Ақп 07, 2019 17:44 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 32

Теһрандағы АҚШ елшілігі Мұхаммад Реза шаһтың билігінің соңына дейін Американың Ирандағы араласушылық әрекеттерінде маңызды рөл атқарды. Пеһлеви кезеңінде елдің шешімі бүліктерді жобалаушы Американың елшілігінде қабылданды.

 

Бұл үдеріс Пеһлеви үкіметінің соңғы айларында сол кездегі Теһрандағы Америка елшісі Уильям Салливан қарсылас басшыларға Иранның істеріне араласуға шаһтың мүмкіндігінен кеңірек рөл атқаруды тапсыру қажет деген нәтижеге жеткенге дейін жалғасты. Сол негізде Батыста білім алған Шапур Бахтияри премьер-министрлік міндетін  қабылдады. АҚШ елшілігі Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін де имам Хомейнидің саясатын қолдайтын студенттер басып алғанға дейін тыңшылық жасап, қастандықтарды жобалайтын орталық болды. Тыңшылық орталығынан қолға түскен құжаттар АҚШ елшілігінің Күрдістан тақырыбына ерекше назар аударғанын, бұл аймақтағы халықтық көтерілтің мүмкіндігі туралы көптеген мәліметтерді Вашингтонға жібергенін көрсетті.

АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Клинтон 2011 жылдың қазан айының 26 күні өз еліндегі ВВС мен Voice of America секілді екі арнаның парсы тіліндегі бөлімдеріне берген жеке сұхбаттарында Мадлин Олбрайттың Американың хиджри күнтізбесі бойынша 1332 жылдың мордад айының 28 күнгі төңкерісіне араласқаны үшін Иран халқынан кешірім сұрағанын еске алып, бұл оқиғаға өкініш білдірді.

Орталық Барлау Басқармасының (ОББ) офицерлері кез келген революциядан кейін орнатылатын табиғи қолайсыз жағдайды, нақты айтқанда Ислам революциясынан кейінгі жағдайды пайдаланып, маңызды аймақтар мен салаларға ықпал етіп, Ислам революциясының одан әрі таралуына кедергі жасауға әрекет етті. АҚШ елшілігі тыңшылық арналары арқылы революцияның негізгі күштерін әлсіретіп, керісінше либералды күштерді нығайтып, Иран халқының революцияшыл қозғалысына соққы бергісі келді. Қорыта айтқанда, 28 мордад төңкерісінен осы уақытқа дейінгі АҚШ-тың Иранға қарсы саясаттарын тікелей араласу және өзіне тәуелді үкімет құру деп сараптауға болады.

"Foreign Policy" журналы Американың 28 мордад төңкерісіне араласуына байланысты құжат туралы: "АҚШ пен Британияның барлау қызметтері төңкерісті іске асыру мақсатына жету үшін бірнеше жобаны, соның ішінде Мұхаммад Мосаддеқтің саяси жағдайына нұқсан келтіру үшін үгіт-насихат машинасын пайдаланып, сол кездегі Иран Парламентінің кейбір өкілдеріне пара беріп, әскери күштерді ұйымдастырып, көшелерде наразылық шеруін өткізу жобаларын жүзеге асырды",- деп жазды.

ОББ 1954 жылғы құжаттарының бірінің кіріспе сөзінде: "Ajax операциясының мақсаты – Мұхаммад Мосаддеқ үкіметін құлатып, шаһтың билігін қайтару, Мосаддеқ үкіметінің орнына Иранды бітімге әкелетін саясат ұстанатын үкімет әкелу",- деп жазылды.

Осы құжат бойынша, төңкеріс мақсаттарының бірі Батыс үкіметтері мұнай нарығы туралы келісімге келуге жағдай жасайтын үкімет орнату болды.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Мосаддеқтің ұлттық үкіметінің құлауына жеткізген 28 мордад төңкерісі мен одан кейінгі 25 жылда шаһ билігінің негіздерін күшейтудегі АҚШ-тың рөлін мойындады. Ол 2009 жылы Каир университетінде, екінші рет 2013 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде осы тақырыпқа тоқталды. Обама сондай-ақ, 2006 жылы шыққан кітабында, сонымен қатар сенаторлығы кезінде де 28 мордад төңкерісіне тоқталып, бұл әрекетті АҚШ үкіметінің басқа елдердің ішкі істеріне шектен тыс араласуының белгісі деп атады. Американың доктринасы Ислам революциясының жеңісінен кейін Ислам республикасы жүйесін құлатуды көздеді. Американың шабуылдары, соның ішінде «Табас» оқиғасы мен «Ниқаб» төңкерісі – сәтсіздікке ұшыраған айқын екі ағым.

АҚШ Ислам революциясын сәтсіздікке ұшырату үшін көп әрекет жасады.

Билік басына неоконсерваторлардың келуімен Иранның жүйесін өзгерту Джордж Буш (ұлының) үкіметі жұмысының күн тәртібіне енгізіліп, оның Таяу Шығысқа қатысты стратегиялық негізгі мақсаттарының біріне айналды. Бұдан бұрын АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі Американың кейбір шенуектері «жұмсақ күш» саясатын қолдап, Ислам республикасын «түрлі-түсті» төңкеріс, жүйеге қарсы ішкі күштерді нығайтып, экономикалық қысымдар арқылы бағындыруға болады деп ойлады. Басқалар, соның ішінде АҚШ вице-президенті Дик Чейни Ирандағы жүйені тек әскери шабуыл мен «қатты соғыс» арқылы ғана құлатуға болады деп санады. Американың президенттік сайлауының нәтижесінде билік басына демократтардың, нақты айтқанда сайлау науқаны кезінде Американың ішкі және сыртқы саясатын өзгерту туралы ұран айтқан Обаманың келуімен Иранға қатысты «жұмсақ күшті» пайдалану стратегиясы қалыптасты. Неолибералдық сарапшылар, әсіресе «жұмсақ құдырет» идеясын ұсынушы Джозеф Ной бұл үдерісті көбірек қолдады. Джозеф Ной «ақылды күш», яғни «қатты» және «жұмсақ» құдыретті ұсынды. Билік пен халық арасына іріткі салып, «түрлі-түсті» төңкеріс ұйымдастыру АҚШ-тың Иранға қарсы стратегияларының бірі болды. Ақ үйге Трамптың келуімен Иранға қарсы дұшпандық әрекеттер жаңа кезеңге еніп, санкциялар мен әскери жолды пайдалану туралы қоқан-лоққы   оның негізгі факторларына айналды. Трамп санкциялар мен экономикалық құралдарды пайдаланып, Иранның экономикасын қиындықтарға душар ету үшін  дұшпандығының жаңа кезеңін бастады. Трамп Иранды оқшаулап, оның экономикасына нұқсан келтіру мақсатында бұл елдің ядролық мәселесіне қатысты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, тарихи тұрғыдан маңызды келісімнен теріс айналды.