Иран базары (46)
Ауыл шаруашылығы/ бау-бақша: жүзім Бау-бақша өнімдері – тағамдық құндылығы мен экспорттық орны тұрғысынан аса маңызды ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірі. Соның ішіндегі жүзім – Иранның құнды жемістерінің бірі. Бүгінгі бағдарламада осы жеміске тоқталамыз.
Бау-бақша өнімдері – тағамдық құндылығы мен экспорттық орны тұрғысынан аса маңызды ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірі. Бұл өнімдерді көпжылдық өсімдіктер береді. Көпжылдық өсімдіктердің әдетте діңі мен сабағы мықты болып келеді. Жемісі жиналып алынғаннан кейін өсімдіктің барлық немесе бір бөлігі жерде қалып, келесі жылы қайтадан жеміс береді.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің осы түріне апельсин, шабдалы, жүзім, алма, сары өрік пен анар ағаштары мен бұтақтары жатады.
Бау-бақша өнімдерін өсіру және климаттық жағдайына байланысты тропикалық, субтропикалық, қоңыржай және субарктикалық белдеулерде өсетін топтарға бөлуге болады. Пісте, шай, банан, анар, інжір, зейтүн, унаби (зизифус), құрма, цитрустар, соның ішінде мандарин, апельсин, грейпфрут, тәтті шырын, ащы шырын, манго, киви тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Климат тұрғысынан қоңыржай, субарктикалық және таулы аймақтарда, атап айтқанда Иранның батысы мен солтүстік-батысындағы таулы әрі салқын облыстарда алма, алмұрт, айва, өрік, абрикос, шабдалы, нектарин, шие, қызанақ, тұт, қожақат, фундук, жаңғақ, бадам жаңғағы, шырғанақ, бөріқарақат пен құрма сияқты жемістер өседі.
Иранның ерекше климаттық жағдайы мен көптеген микроклиматтардың болуы елдің көп бөлігінде субарктикалық, тропикалық және қоңыржай белдеулерге қатысты бау-бақша өнімдерін өндіруге жағдай жасады. Климаттық әралуандық пен көптеген микроклиматтардың мен Иранның орталық шөліндегі ыстық және құрғақ облыстардың көбінде қоңыржай таулы климаттың болуы бау-бақша өнімдерінің ауқымды спектрін Иранның географиялық аймақтарының көбінде өндіруге жағдай жасады.
Ирандағыдай бау-бақша өнімдерінің алуандығы әлемде сирек кездеседі. Иран осы алуандық тұрғысынан әлем бойынша үшінші орында. Әлемдегі 25 бау-бақша өнімінің 15-і Иранда өседі. Иранның ауыл шаруашылығы пісте, құрма, інжір, алма, зейтүн, жүзім, анар мен шие сияқты бау-бақша өнімдерінің кейбірін өндіру бойынша әлемде жоғары орынға ие. Соңғы жылдары жылыжай өнімдерінің, қияр, қызанақ, баклажан, көк бұршақ пен кәді сияқты көкөністер, тағамдық шөптер өндірудің айтарлықтай артуымен бір мезгілде Иранда да өнімдердің осы түрін өндіру дамып, елдің экспорттық өнімдерінің қатарына енгізілді.
Иранда бау-бақша өнімдерін өсірудің келесі ерекшелігіне жылдың барлық мезгілінде оларды өндіру мүмкіндігінің болуы жатады. Иранда ауыл шаруашылығына жарамды 37 млн га жер бар. Сондай-ақ, әлемдегі 13 климаттық белдеудің 11-нің Иранда болуы әралуан бау-бақша өнімдерін өсіруге мүмкіндік береді. Сол себепті Иранның барлық облыстарындағы жұмыс орындарының бірі – бағбандық. Ирандағы бақтардың 50 пайыздан астамы Керман, Фарс, Хорасан-е Разави, Батыс Әзірбайжан, Шығыс Әзірбайжан, Мазандеран мен Қазвин облыстарында орналасқан.
Иранда бау-бақша өнімдерін өндіруге қолайлы жағдай мен елдің айналасында тұтынушы нарықтардың болуы шетелдік инвесторлардың Иранның бау-бақша саласына инвестиция салуына ынтасын арттырды. Бұл салада Иран мен бірнеше италиялық компанияның ынтымақтастық консорциумына тоқталуға болады. TEXCO – Иран мен бірнеше италиялық компания арасында жеміс-жидек пен көкөністер егу, өсіру, сорттау және қаптауға қатысты технологиялармен алмасу туралы келісім. Ол Фарс, Хузистан, Луристан мен Күрдістан сияқты кейбір облыстарды қамтиды. Климаттық алуандық, бау-бақшалардың елдің оңтүстік айлақтарына жақын болуы, көкөністер мен тағамдық шөптердің түр-түрінің өсірілуі және Ираннан тыс жердегі тұтынушы нарықтарға, соның ішінде Парсы шығанағы елдері, Орта Азия және Еуропа елдерінеөнімдерді тезірек жеткізу жолдарына ие болуы аталған облыстардың осы жобаға таңдалуына себеп болды.
Иранның бау-бақша өнімдерінің бірі – жүзім. Жүзім – шоқ болып өсетін тәтті жемістердің бірі. Ол экономикалық және жоғары тағамдық құндылығы тұрғысынан аса бағалы. Бұл өнімнің құндылығы оны әртүрлі тәсілдермен, соның ішінде балғын, мейіз, концентрат, қамырға айналдырылған өнімдер, тосап, шырын, жүзім сүйегінің майы күйінде тұтынумүмкіндігіне байланысты аса жоғары. Сол себепті оны өндіруші елдердің экономикасында маңызды рөлге ие. Мұнымен қоса, анатоль мен антоцианин сияқты өнімдер жүзімнен алынады. Олар өнеркәсіп саласында қолданылады. Иранда жүзім өсіру тарихы кемінде 2 мың жыл бұрын басталған. Сондықтан Иран халқы бағзы заманнан жүзім егу және өсіру тәсілдерімен таныс болған. Бүгінде Ираның көптеген жерлерінде солтүстіктегі салқын жерлер мен оңтүстіктегі шөлді аудандарда жүзім егу кең таралған. Иранның егіс алқаптарының 300 мыңнан астам гектарына «аскари», дәнсіз, «шахани», «кешмеши», «сахеби», «фахри», «лал-е хусейни», «марағеи», «яқути», «шани» мен «шахруди» сияқты әртүрлі жүзім түрлері егіледі. Иранның кейбір облыстары, соның ішінде Хорасан, Қазвин, Шығыс Әзірбайжан мен Батыс Әзірбайжан облыстарыжүзімнің ең маңызды өндірушілерінің қатарына жатады.
Жүзім – өте көп қасиеттері бар құнды жеміс. Жүзімде А, В мен С дәрумендері, минералды заттар – магний, кальций, темір және фосфор бар. Жүзімде калий көп. Ол адам денесінің әлсіздігін жеңуге көмектесіп, жүйке жүйесі ауруларын емдеуге тиімді. Жүзімде бар тағамдық элементтер тамақтың асқазанда қорытылуы мен оның сіңуіне жақсы көмектеседі, жүрек, өкпе пен бүйрекке пайдалы. Жүзім димпепсия, өкпе обыры, бүйректегі тас пен ревматизмнен туындаған ауруларды емдеуде пайдалы. Жүзім өт сөлінің көбеюіне себеп болады. Ас қорытуға көмектесіп, ішектегі божу үдерісін азайтады. Жүзімдегі талшықтар обыр мен обыр жасушаларының әдеттен тыс өсуінің алдын алады. Бұл жеміс целюлоза мен тұздардың болуынабайланысты әлсірететін және несеп шығаратын қасиетке ие, несепнәрдің бұзылуына шалдыққан адамдар үшін пайдалы. Жүзім қандағы қант деңгейін реттеп, оны тазартады, қан жасайтын жеміс ретінде танылған. Жүзім шырыны, сондай-ақ, жүректі нығайтады, жоғары қан қысымынан туындайтын жүрек қағысының ауытқуларын жояды. Жүзім жеу адамдардың арықтауы мен семіруіне әсер етеді. Егер жүзімді таңертеңнен түске дейін басқа тамақсыз жейтін болса, арықтауға себеп болады. Оны тамақпен бірге жесе, семіртеді.
Мейіз – жүзімнен алынатын ең маңызды өнім. Бұл кептірілген жеміс балғын түрі сияқты бірнеше түрге бөлінеді. Жүзімнің түрі мен кептіру жағдайына байланысты әралуан атаулармен нарыққа шығарылады. Мысалы, жасыл сопақша, сары ысталған, тифи, афтаби мейіздері. Иран – әлемде мейіз экспорттайтын үшінші ірі ел.
Иранның орталық бөлігінде орналасқан Қазвин облысы елде мейіз өндірісінің орталығы болып табылады. Бұл өңірде жиналатын жүзімінің 80 пайызы экспортталатын мейізге айналдырылады. Иранның кейбір қалалары, соның ішінде Малайер мен Кашмарда өндірілетін мейіз әлемдік танымалдыққа ие. Малайер мейізі түсі тұрғысынан әлемге әйгілі. Кейбір елдер, соның ішінде Үндістан Малайер маркасын тіркеу арқылы бұл атауды өз өнімдерін жарнамалау үшін пайдаланауға талпыныс жасап жатқан көрінеді немесе Түркия Иранның сапалы мейізін импорттау арқылы осы пайдалы да құрғақ жемісті өз атымен әлемдік нарыққа шығарады. Бүгінде Иранның мейізі БАӘ, Ирак, Түркия, Пәкістан, Әзірбайжан және Қазақстан сияқты көршілес елдермен қоса, Еуропа елдері, соның ішінде Украина, Польша, Румыния, Венгрия, Ресей, Германия,Ұлыбритания, Нидерланды мен Испания, Солтүстік Африка елдері, атап айтқанда Мысыр, Алжир мен Марокко және Канадаға экспортталады.