Нау 06, 2018 16:17 Asia/Almaty
  • Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 21

Құран Кәрім мен Исламның ұлық пайғамбары тағылымдары мұсылмандарды өлтіруді Алланың алдындағы ең үлкен күнәлардың бірі санайды.

«Мәиде» сүресінің 32-ші аятында: «..Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең..»,- деп айтылған.

Құран Кәрім тәкфиршілердің мұсылмандарды өлтіруін Алланың алдындағы ең үлкен күнәлардың бірі санайды. Тәкфиршіл топтардың исламдық тағылымдарға қайшы келесі әрекетіне лаңкестік жатады. Тәкфиршіл топтардың өз мақсаттарына жету үшін пайдаланатын ең маңызды құралы Исламның атын жамылып жасайтын лаңкестік әрекеттері саналады. Тәкфиршіл топтар мұсылман елдер мен кейбір мұсылман емес мемлекеттерде  өздерін жарып жіберу, бомба жару және атыс ашу арқылы әлемнің, әсіресе Батыстың қоғамдық пікіріне Исламды қатыгез әрі үрейлі дін ретінде көрсетуге әрекет жасауда. Батыстағы Исламға қарсы  ақпарат құралдары мен үкіметтер тәкфиршіл топтардың бұл әрекеттерін өздерінің саяси және үгіт-насихат жұмыстарында пайдаланып, тәкфиршіл лаңкестік топтардың зорлық-зомбылықтарын Исламның тағылымдарымен байланыстырып көрсетуге талпынуда. Шын мәнінде, тәкфиршіл топтардың лаңкестік әрекеттерінің Исламның тағылымдарына ешқандай қатысы жоқ.  Сондай-ақ, Құран мен Исламның ұлық пайғамбарының көзқарасы бойынша, үлкен күнә саналып, айыпталады. «Фатак» деген сөз рауаяттарда «қапыда өлтіру» деген мағынаны білдірсе, қазір «террор» деген мағынаны білдіреді.

Рауаяттардың бірінде Абу Сабах Канани Исламның ұлық пайғамбары ұрпағының бірі, шиіттердің алтыншы имамы хазірет Садық (ғ.с.)-ға: «Имам Әлиді (ғ.с.) балағаттайтын көршім бар. Соны өлтіруге рұқсат етіңіз»,- дейді. Имам Садық (ғ.с.) оған бұл істі  жасамауға ескертіп: «Аби әл-Сабах айтқан нәрсе «фатак» саналады. Алла елшісі фатак жасауға тыйым салған»,- деп жауап берді» деп айтылған.

 

Террор Ислам мен иманға қарсы

 

Келесі оқиға да Ислам дінінің әйгілі тұлғаларының қастандық жасауға тыйым салғанын көрсетеді. Джамал соғысында хазірет Әли (ғ.с.)-ға қарсылардың басшыларының бірі Забир бен Авам қақтығыс қызған кезде майданнан қашып кетеді. Бір адам оны қуып, жолда ойламаған жерде оны өлтіреді. Имам Әли (ғ.с.) бұл хабарды естіп, реніш білдіріп: «Өлтірген адам тозақ азабын көреді, өйткені пайғамбар тыйым салған істі іске асырды»,- дейді.

Исламның ұлық пайғамбарының сүнннеті мен жолы хазіреттің қастандық жасауға тыйым салғанын қуаттайды. Пайғамбар еш уақытта дұшпандарына қарсы лаңкестік әрекет жасамаған және басқаларға да бұл іске рұқсат етпеген. Ислам дінінде лаңкестік әрекет пен қапияда кісі өлтіруге тыйым салынған. Көшеде   кісі өлтіру немесе адамдардың жолында бомба орнату, өзін-өзі жарып жіберу арқылы қоғамдық орталарда, базарлар мен мешіттерде және басқа мекендерде жазықсыз адамдарды өлтіру қастандық саналады. Ислам бұл әрекеттерді айыптайды. Оларды іске асыратындар адам өлтіруші, қылмыскер саналады. Ислам дінінің жетекшілері. тіпті оларды өлтіру рұқсат саналатын қылмыскерлерді өлтіруді дұрыс емес санайды. Құранға сәйкес, қаны адал адамады өлтіру жер бетіндегі барлық адамдарды өлтірумен тең. Сондықтан оның жазасы – тозақ. Исламда қастандық жасау арқылы кісі өлтіруге тыйым салынған. Сондықтан қарулы әрекеттер мен зорлық-зомбылық арқылы  халықтың қауіпсіздігін қатерге тіреген тәкфиршіл лаңкестерге қалалар мен елдер арасында еркін жүруге рұқсат бермеген жөн. Өйткені, лаңкестердің еркін жүріп-тұруы қоғамның қауіпсіздігін қатерге тірейді. Сол себепті Құран оларға қатаң шара қолдануға бұйырды.

Тәкфиршілердің қиянаттарының бірі

Тәкфиршіл топтардың келесі қылмыстарының қатарына өз қарсыластарын азаптап, олардың дене мүшелерін кесуі жатады. Бұл қылмыстарға ислам дінінде тыйым салынған. «Тағзиб» деген сөз көбінесе азап-қорлықтарға қатысты қолданылады. Ислам діні ешбір адамға басқа адамға қарсы азап-қорлықтың ешбір түрін пайдалануға рұқсат бермейді. Алла Тағала Құранның «Брудж» сүресінің 10-ші аятында мүміндерге азап-қорлық жасауды жаман әрекет және Алланың бұл іске қатысты ызасын көрсету үшін: «Негізінде мүмін ерлер, мүмін әйелдерге жапа беріп, сосын тәубе қылмағандар, оларға тозақтың азабы,  жандыратын азап бар»,- деп айтылған. Сондай-ақ, «Ахзаб» сүресінің 58-ші аятында мұсылмандарды азаптау қылмыс әрі күнә деп аталған: «Мүмін ер, мүмін әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар жала жауып, ашық күнә жүктеп алды». Бұл аят жазықсыз мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді қорлағандарды қатты айыптайды.

Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы: «Алла Тағала ақырет күні бұл дүниеде халықты азаптағандарды азаптайды»,- деген болатын. Имам Садық (ғ.с.) Алла елшісінің: «Алланың алдында ең жаман  адам кісі өлтірмеген адамды өлтірген және өзін ұрмаған адамды ұрған саналады» деген сөздерін жеткізген болатын. Сондай-ақ имам Садық  (ғ.с.): «Егер кімде-кім адамды шыбықпен ұрса, Алла Тағала оны тозақ отының шыбығымен ұрады»,- деп айтқан. Тәкфиршіл топтардың қылмыстарының біріне қолдарына түскен тұтқындардың бастары мен аяқтарын, олардың құлақтарын кесуі жатады. Бұл қылмыс Ислам дінінде қатты айыпталады. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.): «Тіпті ит қорлық көрсетсе де, оны бөлшектеуден тартын»,- деген. Алла елшісі исламның сарбаздарын соғыс майданына шақырған кезде оларға ақыл мен адамгершілікке қайшы әрекет жасамауды ескертіп: «Кәпір халықты өлтірерден бұрын оларды бөлшектемеңдер; балалар мен әйелдерді және қарттар мен олардың діни қызметшілерін өлтірмеңдер. Қажет болмаса, олардың талдары мен ағаштарын шаппаңдар. Сендердің біреуің мүшірікті аман қалдырса, мүшірік Алланың сөзін естігенше, оның өмірін құрметтеп, қауіпсіздігін қамтамасыз етіңдер. Уа, мұсылмандар! Еш уақытта құрма бақтарын өртемеңдер, адамдарды суға батырмаңдар, жеміс ағаштарын тамырынан отамаңдар, олардың егін жерлерін өртемеңдер, еті халал малдарын тек қажет мөлшерде ғана бауыздап, түгел жоймаңдар..»,- дейтін. Ал енді тәкфиршіл топтардың әрекеттерін Алла елшісінің насихаттарымен салыстырыңыздар! Мұсылман ғұламалардың пікіріне сәйкес, соғыс майданында немесе басқа жерде өлместен бұрын немесе өлгеннен кейін адамды бөлшектеу харам саналады.