Қар 07, 2017 16:15 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 24

Исламның басында Мединеге келіп, тоқтайтын жер таппаған мұсылмандар мешітті паналайтын.

Мешіттер ежелден уағыз айтатын және діни тақырыптарға қатысты сұхбаттар жүргізетін, Құран оқитын, діни рәсімдер мен итикаф сынды ғибадат ететін мекен болуымен бірге өткен кезеңдерде жатжұрттықтарға, кедейлер мен панасыздарға панажай болған. Жолға шығып, бөгде қалада қалған адамға да мешіт паналайтын мекен еді. Исламның басында Мединеге келіп, тоқтайтын жер таппаған мұсылмандар мешітті паналайтын. Олар Исламның ұлық пайғамбары мешітінің солтүстік бөлімінде мешітке қосылып салынған төбесі бар «суфе» деп аталған  мекенде тұрған.  Мешітке іргелес орналасқан бұл мекен бірте-бірте «Асхабе суфе» деп танымал болып, кедейлер мен ақырет туралы ойлап, дүниенің  сыртқы көріністерінен тартынған адамдарды қабылдайтын болды. Олар ыстық күндері күннің көзінен  көлеңкеге тығылатын, түндерде мешітте ұйықтайтын. Алайда, мешіттің құрметін сақтап, қажеттілік болмаса бұл қасиетті мекенде ұйықтамаған жөн. Алла елшісінің хадистерінің бірінде: «Мешітте себепсіз ұйықтайтын адамды Жаратушы емі жоқ ауруға шалдықтырады»,- деп айтылған. Әл-Харам және ән-Наби мешіттері сияқты құрметі жоғары мешіттерде ұйықтау жағымсыз іс саналады. Алайда мешіттің қасындағы «Асхабе суфе» мекенінде ұйықтау шариғатқа қайшы емес. Сондықтан, «Асхаб суфе» Мединеге қоныс аударған, үйлері мен қалаларынан жер ауған мұсылмандарды, сонымен бірге Исламға бет бұрған кедейлер мен мұқтаждарды қабылдады. Бұл адамдардың мешітте ұйқтауына мұқтаждықтары себеп болды.

Әл-Наби мешітіндегі "Асхабе суфе" мекені

 Мешіт жатжұрттықтар мен кедейлердің панажайы болды. Бірақ, мешіт басқалардан көмек пен  қайыр тілейтін мекен емес. Өйткені, Исламның ұлық пайғамбары «Суфе» тұрғындары мен мұқтаждарға мешітте қайыр сұрауға тыйым салған. Рауаяттарда мешіттер мен жиындарда тіленіп, халықтан әшкере түрде көмек сұрауға рұқсат берілмеген. Өйткені, мешіт – ғибадат етіп, дұға мен Құран оқитын мекен. Сондықтан, намаздардың арасында немесе басқа кезде мешітте қайыр сұрау бұл мекенге лайық емес. Айта кететін жайт, қайыр сұрау мен көмектесу – екі басқа мәселе. Сондықтан, мешітте немесе жиындарда қайыр сұрау мұқтажға көмектесудің сауабын азайтпайды. Сол себепті тәпсіршілердің көбі «Мәиде» сүресінің: «Шынайы түрде сендердің достарың Алла және Елшісі және намазды толық орындайтын, зекет беретін әрі рүкуғ қылушы мүміндер»,- деп айтылған 52-ші аятты мешітте намаз оқып, рукуһ жасап тұрған кезде қайыр сұрап келген адамға жүзігін берген имам Әли (ғ.с.)-ға қатысты деп тәпсірлейді. Сондықтан, мешітте жамағат имамы немесе қайырымдылық жасайтын адамдардың мұқтаждар үшін көмек жинауына тыйым салынбаған. Бұл қайыр сұрауға жатпайды, көмектесу саналады.

         **********************************

 

Йеменнің астанасы Санадағы орталық әл-Кабир мешіті

Санадағы әл-Кабир мешіті

Тарихи рауаяттар бойынша Исламның ұлық пайғамбары хиджридың алтыншы жылы, сәйкесінше миладидың 630-шы жылы Меккені жеңіп алардан бұрын Йеменде орналасқан көне Сана қаласында орталық әл-Кабир мешітін салуды бұйырды. Тарихшылардың айтуынша, Алла елшісі мешіттің көлемі мен қыбланы нақты анықтаған. Сонымен,  аталмыш мешіт исламдық кезеңнің ең көне мешіттерінің бірі саналады. Бұл – Йеменде салынған бірінші мешіт. Археологиялық зерттеу жұмыстары бұл мешіттің бірінші ғимаратының кейбір бөлімдерінің сақталғанын көрсетті. Кейбір археологтар бұл мешітті Гумдун сарайының қирауларының қасында салынған деп санайды. Гумдун сарайы тарихшылар оның іргетасының қалануы туралы әртүрлі мәліметтерді баяндаған Йеменнің танымал сарайларының бірі болып табылады. Кейбіреулер бұл сарайды хазірет Сүлеймен бен Дәуіт  Белғейс патшайым үшін салған деп санайды.

Әл-Кабир мешіті

Амави халифаларының бірі Валид бен Абдолмалек хиджри жыл санағы бойынша 79-шы жылы, сәйкесінше миладидың 707-шы жылы Сананың орталық мешітін кеңейтті. Содан кейін уақыт өткен сайын оған әртүрлі бөлімдер қосылды. Сана қаласының басқа ғимараттары сынды бұл мешіттің қабырғалары мен терезелерінің айналасынан ақ кірпішті көруге болады. Мешіт бағандардың үстінде орналасқан жартылай шеңбер аркалар  түрінде салынған. Бұл мешітің төбесі миладидың 11-12-ші ғасырларынан қалған.

Санадағы көне әл-Кабир мешіті

Мешіттің екі мұнарасы хиджридың 6-шы жылы, сәйкесінше миладидың 12-ші ғасырында жөнделді. Мешіттің үш үлкен кітапханасы бар. Яхья Хамидәлдин үкіметі кезінде салынған «Әл-Мактабе әл-Машрақие» деп аталған бірінші кітапхананы 20-шы ғасырда Йеменнің зейдтерінің ең танымал имамы толықтырды. «Әл-Мактабе әл-Ғарбие" деп аталған екінші кітапханада қолжазбалар сақталады. Екі кітапхана да Сананың орталық мешітінің оңтүстігінде орналасқан. Кітапханалардың ішінде ең соңғы "Мактаб әл-Уқаф" деп аталған үшінші кітапханадан әлемдегі ең құнды исламдық қолжазбалар мен Құранның табылмайтын нұсқаларын көруге болады. Бұл қолжазбалар дін, құқық, Құран ғылымы, тәпсір, хадис, тарих, араб фикхі, мәдени терминдер, әдебиет, өлең, саясат, пәлсапа, қисын, жұлдызтану, медицина, ауылшаруашылық тақырыптарына қатысты.

Әл-Кабир орталық мешіті , 2001 ж.  

001

 Әртүрлі төтенше жағдайлар салдарынан ислам әлем кітапханаларының көбінің жойылуына байланысты исамдық қолжазбалар, әсіресе алғашқы ғасырлардағы Құран нұсқалары аз кездеседі. Алайда, бұл мешітте Кұранның әртүрлі көне 950 нұсқасына қатысты шамамен 15000  жуық түрі сақталған. Бұл маңызды кітапхана 1972-ші жылы Сананың орталық мешітінің батыс жағында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде нөсер жаңбыр салдарынан құлады. Жұмысшылар шатыр мен төбесінің арасындағы кеңістікте көптеген көне Құран кітаптарын тапты.

Әл-Кабир орталық мешіті

Араб жазуларының ең көне түрі – Хиджаз жазбасы. Құран орталығы болған Мекке мен Медине Хиджаз жерінде орналасқандықтан, жазу осы мекеннің атымен белгілі болды. Жазудың бұл түрі өте сирек кездесетіндіктен  әлемнің түкпір-түкіпіріндегі санаулы мұражайлардан ғана жазудың бұл түрімен жазылған бірнеше парақты кездестіруге болады.

Сананың орталық мешітінан бұл жазумен жазылған біраз еңбекті көруге болады. Негізінде Сана Орталық мешітіндегі жазулардың көбі Куфе жазуымен  жазылған.

Осы жазумен жазылған еңбектердің арасында имам Әли бен Абиталеб (ғ.с.) Құранының нұсқасы, сондай-ақ Зейд бен Сабет пен Салман Фарсидің Куфе жазуымен жазылған 150 беттік екі бөлімнен тұратын жазбалары бар. ЮНЕСКО   «Әлемнің естелігі» бағдарламасының бөлігі ретінде Санадағы кейбір жазбаларды ықшам диск түрінде шығарды. Ықшам дисктерде  хиджридің бірінші ғасырынан басталған 40-тан астам жазба түрі, соның ішінде Хиджаз және Куфе жазбалары таныстырылды. Айта кететін жайт, таяушығыстанушылар Құранды тарих бойында өзгерді деген уәж айтады. Алайда жазба түрлеріне шолу жасау арқылы Құран Кәрімнің тарих бойында тіпті кішкентай өзгеріске де ұшырамағанын түсінуге болады.