Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 25
Көбінде әр қаладан көлемі мен халқының санына қарай бірнеше мешітті көруге болады. Қаланың негізгі әрі орталық бөлімінде орналасатын орталық мешіт – қала халқы әртүрлі рәсімдер өткізетін қоғамдық орталық.
Мешіт халықтың ең негізгі орталығы ретінде иманды арттыратын ең жақсы мекен, мұсылмандардың қоғамдық, саяси, мәдени, тіпті экономикалық жұмыстарының ең маңызды орталығы болды.
Исламның басындағы тарихи құжаттар бойынша мешіт мүлікті жинап, соларды мұсылмандардың арасында тарататын мекен болған. Соғыс олжалары да мешітке тасымалданып, жауынгерлердің арасында бөлінетін. Тарихи мәліметтер бойынша Алла елшісінің Бадр соғысының олжаларына қатысты бірінші әрекеті, оларды жинап, сақтап, тіркеу үшін Абдолла Кааб деген адамды сайлауы болды. Содан соң пайғамбардың өзі соғыс олжаларын жауынгерлердің арасында бөліп таратты. Қазына немесе қоғамдық мүлікті сақтайтын мекеннің ғасырлардан кейін мешітке қосылып салынуы дәл осы мәселеден алынған. Барша мешітті мұсылмандардың қоғамдық мүлкін сақтау үшін қолайлы мекен деп санайды.
Көбінде әр қаладан көлемі мен халқының санына қарай бірнеше мешітті көруге болады. Қаланың негізгі әрі орталық бөлімінде орналасатын орталық мешіт – қала халқы әртүрлі рәсімдер өткізетін қоғамдық орталық. Орталық мешітте жұма намазы, Ораза айт және Құрбан айт намаздары өтеді. Бұл мешіттердің қасында Базар мешіті деп аталатын басқа мешіт те орналасады. Сол мешітке көбінесе кәсіпкерлер мен саудагерлер жиналады. Олар намаз кезінде өз жұмыстарын тоқтатып, жұмыс мекендеріне жақын жерде уақыты келісімен жамағат намазына қатысады. Базар мешітінің жамағат имамы намазхандардың жағдайларына байланысты екі намаздың арасында кәсіп мәселелері мен соларға қатысты шариғатты баяндайды. Бұл мешіттерден көбінесе нарық пен экономикалық жағдайға қатысты хабарлар естіледі. Бұрынғы кезеңде алып-сату мен мәмілеге қатысты ахкамды үйретуге сағаттар бөлінетін. Сондықтан Базар мешіті кәсіп пен саудаға илаһи бояу сыйлайтын. Саудагерлер мешітке барып, құлшылық рухтарын сақтап, өз жұмыстарымен айналысаын. Мешіт саудагерлерге адал болуды үйретіп, аманатқа қиянат жасамауды қуаттайды. Мұнымен қатар саудагерлердің көбі қалаға кіре салысымен Базар мешітіне келетін. Саудагерлердің Базар мешітіне жиналуы жаңа тауаралардың келгенін білдіретін. Өйткені, намаздан кейін тауар сатып алушылар алып-сату және мәміле туралы келіссөздерге кірісетін. Мешіттің ішінде тікелей алып-сату орын алмағанымен, діни міндеттерін орындағаннан кейін саудамен айналысатындар бір-бірімен кездесіп, тауарлары туралы пікір алмасып, сауда туралы сөйлесетін. Айта кететін жайт, мешіттер мен саудагерлердің арасындағы қызмет екіжақты болды. Мешіт саудагерлердің экономикалық істеріне көмектессе, саудагерлер исламды тарату мен сауда керуендерінің жолдарында, тіпті алыс жерлерде мешіттер салуда маңызды рөл атқарды. Мұсылмандардың сауда керуендері бір мекенге бірнеше рет тоқтаса, сол жерде мешіт салатын. Бұл мешіт олардың жиналатын мекеніне айналатын. Көп ұзамай сол жердің халқы да мешітке барып, исламға бетін бұратын. Сауда жолдары Азияда исламның жолдары болды. Африкада да халық исламмен саудагерлер арқылы танысты. Осы кезде де мешіт жарлы-жақыбайларға көмек көрсету, діни оқу орындарын салу үшін қаржы жинау, гигиеналық қызметтер мен үгіт-насихаттық, ғылыми және мәдени істерге көмектесу үшін гуманитарлық көмектер жинауда маңызды рөл атқарады. Кейбір мешіттер көмек қорларын құрып, материалдық көмекті қажет ететін адамдарға өсімі жоқ несие береді. Сөйтіп, мұсылмандар мешітте жиналатын жамағаттан экономикалық жұмыстары үшін көмек алады.
******************************
Йемен мемлекетінің кейбір мешіттері
Кейбіреулердің пікірінше, бұл мемлекет қағбаның оң жағында орналасқаны үшін Йемен деп аталды. Йемен – берекелі ел. Йемендіктердің мақтан тұтатын жайттарының бірі олар өздерін ешбір қантөгіс пен соғыссыз Алла елшісінің арнайы елшісі хазірет Әли (ғ.с.) келген кезде исламға бет бұрған жалғыз ел деп санайды. Тарихи мәліметтер бойынша хиджридың 8-ші жылы Меккені жеңіп алғаннан кейін Исламның ұлық пайғамбары хазірет Әли (ғ.с.)-ды Ислам дінін қабылдауға шақыру үшін Йемендегі хамдан тайпасына қарай жіберді. Хазірет Әли (ғ.с.) Йеменге жеткен кезде халықты жинап, Алланы мадақтаған соң, оларға пайғамбардың хатын оқып береді. Йеменнің ең үлкен тайпаларының бірі болған хамдан тайпасының адамдары ерекше көңіл-күйге түсіп, бір күннің ішінде жаппай Исламға бет бұрады. Бұл тайпаның Ислам дінін қабылдауы Йеменнің бүкіл халқының осы дінге бет бұруына себеп болды.
Кейбір құжаттар бойынша бірінші йемендік мұсылман Умма Саид Барзаие деген әйел болды. Бұл әйел өз үйін мешітке айналдырып, оны «Әли мешіті» деп атады. Бұл мешіт осы кезде де танымал.
Йемен мешіттерінің көбі төртбұрышты немесе трапеция пішіндес, үлкен аулаларға ие болып келеді. Йемендік мешіттер әдемі безендіріледі. Гипстік жазбалары, геометриялық пішіндер мен өсімдіктердің суреттері қолданылған безендірулер бұл ел мешіттерінің ерекшеліктеріне жатады. Олардың мұнаралары ислам әлемінің ең көркем мұнараларының бірі саналады.
Йемен мешіттерінің бірі – әл-Бакирийя мешіті. Бұл мешіт – Йемендегі османдықтардың билігі кезеңінен қалған ең әдемі мұралардың бірі. Оны 1954 жылы Сана қаласында Хасан Паша салды. Бакирийя мешіті – шабистанының үстінде үлкен күмбез, шығыс жағында үш кішкентай күмбез орналасқан үлкен мешіт. Мешіттің оңтүстігінде де үш күмбез бар. Төртбұрышты алаң мешіттің аркасын күмбез пішіндес вузуханасынан бөледі. Бакирийе мешітінің мұнарасы шығыс жағында орналасқан. Мешіттің батыс жағынан орталық күмбез бен 19 ғасырда салынған екі күмбезхананы көруге болады.
Таиз қаласындағы Ашрафие мешіті – Йеменнің келесі танымал мешіті. Бұл мешіттің сегіз кішкентай, бір үлкен күмбезі бар. Бүкіл мешіт гипс және боялған суреттермен безендірілген. Мешіттің артында корольдің қабірі орналасқан, сондай-ақ Құран оқытатын бөлмелер қосылған. Мешіттің оңтүстігінеен екі мұнарасын көруге болады.
2015 жылдың наурыз айынан бері Сауд Арабиясы тарапынан Йеменге қарсы жүрігізіліп отырған теңсіз соғыс салдарынан Йемен мешіттерінің көбі қирады. Соның ішінде елдің тарихи мешіттері де бұзылды. Қиратылған мешіттердің бірі – Сана облысының Бани Матр аймағындағы мың жылдан астам тарихы бар Джабал әл-Наби Шуайб мешіті.
Сааде қаласындағы «Әл-Хади Яхия мешіті» – 1200 жылдық тарихы бар Йеменнің ең көне келесі мешіті. Бұл мешіт Сааде қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан. Оны хиджри қамаридің 290 жылы (10 ғасыр) Йеменнің Зейди үкіметінің құрушысы әл-Хади Илаәл-хақ деп танымал болған Яхия бен Хусейн салған болатын.
Йемендегі зейди шиіттерінің ең көне үгіт-насихат орталығы саналатын әл-Хади мешіті саудиялықтардың Йеменге қарсы соғысында Сауд режимінің әскери ұшақтарымен бомбаланды. Сол шабуыл салдарынан тарихи мешіт қатты қирады.
Йеменнің келесі өте көне мешіті Сана облысында хиджри жыл санағы бойынша 211 жылы салынған Имам Абдолразақ бен Хамам атындағы мешіт саналады. Бұл мешіт те саудиялықтардың бомбалауы салдарынан қирады.
******************************
Орталық Салих мешіті.
Аталмыш мешіт Йеменнің астанасы Сананың оңтүстігінде орналасып, Йеменнің заманауи сәулетінің ең үлкен ғимараты саналады.
Бұл мешіт исламдық араб мемлекеттерінің ең үлкен исламдық ғимараттарының бірі болып табылады. Орталық Салих мешіті Йеменнің бұрынғы президенті Әли Абдолла Салихтың бұйрығымен салынды, Мешітке 45000 намазханды сыяды. Сананың Орталық Салих мешітінің 6 мұнарасы бар. Оның төртеуінің биіктігі 100 метр, екеуінің биіктігі 80 метр. Бұлар Батыс Азиядағы ең биік мұнаралардың қатарына кіреді. Мешіттің 23 күмбезі бар. Мешіт сегіз жыл бойы салынды. Оның құрылысына 100 миллион доллар қаржы жұмсалды. 2008 жылы құрылысы аяқталған соң бұл мешіт туралы әртүрлі пікірталас болды. Өйткені, сол кезде Йемен халқының көбі екі доллардан төмен қаржымен өмір сүрді.