Сәу 09, 2016 18:15 Asia/Almaty
  • Бүгінгі әлем – үстемшілдердің «жұмсақ соғысының» алаңы 1: «Жұмсақ соғыстың» болмысы

Адамзаттың өмірінің басталуынан бері әрқашан адами қоғамға қауіп-қатер тудырған құбылыстардын бірі соғыспен қорқыту құбылысы саналады. Тарихи деректер тарихтың ешбір кезеңінің қатыгездік пен қантөгіс сынды салдарларсыз болмағанын көрсетті. Қоғамның өзгеріп, дамуымен соғыс және оның құралдарының сапасы мен саны да өзгерді. Өткен онжылдықтардағы соғыстардың бір түрі «жұмсақ соғыс» деп аталды.

«Жұмсақ» соғыс негізінде қоғам немесе арнайы топқа қарсы қолданылатын психикалық және үгіт-насихаттық әрекеттер. «Жұмсақ» соғыстың баршаға белгілі соғыстардан айырмашылығы онда әскери қару-жарақтың қолданылмауы болып табылады. «Жұмсақ соғыс» кезінде дұшпан нақты әрі алдын ала жоспарланған үгіт-насихаттар мен қоғамдық пікірге әсер ету тәсілдерін пайдаланып, нысанаға алған қоғамға өзінің наным-сенімдерін, мәдениетін, саясаты мен сезімдерін, қалауларын, іс-қимылдары мен ой-пікірлерін қабылдатқысы келеді. «Жұмсақ» соғыс  бұл мемлекеттің құндылықтары мен ұлттық қауіпсіздігіне қарсы ең әсерлі, ең сындарлы, шығыны аз, ең қатерлі әрі ең шиеленісті қоқан-лоққы саналады. Өйткені бұл соғыс ең аз қаржы және әскери шабуылсыз-ақ мақсатына жете алады. Британиялық тарихшы әрі әскери сарапшы Фоллер «жұмсақ соғыс» құбылысын баяндаған бірінші адам болды. Ол бұл құбылысты «психикалық» соғыс деп атап, 1920-шы жылы қолданған болатын. Бірақ сол кезде Фоллердің «психикалық» соғыс деген терминді пайдаланғанына Ұлыбритания мен АҚШ-ның әскери және ғылыми топтары аса көңіл бөлмеген еді. 1940-шы жылдың қаңтарында «Психикалық соғыс және оны жүзеге асыру жолдары» деген мақаланың жарық көруімен  бұл термин бірінші рет АҚШ-тың саяси әдебиетіне енді. Бұл мақала бойынша психикалық соғыс әскери мақсаты бар бір топтың рухы мен әрекеттеріне әсер ету үшін кез келген құралды пайдалануын көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл термин Вебстердің сөздігінде тіркеліп, сол кездің саяси және әскери терминдерінің бір бөлігін құрады.


1950-ші жылы және екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталған соң сол кездегі АҚШ Президенті Труман Кореяда психикалық соғыс жүргізуге дайындалып, құны 121 миллион доллар бюджеттік «шындық қақтығысы» деп аталған жобаны бекітіп, АҚШ әскері өзінің әскери әрекеттерімен бірге екінші дүниежүзілік соғыстың тәжірибелерін пайдаланып, психикалық соғыс жүргізетін кең ауқымды бірліктерін құрды. Алайда 1990-шы жылы АҚШ-тың аналитигі Джозеф Нойдың америкалық «Форин полиси» («Foreign policy») басылымында «жұмсақ» күш (power soft) деп аталған мақаланы жариялауымен мұндай тәсілді пайдалануға шынайырақ назар аударылатын болды. Нойдың пікірінше, АҚШ «қатты» күшті пайдаланудың орнына нысанаға алған мелекетіндегі өзгерістерге оның қоғамының танымал азаматтарына әсер ету арқылы жете алады. Бұл мақалада Ной қоғамдағы танымал азаматтар арасында «жұмсақ» күшпен бірге қоғамдық дипломатияны пайдалану арқылы өзгерістер енгізуге тоқталды. Кейін оның көзқарасы жетілдіріліп, АҚШ-тың сыртқы саясатында «ақылды» күш (smart power) деген атпен іске асырылатын болды. 1991-ші жылы Кеңес Одағы ыдырап, қырғи-қабақ соғысы аяқталған соң АҚШ-тағы соғыс мамандары «жұмсақ» күштің маңыздылығын дәлелдеді. Олар қаржыны азырақ жұмсау және басқа елдерге тікелей араласпай саяси, экономикалық және мәдени саясаттарына қол жеткізе алатындықтарын түсінді. Кеңес Одағы ыдыраған соң америкалықтар «жұмсақ» соғысты пайдаланып, осы уақытқа дейін әртүрлі елдердің бірнеше саяси тәртібін өзгерте алды. Шығыс блогінің бірнеше  мемлекетінде «түрлі-түсті» және «мақпал» көтерілістер орын алды. Шын мәнінде, олар «жұмсақ» соғыстың үлгілері. Америкалықтар «жұмсақ» күшті пайдаланып, Польша, Грузия, Чехословакия, Қырғыз республикасы, Украина мен Тәжікстанның саяси жүйелерін өзгертті. Бұл саяси өзгерістерде қатыгездіксіз, «жұмсақ» күш пен ақпарат құралдарына сүйеніп, құндылықтар мен әрекеттердің үлгілері өзгертілу арқылы билік басындағы саяси режимдер заңсыз деп жарияланып, халықтық қозғалыстар және саяси тұрақсыздықтың арқасында бұл мемлекеттердің саяси билігі ауысты. Сөйтіп, «жұмсақ» соғыс және «жұмсақ» күш деген терминдер әлемнің саяси әдебиетіне кіріп, сол кезде оған әртүрлі анықтамалар берілді. «Қатты» соғысқа қарсы қалыптасқан «жұмсақ соғысқа да әртүрлі түсініктемелер берілген. АҚШ-тың Ұлттық әскери университетінің теоретигі Джон Калинз «жұмсақ» соғысты АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мақсаттарына жету үшін алдын  ала жобаланған үгіттер мен соған қатысты құралдарды дұшпанның ой-пікіріне әсер ету үшін пайдалану деп атады. АҚШ әскерінің әскери жарлығында ұлттық  мақсаттарға жету саласындағы «жұмсақ» соғыс деп дұшпанның, бейтарап топтың немесе дос топтардың наным-сенімдері, сезімдері, қалаулары мен әрекеттеріне әсер ететін алдын ала және нақты дайындалған үгіт пен басқа әрекеттерді пайдалану аталған. Бірақ ең танымал түсініктеме америкалық зерттеуші Джозеф Нойдың түсініктемесі саналады. Ол «жұмсақ» күшті «басқалардың таңдауын қалыптастыратын қабілет» деп сипаттады. Бірақ анығырақ айтқанда «жұмсақ» соғыс әлемнің үлкен мемлекеттерінің мақсат еткен елінде өз мүдделеріне сай өзгерістер енгізуді көздеген саяси, мәдени және ақпараттық әрекеттерінен қалыптасқан шиеленісті әрі құпия іс-қимыл болып табылады. Сондықтан бұл түсініктемеге «психикалық» соғыс, «ақ» соғыс, «ақпараттық» соғыс, «психикалық» әрекеттер, «жұмсақ» революция, «мақпал» төңкеріс, «түрлі-түсті» революция сынды терминдердің барлығы кіре алады.


«Жұмсақ» соғыс кезінде әр елдің қауіпсіздік орталықтарына, яғни оның саяси жүйесінің заңдылығына, мемлекеттің ұлттық бірлігі мен егемендігіне, өте маңызды қоғамдық қор саналатын ұлттық-саяси наным-сеніміне зардап келтіруге талпыныс жасалынады. Яғни, халықтың билік басындағы жүйесінің біліктілігі мен сындарлылығына деген сенімін төмендетуге әрекет жасалады. Өйткені халықтың билікке деген сенімінің төмендеуі ұлттық иілгіштік пен саяси ерекшеліктің төмендеуіне маңызды әсер етеді. «Жұмсақ» соғыстың шын мәнінде екі мақсаты бар. Олар – жүрек пен ми. Яғни, оның мақсаты адамның жүректері мен миына үстемдік ету. «Жұмсақ» соғыс кезінде қоқан-лоққының себептері адамға әсер етіп, өзінің мүдделері мен басымдылықтарын оның қалауына сай түсіндіруге талпынады. Сондықтан «жұмсақ» соғыс қоғамның құндылықтарын нысанаға алып, билік басындағы жүйенің үлгілеріне қайшы келетін жаңа үлгілер мен жаңа әрекеттерге әкеліп соқтырады.


 «Жұмсақ» соғыс  пайда болған кезде өзіне аса назар аудартпайтындығына байланысты көбінесе саяси жүйенің қызметкерлерінен жасырын қалып, олар орнатылған жағдайды толық қалыпты, әдеттегідей деп ойлайды. Сондықтан жұмсақ қатер құпия түрде алға ілгерілеп, жүйенің болмысы, мәдениеті, заңдылығы, саяси белсенділігі сынды мәселелеріне ықпалын тигізеді. Бұл қатер әшкереленген кезде ұлттық қауіпсіздіктің жұмсақ инфрақұрылымдарын дағдарысқа тіреп үлгеруіне байланысты оны басқару мүміндік төмендейді. «Жұмсақ» соғыстың ең маңызды мақсаты көбірек халықты билік басындағы жүйені қолдаудан бас тартқызу және оған қарсыласуға жігерлендіру болып табылады. Иранның Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өз сөзінің бірінде: «Жұмсақ» соғыстың ең маңызды мақсаттары оның рөлі мен стратегиясына қатысты»,- деген шындыққа назар аудартты. Оның пікірінше, халықтың жүректері мен миында күдік-күмән тудыру, рухани қорғаныстарды қирату, күшті нүктелерді осал нүктелерге, мұрсаттарды қоқан-лоққыларға айналдыру, жүйенің негіздеріне нұқсан келтіру, халықты күмәндендіру, қоғамда қайшылқтар тудыру, үміттің белгілерін жою, үмітсіздік орнатып, халықтың ойын негізгі дұшпаннан бұрмалау «жұмсақ» соғыстың негізгі мақсаттарына жатады. Қорыта айтқанда «жұмсақ» соғыстың негізгі мақсаты қарсы майданды өз майданына айналдыру болып табылады. Мұндай жағдайда мемлекетке әскери шабуыл жасау немесе оның билік жүйесін өзгертуге тікелей немесе жанама түрде араласу қажет болмайды. Сондай-ақ, бұл мақсаттарды қарсы болған халықтың өзі қамтамасыз етеді. Ал егер «қатты» соғыс қажет болса мемлекеттердің қарсыласу күші төмендеп, негізгі мақсатқа жету үшін азырақ қаржы жұмсалады.