Құранда аталған әйелдер 1
Әлемнің барлық халықтары мен тайпалары арасында әйел төмен сатыдағы, екінші деңгейдегі жаратылыс саналып, келешегі үшін ешбір жерден жарық көрінбеген заманда исламның күні шықты.
Исламның маңызды тағылымдарының арасынан бұл дінді барлық діндердің арасынан ерекшелендірген ең үлкен бағдарламаларының бірі ретінде әйелге қатысты әділетсіздікті жоюын атау керек.
Танымал өркениетке ие, батыстың бүгінгі өркениетінің ошағы саналатын иунандықтар әйелді тазаланбайтын, шайтаннан туған санап, әйелдің маңызды рөлін тек ерлерге қызмет етіп, солардың жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру деп атаған.
Римдіктер заңдар мен құқық саласында үлкен дамуға ие болғанымен, олар «әйел адами рухтан кенде болғандықтан, қиямет күні қайта тірілуге лайық емес» деген.
Олар әйелді жануарлардың қатарында санап, тұрмыстық затпен теңестірді. Сонымен қатар қыздарды тірідей көрге көму кең таралды. Арабтың жәһіл мәдениеті ғиззат пен мақтанышты ұл балаларға ие болуда деп ойлады. Қызға ие болуды ұят санағандықтан оларды өлтіріп отырған. Құран Кәрім «Нәхіл» сүресінің 58-59 аяттарында бұл жайында былай дейді: "Егер олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе (әйелінің қыз тапқанын естісе), оны ашу қысып, беті қап-қара бола бастайды.
Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан, елден жасырынады. Оны қорлыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау керек пе? Олар нендей жаман үкім береді».
Кейбір кездері кейбір аймақтардан мықты әйелдер шыққанымен әйелдерге қатысты қатігездік пен зорлық-зомбылық үстем құбылыс болды.
Әйелге деген зұлымдық пен зорлық-зомбылық, одан сорақысы әйелдерді кейбір жерлерде адам санамау адамзат қоғамының қараңғылығы мен надандығының тек бір ғана бөлігі еді. Олар құтқарушыны қажет етіп, өздерінің жаралары мен зақымдарына дауа болуы үшін илаһи құтқарудың қажеттігін бар болмыстарымен сезінді.
Ислам тек әйелдер ғана қатігездікке ұшырап қоймай, көптеген ер адамдар да күндерін қиындықта өткізіп жатқан дағдарысты уақытта келді.
Әлемнің барлық халықтары мен тайпалары арасында әйел төмен сатыдағы, екінші деңгейдегі жаратылыс саналған заманда, оның өмірінің келешегі үшін ешбір жерден жарық көрінбеген заманда исламның күні шықты.
Рақым пайғамбары Мохаммад Мостафаның (с.ғ.с.) мейірімді даусы әйелдің бойына қуаныш пен үміт демін үрлеп, оның алдынан барлық жақтан даму мен өркендеудің жолын ашты.
Хазірет Мохаммад әйелдің адамзат қоғамындағы маңызды жағдайы мен оның жоғары орны мен жаратылыстың Жаратушысы осынау ғажайып жаратылыс иесінің болмысына сыйлаған көптеген қабілетін ескертіп, әйелдің мәртебесі мен оның жоғары құндылықтарын таныстыру үшін Құран Кәрімдегі аяттарды баяндады.
Шын мәнінде, исламның ардақты пайғамбары әйелді толық адам және ол да адами барлық кемелдік пен ұлылықтарға лайық деп таныстырып, әйел мен ерді бірге Алланың орынбасары болуға лайық деп атады.
Исламның ардақты пайғамбарының үлкен мұғжизасы Құран Кәрім – адамға жол нұсқап, оның бақыты үшін жаратылыстың Жаратушысы тарапынан түскен ең сенімді әрі беделді илаһи кітап.
Орасан, серпінді және тұрақты орталықпен байланысты Құранның мағрифаты мен ақиқаттары кез келген бұрмаланушылықтан сақталып, кез келген ғасыр мен уақытта мәңгілік қалып, адамға хош иісін сыйлайды.
Бұл кітап барлық әйелдер мен ерлерді өзінің тіршілік сыйлаушы дініне тартатын болады. Құран екі жүзден астам аятында әйелдерге қатысты арнайы мәселелердің кейбірін баяндаған.
Құранның әйелге көзқарасы адамға қатысты көзқарас. Басқаша айтқанда, Құранда әйел мен ер – болмыс пен кісілік тұрғыларынан бірдей адамдар. Алланың кітабындағы олардың құны мен артықшылықтарының бір өлшемі білім мен ұлылық және илаһи тақуалықта.
Құран тәрбиелеудің маңызды құралын іс жүзіндегі бір үлгі санайтындықтан бұл кітапта үлгілер ұсынылады. Ондағы мақсат адамдар сондай қасиеттерді өздерінің бойларына дарытып, шынайы үлгіге ұқсасын, сонымен қатар әрбір адам өзінің мүмкіндігі мен қабілетіне сай ұшқыннан нұр алып, шамасы жеткенше білім мен зияткерліктің шыңына жету үшін дегенге саяды.
Ислам үлгі көрсетуді тәрбиелеудің ең үлкен құралы санап, өзінің тәрбиелік тәсілінің негізін бәрінен бұрын соған негіздейді.
Мысал келтіру қарапайым сөйлеу тілі мен ғылыми тақырыптарды баяндауда және мәселені түсіндіруде маңызды рөлге ие болғандықтан Құран Кәрім көптеген жайттар бойынша мысалдар келтірген.
Сол негізде пайғамбар мен Құдайдың әулиелерін үлгі ретінде атады. Ал Перғауын, Қарун мен Самери сияқты қырсық, қапыл адамдардың оқиғаларын олардың ащы тағдырларынан сабақ алу үшін ескерту ретінде баяндады.
Беделді әйелдерді үлгі ретінде, күнәһар, жаман әйелдерді олардың жолдары мен тәсілдерінен тыю үшін ескерту мақсатында баяндады. Шын мәнінде, Құран адамдардың кемелдік жаққа қарай дамып жетілуі үшін ғылыми және іс жүзіндегі бағдарламаларымен бірге іс-әрекет тұрғысынан да үлгі ұсынады.
Көңіл аударарлық жайт, Ислам діні үлгілерді таныстырғанда олардың адами қырларына көңіл адударып, адамзат қоғамына ислам тағылымдарының қолжетімді, оның мүмкін екендігін түсіндіру үшін соларды жоғары көтерді.
Құранның қисынына сәйкес, ер адамдар иман мен ислам дінін ұстанудың арқасында ұлылықтың шыңына жеткендей кемелдікке жеткен әйелдер де бар. Тарихта ер адамдар олардың құзырында әдеппен тізе бүгіп, Құдайтану мен ғибадат және ахлақ сабағын үйренуі тиіс әйелдер бар.
«Құранда аталған әйелдер» атты жаңа бағдарламамыздың топтамасының 26 бөлімінде Құран Кәрім оларды жақсы мен жамандықтың үлгілері деп таныстырған біздің даму жолымызға көмектесетін әйелдермен таныстырамыз.