Шіл 11, 2018 09:48 Asia/Almaty

Медициналық туризм – емдеудің әртүрлі салаларын, соның ішінде бала көтере алмауды емдеуді қамтитын денсаулық туризмінің бір тармағы.

Денсаулық туризмі – адамның физикалық және рухани емделу қызметтерін алу, беделді емдеу орталықтарында ота жасату, денсаулығын нығайту үшін осындай қызметтер көрсететін елдерге сапар шегетін туризмнің бір түрі.  Денсаулық туризмінде адамның басты мақсаты – емдік қызметтер алып, барған елінің туристік тартымдылықтарын да көру. 1990 жылдардан бастап денсаулық туризмі әлемдік деңгейде көптеген себептерге, соның ішінде  жаһандану, денсаулық сақтау саласында саудаға еркіндіктің берілуі, экономикада валюта құнының өзгеруі, медициналық жабдықтар сапасының артуы, интернеттің пайда болып таралуы, ақпараттық технологиялардың дамуы, халықтың құрамының қартая түсуі және медициналық қызметтер жүйесінің тиімді болуына байланысты даму үстінде. Медициналық туризм – емдеудің әртүрлі салаларын, соның ішінде бала көтере алмауды емдеуді қамтитын денсаулық туризмінің бір тармағы.

Денсаулық туризмі

Бала таба алу қабілеті әлемнің көптеген мәдениеттерінде, әсіресе Шығыста құндылық саналады. Балалы болу – жанұя құрудың басты стимулдарының бірі. Жүктілік пен ана атану әйелдер үшін кемелденудің бір кезеңі саналады. Бала көтере алмау осындай мәселеге ұшыраған адамдарды бақытсыздыққа ұшыратып, оларды жанұялық және әлеуметтік қысымдарға ұшыратады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есептеулері бойынша әлемдегі жұптардың 8-12 пайызы өз өмірлерінде бала көтере алмаудың бір түрін бастан өткерген. Яғни, әлемдегі 50-80 млн адам осы мәселемен бетпе-бет келіп отыр.

Бүгінде бала көтере алмау ауруын емдеуде жаңа тəсілдер дами түскеннен кейін мұндай дертке шалдыққан жұптар емделу үшін осындай қызметтердің түрлері дамыған елдерге сапар шегіп, сонда емделеді. Мұндай жұптарды қабылдайтын елдер бала көтере алмау ауруын емдеудің жаңа тəсілдерін пайдаланып, заманауи оталар жасайды. Жұптар емделіп, күтілгеннен кейін олардың дені сау балаға ие болу туралы  үміттері арта түседі.

Иран  бала көтере алмау ауруын емдеу саласында кəсіби дəрігерлер мен тəжірибесі мол мейірбикелер және сапалы зертханаларға ие болғандықтан, Таяу Шығыста бірінші, əлем бойынша төртінші орынға ие болып отыр. Бүгінде Иранда бала көтере алмау ауруын емдеуге арналған 50-ден астам орталық бар. Олардың əрқайсысы орналасқан жеріне байланысты науқас ел азаматтары мен аймақтық туристерді емдік қызметтер көрсету үшін қабылдайды. Мысал ретінде Иранның оңтүстігінде орналасқан бала көтере алмау ауруын емдеу орталықтарын атауға болады. Жыл сайын Бахрейн, Кувейт жəне БАƏ сияқты Парсы шығанағы маңындағы елдердің азаматтары емделу үшін осы орталықтарға келеді. Йезд облысы – кейбір медициналық салалар, соның ішінде  бала көтере алмау ауруын емдеуде Таяу Шығыс пен əлем бойынша ерекше танылған Иранның облыстарының бірі. Бұл облыста халықаралық стандарттарға сай жəне бала көтере алмау ауруын емдеу саласында білікті дәрігерлер жұмыс істейтін емдеу жəне зерттеу орталықтары бар. Осы əлеуеттерді туристік тартымдылықтармен жəне төрт мезгілдің алуан ауа райымен үйлестіру, суық жəне ыстық су көздерінің болуы Йезд облысында медициналық туризм индустриясын дамытуға жағдай жасады. Теһран, Шираз, Мешхед, Құм мен Керманшах – бала көтере алмау ауруын емдеу саласында дамыған клиникалар мен орталықтарға ие Иранның қалалары. Жыл сайын бала көтере алмау ауруын емдегісі келетін туристер əртүрлі елдерден, соның ішінде Германия, Түркия, Ирак, Аустрия, Əзірбайжан, Италия мен Армениядан осы орталықтарға барады. 

Иран бала көтере алмау ауруын емдеу саласында дамыған 10 елдің қатарына жатады. 

"Руйан" зерттеу орталығы – Иранда бала көтере алмау ауруын емдеуге мамандандырылған орталық.  Бұл орталық әлемде биология ғылымдары мен діңгекті жасушалар технологиясы саласындағы көптеген мамандарға таныс. "Руйан" орталығы х.ш.ж.с.б. 1370 жылы (1991 жылы) бала көтере алмау ауруына шалдыққан жұптарды емдеу үшін қызмет көрсету, осы салада зерттеу жүргізіп, оқыту мақсатында шектеулі оталар жасау орталығы ретінде құрылды. Соңғы он жылда осы орталық зерттеушілерінің жетістіктерінің арқасында "Руйан" зерттеу орталығы 3 зерттеу институты жəне 2 мамандандырылған қызмет орталығы, соның ішінде бала көтере алмау ауруын емдеу орталығы қалыбында өз жұмысын дамытты. Осы зерттеу орталығының бала көтеру деңгейін арттыру саласындағы жұмыстарының бірі эмбрионның саулығы жəне ұрпақ қалдырудың əртүрлі салаларында бала көтере алмау ауруын зерттеп, емдеу арқылы қоғамның салауатын жақсарту болып табылады. "Руйан" биологиялық жəне ұрпақ қалдыру медицинасы институтында ұрпақ қалдыруды генетика тұрғысынан зерттеу, эмбриология, эпидемиология, бала көтеру саулығы, эндокринология жəне əйелдердің бала көтере алмауын зерттеу бөлімдері бар. Осы уақытқа дейін бұл орталықтың мамандары емдеу қызметтерін ирандық науқастармен қоса, əлемнің 20-дан аса елінің, соның ішінде Ирак, Бахрейн, Түркия, Франция, Аустрия, Италия, Канада мен АҚШ-тан келген бала таба алмай жүрген жұптарға көрсетіп жатыр. Бұл орталық шетелдік науқастар үшін жеңілдіктер қарастырған. Жеңілдіктердің қатарына осы адамдарды кезектен тыс қабылдауды жатқызуға болады. Бала көтере алмауды емдеудің айрықша шарттарынабайланысты әдетте мұндай ауруды емдеу үшін  кезек алу уақытты қажет етеді. «Руйан» зерттеу институтына барушылар осы орталықтың сайты http://www.royaninstitute.org/cmsen/ арқылы орталықтың емдеу шаралары мен жетістіктерімен және осы қызметтерді пайдалану тәсілімен таныса алады.

Бала көтере алмауды емдеу саласында жұмыс істейтін келесі институт – Ибн Сина институты (http://www.ari.ir/index.php/en/ari). Ол жұптарға бала көтерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Ибн Сина институтының басшысы доктор Мұхаммад Мехди Ахундидің айтуынша, «Иранның медициналық ғылым саласындағы маңызды әлеуеттерінің бірі – бала көтере алмауды емдеу. Әлемде бала көтере алмау статистикасы жоғары болғанымен соңғы онжылдықтарда осы салада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Иран да осы салада құнды білім мен технологияларға қол жеткізді. Бала көтере алмай жүргендердің көбі шипа тауып, балалы болуға үміттене алады.

Бала көтере алмауды емдеудің қаражаты жоғары. Алайда доктор Ахундидің айтуы бойынша, Иранда бала көтере алмауды емдеу құны көршілес және Еуропа елдерінің бестен бірін, АҚШ пен Канадада емделудің оннан бірін құрайды. Сол себепті Армения, Тәжікстан, Әзербайжан, Түркіменстан мен Ирактан көптеген адамдар емделу үшін Иранға барады. Ибн Сина мамандандырылған орталығында медициналық туристер үшін қарастырылған жеңілдіктердің қатарына қысқа мерзім ішінде диагноз қою және емдеу қызметтері, үйлестіру жұмыстары үшін шетелдік туристерді аудармашы және мамологпен қамтамасыз етіп, науқастардың барлық істерін үйлестіру жатады. Медициналық туристер, сондай‑ақ, осы орталықта емделу үдерісін дистанционды түрде электронды пошта мен телефон арқылы сұрай алады.

Ибн Сина бала көтере алмау және көп түсік тастауды емдеу орталығы

Ибн Сина бала көтере алмау және көп түсік тастауды емдеу орталығы х.ш.ж.с.б. 1382 жылы (2003 жылы) жұмыс істей бастады. Қазір онда бала көтере алмауды емдеу, көп түсік тастауды емдеу, жыныстық саулық, эндометрия, ана, эмбрион мен сәбидің денсаулығы, мамология клиникасы бар. Тәжірибелі адам ресурсы саласында ұлттық және халықаралық соңғы стандарттарды сақтау, диагностикалық және емдеу жабдықтарын қолдану, мамандандырылған оталарды жасауға қажет кеңістік (Day Clinic) қалыптастыру, бала көтере алмауды емдеу мен соған қатысты УЗИ жасау, көп түсік жасауға қатыстымамандандырылған ем көрсету, бала көтере алмай жүрген жұптарды қолдау,  әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсету – мұның барлығы осы орталықтың басқа елдерден бала көтере алмауды емдеуді қажет ететін туристерді тарту үшін тиімді әлеуеттердің қатарына жатады.

Бір жұп бала көтере алмау қиындығымен бетпе‑бет келген жағдайда мамандандырылған емдеу орталықтарына бармаса немесе мұндай орталықтардың барын білмесе, шашырай орналасқан әртүрлі орталықтарға барып, дұрыс емделмеуі мүмкін. Емдеудің мұндай қате әрі пайдасыз тәсілі жұпқа көп шығын әкелумен қоса, нәтижесіз болғандықтан оларға психикалық тұрғыдан бүлдіргі әсер етеді.

Бүгінде дамыған елдерде бала көтере алмауды емдеуде қолданылатын тәсілдердің барлығы Иранда да сәтті қолданылып жатыр. Иран бала көтере алмау ғылымы мен қажет технологиялар саласы бойынша бай әрі қуатты. Соңғы жылдары АҚШ, Италия, Швеция, Германия сияқты елдер мен Парсы шығанағы маңындағы елдердің, Ирак пен әлемнің әртүрлі елдерінен көптеген жұптар емделу үшін Иранға келді. Иранда дамыған технологияның болуы жәнебала көтере алмауды емдеуде ең жаңа тәсілдерді пайдалануы басқа ел азаматтарының осы елге келуге қызығушылықтарының арта түсуіне себеп болып отыр.