Имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісіндегі Құранның көрінісі 7
Керуен біртіндеп Кербалаға таяды. Жол бойындағы мөлдір су, жайқалған ағаштар, табиғи су қоймасы мен ғибадат мекені имам мен серіктерінің керуенін тоқтатты.
Керуен біртіндеп Кербалаға таяды. Жол бойындағы мөлдір су, жайқалған ағаштар, табиғи су қоймасы мен ғибадат мекені имам мен серіктерінің керуенін тоқтатты. Шатырлар тігіліп, имамның шатырының ішінен Құран оқып жатқан дауыс естілді. Бір адам имамның қасына келіп, батыл елшісі Қейс бен Мосахар Сеидоваидың шәһид болғаны туралы хабарды жеткізді. Қейс имамның жолдауын Куфенің ақсақалдарына жеткізбек болған кезде қамауға алынды. Бірақ, ол қамауға алынудан бұрын қолындағы хатын жойып үлгерді. Ибн Зиад Қейске мінбердің үстіне көтеріліп, имам Хусейн (ғ.с.) мен имамның әкесі және ағасын қарғауды бұйырып, егер айтқанын орындамаса, бөлшектеп тастайтынын айтып, қорқытты. Қейс қабылдап, мінбердің үстіне көтерілді.
Бірақ, мінбердің үстіне шыққан соң батыл түрде Исламның ұлық пайғамбарының әулетін қорғап, хазірет Әли (ғ.с.) мен хазіреттің перзенттері Хасан мен Хусейн (ғ.с.)-ды мадақтады. Содан соң Убайдолла бен Зияд пен оның әкесі және Әмәви әулетінің залымдарына лағынет айтты. Ибн Зиядтың бұйрығымен Қейс бен Мосахер сарайдың төбесінен жерге құлатылып, денесі бөлшектелді.
Имам Хусейн (ғ.с.) бұл хабарды естіп, көзі жасқа толды. Имам елшісінің ержүректігін, келісімге табанды болуы мен иманын мадақтап, "Ахзаб" сүресінің: "Мүміндерден Аллаға деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды, кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады",- деген 23-ші аятын оқып: "Уа, Алла! Бәрімізге үшін жаннат сыйлап, рақымыңа бөле",- деді.
Сөйтіп, имам өзі мен серіктері қозғалысының Құран тағылымдарына сүйенгенін, Алланың ризалығы үшін екенін жариялап, Алла жолындағы күрес пен талпыныстың табандылығын мадақтады. Қандай қиындықтармен кезіксе де Алланың жолына түсу – ізгі іс. Жиһадтың құны да жоғары. Қараниет, қанішер жаулар тұрған мекенде орналасқан адамның мақсаты мен жігері әлсіреп, қорқыныш пен алаңдау оны жеңуі мүмкін. Табандылық білдіріп, ерлік көрсету білім мен махаббатты қажет етеді. Мұндай жағдайда адам шындықты қорғап, ақ өлімді қолдайды. Рухы мен жаны Құранмен астасқан имам Құран мәдениетінде шәһидтіктің халықтардың өмірі, ғиззат пен иманның факторы екенін еске салды. Шындық пен әділет орнату үшін адамзат қоғамы иманды адамдардың жанкештілігін қажет етеді. Адам өмірінің құндылықтарынан хабардар және оларды пайдалану мүмкіндігі артқан сайын оның шәһидтігі маңыздылыққа ие болады. "Тәубе" сүресінің 111-ші аятында: "Күдіксіз, Алла мүміндердің жандарын, малдарын жаннаттеан айырбастап алды. Олар Алла жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұған байланысты хақ уәде Тәуратта, Інжілде және Құранда бар. Алладан артық уәдесін кім орындайды? Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Міне, осы – үлкен жеңіс",- деп айтылған.