Әлемдегі су дағдарысы 7
Су ресурстарын басқару – су дағдарысын шешу және тұрақты дамуға қол жеткізу саласындағы маңызды факторлардың бірі. Сондықтан халықаралық қауымдастық суға қол жеткізу мәселесін қорғауды қажет ететін адам құқықтарының бірі ретінде ресми қабылдауы керек. Бұл мәселе бізді суға қол жеткізу проблемаларын шешуге қарай нұсқай алады.
Дүниежүзілік қауымдастықтың 1992 жылғы Дублиндегі су тақырыбына арналған халықаралық конференцияға дейін судың пайдалы экономикалық құрал ретінде танылуын күткені қызық жағдай. Алайда кез-келген басқа тапшы ресурстар сияқты сұраныс пен ұсыныс теңгерімін сақтау үшін суды ұтымды басқару қажет. Ол үшін суға ешбір адам одан кенде қалмайтын әр адамның құқығы ретінде қарау керек. Халықаралық қауымдастық суға қолжетімділікті адам құқығы ретінде мойындауы керек.
Су ресурстарын басқарудың көптеген жолдары бар. Алдымен сұраныс пен ұсынысты ажырату керек. Сумен қамтамасыз ету тұрақты түрде жүзеге асырылу үшін қолда бар суға деген қол жетімділікті жақсарту қажет. Қолжетімділікті техникалық тұрғыдан қазіргі су қоймаларының, бөгеттер мен жаңбыр суын сақтау жүйелері көлемін ұлғайту немесе өткен онжылдықтардағы дамыған жерасты сулары сынды ресурстарды басқару арқылы арттыруға болады. Сондай-ақ су ресурстарын пайдалануды оңтайландыру, судың зая кетуінің алдын алу, судың ластануын бақылау, өзендерді пайдалану мен теңіз суларын тұщыландыру секілді жұмыстар да су ресурстарын басқаруға көмектеседі.
Су ресурстарын басқару тұрақты дамуға әкеліп, фермерлер мен ауылшаруашылығы саласындағы белсенділердің су тапшылығына қатысты алаңдаушылықтарын шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл қалалық жұмыспен қамтамасыз етудің дамуына көмектесіп, даму көрсеткіштерін жақсартады. Су ресурстарын басқару сондай-ақ қалалық кәріз суларының ластануының төмендеуі мен ластаушы заттардың жойылуына ықпал етеді. Бұл әдіс қала маңындағы ауылшаруашылығы жұмыстары үшін пайдалы. Оны жүзеге асыру қаланың әлеуеті мен технологияларды жергіліктендіруге байланысты. Бұл үдеріс ұзақ мерзімді қажет етеді. Суға деген сұранысты басқару тұрақты дамумен тікелей байланысты су ресурстарын кешенді басқарудың тағы бір артықшылығы. Әлемдік негіз бойынша суды оңтайлы пайдалану нақты жоба ретінде судың барлық тұтынушылары үшін түсінікті әрі айқын болуы қажет. Бұл жолда іске аспайтын жолдардан алыстап, тұтынушыларға өндіріс үшін су ресурсын пайдаланатын қарапайым әдісті ұсыну керек. Бұл жұмысты екі негізгі әдіспен іске асыруға болады: тұтынушыларды суды тиімдірек пайдалануға мәжбүрлеу және аз пайдаланылатын ресурстарды жоғары өнім алуға бейімдеу.
Суды дұрыс және тиімді пайдалану су ресурстарының өнімділігі мен өндірістің артуына әкеледі. Басқаша айтқанда, байлықты өндіру мүмкіндігін арттырады. Бұл шешім қалалық желілерді ауыстырған кездегі судың босқа кетуі мен ауылшаруашылығы немесе өндірістік процестерде су ресурстарын дұрыс пайдаланбауды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл осы саладағы перспективті тәсіл болып табылады. Нәтижесінде суару тәсілдерін өзгерту және суды тиімді пайдалану арқылы ауылшаруашылығының өнімділігі артады. Мамандардың пікірінше, бұл тәсіл ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысатын дамушы елдер үшін қолайлы. Суару техникасы мен әдістері жұмыстың нәтижесі мен дамуға ерекше әсер ете алады. Жаңбыр суынан гөрі суаруды пайдалану егіннің шығымдылығын арттырады. Тіпті жергілікті деңгейдегі қарапайым технологияларға көңіл бөлу де ұқсас нәтижеге жететінін дәлелдеді. Қысқа мерзімде оңай, арзан әрі қолжетімді тәсілдер фермерлерді су ресурстарын басқару жоспарларымен бірлесе жұмыс жасауға жігерлендіреді.
Су ресурстарына қолжетімділік жаһандық табиғи процестер арқылы анықталатындықтан және суды пайдалану барлық жерде бірдей болмағандықтан, сондай-ақ, көп жағдайларда су ресурстары басқарылмағандықтан бұл табиғи ресурс мәселесі одан сайын қиындай түседі. Сондықтан су саясаты дағдарысты шешуге арналуы керек. Су ресурстарын басқару әлемдік проблемалардың біріне айналып, дұрыс және тиімді түрде шешілуі керек. Осыған байланысты таза суға қолжетімділікті дамыту Дүниежүзілік даму банкінің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Бірақ дәл осындай халықаралық көмектер жергілікті биліктің көмегі және жергілікті әдістерсіз мүмкін емес. Мәселе тек дамушы елдерге көмектесумен ғана емес, әлемдік су саясатына байланысты. Өкінішке орай, саясаткерлер мен шешім қабылдайтын басшылар су мәселесіне немқұрайдылық білдіреді. Негізінде су мәселесін шешу ұзақ уақытты қажет етеді. Су мәселесін немесе басқарылатын судың артықшылықтарын түсінбей, бұл мәселелердің маңыздылығын ойламайтындар кездеседі. Келесі мәселе ауылдық жерлерде инфрақұрылым, жерасты құрылыстары мен суару жүйелерін құру сияқты шаралардың нәтижелері көрінбейтіндігінде. Сондықтан су мәселелерінің саяси мүдделері cу мәселеріне байланысты шығындарымен салыстырғанда көп емес.
Тұрақты дамудың көптеген проблемаларының ішінде суға қол жеткізу маңызды мақсаттардың бірі екендігіне күдік тумайды. Өйткені су – тіршілік көзі. Бұл мәселенің экологиялық тұрғысы айқын. Бұл мәселе қатерге тірелген. Оны есепсіз пайдалану сапасының төмендеуіне себеп болатын ресурстар үшін маңызды. Осы тұрғыдан күн сайын өсіп келе жатқан әлем тұрғындары үшін суға қол жеткізу маңызды және айқын мәселе болып табылады.
Су мәселесінің экономикалық тұрғысы басқа тұрғыларынан кем емес. Суға қол жеткізу дамудың негізгі параметрі саналады. Бұл мәселе, әсіресе кедей елдерге үлкен әсерін тигізеді. Соңында бұл мәселенің қоғамдық дамуға әсерін тигізетіні анық. Мәселенің қоғамдық тұрғысына да немқұрайдылық көрсетуге болмайды. Өйткені суға қолжетімділікке ие болу су ресурстарын басқаратын елдер мен ондай мүмкіндіктерден мақұрым елдер арасындағы барлық салалардағы теңсіздікке себеп болады. Теңсіздік суға мол және құрғақ аймақтардың, су ресурстарына қол жеткізу үшін төлейтін қаржыларына байланысты байлар мен мұқтаждардың бір-бірінен алыстауына соқтырды. Осындай көптеген қиындықтарды шешу үшін міндетті түрде көп жолдар болуы керек. Судың нақты бағасы немесе тұтынушының құқығы сияқты мәселелер жергілікті тұрғындардың, мемлекеттік қызметкерлердің, компаниялар мен басқалардың қатысуын талап етеді. Біз су ресурстарын тиімді басқару саясатын мүмкіндігінше мұқтаж адамдардың қажеттілігі мен кедейліктің өсуін тұрақты дамудың маңызды кедергісі ретінде қарастыруды ұмытпауымыз керек. Сондай-ақ, кедейлікті жою және су сияқты табиғи ресурстарға тең қол жеткізу үшін бағдарламалар жоспарлануы қажет.