Қаң 01, 2019 12:53 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 46

Алланың үйі – мешіт басына-ақ ең сүйікті және қасиетті мекен болды. Алла елшісінің мешітте жамағат намаз өткізуі мұсылмандардың тәулік бойында бес рет саяси ғибадатқа қатысу үшін мешітте жиналып, бір-бірінің қасында сапқа тұрып, Аллаға ғибадат етуіне себеп болды.

 

Жамағат намазында үлкен мен кіші, әлсіз бен мықты, кедей мен бай бір-бірінің қасында тұрып, кектер мен күдік-күмән және қайшылықтар жойылып, олардың орнына мейірімділік, бауырластық пен теңдік қалыптасады.

 

Күнделікті жамағат намаздары мен кейбір сахабалардың Құран аяттарын жүрекке қонымды дауыспен қырағат етуі Мединеге келген адамдар мен топтарға маңызды әсер ететін. Исламның ұлық пайғамбарымен сөйлесу үшін Мединеге келген Сақиф тайпасының елшілеріне мұсылмандардың жамағаты қатты әсер етіп, олар Ислам дініне бет бұрды. Сондай-ақ, Мединедегі Пайғамбардың (с.ғ.с.) мешіті Алла елшісінің тағылымды сөздерінің аясында уағызшыларды тәрбиелейтін үлкен үгіт-насихат мекені болды. Бұл жерден тәлім-тәрбие алған адамдар Құран мен исламдық фикхпен танысқан соң, Араб түбегінің әртүрлі аймақтарына аттанып, сол жерлердегі халықтарды надандықтан құтқарып, Исламның құшағына шақырды. Уаһи мектебінде тәрбие көргендердің үгіт-насихат жұмыстарының арқасында Ислам діні Араб түбегінің жер-жеріне таралуымен шектелмей, Алла елшісі дүниеден озған соң көп ұзамай  әлемге таралған қасиетті дінге айналды. Бұл мәдени және идеологиялық жеңістің нәтижесінде әлемнің түкпір-түкпірінде мешіттер, мінберлер, фикх, хадис, әдебиет, тәпсір, ахлақ және тағы да басқа исла ғылымдарының сабағын үйрететін сыныптар ашылды.

 

Вашингтонның Орталық мешіті

Бүгінде Исламнан үркіту  және Ислам дінінің бет-бейнесін бұзып көрсету саясатына қарамастан дүниежүзі халқы Ислам мен мешітке назарларын көбірек аудара бастады.

Денвердегі Дінтану Университетінің аға ғылыми қызметкері Патрик Де Боуэн америкалықтардың Исламды қолдауы себептеріне жан-жақты зерттеу жүргізді. Ол зерттеу жасаағанда жаңадан мұсылман болған 13 адаммен, соның ішінде 11 қыркүйек оқиғасынан кейін Исламға бет бұрған 9 адаммен сөйлесіп, маңызды нәтижелерге жетті.

Исламға бет бұрған 17 жастағы христиан бойжеткен былай деді: "Түстее мектептен шығып, автобус күтіп тұрған кезде мешіттен естілген азанның даусын естіп, көңілімді тыныштық жайлап, бұрын байқалмаған махаббат пен ризашылықты сезетінмін. Мені Аллаға азанның дауысы жақындатты. Ислам діні мен оның тағылымдары туралы зерттеу жүргізіп, намаз оқуды үйренуге талпыныс жасадым. Бірінші рет Чикагода тұратын жерімізге жақын мешітке көңілім алаңдап барып, мұсылман болғым келетінін айтқан кезде хиджаб киген әйелдердің бірі қасыма келіп: "Сұбхан Алла" деп, мені мешіттің жамағат имамының қасына жетектеп, мен имамның алдында Алланың Жалғыз екеніне куәлік етіп, шаһадатайн айтып: "Алладан басқа Құдай жоқ және Мұхаммад (с.ғ.с.) оның елшісі екеніне куәлік етемін" дедім.

Виль Дюрант "Өркениет тарихы" кітабында: "Хазірет Адамнан соңғы елшіге дейінгі адамзат әлемі мәдениетінің тарихында мұсылмандардың азанының дауысынан жағымды және мәңгілік әуен естімедім. Әлемнің әртүрлі аймақтарында күнделікті бес рет айтылатын мұсылмандардың азаны Алланың алдында тағзым етумен бірге бірлікке себеп болады",- деп мойындады.

 

Вашингтонның Орталық мешіті

АҚШ-тың ең танымал мешіттерінің бірі – Вашингтонның Орталық мешіті. 1945-ші жылы Вашингтонда Түркия елшісі өлген кезде мұсылмандар жаназа намазын оқитын мекен болмағандықтан АҚШ астанасында мешіт салу туралы ойланды. Олар Массачусетс көшесінің бойынан 30000 текше метр жер алып, Вашингтонда тұратын мұсылмандар үшін Орталық мешіт пен ислам орталығын салуды жоспарлады. Мешіттің құрылысы шамамен жеті жылға созылып, 1957-ші жылы АҚШ Президенті Эйзенхауэрдің қатысуымен ашылды.

Вашингтонның Орталық мешіті қаладағы ислам елдері өкілдерінің көмегімен тұрғызылды. Ислам елдерінің әрқайсы мешіттің құрылысына ғана емес, оның құрылысын аяқтап, безендіруге көмектесті. Мешіттің кафельдері Түркиядан, кілемдері Ираннан, салмағы екі тоннаға жететін аспалы шамдар Мысырдан сыйлыққа келді.

 

Вашингтонның Орталық мешітінің кафельдері

Вашингтонның Орталық мешітінің мінбері Каирдегі Мұхаммадәли Паша Орталық мешітінің мінбері тәріздес салынды. Мешіттің мінбері Мысырдың қатты діңді ағашынан жасалған 12000 бөлшекпен қапталды. Тастары АҚШ-тың оңтүстік Алабама штатындағы ақ таудан әкелінді.

Вашингтонның Орталық мешіті

Бұл мешіт америкалық сәулетке сәйкестірілген исламдық тәсілдердің бірімен салынды. Вашингтон мешітінің кіреберісінен мысырлық тәсілмен салынған мұнараларды көруге болады. Оның төменгі бөлімі төртбұрышты және әр тарапынан биік терезелер орнатылып, исламдық суреттермен безендірілген. Төрт бұрыштан кейін мұнаралар шеңбер түрінде жалғасады. Мешіттің іші кең. Келген адамдар оған мәрмәр баспалдақ арқылы кіреді. Сондай-ақ, мешіттің ішінде мәрмәр төрт тірек, 13000 адам сыятын намазхана бар. Бұл шабистанның төбесі мықты мәрмәр тіректердің үстінде орнатылған.

 

Мешітті жобалап салуға міндеттелген мұсылмандар мешітпен бірге ислам орталығын да салды. Ислам орталығының бір бөлігінде конференциялар өткізілетін үлкен мәдениет залы орналасқан. Оның екінші жағынан мыңдаған құнды кітаптары бар кітапхананы көруге болады. Бұл кітапхана құнды кітаптарды ұсынуымен бірге ислам мәдениетін таратумен де айналысады.

 

Мешіттің михрабі

Вашингтонның Орталық мешіті күн сайын мыңдаған мұсылманды қабылдайды. Әртүрлі ұлттар мен әртүрлі таптарға жататын мұсылмандар намаз оқып, білімдерін арттыру үшін мешітке келеді. Бұл мешіт Американың басқа мешіттері сияқты мұсылмандардың әртүрлі ұлттарының көрнісі. Жексенбі Америка қоғамы бір-бірінен алыстайтын күн болса, жұма – мұсылман қоғамы бірге жиналатын күн. Ислам тағылымдары бойынша, мешіт Алланың үйі, сондықтан мұсылмандар өздерін тек өз шіркеулерімен байланыстырып, ғибадаттарын тек өз шіркеулерінде орындайтын христиандардай емес, әсіресе жұма күні азан даусын естіген кезде жұмыс орындары немесе қоғамдық белсенділік жасайтын орындарына жақын мешіттерге барып, намаздарын оқи береді.

 

Вашингтонның Орталық мешіті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

مسجد مسجد جامع واشنگتن  قبیله ثقیف


منبع خبر