Қаң 09, 2018 00:15 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (126)

Бұл күндері үкіметтің жұмысына қатысты сын-пікір артып келеді.

Күнкөріс минимумы мен экономикалық мақсаттарға және күнделікті өмірге қажет заттарға қаржы мөлшерінің артуы – осы аядағы басты даулы мәселелер. Алайда бұл наразылықтардың қарқыны кейбір қаржы және несиелік ұйымдардың қателіктеріне байланысты артуы да мүмкін. Кейбір қаржы ұйымдарының халықтың салымдарын қайтарудан бас тартуы және осы аяда пайда болған шағымдардың қарастырылмауы көптеген наразылық тудырды.

Кейбір қалаларда қымбатшылық, жұмыссыздық пен Орталық банктің қаржы ұйымдарындағы салым иелерінің талаптарына жауап беруді кешіктіруіне байланысты наразылық шерулері өтті. Қаржы-несиелік ұйымдардағы салымдарының жағдайын анықтау жолдарына  наразы халық қымбатшылық, үкімет пен Орталық банкке қарсы ұрандар айтты. Шерулер туралы ақпарат көп ұзамай әлеуметтік желілерде де тарады. Жиындар барысында құрылымға қарсы ұрандар айтылып, бір топ адам қоғамдық мекендер мен қалалық мүлікке зарар келтірді.

Экономикалық қиындықтар тек Иранда ғана туындамайды. Мықты экономикаға ие  АҚШ пен еуропалық елдерден бастап, мұнай шығатын Арабстан мен Кувейт сияқты араб елдерінің де экономикалық қиындықтар мен жұмыссыздық мәселелерімен бетпе-бет келетіні сөзсіз.

Иранда да соңғы жиырма жыл бойында үкіметтерге қарсы айтылған басты сын пікір экономикалық бөлімге қатысты болды. Бір жағынан, соңғы қырық жылда инфляцияның қарқынды түрде өсуі, басқа жақтан, кіріс пен шығыс арасындағы қашықтық экономикалық салаға қатысты наразылықы тудыруда. Сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы да осы мәселеге себеп болған үдерістердің бірі саналады.

Осындай алғышарттардың болуына қарамастан, зерттеулер көрсеткендей, бұл сын-пікірлер мен көше наразылықтары шамси жыл санағы бойынша 1397 жылға арналған бюджет жобасы Мәжіліске ұсынылғаннан екі апта өткеннен кейін басталып отыр.

Бұрын тұтынушы себетіндегі басты тағам саналатын жұмыртқа мен сүт өнімдері сияқты кейбір көп қолданылатын тауарлардың бағасының күрт көтерілуі сын-пікірлердің ушыға түсуіне себеп болды.

Өткен айдың басынан бастап үкімет нан бағасын қымбаттатуы керек болатын. Алайда Иран президентінің тікелей бұйрығымен ирандық дастарханның осы басты өнімінің бағасының арту үдерісі тоқтатылып, бұл жоспар басқа уақытта жүзеге асырылатын болып келісілген.

 Дегенмен айта кетер жайт, инфляция көрсеткіші қазіргі кезде бес жыл бойы Орталық банктің көрсеткіштері бойынша орта есеппен 10 пайыздық межеде бір цифрлі көрсеткішті сақтап келеді. Инфляция 11-ші үкімет билікке келген кезде 33 пайыздық деңгейге жеткен болатын. Бірақ өткен 5 жылда жасалған  іс-шаралар инфляция нарығын одан бұрынғы жылдармен салыстырғанда төменірек деңгейде ұстауға көмектесті.

Күнкөріс қиыншылықтары мен қоғамның түрлі таптарының экономикалық кемшіліктерге қатысты наразылықтарына, және олардың үкіметтен талап етіп отырған мәселелерінің шынайылығына байланысты  қиындықты шешудің өзектілігі шәксіз.

Бұл оқиғалардың Иран халқы дұшпандарының назарынан тыс қалмауы, Ақ үй мен осы ел қайраткерлерінің аталмыш оқиғалар және наразылықтар мен көшедегі толқуларды қолдауы мұндай жағдайдың жалғасуының кімге пайда әкелетінін көрсетеді.

Бөгде ақпарат құралдары осындай жағдайдан туындаған кеңістікте адамдардың наразылықтарына саяси реңк беріп, оның мақсатын саяси жүйе ретінде көрсетуге талпынуда.

Шындық – Иран экономикасының мұнайға тәуелділік пен елдің негізгі табыс көзінің тек бір ресурсқа бағынуы, сондай-ақ, басымдылықтар мен басқа да эконмикалық әлеуеттерге аса назар аудармау, шығыс, кіріс көздерін басқарудағы осалдық  пен үкіметтің шығындардың жоғары болуының салдарынан зардап шегіп жатқандығында. Шын мәнінде, халықтың тауарлардың саны мен сапасына және көрсетілетін қызмет түрлеріне қатысты наразылықтарына себеп болған мәселелердің біріне экономиканың мемлекет тарапынан басқарылуы жатады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бірнеше жылдан бері қарсыласу экономикасы кезеңіне аяқ басып, экономиканың болашағына қатысты саясттарды анықтау және оларды түсіндіру, әр жылды өндіріс, еңбек, талпыныс, ішкі экономиканы қолдау және мұнайға тәуелділікті азайту сияқты мағыналы атаулармен атап, түрлі бөлімдер бойынша болашаққа бағдар көрсетіп келеді.

Ислам революциясының жетекшісі жуырда үкімет апталығына орай Иран президенті және үкімет қайраткерлерін қабылдауында түрлі маңызды жайттарға тоқталды. Хазірет экономика мен халықтың күнкөрісі мәселелерін елдің ең басты мәселелері деп атап: «Біздің бағдарымыз жалдамалы және мұнайға тәуелді экономикадан, халықтық және өндірістік экономикаға ауысуы керек» деді. Хазірет банктік мәселелер, инвестиция, өтімділіктің артуы және заңсыз сауда мәселелерін экономикалық маңызды мәселелердің қатарына жатқызып, экономикалық қылмыстармен шынайы түрде күресуді назар аударуды қажет ететін маңызды мәселелердің қатарында атады.

Иранның алдағы жылға арналған бюджетінің жобасы Мәжілісте қарастырылып жатыр.

Банк жүйесінің мәселелерін шешу, валюталық және қаржылық көздерді басқару Мәжіліс өкілдерінің осы отырыстарда қызу түрде талқылап жатқан мәселелердің қатарын құрайды.

Энергия тасымалдаушылардың бағасы, қоғамдық әл-ауқаттылық пен мақсаттылық, үкіметтің қарыздары мен қаржы нарығы Мәжілістің түрлі комиссиялары қарастырып жатқан мәселелердің қатарын құрайды.

Энергия, энергия тасымалдаушылары, электр қуаты мен мұнай бағасының қымбаттауы – Мәжіліс талқылап жатқан ең басты мәселелер. Алтыншы даму бағдарламасы заңының 39 тарауының А бабына сәйкес, үкімет шамси жыл санағы бойынша 1400 жылға дейін Парсы шығанағындағы энергия тасымалдаушыларының бағасын 90 пайызға дейін қымбаттатуға міндетті. Бірақ, бюджет жобасына байланысты Мәжіліс өкілдері бұл жобаны 1397 жылы жүзеге асыру жолдарына қатысты түрлі сауал тудырып отыр. Басты сауал мынадай: қай тасымалдаушының бағасы өседі және ол қаншалықты қымбаттайды? Үкімет аталмыш заң негізінде заңнамаларды іске асыруға және энергия тасымалдаушыларының бағасын арттыруға міндетті.

Келесі түйткілді мәселе валюта нарығына қатысты.

Иранның Орталық банкінің директоры Валиолла Сейф Мәжіліске осы мәселеге қатысты есеп берді. Алайда валюта нарығының тұрақсыздығы мен валюта бағамының өзгерістері және оның 97 жылдың бюджетіне тигізетін әсерлеріне қатысты түрлі сауал туындап отыр. Мәжіліс өкілдері валюта нарығының ауытқушылықтары мен валюта бағамының өзгерістері және оның 97 жылдың бюджетіне тигізетін әсерлеріне қатысты алаңдаушылық білдіріп, бұл мәселенің үкімет тарапынан айқындалуы қажеттігін айтып отыр.

Осындай жағдайда үкіметтің валюта нарығының тұрақсыздығын басқару, импортты бақылау және бәсекеге қабілетті өнеркәсіп пен нарықты басқару құралдарының қаншалықты ішкі экономикалық саясаттардың тепе-теңдігі мен әлемдік нарық экономикаларымен байланысын сақтап қала алатынын байқау қажет.

Теһран мен Ереван экономикалық байланыстарды кеңейтуге талпыныс жасауда.

Иранның Еревандағы елшісі сейіт Казем Саджади өткен аптада Арменияның Сюник облысының әкімі Ваге Акопянмен кездесуінде Мегри және Арас еркін сауда аймақтарының ынтымақтастықтарын кеңейтуді сұрап, осы аймаққа инвестиция тарту үшін қажет мүмкіндіктермен таныстырды.

Иран мен Арменияның ынтымақтастықтарын кеңейту жолдарының бірі Мегри және Арас еркін сауда аймақтарының инвестициялық мүмкіндіктерін пайдалану болып табылады. Мегри еркін сауда аймағы Иран мен Арменияның шекарасындағы Сюник облысында Арас өзенінің бойында ораласқан.

Армения Иранның аймақтық экономикалық дипломатиясында ерекше орынға ие. Иран мен Арменияның әрқайсысының ынытмақтастық үшін көптеген мүмкіндіктері бар.

Иран Сыртқы істер министрлігінің халықаралық және саяси зерттеулер департаментінің Кавказ істері жөніндегі  кеңестің ғылыми комитетінің төрағасы Алиреза Бигдели өткен аптада ИИР СІМ-нің саяси және халықаралық департаменті мен Арменияның Нораванк зерттеу ұйымының Еревандағы ортақ отырысында: «Екі ел екіжақты мүдделерді сақтай отырып, ортақ мәдени және өркениеттік шеңберлерде интеграцияны нығайту арқылы екіжақты қарым-қатынастарын кеңейтуі керек» деді.

Арменияның Нораванк ұйымының төрағасы Гагик Арутюнян да Иран мен Арменияның қарым-қатынастарын маңызды деп сипаттап, екі елдің экономика және энергетика саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейту және осы ынтымақтастықтарды ортақ мәдениет пен өркениет шеңберінде жалғастыруды қуаттады.

Дегенмен, қолда бар мүмкіндіктер анықталып, іске қосылмайынша экономикалық айналым мөлшерінің артуын күтпеу керек. Иранның Армениядағы елшісі сейіт Казем Саджади айтып өткендей, екі елдің экономикалық және кәсіптік байланыстарының мөлшері екі елдің көршілес орналасуы және көптеген мүмкіндіктерге ие болуын назарға алсақ, қанағаттандырарлық деңгейде емес.

Сейіт Казем Саджади: «Осындай жағдайда соңғы екі жылда сауда қатынастарын арттыру үшін көп талпыныс жасалды. Жасалған талпыныстар өз жемісін бергеннен кейін экономика саласында екіжақты қатынастардың қарқындай түсуіне куә болатынымызға үміттенеміз» деді.

Иранның Сыртқы істер минитстрі Мұхаммад Джавад Зариф желтоқсан айында Арменияға сапармен барып қайтты. Ол ақпарат отырысында екі елдің қарым-қатынастарын жақын әрі дамуға бет алған деп сипаттап: «Түрлі салаларда әріптестік жасау үшін көптеген мүмкіндік бар. Соның ішінде ғылым, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы мен басқа да бөлімдерді атауға болады. Мысалы, Иранда жасалатын электр генераторлары әлемдегі озық өндірушілермен бәсекеге түсіп отыр. Иранның жеке секторының бесенділері осы алаңдарда Армениямен әріптестік жасай алады» деді.

Иран мен Арменияның бір-бірінің мүмкіндіктерін неғұрлым жақсырақ тануы байланыстар деңгейін арттырып, түрлі саяси және экономикалық салаларда ынтымақтастықтарды кеңейтуге көмектесе алады. Алайда екі тарап арасында түрлі деңгейлерде ауқымды келіссөздер өтпейінше бұл мақсатты жүзеге асыру мүмкін емес.