенті қазан айындағы есебінде Иранның «Ортақ қадам» бағдарламасына беріктігін растау қағазына қол қоймайды. «Ортақ қадам» келісімінің күші жойылған жағдайда Иран бұл ядролық келісімде көрсетілген шектеулерге бағынбайтын болады» деді.
Трамптың ой-пікірлерін сарапқа салып отырған қайраткерлердің айтуынша, ол бұл қоқан-лоққыны Иранға қарсы санкциялар салу үшін сылтау ретінде пайдаланып, Иранның экономикасын 7-8 жыл бұрынғы жағдай сияқты қысымға алуды көздеп отыр. АҚШ осы мақсатына жету үшін еуропалық одақтастарының ынтымақтастығын қажет етеді. Бұл бір үлкен кедергі саналады. Себебі, бұл елдер АҚШ қайтадан санкция салатын болса, өз елдерінің мүдделерін қорғайтынын айтып отыр.
Еуропа одағының АҚШ-тағы елшісі Дэвид Салливан қыркүйек айының жиырма бесі күні бір америкалық аналитикалық орталықта өткен отырыста: «Бұл болжам (ядролық келісімнен шығу) іске асса, бұлай болатынына қатысты әлі де күмәндар болғанымен, Еуропа одағының өз компанияларының мүдделерін қорғау үшін бар тәсілді пайдаланатындығына сенімдімін. Bloomberg-тің мәлімдеуінше, мұндай әрекет Иранды оқшаулаудан бұрын АҚШ-тың оқшаулануына әкеп соқтырады» деді.